- •1 Бөлім. Еңбек қорғаудың теориялық негіздері
- •2 Бөлім. Еңбек қорғаудың құқықтық мәселелері
- •3 Бөлім. Өндірістік санитария
- •4 Бөлім. Қауіпсіздік негіздері
- •Жаратылыстану-техникалық факультеті Кәсіптік оқыту кафедрасы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Студенттердің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар
- •Кәсіби аурулардың себептері.
Кәсіби аурулардың себептері.
Кәсіби ауру дегеніміз- өндірістегі зиянды факторлардың аз мөлшерде бірақ ұзақ уақыт бойы әсер етуінен еңбеккердің денсаулығының нашарлап, жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін аурулар.
Кәсіби зияндылықтар еңбеккердің денсаулығына келтіретін әсеріне байланысты 4 топқа бөлінеді:
Өндірісте пайланылатын жабдықтар мен материалдардың ерекшеліктеріне байланысты
Өндірістегі еңбек кестесіне, ережесіне, еңбек ету ерекшеліктеріне байланысты.(
Жұмыс бөлмелерінде метеорологиялық жағдайлары мен санитарлық- гигиеналық жағдайларына байланысты
Өндірістік саланың ерекшеліктеріне байланысты
Өндірістік жарақат-тану (зардап шегу) - дегеніміз белгілі бір топтардағы немесе мекеме, саладағы белгілі бір уақыт аралы-ғындағы жазатайым оқиғалардың жиынтығы.
Өндірістік жарақат-танудың себептері.
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері төрт тәсілмен іске асырылады:
Монографиялық(моно- жеке) әдіс жұмыс орнында орын алған жазатайым оқиғаларды жан жақты зерттеумен байланысты.
Топографиялық сараптау әдісі жазатайым оқиғаның жиі орын алатын жерлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Статистикалық(салыстырмалы) сараптау әдісі мекемелердің, шаруашылық-тардың жазатайым оқиға жөнінде берген есеп, ақпараттарын аудан, облыс, республика, министерство көлемінде сараптауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс-тің негізгі көрсеткіштері – жарақаттанудың жиілік және ауырлық коэффициенттері - кәсіпорындағы, аудан, облыстағы жазатайым оқиғалардың сандық және сапалық көрсеткіштері болып саналады.
Экономикалық әдіспен - өндірісте болған жазатайым оқиғалардың шығынын есептеуден бастап, еңбекті қорғауға жұмсалған қаржылардың тиімділгін есептеп шығару арқылы жүргізіледі.
Шб=Σ Шж+ Σ Шк.а; мұндағы
Шб – барлық шығын;
Σ Шж – есеп мерзіміндегі жарақаттан келген барлық шығын;
Σ Шк.а – есеп мерзіміндегі кәсіби аурулардан келген барлық шығын
Дәріс 5. Еңбек қорғау мәселелері жайлы мемлекеттік заңды актілер.
Еңбек қорғаудың заңдылықтарына Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен басқа да мемлекеттік актілері, республика Министрлер қабинетінің, кәсіподақтарының орталық кеңесінің заңдылық актілері және кәсіподақ ұйымымен келісілген министрліктердің нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген еңбек қорғаудың нормалары жатады.
Еңбек қорғау мәселелері Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасының Еңбек кодесінде, кәсіпорындардың еңбек қорғау қызметі туралы ережесінде айқындалған.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар деп тұжырымдалған. Осы тұжырым басшылыққа алынып, 2007 жылғы 15 мамырда қабылданған Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ұйымдастырылған еңбек қызметінің кез келген түріне қатысушылар еңбекті қорғауға құқылы деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 6 бөлім, 40 тараудан, 341 баптан тұрады. Кодекстің бірінші бөлімі жалпы ережелерді қамтиды,оның ішінде осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен принциптері, қолданылу аясы,мемлекеттік органдардың еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзіреті, еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген.
Осы Кодекстің 9-бабында оның күші жұмыс берушілерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарға қолданылады делінген.
Кәсіпорындар, оның ішінде жекелеген жалдаушылар мен еңбек қатынасында тұратын барлық қызметкерлер, кооператив мүшелері, өндірістік практикадан және өндірістік оқудан өтуші жоғары оқу орындарының студенттері мен арнаулы орта оқу орындарының және жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, әскери қызмет атқаруға қатысы жоқ жұмысқа тартылған әскери қызметшілер, үкімнің орындалуын бақылайтын оргондар белгілейтін кәсіпорындарындағы жұмыс кезінде сот үкімі мен жаза өтеп жатқан адамдар, сондай-ақ қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ұйымдастырылғанған еңбек қызметінің кез келген түріне қатысушылар еңбекті қорғауға құқылы.
Кодекстің екінші бөлімі еңбек қатынастарына, яғни еңбек шартын жасасу, еңбек тәртібін қамтамасыз ету, жұмыс және тынығу уақыттары, еңбекке ақы төлеу, мамандарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктігін арттыру жұмыстары, жұмысқа орналастыру, кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі және жеке еңбек дауларын қарау мәселелеріне арналған.
Осы Кодектсің 24-бабында «Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша жұмысты(еңбек функциясын) атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақытылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады деп белгіленген. Кәсіпорындардың қызметкерлеріне меншік иесі есебінен еңбек жағдайларына байланысты мемлекеттің басқару органдары белгілеген нормадан кем түспейтін және ұжымдық шарт негізінде арнаулы киім, аяқ-киім және басқа да жеке қорғану құралдары, жуу және дизенфекциялау материалдары, сүт, емдеу алдын-алу тамағы беріледі. Кодекстің 3-ші бөлімінде қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері атап айтқанда, жасөспірімдер мен әйелдердің еңбегін реттеу, қауіпті жұмыстарда , ауыр жұмыстарда вахталық әдіспен немесе үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің, еңбегін реттеу ерекшеліктері сараланған. Кодекстің 16, 17 тараулары әйелдер мен 18жасқа толмаған адамдардың еңбегін қорғауға арналған осы санаттағы адамдардың еңбегін зиянды және қауіпті еңбек жағдайы бар жұмыстарға, ауыр жүк көтеру, оны қолмен тасуға байланысты жұмыстарға пайдалануға заңда белгіленгени тәртіппен шек қойылады. Әйелдер мен 18 жасқа толмаған адамдардың ауыр жүкті көтеруі мен қолмен тасуына байланысты жұмыстарда әкімшілік жүктерді тасу үшін механикаландыру мен автомат құралдарын, басқа да жабдықтарды көздеуге міндетті. Егер ауыр жүкті көтеру мен түсіру кезінде жүк зиян келтіретін жағдайда қолмен тасу тоқталуға тиіс. Ауыр жүкті қолмен көтеру мен тасуға байланысты жұмыстарға екіқабат әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынады. Екіқабат әйелдер медициналық қорытындыға сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен өндірістің қауіпті және зиянды факторлары әсерін болдырмайтын басқа жеңілірек жұмысқа ауыстырылады.
Мүгедек қызметкерлердің еңбек жағдайына байланысты кодекстің 223-бабында, "Еңбекті нормалау, еңбекақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары, жұмыс режимі, кәсіптерді қоса атқару тәртібіт техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптар келісімі бойынша еңбек шартының, ұжымдық шарттың өзге де жағдайлары басқа қызметкерлер мен салыстырғанда мүгедек қызметкерлердің жағдайларын нашарлата немесе құқықтарын шектей алмайды",-делінген. 1 және 3топтағы мүгедек қызметкерлерге аптасына 36сағаттан аспайтын ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді және оларға ұжымдық шартта белгіленген қосымша жеңілдіктер берілуі мүмкін. Кодекстің 4-бөлімінде еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік пен ұжымдық қатынастарды ұйымдастыру мен өзара келісімдер жасасу тәртібі, ұжымдардың шарттың мазмұны және ұжымдық еңбек дауларын қараудың тәртібі белгіленген. Кодексте әлеуметтік әріптестік республикалық деңгейде, салалық деңгейде, өңірлік деңгейде және ұйым деңгейінде ұйымдастырылуы мүмкін. Әлеуметтік әріптестіктің тараптары болып тиісті атқарушы доргандар атынан мемлекет, белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген өз өкілдері атынан қызметкерлер мен жұмыс берушілер саналады. Келісімдер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкінің меншік иелері, құрылтайшылары немесе акционерлері шетелдік және заңды тұлғалар не шетелдік қатысуы бар ұйымдар болып табылатын ұйымдарға да қолданылады. Ұжымдық шартта еңбекке ақы төлеуді нормалау және еңбек істеу жәрдемақылар мен өтемақы төлемдерін төлеу, разрядаралық коэффициенттерді белгілеу, демалу уақытының ұзақтығы, медициналық сақтандыру кепілдіктері, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғайды қаржыландыру, қоршаған ортаны қорғау.
