- •1.Бөлім: Отбасы құқығы
- •4.Бөлім:Әлеуметтік қорғау құқығы
- •5.Бөлім:Медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясяның құқықтық негіздері (мәск)
- •6.Бөлім:Қызмет көрсететін комтингентпен орындалатын әлеуметтік-психологиялық жұмыстың ерекшелігі
- •7.Бөлім:Азаматтық құқық
- •8.Бөлім:Азамматтық іс жүргізу құқығы
- •10.Бөлім:Заң қызметін ұйымдастыру
7.Бөлім:Азаматтық құқық
42-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтуге тиiс. Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi заңдарда белгiленедi. 2. Мемлекеттiк тiркеу деректері, оның iшiнде заңды тұлғалардың атауы, ал коммерциялық ұйымдар үшін – фирмалық атауы Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiледi. 3. Заңды тұлға мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады. 4. Филиалдар мен өкiлдiктер заң құжаттарында белгiленген тәртiппен тiркеледi. Филиалдар мен өкiлдiктер атаулары өзгерген жағдайда қайта тiркелуге жатады. 5. Заңды тұлға құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзу немесе оның құрылтай құжаттарының заңға сәйкес келмеуi заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға әкелiп соқтырады. Заңды тұлға құрудың тиiмсiздiгiн желеу етiп тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк тiркеуден бас тартқаны, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтарғаны үшiн сотқа шағым берiлуi мүмкiн.
6.Заңды тұлға мынадай жағдайларда: 1)жарғылық капиталының мөлшерi азайтылған; 2)атауы өзгергенде; 3) шаруашылық серiктестiктерiндегi қатысушылардың құрамы өзгергенде (шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) қайта тiркелуге тиiс. Аталған негiздер бойынша құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер заңды тұлға қайта тiркелмейiнше жарамсыз болып табылады.
9-бап. Азаматтық құқықтарды қорғау
1. Азаматтық құқықты қорғауды сот, төрелік: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейін болған жағдайды қалпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оны бұзуға қауіп төндіретін әрекеттердің жолын кесу; міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, тұрақсыздық айыбын өндіріп алу; мәмілені жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемін төлету; құқықтық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті өкілді не атқарушы органның заңнамаға сәйкес келмейтін актісін жарамсыз немесе қолданысқа жатпайды деп тану; азаматқа немесе заңды тұлғаға құқықты иеленуіне немесе жүзеге асыруына кедергі келтіргені үшін мемлекеттік басқару органынан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндіріп алу арқылы, сондай-ақ заңнамалық актілерде көзделген өзге де тәсілдермен жүзеге асырады. 2. Бұзылған құқықты қорғау үшiн өкiмет билiгi немесе басқару органына өтiнiш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергi жасамайды. 3. Заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған адамның тiкелей iс жүзiндегi немесе заңдық әрекеттерiмен жүзеге асырылуы мүмкiн (өзiн-өзi қорғау). 4. Құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне келтiрiлген залалдың толық өтелуiн талап ете алады. Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиiстi шығыстар, оның мүлкiнiң жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бiрақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) залалдар деп түсiнiледi. 5. Мемлекеттiк өкiмет билiгi органының, өзге де мемлекеттiк органның заңдарға сай келмейтiн құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекетi (әрекетсiздiгi) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасы немесе тиiсiнше әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс өтеуге тиiс. 6. Егер тәртiп бұзудың құқықтық салдарының пайда болуы тәртiп бұзушының кiнәсiне байланысты болса, заң құжаттарында өзгеше көзделгеннен басқа жағдайларда, ол кiнәлi деп ұйғарылады.
102-бап. Мемлекеттiк кәсiпорын туралы негiзгi ережелер
1. Мемлекеттiк кәсiпорындарға: 1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген; 2) оралымды басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады. 2. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге болмайды. 3. Мемлекеттiк кәсiпорындардың фирмалық атауында оның мүлкiн меншiктенушi көрсетiлуге тиiс. 4. Мемлекеттiк кәсiпорын уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады. 5. Мемлекеттiк кәсiпорынның органы уәкiлетті мемлекеттiк орган тағайындайтын және оған есеп беретiн басшы болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда мемлекеттік кәсіпорын басшысынан басқа өзге де орган мемлекеттiк кәсiпорынның органы ретінде әрекет ете алады. 5-1. Мемлекеттік кәсіпорын банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және заңда белгіленген тәртіппен уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді. 6. Алынып тасталды - ҚР 1998.03.02 N 211 Заңымен. 7. Мемлекеттiк кәсiпорынның құқылық ережесi осы Кодексте және өзге заң құжаттарында белгiленедi.
