Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_2016_V-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.65 Mб
Скачать

Дені саудың – жаны сау

Қазақ халқында «бірінші байлық – денсаулық» - деген мақал бар. Шынымен де, егер адамның денсаулығы болмаса, оның бүгінгі қоғамның толық белсенді мүшесі болуы қиынға түседі. Күнделікті өмір бізге әр түрлі қиындықтарды алға тартады. Оларды жеңу үшін, өз мақсаттарымызға жету үшін, ең алдымен, деніміз сау болуы керек.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде», - деген де мақал бар. Ауырмау да өз қолымызда. Біз дұрыс тамақтанып, көптеген ағзаға зиян заттардан аулақ болып, денемізді шынықтыра білсек, дәрігерлерге жиі-жиі бара бермес едік.  Халықтың денсаулығы оның әлеуметтік жағдайымен де байланысты. Сондықтан біздің елімізде халықтың денсаулығын сақтап қалу мәселесіне көп көңіл бөлінеді.

Ерте кезде қазақтар табиғатпен өте тығыз байланыста өмір сүрді. Жазда жайлауда, қысы қатал қыстауларда мал бағып, сол малдың етімен, сүтімен қоректенген қазақтар өте төзімді халық болған. Түйенің шұбаты, жылқының қымызы тек тамақ қана емес, сонымен қатар ауруға ем де болған. Ауыра қалса, емді ата–бабаларымыз табиғатта өскен шөптердің дәрілік қасиеттерінен тапқан.  

Қазіргі уақытта денсаулықты сақтау - өте өзекті мәселелердің бірі. Медицинаның дамыған тұсында адам ағзасының ауруларға қарсы тұруы әлсіреген. Бұған экологиялық факторлардың әсері де бар. Жас буын өз денсаулығын қазірден ойлар болса, жағымсыз әдеттерден аулақ болғаны дұрыс. Бұлар: ішімдік, темекі, есірткі. Олардың орнына денсаулыққа пайдалы тағам, спорт, табиғатқа жақындық т.б. тәнге де, жанға да жайлы істермен айналысу абзал. Адамға берілер өмір де, денсаулық та - ең басты байлығымыз.  Оларды қадірлей білейік!

4-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

5-тапсырмаЕсте сақтайық!

Денсаулықтың он құпиясы: 1. Денсаулық пен сырқаттың негізі біздің ақыл ойымызда жатыр 2. Біздің тыныс алуымызда 3. Шынығу әрекеттері күш әкеледі

4. Дұрыс тамақтану 5. Күлкі 6. Дем алу 7. Тұлғаны түзу ұстай білу 8. Сенім күші 9. Сүйіспеншілік күші 10. Таза қоршаған орта

6-тапсырмаБерілген сөздерді кестеге толтырыңыз

Арақ ішу, темекі тарту, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, дұрыс киіну, есірткі пайдалану, уақытымен ұйықтау.

1. Пайдалы нәрселер 2. Зиянды нәрселер

------------------------------------- --------------------------------------

7-тапсырма Төмендегі денсаулыққа байланысты берілген нақыл сөздерді мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіріп, орыс тіліне аударыңыз

1. Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі

Т.Карлейль

2. Денсаулық – байлықтан да қымбат

Д.Рей

3.Әдемілік – азат жанның және мықты денсаулықтың жемісі

Л.Шеффер

4.Адам үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ

А.А.Семашко

8-тапсырма Дәрігер мен емделуші арасындағы сұхбатты жалғастырыңыз

– Сәлеметсіз бе?

– Сәлеметсіз!

– Кіруге рұқсат па?

– ......

СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «ДЕНСАУЛЫҚ. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ. ХАЛЫҚ МЕДИЦИНАСЫ» тақырыбын мазмұндаңыз

2-тапсырма «Мен салауатты өмірді таңдаймын» тақырыбына шығарма жазу

3-тапсырма Білгенге маржан!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]