Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жоба.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
271.21 Кб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3

1 Бастапқы дайындаманы таңдау және оны конструкциялау ............................4

2 Өндірістің типін анықтау ....................................................................................6

3 Механикалық өңдеуге қажетті әдіптер. Операциялық өлшемдер және олардың шақтамалары............................................................................................7

4 Тетіктерді өңдеудің операциялық технологиясын жасау...............................10

5 Кесу режимдерін есептеу...................................................................................13

6 Уақыттың техникалық нормасын есептеу.......................................................26

7 Құрастырудың технологиялық үрдісін жобалау.............................................28

ҚОРТЫНДЫ..........................................................................................................29

Әдебиеттер тізімі...........................................................................................30

Кіріспе

Еліміздің экономикасын дүние жүзіндегі ең жетілдірілген және қуатты экономикаға айналдыру экономикалық күш-қуаттың негізі – ауыр индустрияны одан әрі дамытуды қажет етеді.

Ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерін іске қосуда машина жасау саласына басты орын берген жөн. Машина жасау өндірісінің технологиясы мен ұйымдастырылуына революциялық өзгерістер жасауды, еңбек өнімділігін еселеп арттыруды, материал мен энергияның жұмсалуын кемітуді, өнімнің сапасын жақсартуды, қор қайтарымын өсіруді қамтамасыз ететін техникалық-экономикалық жағынан ең жоғары дәрежедегі машиналар, жабдықтар мен аспаптар жүйелері мен комплектілерін шығаруға тиіс.

Математика, физика, қолданбалы механика, химия, материалтану және де басқа да ғылым салалары, машина жасау саласындағы өзекті мәселелерді шешуге және оның тәжірибелік мүмкіндіктерін жоғарлатуға бағытталған. Механикалық өңдеудің технологиялық процестерін жобалау және математикалық модельдеуде есептік техниканы қолдану кеңінен таралып жатыр.

  1. Бастапқы дайындаманы таңдау және оны конструкциялау

Технологиялық жобалау объектісі ретінде: білік-тістегеріш, жылдың өнім саны 3700 дана. Білік айналу моментін беруде қолданылады. Әдетте біліктер редуктор корпусына орналасады, білікті тіреу мақсатында подшипниктер орнатылған білік мойнағы қолданылады. Біліктердің мойыны жоғары дәлдікті қажет етеді. Айналу моменті айналу білігінде бекітілген шпонкалы саңылау көмегімен, тісті доңғалақтар арқылы беріледі.

Тетік материалы және оның құрамы

Тетік легірленген болат 45Х ГОСТ 4543-81 жасалады. Бұл болат маркасы кәдімгі конструкциялық болатқа қарағанда қаттылық дәрежесі жоғары болып келеді.

Бұл болат құрамында 0.45 % көміртек, мөлшермен 0.8-1.0 % хром. Сондай-ақ 0,17-0,37 % кремний және 0,45-0,75% марганцтен тұрады.

Осылайша, білік-тістегеріш тетігінің материалы, өз кезегінде үйкеліс кезіндегі тозуға жауап беретін, тіс тәжіменен жұмыс істейтін үлкен тетік.

Берілген материал, болашақта қолданыс кезінде тозуды болдырмау үшін, қаралай өңдеуден кейінгі химико-термиялық өңдеуді қажет етеді.

Дайындама түрін және әдісін анықтау

Білікті дайындау үшін қажетті дайындама түрі сортты прокат, немесе қалыптау. Бұл білік күрделі конфигурациялы орта және үлкен білік түріне жататын болғандықтан, үлкен диаметрлі, жәнеде кіші сериялы болғандықтан қалыптауды таңдаймыз

Тетік материалы: Сталь 45Х.

масса: q = 27,8 кг.

Жылдық бағдарлама: N =3700 шт.

өндіріс: кішісериялы

Металды пайдалану коэффициенті келесі формуламен анықталады

Кмпд/(Мдотх)=Мдо

Бастапқы дайындама бір данасының құнын анықтау. Бастапқы дайын-даманың құны және материалды пайдалану коэффициенті технологиялық үрдісті жобалау кезінде қабылданған техника-экономикалық шешімдердің дұрыстығын көрсететін негізгі көрсеткіштер болып табылады.

Илемнен жасалған бастапқы дайындаманың құнын келесі формуламен анықтайды

СошткгНрасх

Мұнда Цкг – 1 кг илемнің құны, Нрасх – бір тетікке қажетті материал шығынының нормасы (дайындаманы патронға қысуға, илемді кесуге және дайындама ұзындығы мен илем ұзындығының сәйкес келмеуінен пайда болған қалдыққа қажетті шығындарды ескергенде).

Штампталған соғылманың құнын материал маркасы, соғылманың күрделілік тобы, дайындама салмағы мен штамптау дәлдігі үшін төленетін қосымша құн, сериялылықтың тобы және дайындаманы қосымша термиялық пен химика-термиялық тәсілдермен өңдеуге, сондай-ақ дайындаманы тазалауға қажетті деректерді ескере отырып прейскурант бойынша анықтайды. Құйма дайындамалардың құнын прейскурант бойынша анықтайды.

Кесте 1

Атаулар көрсеткіші

Вариант 1

Вариант 2

Дайындама түрі

Дәлдік класс

Күрделілік тобы

Масса Q, кг

Стоимость 1 т заготовок, принятых за базу Si, тг.

Пруток 180 мм

Нормальный

-

86,85

820

Штамповка на молотах

Нормальный

2

32,6

1270

1 сурет. Дайындама түрі қалыптау

  1. Өндірістің типін анықтау

Операцияларды бекіту коэффициенті келесідегідей жүзеге асырылады: