Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_2016_V-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.65 Mб
Скачать

4. Мәтінге қатысты сұрақтар құрыңыздар.

Үлгі: а)Орыстың ғалымы Потанин Шоқанды неге «Шығыстың құйрықты жұлдызы»деді?

ә) Ш.Уәлихановты халық қалай бағалайды?

б) Шоқан – фольклортанушы. Фольклорға байланысты қандай еңбектері бар?

Грамматика

Есімше – особая форма глагола, совмещающая в себе грамматические

признаки глагола и имени.

1. Кестені толтырыңыздар.

Жұрнақтар

Мысалдар

Сөйлемдер

-ған, -ген

-қан, -кен

оқы+ған, кел+ген

айт+қан, кет+кен

Оқыған адам көп біледі.

Айтқан сөзді ұғып ал.

-ар, -ер, -р

-атын, -етін

-йтын, -йтін

-ушы, -уші

-мақ, -мек

-бақ, -бек

-пақ, -пек

Жазылым

5. Сөз тіркестеріндегі есімше формасын ажыратып жазыңыздар.

Қазақтан шыққан, деген жерінде, хат таныған, өте жақсы көруші еді, оқуға түспек, орысша бір ауыз сөз білмей келген, қатарына қосатын, хатқа түсірмек, туған бауырындай көрді, жоғары бағалаған, жарық көрер, есімі берілмек.

6.Әр сөздің тұсынаШоқан Уәлихановқа байланысты сөздердіжазыңыздар.

Семей - ... Баянауыл - ... Ыстықкөл - ...

Аягөз - ... Көкшетау - ... Жоңғария - ...

Қапал - ... Іле - ... қырғыз - ...

Алакөл - ... қазақ халқы - ... дүнген - ...

Тарбағатай - ... Омбы - ... қытай - ...

Қарқаралы - ... орысша - ... ұйғыр - ...

7. Қазақ тіліне аударыңыздар.

Чокан Валиханов родился в 1835 году. Настоящее его имя – Мухаммедханафия. Чокан – это ласкательное имя, данное ему родителями. В 12 лет он поступил в Омский кадетский корпус. Он учился очень хорошо. Он впервые записал эпос киргизского народа «Манас». Чокан Валиханов – великий ученый, исследователь, этнограф, географ, историк, просветитель, демократ.

Оқылым

8. Мәтінді оқыңыздар. Ахмет Байтұрсынов (1872 - 1938)

Ұлы ғалым-лингвист, әдебиет зерттеушісі, ақын, аудармашы, публицист Ахмет БайтұрсыновҚостанай облысы Торғай атырабындағы Сартүбек деген жерде 1873 жылдың 18 қаңтарында дүниеге келген. 1886-1891жылдары Торғай қаласындағы екі класты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады.

1895 жылдың маусым айының 1-нен бастап мұғалім болады, бала оқытады, өмір, тәрбиелік күресіне араласады. Әділет үшін күреседі,байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылдық саясатын айыптайды. 1901 жылдан бастап әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең-жыр тудырады, фольклор нұсқаларын жинайды.

1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт зиялыларының көптеген өкілдерімен бірге Кеңес өкіметі жағына өтеді. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери-революциялық комитеттің мүшесі ретінде оның тұрмысына белсене араласады. Республика халық ағарту комиссары, Бүкіл Одақ Орталық Атқару комитетінің мүшесі, коммунистік партия мүшесі (1920-1926 жылдар), Қазақстан Академиялық Орталығының жетекшісі, Ташкент, Алматы жоғары оқу орындарында профессор болады, сөйтіп, жаңа заман үшін күреске түседі.

Сталин кезеңінде Ахмет Байтұрсынов әуелі 1929 жылы бір ұсталып, абақтыға қамалып, лагерь тепкісіне түсіп, ұзақ азап көріп, 1936 жылы қайтып келгенмен, 1937 жылы тағы репрессияға ұшырап, 1938 жылы атылады.

Ахмет Байтұрсыновтың ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған еңбегі, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы – баршасы туған халқына, елінің болашағы үшін қызмет етуге арналған.

9. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар жазыңыздар.

10. Мәтінен есімше сөздерді тауып жазыңыздар.

Есімшенің қызметін еске түсіріңіздер.

Е сімше 1.етістік (қимыл-әрекетті білдіреді)

2.сын есім (зат, құбылысты айқындайды)

3.зат есім (қимыл-әрекет иесін білдіреді)

4. үстеу (мезгіл мәндес тұлғада болады)

11. Мақалдардың мағынасын түсініңіздер,есімшелерді табыңыздар.

1.Айтысқан ауыл болмас, болыспаған бауыр болмас.

2. Өсетін елдің қарты қазына болар, өспейтін елдің қарты қазымар болар.

3. Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра.

12.Төмендегі етістіктерден әртүрлі есімшелер жасаңыздар.

Үлгі: жаз – жазған, жазатын, жазар, жазбас.

Жаз. Көмектес. Кел. Айт. Сөйле. Ізде. Көр. Түсін. Оқы. Жина.

13. Мәтінді түсініп оқыңыздар.

Қаныш Сәтбаев – ғалым, атақты қазақ геологі, қоғам қайраткері. Ол 1899 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Кішкентай Қанышты ата-анасы білімді, дарынды және тәртіпті етіп тәрбиелеген. Ол ауыл мектебінде оқыды. Мектепте өте зерек, қабілетті бала болды. Сонан соң Қ. Сәтбаев Томск технологиялық институтын бітірді. Ол Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып сайланды, Қазақстан ғалымдарының көшбасшысы болды. Ол 1964 жылы қайтыс болды.

Қаныш Сәтбаев әділетті басшы болды және басқалардан отансүйгіштік қасиетімен ерекшеленді.

Пайдалы қазбаларды игеру нәтижесінде салынған жаңа қалалардың бірі – Жезқазған. Мұнда кен-металлургия комбинаты бар. Атақты ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаев есімімен аталатын бұл кәсіпорын – алыптардың алыбы. Жезқазған комбинатының мыстарын туған еліміздің қажеттеріне жаратып, одан әрі алыс, жақын шетелдерге жөнелтіп жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]