Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_2016_V-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.65 Mб
Скачать

Мамандық

7-тапсырма Мәтінді оқып, өз ойыңызбен жалғастырыңыз

"Мамандық" сөзі латын тілінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенді білдіреді. Мамандық – қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болған жоқ. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-

жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, түрлі мамандықтар келді.Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлену қажеттілігі. Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек.

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, журналшы, мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер болу үшін оқу керек. Жақсы жұмысшы, кенші, металлург, жүргізуші, балташы, құрылысшы, тоқымашы, тігінші, болу үшін өндірісте істеу керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер болу үшін тұрмыстық қызмет көрсететін салада істеу керек, Өнер саласына жататын мамандықтар: әнші, биші, музыкант, композитор, режиссер т.б.

8-тапсырма. Мәтінде берілген мамандық иелері атауларының орысша баламасын тауып, қандай істермен айналысады? Олар туралы өз пікіріңізді жазыңыз

Үлгі:Зергерлік – әшекейлі бұйым жасау өнері, бұл өнер түрімен айналысатын адамдарды зергер деп атайды. Зергер – сәндік бұйымдарды зерлеп, айшықтап жасаушы шебер, ұста

9-тапсырма Сіз таңдаған мамандық бойынша жұмыс істейтін адамнан сұхбат алуға қажетті сұрақты ойластырып жазыңыз

10–тапсырмаТөмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз

шы/–ші

Зерттеу_____, жазу_____, кен_____, теңіз_____, балта_____, мақта_____, егін_____, мүсін_____, орман_____, бояу_____, тіл_____, жорнал_____, тігін_____, трактор_____, балық_____, сату_____, құрылыс_____, қой_____, жылқы_____, есеп_____, сурет_____, жүргізу_____, жұмыс_____, пошта_____, ән_____, би_____, аударма_____, хат_____, аң_____, әдебиет_____, ем_____, ел_____, қобыз_____, мал_____, өтірік_____.

11–тапсырмаСөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз

Бәсекеге қабілетті, ғылымды дамыту, ұлттық кадрлар, ғылымды басқару, білімнің сапасы, шет елдік мамандар, жаңа технологияларды үйрету, мамандарды даярлау.

12–тапсырмаМақал-мәтелдердің мәнін түсініңіз

◊ Өнерлі өрге жүзеді.

◊ Білімді өлсе, қағазда аты қалар,

Ұста өлсе, істеген заты қалар.

◊ Өнерлінің өрісі ұзақ.

◊ Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

◊ Ұстаздан шәкірт озар.

◊ Көргеннен көрмегенін көп,

Білгеннен білмегенін көп.

◊ Ақыл көпке жеткізер,

өнер көкке жеткізер.

◊ Білім ауысады,

Ырыс жұғысады.

◊ Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің күні кәріп.

СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «БІЛІМ. КӘСІБИ БАҒДАР. ОҚУ ОРЫНДАРЫ. МАМАНДЫҚ» тақырыптарын мазмұндау

2-тапсырма «Ел болашағы – білікті маман қолында» тақырыбына шағын шығарма жазу

3-тапсырма Еңбек, кәсіп туралы мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, мағынасын түсіндіріңіз

Еңбексіз тапқан мал,

Есепсіз кетер.

Еңбексіз іс бітпейді,

Еріншектің қолы жетпейді.

Еңбек түбі – береке,

Көптің түбі – мереке.

Жас кезіңде бейнет бер,

Қартайғанда дәулет бер.

10-сабақ

Денсаулық. Медициналық қызмет. Халық медицинасы.

Грамматикалық тақырып: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем. Маған ... етістік + у керек (қажет), Менің ... етістік + у + ТЖ керек (қажет). Мен ... етістік + БС + тиісті + ЖЖ тіркестерінің 3 жақта түрленіп қолданылуы.

Лексикалық қор

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1.Денсаулық дегенді қалай түсінесіз? 2. Денсаулықты сақтаудың қандай шарттары бар?

3. Зиянды әрекеттерге нелер жатады?

4. Темекі шегу қандай ауруларға шалдықтырады?

5. Ішімдіктің адам ағзасына келтіретін зияны? 6. Есірткі заттарының зардаптары? 7. Жұқпалы аурулар жайлы не білесіз? 8. Адамдар не себепті зиянды іс - әрекеттерге барады деп ойлайсыз? 9. Зиянды әрекеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын сақтай білу үшін адам бойында қандай қасиеттері басым болуы керек?

2-тапсырма Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз

Крепкий иммунитет, здоровый образ жизни, крепкое здоровье, ежедневная зарядка, вечерняя прогулка,физические нагрузки, правильное питание, саблюдение диет, здоровый сон, режим сна, режим питания, чистый воздух.

3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]