Кодекстің бесінші бөлімі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға бағытталған. Онда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға байланысты мемлекеттік с аясат, қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері, еңбек қауіпсізздігін және енбекті қорғауды ұйымдастырудың талаптары, жазатайым оқиғалар мен өзге де зақымдануларды тергеп-тексеру мен есепке алудың жолдары заңдастырылған. Осы бөлімнің 321-бабында жұмыс орындары орналасқан ғимараттар мен жұмыс жабдықтары олардың функционалдық мақсатына және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау тааптарына сай болуы, жұмыс орындарындағы микроклимат , табиғи және жасанды жарықтылық, шу мен дірілдің мөлшері белгіленген нормаға сай болуы, қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс жүргізу үшін қызметкерлердің жеке қорғану құралдары болуы тиіс деп көрсетілген.
Еңбек шартының (контарктының) шарттары еңбекті қорғау жөніндегі заңдар мен басқа да нормативтік актілердің талаптарына сай келуі тиіс. Азамттарды денсаулық жағдайына жақпайтын жұмысқа қабылдауға тыйым салынды.
Кәсіпорын денсаулық сақтау органдары белгілеген тәртіпке сәйкес медициналық тексерулер өткізуді ұйымдастыруға міндетті. Қызметкерлердің медициналық тексерулерден жалтаруға қақысы жоқ, жалтарған кезде олар жұмысқа жіберілмейді.
Кәсіпорын өзінің қызметкерлерін өндірістегі жазатайым жағдайдан және кәсіби аурулардан қолданылып жүрген заңдарда белгіленген жағдайларда міндетті түрде сақтандырады.
Қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төнетін жағдай туған кезде ол жұмысты тоқтатып, дереу бұл туралы әкімшілікке хабарлайды, ал әкімшілік сол жағдай расталса, жұмысты тоқтатуға және осы қауіпті жою жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Кәсіпорынның жұмысы еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сай келмегендіктен тоқтатылса, тоқтатылудың барлық кезеңінде қызметкердің орташа жалақысы сақталады.
Қызметкерден кәсіби аурудың алғашқы белгілері білінсе, әкімшілік медициналық қорытынды негізінде оны қайта мамандандыру кезеңінде орташа айлық жалақысын сақтай отырып, бірақ он екі айдан асырмай, басқа жұмысқа ауыстыруға тиіс.
Еңбекті қорғау жөніндегі оқудан, нұсқау алу мен білімін тексеруден өтпеген адамдар жұмысқа жіберілмейді.
Осы бөлімде еңбекті қорғау жөніндегі заң және басқа да нормативтік актілерді бұзғаны үшін жауаптылық мәселелерді белгілеген. Олардың бастылары:
- Кәсіпорын еңбекті қорғау заңының талаптарын қамтамасыз етпегені үшін заң алдында экономикалық жауапкершілікке тартылады.
- Қызметкерлермен болған жазатайым жағдай және кәсіби аурулар нәтижесінде зардап шеккендерге төленетін өтемдік төлемдерге байланысты шығындарды өтейді.
- Бұл арада зиян мөлшерін белгілеген тәртіп бойынша төрелік сот белгілейді және өндіреді.
Еңбекті қорғау жөніндегі заң және өзге де нормативтік актілерді бұзғаны үшін кінәлі не қадағалау мен бақылауға кедергі келтіруші лауазымды адамдар заңдарда белгіленген тәртіп пен әкімшілік, тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
Кодекстің алтыншы бөлімінде Қазакстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылаудың талаптары заңдастырылған.
Заңға сәйкес, еңбек заңнамасының сақталуын бақылау мен қадағалау мемлекет тарапынан және қоғамдық ұйымдар тарапынан іске асырылады.
Үкіметі,уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен бағдарламаларын әзірлеп,олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді және еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғауды мемлекеттік бақылаудың тәртібін белгілейді.Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.Мемлекеттік еңбек инспекторлары Еңбек кодексі белгілеген талаптарының сақталуын бақылайды,өндірістік жарақаттану мен кәсіби науқастанудың себептеріне талдау жасайды,өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергейді,жауапты басшылар мен адамдардың біліміне тексеру жүргізеді,обьектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияға қатысады және қызметкерлер мен жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне байланысты өтініштерін қарайды.
Жұмыс беруші жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі белгіленген талаптарды сақтау және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асырады. Ішкі бақылау еңбек жағдайларының жай-күйін қадағалауды ұйымдастыруды, өндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді,тәуекелдерді бағалауды және анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтиды.
Қызметкерлерінің саны 50-ден асатын өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау үшін ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады.Ол өз мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі.
Қызметкерлерінің саны 50-ге жетпейтін жұмыс беруші қызмет ерекшелігін ескере отырып,еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандық лауазамын еңгізеді немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндігі міндетті басқа маманға жүктейді.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің немесе маманның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын орындау жөніндегі нұсқауларын ұйымның барлық қызметкерлері орындауға міндетті.
Еңбекті қорғау және еңбек жағдайын жақсартуда кәсіподақтар ұйымы үлкен рөл атқарады.Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды ұйымның кәсіподақ органы тағайындайтын,ал ол болмаған кезде қызметкерлердің жалпы жиналысы сайлайтын еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор жүзеге асырады.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор ұйымдағы нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын тексереді және тексерудің қорытындысымен анықталған заң бұзушылықты жою туралы ұсыныстар енгізеді,өндірісте болған жазатайым оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссияның құрамына кіріп,болашақта ондай оқиғаларды болдырмаудың іс-шараларын жасауға қатысады.
Кәсіподақтар қызметкерлердің еңбектегі міндеттеріне байланысты мертігуден немесе денсаулыққа өзге зақым келтіруден шеккен зиянның орнын толтыруға құқығын қорғап, қызметкерлердің еңбекті қорғау құқығына қысым жасаудың басқа да жағдайларында талапкерлік арызбен сотқа жүгіне алады. .Жұмыс істеушілердің Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, еңбек қорғау жөніндегі белгіленген ережлер мен нормалардың, техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулардың, сондай-ақ мемлекеттік қадағалау органдары мен еңбек қорғау орындары нұсқауларының орындалуына бақылау жасау.
Дәріс 6.Еңбек қорғау қызметінің атқаратын әрекеттері.
Кәсіпорынның Еңбек қорғау қызметі белгіленген міндеттерге сай мынандай әрекеттерді жүзеге асырады:
Кәсіпорындағы еңбек қорғау басқармасы жүйесінің жасалуын, өндіріске енгізілуін және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Еңбектің қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты кәсіпорынның функционалдық және өндірістік бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді және кәсіподақ ұйымдарының еңбек қорғау жөніндегі өкілдерімен, сондай-ақ еңбек қорғаудың аймақтық басқармасының қызметкерлерімен бірлесе әрекет етеді.
Кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігі тұрақты жұмыс істейтін комиссиясының қызметін ұйымдастырады.
Тиісті бөлімдермен және қызмет түрлерімен бірлесе отырып, еңбек қорғаудың жағдайына бақылау жасауды жүзеге асырады және әр қызметкерді жұмыс орнындағы еңбек жағдайымен және еңбек қорғаудың ахуалы жөніндегі нақты және толық ақпаратпен қамтамасыз етеді. Қызметкерлер тиісті дербес қорғаныс құралдары, оларға жасалатын жеңілдіктер мен төлемдер туралы толық хабардар етеді.
Жұмыс орындарын еңбек қорғаудың жағдайлары бойынша аттестациядан өткізуді ұйымдастырып, оған тікелей басшылық жасайды.
Өндірістік үдерістер мен жұмыстарды жүргізудің қауіпсіздігін, өндірістік жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды, тұрмыстық қызмет орындарын пайдаланудың техникалық ахуалын және дұрыстығын бақылайды.
Даланудың техникалық ахуалын және дұрыстығын бақылайды.
Жұмыс істеушілерді сүтпен, сабынмен,майлы күйені жуып кетіретін және зиянсыздандырылатын құралдармен, сапалы, мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін,өндірістің техникалық жағдайлары мен ахуалына сәйкес аяқ киімдермен және басқа дербес қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуін бақылайды, оларды қабылдаудың,сақтаудың,тазалаудың,жуудың және жөндеудің барысын тексереді.
Жұмыс істеушілердің жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін дер кезінде және терең оқып уйренуін,жұмысшылардың бұл саладағы білімін арттыру мақсатымен нұсқау берілуін және оны қалай меңгергенін тексеруді,нұсқау беру жөніндегі тіркеу жураналын дұрыс жүргізуді бақылайды.
Кәсіп орынның белгілі бөлімдері үшін алдын-ала белгіленген стандарттарға, ережелерге және басқа да нормативтік құжаттарға сай еңбек қорғау мәселелері жөніндегі техникалық құжаттардың болуын және оның дұрыс жүргізілуін бақылайды.
Жұмысшылар мен инжинер-техрник қызметкерлердің жұмысқа алғаш кірер кездегі нұсқау алуының бағдарламасын жасайды, кәсіпорынға келген қызметкерлерді сол бағдарламамен жете таныстырады.
Басышылар мен мамандардың білімін тексеру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін эмтихан комиссиясының жұмысын ұйымдастырады және оның дұрыс өткізілуін қамтамасыз етеді. Комиссияның жұмысына білімі тексеруден өткізілген адамдар да тартылады. Басшылар мен мамандардың білімін тексерудің нәтижелері хаттама арқылы бекітіледі.
Еңбек қауіпсіздігінің ережелері мен нормалары бұзылған және жұмыс барысында кемшіліктер айқындалған жағдайда оларды жедел жою жөніндегі кәсіпорын басшыларына басқа лауазымды адамдарға жазбаша ескертпе беріледі.
Мұндай жазбаша ескертпелер кәсіпорын басшысының өкімі арқылы ғана өзгертіледі.
Жұмысты жүргізудің қауіпсіздігі жөніндегі қазіргі қолданылып жүрген нұсқауларды,кәсіпорын стандарттарын (КСТ) ескертпелер жасайды және қайта қарайды,цехтар мен қызмет жүйесін жасауға тәсілдемелік көмек көрсетеді.
Еңбекті қорғау кабинетінің жұмысын ұйымдастырады, оны қажетті оқу және көрнекті құралдармен , оқудың техникалық жабдықдарымен,т.б. қамтамасыз етудің шараларың белгілейді.
Кәсіпорынның бөлімшелерін нормативті құжаттармен,ережелермен,нұсқаулармен,плакаттармен және еңбекті қорғауға қажетті басқа да оқу құралдарымен камтамасыз ету шараларын қабылдайды.
Жұмыс істейтін адамдардың барлық тобының Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін оқып-үйренуін,еңбекті қорғау мәселелерін белгіленген тәртіп бойынша байқаулар, конкурстар,лекция оқу,көрмелер ұйымдастыру ,нұсқауларды және диафилмьдерді көрсету сияқты басқа да шаралар арқылы насихаттауды ұйымдастырады.
Тиісті бөлімдермен, қызмет түрлерімен бірге еңбек жағдайларын жақсарту мен сауықтыру жөніндегі шараларды ұйымдастырады.Бұл шараларды жинақтайды және оған талдау жасауды ұйымдастырады.
Кәсіпорын бөлімшелеріндегі еңбек жағдайларының жалпы ахуалына кем дегенде әр тоқсанда бір рет талдау жасайды ,сондай-ақ еңбек қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларының бұзылуы,жұмысты қауіпсіз жүргізудің нұсқауларын бұзу шараларына талдау жасайды, өткізілген шаралар мен қабылданған шешімдердің тиімділігін талқылайды.
Ұжымдық шарттың «Еңбекті қорғау» бөлімін әзірлеуді, еңбекті қорғау жөніндегі номенклатуралық шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Өндірістегі қайғылы жағдайларды, кәсіби аурулар мен апаттарды зерттеу ісіне қатысады және олардың есебін жүргізеді.Талдаудың материалдарын облыстағы еңбекті қорғау басқармасында тіркеуден өткізеді. Қайғылы жағдайларға жсалған талдаулардың қорытындылары бойынша тиісті бөлімшелердің қызметкерлерімен бірге болашақта ондай жағдайларды болдырмаудың алдын алу шараларын белгілейді және ондай шаралардың жүзеге асырылуына бақылау жасайды.
Цехтардың,бөлімдердің және қызмет түрлерінің басшыларына кәсіпорында орын алған қайғылы жағдай лар,сондай-ақ өзге кәсіпорындарда кездескен,осы тәріздес қайғылы жағдайлар жөнінде хабарлай отырады.
Өндірістік жабдықтар мен объектілерді қауіпсіздік құралдарымен жарақтандыруға бақылау жасайды.
Қайғылы жағдайлардың алдын алатын және оған тосқауыл жасайтын неғұрлым жетілдіірілген құрылғылар мен қондырғыларды жасап,өндіріске ендіруге қатысады,басқа да қорғаныс құралдарын және бұл шаралардың тиімділігіне талдау жасайды.
Стандартқа сай емес жабдықтарға,жаңа өндіріс құрылысына,жeкелеген цехтарды,санитарлық тұрмыстық орындарды қайта құруға,ғимараттарды құрылыстарды және технологиялық жабдықтарды күрделі жөндеуден өткізуге жасалған жобалық-техникалық құжаттарды талдауға қатысады.
Жаңадан салынған және қайта құрылған өндірістік объектілерді,санитарлық-тұрмыстық және қоймалық ғимараттарды,жабдықтарды,сондай-ақ технологиялық үдерістерді қабылдап алып,пайдалануға беру жқніндегі комиссияның жұмысына қатысады,жаңа техника үлгілерін сынақтан өткізуге және өндіріске енгізуге белсене ат салысады
Еңбекті қорғау мәселелерді жөніндегі бұйрықтардың,шешімдердің,нұсқаулардың,әкімдердің жобаларын,тәсілдемелік және жалпы шолулық құжаттарды даярлайды.
Еңбекті қорғаудың аймақтық басқармасымен,мемлекеттік қадағалаудың жергілікті органдарымен,ғылыми зерттеу институттарымен және басқа да ұйымдармен еңбекті қорғау қызметінің міндетіне кіретін мәселелер бойынша жедел байланыс жасауды жүзеге асырады.Ғылыми-зерттеу және жобалық-құрылымдық ұйымдардың еңбекті қорғау саласындағы ұсыныстары мен жаңалықтарын өндіріске енгізуді ұйымдастырады және оған бақылау жасайды.
Дәріс 7. Еңбекті қорғау департаментінің қызметі
Еңбекті қорғау қызметінің мынадай құқықтары бар:
Кәсіпорынның бөлімшелерінен еңбекті қорғау алады,еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормларды, техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулардың бұзылуына жол берген адамдардан жазбаша түсінік талап ете алады.
Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан белгілі бір жұмысты атқаруға жіберуге болмайтын немесе еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды,қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқауларды қалай болса солай бұзуға жол беретін адамдарды жұмыстан босатуды талап ете алады.Бұл талаптар сөзсіз орындалуға жатады .
Егер жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе апатқа апарып соғатын болса,кейбір учаскелердегі машиналарды,жабдықтарды пайдалануға және өндірістік жұмысты одан әрі жүргізуге тыйым салады және бұл жөнінде кәсіпорынның басшысына немесе иесіне хабарлайды.
Кәсіпорынның басшылығымен келісе отырып,басқа бөлімшелердің тиісті мамандарын еңбекті қорғаудың ахуалын тексеруге қатыстыра алады.
Кәсіпорын басшылығына жекелеген қызметкерлерді еңбектің қолайлы да қауіпсіз жағдайларын жасау жөніндегі белсенді жұмыстары үшін ынталандырады.
1993 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау департаменті құрылды.
Оның міндеттері мен құқықтары Қазақстан Республикасының «Еңбекті қорғау туралы » Заңының баптарымен белгіленіп бекітілген. Еңбекті қорғаудың мемлекеттік басқармасының механизмі шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейінде қызмет етіп, қажетті ұйымдық-құқықтық негіздерді қамтамасыз етеді. Атап айтқанда бұл саладағы әлеуметтік саясатты қамтамасыз етеді, еңбек ету және оны қорғау жөніндегі қажетті ғылыми негізделген заңдылықты қалыптастырады, кәсіпорындар мен кәсіпкер құрылымдардың экономикалық мүдделігінің механизмін жасайды, бұл саладағы белгіленген нормалар мен қойылатын талаптардың орындалуына бақылау жасауды ұйымдастырады, түрлі жеңілдіктер мен төлемдердің дұрыс берілуін қадағалайды, қажет болған жағдайда түрлі санкциялар мен айып салуды іске асырады, қызметкерлердің әлеуметтік тұрғыдан қорғалуын қамтамасыз етеді.
Еңбек қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілік заң бойынша кәсіпорынның басшысына ресми түрде жүктеледі. Кәсіпорынды тіркеуден өткізу кезінде жұмыс беруші жаң еңбекті қорғау жөніндегі емтихан тапсырудың міндетті жүйесін енгізу қажет. Мұнда еңбекті қорғауды қадағалау мен бақылау жөніндегі тиісті органдар жүзеге асыруға міндетті. Осындай емтиханның өткеннен кейін ғана әрбір жаңадан құрылған кәсіпорынның өз қызметін бастап, жұмыс істеуіне рұқсат(лицензия) беріледі. Әрбір кәсіпорында еңбекті қорғау жөніндегі арнаулы қызмет ұйымдастырылуы тиіс.
Еңбек қорғауға байланысты нормаларды негізінен төрт топқа бөлуге болады:
1. Өндірістік объектілерді жобалар сатысында еңбек қауыпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нормалар.
2. Өндіріс үдерісі кезінде қауыпсыздыкты сақтауға бағытталған нормалар.
3. Емдеу-профилактикалық, тамақтандыру және жеке қорғану құралдарын пайдалану нормалары.
4. Еңбек заңдылықтарын сақталуына бақылау жасау мен заңдылықты бұзушылардың жауапкершілігінің нормалары.
Осы нормалдық орындалуына еңбек ұжымдары үнемі басшылық жасап отырады.
Ал еңбектің басқа стандартты МемСТ 1.26-77 және арнайы әдістемелік нұсқауларға сай құрылған ( стандарттар мен техникалық жағдайлардың жобаларын кәсіподақ ұйымдарымен келістіру тәртібі РД50-ІІІ-86).
Бұл құжаттарға сәйкес барлық стандарттар мен техникалық талаптардың «Қауіпсіздік талаптары» деген бөлім болуы тиіс.
Кіші кәсіпорындарда, акционерлік қоғамдарда, жауапкершілігі шектеулі серіктестерде, басқа да ауыл-шаруашылығы мекемелерінде еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесін енгізуді әкімшілік белгілі бір жауапты адамға тапсырады. Ол осы жұмыс бойынша жоспар құрып, мекеме басшысына бекіттіреді. Сондай-ақ, стандартты енгізу мерзімі және қолдануға үйрету мәселелері енеді. Стандартты енгізу жұмыстарына мекеме басшысы мен бас инженер жалпы басшылық жасап отыр.
Қазақстан Республиксының Еңбек кодексінде белгіленген еңбек қорғаудың талаптары
Жұмыс уақыты. Жұмыс уақытының бірқалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек. Жеке еңбек шарттарында талаптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы азырақ көзделуі мүмкін.
Қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығы мынадай мөлшерде белгіленеді:
1.16 жастан 18 жасқа дейінгі жұмысшылар мен қызметшілер үшін аптасына 36 сағат, 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін аптасына 24 сағат;
2. Ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайы зиянды жұмыстарда істейтін жұмысшыламен қызметшілер үшін аптасына 36 сағаттан аспайды.
Түнгі уақытта жұмыс істеген кезде жұмыстың белгіленген ұзақтығы бір сағатқа қысқартылады.
Түнгі уақытта жұмыс істеуге мыналарға жол берілмейді:
- жүкті әйелдерге , егер олардың келісімі болмаса;
- 18 жасқа толмағандарға және түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдарға.
Мүгедек түнгі жұмысқа, тек олардың өздерінің келісімі бойынша, егер оларға ондай жұмыс істеуге дәрігерлік қорытынды бойынша тыйым салынбаған жағдайда тартылады.
Кешкі сағат 10-нан таңертеңгі сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептелінеді.
Жүкті әйелдердің сегіз жасқа, дейінгі баласы бар немесе семьясының ауру мүшесін күтіп-бағып жүрген әйелдердің өтініші бойынша медициналық қорытындыға сәйкес әкімшілік оған толық емес жұмыс күнін белгілеуге міндетті. Мұндай ретте еңбекақы жұмыс істеген уақытына қарай пропорциялы түрде немесе жұмыстың өніміне қарай төленеді.
Уақытынан артық жұмыс істеуге: жүкті әйелдерге он сегізге жасы жетпеген жұмысшыларға, оқу күндері өндірістен қол үзбей білім беретін оқу орындарында оқып жүргендерге, заңға сәйкес басқа да санаттағы қызметкерлерге жол берілмейді.
Уақытынан артық жұмысқа мынадай ерекше реттерде ғна жол беріледі.
1. Отан қорғау үшін қажетті жұмыстарды жасаған кезде, сондай-ақ қоғамдық немесе табиғи апатты, өндірістік апатты болдырмау үшін және олардың зардаптарын дереу жою мақсатындағы жұмыстарды жүргізген кезде;
2. Сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, жарық беру, канализация, транспорт, байланыс жөніндегі қоғамдық қажетті жұмыстар жүргізген кезде олардың дұрыс қызмет істеуін бұзатын кездейсоқ немесе күтпеген жағдайларды жою;
3. Басталған жұмыс, бірақөндірістегі кездейсоқ кідіріс салдарынан бітпей қалған жұмысты бітіру қажет болғанда, егер оның өзінде басталған жұмысты тоқтату мемлекеттік немесе қоғамдық мүліктің бүлінуіне яки жойылуына әкеп соқтыратын болса;
4. Механизмдер мен ғимараттарды жөндеу және қалпына келтіру жөніндегі уақытша жұмыстарды жүргізген реттерде, мұндай олардың жұмысының тоқтатылуына әкеп соқтыратын болса;
5. Егер жұмысты үзіліспен істеуге жол берілмейтін болып, конвейер ауыстыруға келетін қызметкер келмеген кезде жұмысты жүргізе беру үшін; мұндай реттерде әкімшілік ауысатын адамды басқа қызметкермен ауыстыруға дереу шара қолдануға міндетті.
Қауырт дала жұмыстары кезінде кәсіпорын басшыларына егіншілердің жұмыс уақытын кәсіподақ ұйымымен келесе отырып 10 сағатқа дейін ұзартуына болады. Олардың артық істеген уақытының орнына кейін жұмыстың саябыр кезінде демалыс берілуі тиіс.
Демалыс уақыты. Жұмысшылар мен қызметшілерге демалу және тамақтану үшін ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі. Күн сайынғы демалыстың ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауы тиіс. Мереке немесе демалыс күндері жұмыс істеуге жоғарыда көрсетілген ерекше жағдайлардан басқа кездерде тыйым салынады. Ал демалыс күні істеген жұмысы келісім бойынша басқа демалыс күнін беру арқылы өтеледі.
Еңбекшілердің жалпы демалыс күндері мен мейрам күндері демалуына шек қойылмайды.
Мерзімінен тыс жұмысқа және түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына ақы бір жарым есе мөлшерден ал мереке немесе демалыс күндеріндегі жұмыстарға ақы екі еседен төмен болмайтын мөлшерде төленеді.
Барлық еңбекшілерге жыл сайынғы демалыс жұмыс орны мен орташа табысы сақталып беріледі. Жыл сайынғы демалыстың ұзақтығы 24 күннен кем болмайды.
Ақы төленетін жыл сайынғы қосымша еңбек дамалысы ауыр дене жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге беріледі.
Қатарынан екі жыл бойы еңбек демалысын бермеуге тыйым салынады.
Бірінші жылдың демалысы сол кәсіпорында толық бір жыл жұмыс істегеннен кейін, ал келесі жылдары өзінің қалаған уақытында беріледі.
Отбасы жағдайларына және басқа дәлелді себеп-сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
Дәріс 8. Кәсіпорындағы өндіріс санитариясы. Ғылыми техникалық жетістіктердің өндіріс санитариясымен байланысы. Микроклиматтың негізгі параметрлерінің сипаттамасы және оны реттеу жолдары.
1. Өндіріс санитариясы дегеніміз ұйымдастырылған гигеналық және санитарлық-техникалық шаралардың жүйесі ретінде еңбекшілерге әсер ететін өндіріс факторларын жоюға бағытталған шаралардың жиынтығы.
Өндіріс санитартясы негізінен мына шараларды қамтиды: технологиялық процестердегі қауіпті-зиянды факторларды азайтудың жолдарын іздестіру, еңбек қорғаудың санитарлық-техникалық шараларын реттеу, жұмысшылардың жұмыс кестесі мен жеке бас гигиенасымен т.б.ж. қамтиды.
Еңбек гигиенасы – еңбек жағдайларының организмге әсерін зерттеп, оның әсерін мөлшерлеумен айналысатын ғылым. Гигиенист ғалымдардың міндеттері еңбек жағдайларының қауіпті және зиянды әсерлерінің адам денсаулығына зиянсыз (қауіпсіз) және кәсіби ауруларға ұшыратпайтын мөлшерін анықтап, қауіпті және зиянды факторларды жоюға бағытталған шараларды белгілеу
Қазіргі кезде ғылыми техникалық жетістіктер өндіріс санитариясына үлкен әсерін тигізеді, ондай факторлар негізінен үшке бөлінеді:
Гиподинамия- дене қозғалысының жетіспеуі.
Тамақтың жетіспеуі /санитарлық мөлшерде/.
Әртүрлі хабарлардың көптігі немесе жетіспеуі /шындықтың жетіспеуі / т.б.
Ғылыми техникалық прогрестің /жетістіктің/ әсері мына үш қайшылықтарға соқтырады:
Макро және микро өзгерістердің желе болуы- адам организмінің өзгеруіне /аз/ бейімделмейді, өйткені адам организмінің өзгеруі өте баяу.
Адам өмір сүретін ортаның өзгеру жылдамдығы оның дене өсімінен алда болады.
Табиғаттың шексіз өсу, өзгеру жылдамдығы адамның сол өзгерісіне үйренуінен, қалыптасуынан тез өтеді.
Осы өзгерістер адамға қатты әсерін тигізеді. Мысалы: аллергия ауруының көбеюі, жүйке жүйесі аурулары мен қанның бұзылуы т.б.
Осы қиындықтардан шығу жолдары:
Қоршаған ортаны өзгертуді ғылыми жолға қою немесе оның табиғи қалпын сақтау.
Табиғаттағы өзгерістерге адамның машықтануын женілдіру /денені шынықтыру, білім жетілдіру/.
Өзгертілген ортаны адам өзінің игілігіне парасатты түрде асыра білуі керек.
Микроклимат еңбек жағдайына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:
Қолайлы (комфортный)
Жоғарғы ылғалдылықтағы (балық өңдеу цехі, бояу цехі)
Ауыспалы (ашық ауадағы жұмыс)
Ыстық микроклимат (қорыту цехі, химиялық цех)
Салқындатқыш микроклимат (кеме жасау өндірісі, салқындатқыш камера)
Адам мен қоршаған орта арасындағы үздіксіз жылу алмасу процесі жүріп жатады. Микроклиматтың өзгеруі адамның жылу алмасу процесіне тікелей қатысатын – қан айналу, нерв және тер шығару жүйелеріне әсер етеді. Яғни адам ағзасының шектен тыс ысуы немесе салқындауы организмнің бірқатар ауыруын тудырады.
Ыстықтан – адам денесі температурасы көтеріледі, жүрек соғуы жиілейді, денесі қатты терлейді, ал ыстық соққан кезде – артериялдық қысым төмендеп, дене қозғалысы бақылаудан қалып, адам есінен айырылады. Қатты терлегеннен организмдегі су – тұз тепе-теңдігі бұзылып, бас ауырып, әлсіздік пайда болып, қол-аяқ дірілі байқалады.
Суық немесе өте төмен температурадан адам денесі тоңазып, үсіп қалуы мүмкін. Адам денесі ұзақ уақыт тоңыазыса, одан, бұлшық ет жүйесі, нерв жүйелері, буындары – неврит, радикулит, ревматоиттық ауруларға ұшырайды.
Сыртта жұмыс істегенде суықтан қорғану әдістері:
жылы арнайы киімдерді пайдалану;
жұмыс арасында жылынуға үзіліс жасау. Ол үшін арнайы жабдықталған бөлмелер болуы қажет.
Бөлмені (жұмыс орнын) жылыту әдістері:
орталықтандырылған
немесе жеке орнын жылыту
Жылытатын ортасына байланысты:
Сумен, бумен, ауамен жылыту қондырғылары.
Сыртқы есіктерден бірден ішке суық ауа кірмес үшін тамбурлар мен шлюздердің болуы. Ол жерлерге жылы ауа перделерін ұйымдастыру.
Ғимараттарда адамды ыстық микроклиматтан қорғау әдістері:
Бөлмені салқындату – желдету қондырғыларын орнату. Олар да:
жеке жұмыс орнының ауасын алмастыратын
жалпы бөлме ауасын алмастыратын болып бөлінеді.
Ауа алмастыру әдісіне байланысты:
а) – ыстық ластанған ауаны сыртқа сорып шығаратын (суық ауа есік терезе немесе арнайы саңлылаулардан, тесіктерден кіреді);
б) – сырттан суық ауаны қысыммен кіргізетін;
в) – немесе осы екі әдісті қосарлап пайдалану арқылы;
Ауа қозғалысын ұйымдастыру әдісіне байланысты:
Табиғи:
желдің қысымы арқылы;
сыртқы және бөлме ауасының қысымының айырмасына байланысты ауа қозғалысын тудыру;
Жасанды:
желдеткіш қондырғыларды пайдалану;
Бөлмедегі ауаны жылыту әдістері
Ыстық микроклиматты цехтарда – адамдарға жағдай жасау әдістері.
Жалынды, ыстық беретін қондырғыларды оқшаулау немесе адамның сол аймақта болмауын қамтамасыз ету;
а) Технологиялық процесті өзгерту
б) Ыстық заттармен адам жанаспас үшін, барлық жұмыс процестерін механикаландыру, автоматтандыру
в) Жылу шығаратын қондырғыларды құрсаулау (теплоизоляция), жылу шығатын бөліктерге тосқауыл қою. (Бұл әдіс пештердің қабырғасындағы жылуды 130 0С тан 50 0С қа дейін төмендетеді).
г) Су немесе суық ауадан перде жасау (воздушная или водяная завеса)
д) Жұмысшыларға салқындауға, дем алуға бөлме ұйымдастыру, жұмыс уақыттарын қысқарту, үзілістерін ұзарту, сумен салқындатуды ұйымдастыру.
е) Сусын беруді ұйымдастыру
Дәріс 9. Желдету тұрлері , жабдықтары. 1.Желдетудің ұйымдастырылу түрлері. .
Жұмыс орнындағы ауаның тазалығын және қалыпты метерологиялық жағдайды қамтамассыз ету үшін, көп дәрежеде желдетудің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Аэродинамика мен желдету- бұл ChмE II-33-75 “Желдету, жылу беру және кондеционерлеу ” және МЕСТ 12.4.0.21-75 ұсынылатын, ұйымдасқан алмасу. Желдетуді табиғи және механикалық немесе жасанды деп бөледі.Ауаның табиғи қозғалысы жылулық және желдік ағын негізінде жүзеге асырылады. Табиғи таратуды күшейту үшінарнайы қондырғы – желдету каналдарының үстіне орнатылған дефлекторлар қолданылады.
-Табиғи желдету, ауа тесіктері арқылы түскен кезде және ғимараттың сыртқы тесігі мен форточка, терезе арқылы түскен ауадан ұйымдастырылған болуы мүмкін;
-Ұйымдасқан желдету, егер ауа алмасу арнайы қондырғылар көмегімен реттелсе болады.Табиғи желдетудің жетіспеушілігі, ол ағынды ауа ғимаратқа тазаланбай және жылынбй кіреді, ал жойылғаны, қалықтардан қоршаған ортаны тазаламайды.
-Аэродинамикалық кеңістікті қамту бойынша: табиғи желдету жергілікті
және жалпы алмасқыш, болып бөлінеді, Ұйымдастыру әдісі бойынша – ағынды, сорғыш және ағынды- сорғыш.
Табиғи желдету жұйесі. Өндіріс орнының ішінде қай кезде де ауа температурасы, қоршаған орта температурасы жоғары болады.Сондықтан табиғи жүйелерінің қондырғылары өндіріс жайларының ең биік нүктесінде орналасады. Бұл жүйелер өндірістік өнімділікті қамтамассыз етумен қатар ондағы жұмыскерлердің денсаулығын, технологиялық жабдықтардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ете алады.Сонымн қатар көптеген өндіріс орындарында микроклимат жағдайының төмендеуі ондағы құрылыс конструкцияларының жылу өткізгіштік қасиеттерінің толып есепке алынбауы. Желдету жылыту жүйелерінің пайдалану ережелерінің бұзылуы және де ауа алмастыруды дұрыс ұйымдастырмаудан пайда болады.
Жасанды желдетуді есептеу. Өндіріс орындарын табиғи жағдайда желтету мүмкін болмағнда жасанды желдету жүйелері пайдаланылады, оның себебі өндіріс орнынан бөлініп шығатын зияндылықтардың шамадан тыс көп болуы сондай-ақ жылу ұстағыш элементтердің төменгі дәрежеде пайдалануы және де желдету, жылыту жүйелерінің арнайы қондырғылары арқылы іске асады.
Дәріс 10. Өндірістік шу мен діріл әсерінен қорғану. Шудың көрсеткіштері, шудың түрлері. Шудың адам организміне әсері.
Дірілдің көрсеткіштері,түрлері, адам организміне әсері.
Өндірістегі шу мен дірілден қорғану әдістері.
Шу деп - әртүрлі күштер мен жиіліктері бар дыбыстардың кездейсоқ тоғысуын айтады. Шудың ұзақ уақыт әсер етуі орталық жүйке жүйесі мен есту катализаторын зақымдайды, ендогендік жүйенің қызметіне өзгерістер енгізеді, сонымен қатар адамның еңбек қабілеттерін төмендетіп, жарақаттар мен кәсіби аурудың себептерінің бірі болып есептелінеді. Шудың адам ағзасына тигізетін зияндарының дәрежесіне төмендегі негізгі факторлармен анықталынады:
1. Шудың деңгейі мен дыбыстың күші немесе қарқындылығы
2. Шудың жиілік спекторы
3. Шудың әсерінің жиілігінің ұзақтығы
Шудың деңгейі деп белгілі бір сырқы беттің ауданы арқылы бір секундты дыбыс ағыны арқылы өтетін энергия мөлшерін айтады.
Адамның есту аппаратының ажырата алатын энергия диапазоны болады. Оның төменгі шекарасы “есту табалдырығы ”, ал жоғарғы “ауырту табалдырығы” деп атайды.
Шектік деңгейіне байланысты барлық шулар 3 топқа бөлінеді:
1- класс 90-100дБ
2- класс 85-90дБ
3- класс 75-85дБ
Адамның есту мүшелері 20-20000 Гц арасындағы дыбыс толқындарының тербелістерін қабылдай алады.Бұл интервал дыбыс диапозоны деп аталады. 20Гц –тен төменгі тербелістегі толқындарды “инфро дыбыс”, 20Гц-тен жоғары тербелістерді “ультра дыбыс ” деп атайды. Барлық шулар санитарлық норма бойынша жиілік құрамына – шу спекторына байланысты 3 топқа бөлінеді:
1-ші класс –төменгі жиілікті шулар, 400Гц. Соғылатын бөлшектері жоқ, жәй жүрісті агрегаттар мен механизмдердің шулары.
2-ші класс – орташа жиілікті шулар, 400-1000Гц, дөңгеленіп қозғалатын агрегаттар мен машиналардың шулары.
3-ші класс – орташа жиілікті шулар – 1000Гц-тен жоғары шулар.
Шулар шығу тегіне байланысты екі топқа бөлінеді:
1) Аэродинамикалық
2) Механикалық.
Өндірістік шу-адамға зиянды әсер ететін, уақыт сайын ретсіз өзгеріп отыратын, жиілігі мен қарқыны әртүрлі дыбыстардың жиынтығы.
Шу, ультрадыбыс және дірілдің табиғаты бір. Тек айырмашылықтары таралатын газды, сұйық және қатты денелер ортасындағы тербелістің берілуі.
Дыбыс энергия көзі болып табылады. Дыбыс толқындарының тербеліс жиілігі герцпен өлшенеді (1Гц-секундына 1 тербеліс).
Тербеліс жиілігі көп болса-дыбыста жоғары (қатты). Адам құлағы 16-дан-20 000 Гц аралығындағы дыбыс толқындарын қабылдай алады.
20 000 Гц-тен жоғары тербелістер-ультрадыбыс.
16 Гц-тен төмені-инфрадыбыс деп аталады.
Ультрадыбыс және инфрадыбысты адам құлағы қабылдамайды.
Туындау көзіне байланысты шу төмендегідей бөлінеді.
-Механикалық-станоктар шуы, іштен жану қозғалтқыштарының шуы.
-Соққы түрі-темірді соққандағы, шегелегендегі.
-Аэродинамикалық-газдардың шығуы кезінде.
-Гидравликалық-сұйықтар қозғалысы кезінде.
Адам организміне физиологиялық әсеріне байланысты шулар тербеліс жиілігіне, тербеліс ендігіне, қарқындылығына және әсер ету уақытына байланысты жіктеледі.
Жиілігіне байланысты:
Төмен жиіліктегі ,Орташа жиіліктегі ,Жоғарғы жиіліктегі
Спектр ендігі бойынша:
Тар ендіктегі шу,Кең ендіктегі шу.
Қарқынының өзгерісіне байланысты:
Импульстік шу, Тұрақты шу.
Әсер ету уақытына байланысты:
Қысқа уақыт әсер ететін шу,Ұзақ уақыт әсер ететін
Адам организміне зияны көп шулар-бұл жоғарғы жиіліктегі, тар ендіктегі, импульстік және ұзақ уақыт әсер ететін шулар.
Шудың адам организміне әсері.
Көп уақыт әсер еткен шудың есту органдарына жүктеме түседі, еңбеккердің бейқамдығын арттырады, бұл дегеніміз ескерту белгілеріне жауап реакциясын төмендетіп, қатерге ұрыну мүмкіндігін арттырады. Шу нерв жүйесі, жүйке аурулары, жүрек қан-тамыр ауруларына әкеліп соғады, адамның ұйқысы қашып, еске сақтау қабілеті төмендейді. Өте жоғары дәрежедегі шудан адам саңырау болып қалады, бүкіл ағзасын ауруға әкелетін шу сырқатына әкеліп соқтырады.
Діріл. Діріл – акустикалық факторлар – шу, ультра дыбыс, инфро дыбыс,діріл, олардың табиғаттағы бірдей және толқын тәрізді, серппелі ортада механикалық тербелістегі қозғалыста таратылады. Діріл деп – материялдық денелер мен маашиналардың жұмысы кезінде пайда болатын
тербелісі айтамыз.Дірілдің себебі – бір қалыпты емес күштің әсері. Дірілді сипаттайтың негізгі көрсеткіштер:жиілік (Гц), бірігу амплитудасы (м),
жылдамдық (м - с), жылдамдату (м-с2). Дірілдің адамға әсерін, адамның физиологиялық қасиетімен, жиілік спекторымен анықтайды.Өте қауіпті діріл, 6...9Гц диапозонында жатыр, ол адамның өзінің ішкі мүмкіншіліктерінің тербеліс жиілігімен сәйкес келетіндіктен, әсіресе бас миының а – ырғағымен сәйкес келеді, соның салдарынан психологиялық және органикалық бұзылуларға алып келетін қабілеті бар, резонанс пайда болуы мүмкін. Көру күштілігінің бұзылуы 10...25Гц жиілікті диапозондағы діріл әсері кезінде бақыланады.
Сонымен қатар діріл технологиялық қондырғыларға және бақылау өлшегіш аспаптарға және құрылыстық конструкцияларға өте қауіпті, ол қондырғы бөліктерінің тозуына, конструкциялардың деформацияға ұшырауына, аспаптардың қызмет ету мерзімін қысқартуға және олардың дәл өлшемін төментетуге, өз кезінде авариялық жағдайларға алып келеді
Діріл дегеніміз қатты денелердің тербелісі ретінде адам ағзасына әсер ететін шайқалудың шамасы.
Дірілдің салыстырмалы жылдамдық дәрежесі және салыстырмалы үдеуі дәрежесі децибелмен беріледі
Организмге берілуіне байланысты, діріл: жергілікті-қол машиналарымен жұмыс кезінде, машинаның басқару тетіктері арқылы қолға берілетін және жалпылама-адамның отырған немесе тұрған жері арқылы берілетіндері болып бөлінеді.
Жалпылама діріл үш дәрежеге бөлінеді.
І дәреже-транспорттық діріл, ІІ дәреже-технологиялық-транспорттық, ІІІ дәреже-технологиялық діріл.
Дірілдің адам организміне әсері.
Аз қарқындағы жергілікті дірілдің организмге пайдасы да бар (медицинада). Ал діріл қарқыны өскен сайын зияны артып патологиялық өзгерістерге-діріл ауруларына әкеп соғады. Төменгі жиіліктегі (35 Гц дейін) діріл нерв-булшық ет, қозғалыс аппараттарының патологиясына әкеледі. (Қолдың, нерв тамырларының бұзылуы, терінің сезгіштігінің төмендеуін, сүйектер мен буындардың микрожарақаттары, сүйектерде пайда болатын бұлтықтар т.с.с.).
Төменгі жиіліктегі жалпы діріл іш құрылыс органдарының қозғалуына, олардың булшық еттерінің өзгеруіне, омыртқаның жүктемесіне, нерв жүйесі жұмысына әсер етеді.
Ішкі органдарға дірілдің әсері, ағза мүшелерінің жиілігінің өзгеруіне әсер етеді (адамның денесінің жалпы жиілігі 6 Гц, ішкі органдар жиілігі 8 Гц, бастың жиілігі-25 Гц, орталық нерв жүйесі 250 Гц).
Шу мен дірілдің әсерін азайту шаралары:
1) Шу мен дірілді пайда болған жерінде жою.
а) техникалық үрдістегі шу, дірілді көп беретін машиналарды шу, дірілі аз машиналарға ауыстыру.
б) машина детальдары арасындағы саңылауды реттеу.
с)машина құрылысына шу, діріл шығармайтын материалдарды пайдалану.
2) Шу мен дірілді олардың таралу жолында жою.
а) Машинаның шулы бөліктерін құндақтау, қоршау, оқшаулау.
б) Шуды азайту үшін жұтқыш қалқандарды пайдалану (экрандау).
3) Жеке басты қорғау құрал-жабдықты пайдалану.
4) Санитарлық және ұйымдастыру шараларын ойластыру (Мекеме жұмыс орындарына санитарлық қорғау аймақтарын жасау, шулы машиналарды оқшаулау, адамның шулы, діріл мөлшері көп жерлерде болуын азайту т.с.с.).
Дәріс 11. Өндіріс орындарын жарықтандыру ,жарықтандырудың адам организміне әсері. Жарық көзінің түрлері. Жарықтың техникалық көрсеткіштері және жарықтандыруды мөлшерлеу
1. Жарық – тіршілік көзінің бір бөлігі. Жарық ағзаның қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз етіп қана қоймай оған биологиялық және қуат күшін береді.
Жарық негізгі биологиялық процестерінің жүруін жандандыратын қуат көзі. Соның әсерінен ағзаның зат алмасу, өсу, тұқымды жалғастыру жүйелері жұмысы да реттеледі.
Ал өндіріс ортасын жарықтандыру дәрежесі еңбеккердің жұмыс жағдайын жақсартады, шаршауын төмендетеді, еңбек өнімділігі мен өнімнің сапасының жоғары болуына тікелей әсері бар.
Жарықтың күн көзіне немесе аспан денелерінен пайда болған түрін – табиғи жарық дейміз де, электр шамы арқылы пайда болған жарықты – жасанды жарық дейміз. Күн көзінің жарық шамасы жердің күнді айналуына, атмосфераның оптикалық жағдайына, ауа райына, жарықтың шағылысуы мен жұтылуына байланысты.
Жасанды жарық шамасы электр шамдарының техникалық көрсет-кіштеріне байланысты.
Күн сәулесі спектрі өзінің биологиялық әсері бойынша үш түрге бөлінеді. Күн сәулесі спектрінің толқын ұзындығы 380-760 нм бөлігі көздің көру нервтеріне әсер етіп жарық құбылысын тудырады.
100-380 нм ұзындықтағы сәуле толқындар ультра күлгін (радияциялық)
760-340000 нм сәуле толқындар инфрақызыл (жылу сәулелері) деп аталады. Олар (көру) жарық құбылыс тудырмайды.
Жарықтандырудың сапасын көрсететін негізгі техникалық жарық көрсеткіштері болып – жарық күші (J), жарық шамасы (Е), шағылыстыру коэффициенті αж , жұту коффициенті βж , өткізу коэффициенті γж , жарық ағыны (Ф) , жарықтану дәрежесі Я (Яркость), көру нысаны мен фон арасындағы контраст, жарықтың шамасының өзгеруі және жарықтың біргелкілік коэффициенті саналады.
Жарық ағыны (Ф) – көзге әсер ететін сәулелі энергияның күші, өлшем бірлігі Люмен (лм). Жарық күші (J) – жарық ағынының кеңістікте таралу тығыздығын көрсетеді.
; мұндағы ω – кеңістіктегі таралу бұрышы
Жарық күші өлшем бірлігі кендела (КД).
Жарық шамасы (Е) деп – жарық ағынының аудан бірлігіне түскен тығыздығын айтамыз.
Е
,
өлшем бірлігі люкс (лк)
Жарық шамасын өлшейтін аспап люксмтр деп аталады.
Ғимараттарды жарықтандыруды мөлшерлеудің екі әдісі бар: геометриялық және техникалық жарық көрсеткіші арқылы.
Табиғи жарықтандыру күн сәулесін бүйірден түсіру , жоғарыдан түсіру және аралас болып бөлінеді. Бөлмені табиғи жарықтандырудың геометриялық мөлшерлеу мәні болып жарық түсетін ойық пен бөлме едені ауданы арасындағы қатынасты анықтау болып табылады. Ол әрине бөлменің пайдалану жағдайына байланысты. Өндірістік бөлмелер үшін – табиғи жарық коеффициенті е = F*n/f = 1/10
F – терезе ойығы ауданы, n – терезе саны, f – еденнің ауданы .
Ал табиғи жарықтандыруды техникалық өлшеу құралымен анықтауға мүмкіндік болғанда табиғи жарық коеффициенті төмендегі
e= Ei/Ec *100% формуласымен анықталады.
Мұндағы Ei - бөлме ішіндегі нүктенің жарық шамасы, Ec – күн көзі берген сырттағы жарық шамасы.
Бұл жағдайда е табиғи жарық коеффициенті бөлмеге күн көзі берген жарық шамасының қанша пайызы түсіп тұрғанын көрсетеді. Өндірістік жарықтандыруды мөлшерлеу бойынша табиғи жарық коеффициенті мәні, жарықты түсіру әдісіне байланысты 0,5-тен 10 бірлік шамасында болуы керек.
Ал жасанды жарықтандыруды мөлшерлеу –жарық шамасы (Е) люкспен көрсетіледі. Оның мөлшері көру жұмысының сипаттамасына (ең жоғарғы дәлдіктегі-I разряд , өте жоғары дәлдіктегі – II разряд, жоғарғы дәлдіктегі – III, орта дәлдіктегі – IV разряд , аз дәлдіктегі Vразряд, жарық шығарылатын заттармен жұмыс кезінде VII және жалпы бақылау үшін дәлдіктегі - VIII) көретін нысанның размеріне (0,15мм-ден 5мм-ден артық) контраст, фон көрініске қарай беріледі.
Өндірістік бөлмелерді жарықтандыруға қойылатын талаптар
Өндіріс орындарын жарықтандыру әдістері
3. Бөлмені жарықтандыруға және жасанды жарық көздеріне төмендегідей санитарлық – гигиеналық талаптар қойылады.:
Жарықтану дәрежесі (Я) барлық жұмыс қабаттарында бірдей болуы керек.
Жұмыс орындарындағы жарық шамасы көру нориасына сәйкес болуы керек.
Жарық түсетін жазықтықтарға көлеңке түспеуі қажет. Көлеңке көретін өзгертіп , көзді шаршатады. Әсіресе қозғалмалы көлеңкелер қауіпті, жарақаттанудың көбеюіне соқтырады.
Түскен жарық тікелей немесе қайтара шағылыспауы қажет. Жарықтың түскен беттен шағылысуы да жарық дәрежесін өсіріп , көзді шаршатып , жрақат алуға әкеп соғады.
Жарық шамасы уақыт өткен сайын өзгеріп (жыпылықтап) тұрмауы керек.
Жарық ағыны нысанға бағытталып, шам – жағдайға сәйкес таңдалынып алуы керек.
Жарық көзі құрылғысы пайдалануға қолайлы, сенімді , күтуге қарапайым және қауіпсіз болуы қажет.
4. Жасанды жарық көздеріне
Қыл-қызулы шамдар
Люминесцентті (газоразрядты) шамдар пайдаланады
Ғимартаттағы шамдардың орналасуына байланысты жарықтандыру:
Жеке жұмыс орнын жарықтандыру
Жалпы бөлмені жарықтандыру
Аралыас жарықтандыру болып үшке бөлінеді.
Жарықты пайдалану мақсатына байланысты жарықтандыру:
Жұмысшы жарықтандыру (нормаға сәйкес)
Апаттық жарықтандыру (апат кезінде адамдарды эвакуация жасау үшін немесе жұмысты уақытша жүргізе тұру үшін, норманың 15-20% құрайтын)
Кезекші жарықтандыру – норманың 25-30% құрайтын болып бөлінеді.
Бақылау сұрақтары:
Жарықтың адам ағзасына қандай әсерлері бар?
Жарық құрылысын қандай теориялармен түсіндірміз?
Жарықтың негізгі көрсеткіштері қандай?
Жұмыс орындарын жарықтандыруға қандай санитарлық-гигиеналық талаптар қойылады?
Жұмыс орындарын жарықтандырудың қандай тәсілдерін білеміз?
Дәріс 12. Қауіпсіздік техникасының негіздері. Электр тоғынан қорғаудың техникалық құралдары және ұйымдастыру жолдары Өндіріс құрал-жабдықтарына және өндіріс процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары
Қазіргі кезде электр тоғы өмірде, шаруашылықта жиі пайдаланылады, оның көмегімен нелер ауыр деген жұмыстар жеңілдейді, өндірс мәдениеті жоғарылайды. Ауыл шаруашылығында электр тоғының айнымалы /≈/ түрі қолданылады, ол төрт сым арқылы беріледі, жиілігі 50-Гц, кернеулігі 300 В.
Электр тоғының қауіптілігі сонда, өйткені оны көзбен көрмейміз
Сонымен, электр тоғының адам организміне қандай әсері бар десек, олар: жылулық (термикалық); химиялық; биологиялық; механикалық.
Электр тоғының әсерінен адам екі түрлі жарақат алады:
1.Электрожарақат дегеніміз электр тоғының және электр доғасының әсерінен пайда болған зиянды айтады.
Электр соққы дегеніміз тірі ткандардың ретсіз жұмысын қоздыратын процесс.
Электр соққының әсерінен организм ткандары төрт түрлі патологиялық өзгерістерге ұшырайды:
1.Бұлшық еттердің тітіркенуі /тартылуы/ адам есінен танбайды.
2.Бұлшық еттердің тітіркенуі адам есінен танады, өздігінен босай алмайды.
3.Жарақаттануша есінен танып, тыныс және жүрек жұмысының жүйесібұзылады.
4.Клиникалық өлім.
Электрошок дегеніміз электр тоғының әсерінен болатын адам организміндегі жүйке рефлекторының өзгерісі.
Электр тоғының зақымдаушы әсерлері /факторлары/:
1.Электр тоғының түріне байланысты, олар:=,≈
2.Электртоғының жиілігіне, Гц /f/ бізде айнымалы тоқ көзі /≈/ пайдаланылады да жиілігі 50 Гц, ал адам организміне қауіптісі 20 1000 Гц.
3.Электр тоғының күшіне байланысты, J, А,мА. Адам организміне әсер ететін ең кіші токтың мөлшері 0,5...1,5 мА, жібермейтін ток 10...15 мА, қауіпті ток 50 мА және одан жоғары.
4.Электр тоғының кернеулігі, И, В, біз пайдаланатын электр көздерінде 127, 220, 380В болады, бұлардың бәрі тірі организмдерге қауіпті, қауіпсізі 12, 24, 36В.
5.Тоқтың денеден өту уақытына байланысты Т, С, уақыттың мөлшері 1...30 с болуы мүмкін.
6.Адам денесінің кедергісіне байланысты R, Ом. Адам денесінің кедергісі 100000...500 Ом арсында болады.
Ескерту-тері диэлектрик, қан мен бұлшық еттер өткізгіш болып саналады.
7.Адамның электр тоғына жанасу түрінен, олар: бір фазалы, екі фазалы болуы мүмкін.
8.қоршаған ортаның жағдайына байланысты: олар құрғақ болуы, ылғалды болуы, ионданған болуы мүмкін..
Тоқ көзінің қауптілігіне байланысты өнеркәсіп құрылыстары үшке бөлінеді:
1.Қауптілігі жоғары емес құрылыстар - іші құрғақ және диэлектрикалық едені бар құрылыстар /қосалқы бөлмелер, инкубаторлар т.б./, қол шамы, 36В.
2.Қауіптілігі жоғары құрылыстар – едені кірпіш, бетон, ағаш болады да, бір қауіпті өндіріс факторы болады, ол ылғалдылық 755 процент, 24В.
3.Қауптілігі өте жоғары құрылыстар – екі өндіріс қаупі бар құрылыстар – жоғары ылғалдылық және зиянды заттар, қол шамы 12В.
ГОСТ бойынша «электр қондырғыларының құрылысы» «ПУЭ» және «ЭВЛ электр қондырғыларын пайдалану тәртібі» ПТЗ т.б. құжаттар бойынша жүргізіледі.
Электр қондырғыларының қауіптілігін азайтудың мынадай техникалық түрлері бар:
1.Қос бейтараптандыру дегеніміз бір тоқ қабылдағыштағы екі оңашаландырылған бейтарап қондырғы, олардың біреуі-жұмысшы, екіншісі-қосымша болады. Оладың паспортында белгі болады. Бұндай белгі трансформаторларда кезігеді.
2.Потециалды теңестіру дегеніміз жанасу және қадам аралық кернеулікті азайту әдісі.
3.Қорғау айыркы – тез іске қосылатын автоматтандырылған тоқ көзін айырғыш.
4.Кіші кернеулікті пайдалану әдісі – кішірейткіш трансформаторлар, түзеткіштер арқылы.
5.Тоқ көзіне қол жетпестігін қамтамасыз ету арқылы.
6.Жермен тұйықтандыру - әдейі істелген қорғағышты жермен тұйықтандыру арқылы.
Жермен тұйықтандыру жанасу мен қадам аралық кернеулікті төмендетеді.
7.Нөлдік сыммен тұйықтандыру.
IV.Эл. тоғынан жарақат алған адамға көмек көрсетуші өзі тоқ көзіне түсіп қалмау жағын ойластырғаны абзал. Жарақаттанушыны тоқ көзінен ажырату . Жәбірденген адамды киімнен ұстап тоқ көзінен босатады.
Тоқ көзінен босатқаннан кейін алғашқы көмек көрсету жолдарын қарастыру керек.
Қандай да болмасын өндіріс ортасының еңбеккерге әсер ететін зиянды және қауіпті факторлары болатынын жоғарыда атап өттік.
Яғни, еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – жұмысшыға (қызметкерге) қауіпті-зиянды өндіріс факторлары әсер етпейтін еңбек шарты. Осындай еңбек шартын ұйымдастыру үшін белгілі бір ережелерді сақтап, нақты шараларды іске асыру қажет екен.
Қауіпсіздік техникасы дегеніміз – ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың, жабдықтардың көмегімен жұмысшыға өндірістің қаціпті факторлар әсерін болдырмау (жұмысшыларды қауіпсіздік техника ережелерімен таныстыру, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, технологиялық процесті дұрыс ұйымдастыру, оны жетілдіру, автоматтандыру т.с.с.)
1.Өндірісте қауіпті жағдайды тудырмас үшін онда пайдаланылатын құрал-жабдық, құрылғыларға төмендегідей талаптар қойылады:
Құрылғыларды, жабдықтарды жобалау, құрастыру кезінде олардың қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жасалуы.
Өндірістік құрылғылар, оларды іске қосу, пайдалану, жөндеу, сақтау кездерінде қауіпсіз болып, қоршаған ортаға зиян әкелмеуі қажет.
Құрал-жабдықтың құрылғысы, қорғау, сақтандырғыш бөлшектермен жабдықталған, автоматтандыруға, механикаландыруға ыңғайлы, эргономикалық және көркемдік талаптарға сай болуы қажет.
Құрал-жабдық – оған сыртқы ортаның зиянды әсеріне төтеп беріп, жарылғыштық, өрт қаупін тудырмайтын болуы қажет.
Құрал-жабдықтың жасалған материалдары белгілі беріктік, төзімділік дәрежелерін қамтамасыз етіп, оны алыстан басқару, белгі беру, өлшеу аспаптарымен қамтамасыз етілуі керек.
Арнайы талап
а) Тамақ шикізатымен жанасатын құрал-жабдықтардың бөлшектеріне антикоррозиялық қасиет беріліп шикізатқа зиянды әсері болмауы қажет (иіс, дәм).
б) Жасалған материалдары сілті, қышқыл, тұздардың әсеріне төзімді, жоғарғы немесе төменгі температурадан қасиетін өзгертпейтін, жүйенің тұйықтылығын сақтайтын, жұмыстан соң беттері тамақ қалдықтарынан, кірден оңай тазаратындай болуы қажет.
в) Құрал-жабдық шаң-тозаң, зиянды газдарды ұстау құрылғысымен жабдықталып, міндетті түрде санитарлық-техникалық шарттарға сай болуы қажет (шу, діріл, өрт қаупі, т.с.с.).
Технологиялық процестерге қойылатын Е.Қ.-гі талаптары (бұл талаптар техникалық құжаттарда көрсетіледі):
Технологиялық процестерді басқаруға, онымен жұмыс істеуге, сол процесті кәсіби игерген, денсаулығы жақсы және қауіпсіздік техникасы ережелері-мен танысқан адамдар жіберіледі.
Технологиялық тізбектер мен жұмыс орындарындағы жағдайлар санитар-лық-техникалық, көркемдік, гигиеналық талаптарға сай болуы қажет (микроклимат, жұмысты ұйымдастыру, жарық, шу, діріл, асхана, демалыс, жұмыс уақыты, т.с.с.)
Әкімшілік еңбекті дұрыс ұйымдастырып (дем алу, жүк көтеру, бірқалыпты-лықты азайту), ұжымдық қорғау, еңбекті механикаландыру, автоматтанды-ру әдістерін іске асырып, еңбеккерлерді арнайы киім, ж/б қорғау құралдары қамтамасыз етулері қажет.
Технологиялық құрылғылардың орналасуы, шикізат, өнім, қалдықтардың орналасуы қолайлы болып, еңбеккерлердің қауіпсіздігіне әсер етпеуі қажет.
Дәріс 13. Қауіпсіздік техникасының негіздері.Технологиялық құрал-жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шарттары. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған техникалық құрылғылар.
I. Жалпы өндірістік құрылғыларға негізгі өндірісті жүргізуге қажетті қосымша өндіріс бөлімшелері жатады.
Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға химиялық, жылулық процестерді атқаруға арналған, газдар мен сұйықтарды сақтауға, тасуға арналған тұйық ыдыстар жатады. Жоғарғы қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар – қосымша қауіпсіздік ережелерін сақтауды қажет ететін құрылғыларға жатады.
Қазандықтарды бақылайтын мемелекеттік органды – сала аралық тау-кен техникалық инспекция дейді. Әр кәсіп орын қазандықтардың жұмысын, техни-калық жағдайын жылына бір тексеріп, бақылау органдарына тіркеттіріп отыру-лары қажет.
Қазандықтарда жұмыс істеуге жасы 18-ге толған, дәрігерлік тексеруден өткен, құжаттары бар мамандар жіберіледі. Қазандықты төтенше жағдайда тоқтату әдісі
отын және ауа беруді тоқтату; тарту (тағу) азайту
от жанатын жерден ыстық шоқты тез алу
шоқ алынған соң түтін жүретін жолдарды ашу (заслонка клеш есігін)
қазандықты негізгі бу, жылу жүйесінен ажырату.
Аммиакты (суыту) тоңазытқыш қондырғылар.
Аммиак өте күшті улы зат. Ол көзге, дем алу органдарына, жүрек бұлшық еттеріне және тамақ, мұрынның жұқа сілекей қабықтарына әсер етеді. Сұйық аммиак теріні күйдіреді.
Сондықтан, машиналар бөліміне немесе тоңазытқыш камераларға ерекше талаптар қойылады. Бөлмелердің есік, терезелері үлкен және сыртқа ашылатын болулары қажет. Құбырлар көк, сары, қызыл, сұр түрге боялуы керек. Бөлмелердің желдету жүйелеріне де қосымша талаптар қойылады.
Тоңазытқыш қондырғыларда жұмыс істейтін адамдар жылына бір рет қауіпсіздік ережелерінен емтихан тапсырып отырады. Жұмыс орындарында жұмыс режимі жазылып отыратын кітап әрбір екі сағатта бір толтырылып отырылуы қажет. Машина бөлімінде противогаз, резина қолғап және аптечка болуы керек. Компрессордағы сақтық клапандарын жылына бір рет, аппараттағыларын 6 айда бір, манометрлерді 6 айда бір рет тексереді. Аммиак ыдыстарын тексеру, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды тексерумен бірдей.
Ауа компрессоры қондырғыларын бақылау - өлшеу аспаптарымен, серіппелі сақтық клапандарымен, автоматты қысым реттегішпен жабдықтайды. Сонымен қатар суытқыштағы су азайған кезде компрессорды тоқтататын автоматты жүйе болуы қажет.
Көтеру – тасымалдау құрылғылары.
а)Өнеркәсіптерде жүктің орнын ауыстыру үшін әр түрлі механизмдер, жүк көтергіш және жүк тасымалдау машиналары қолданылады.
а) Бұл айтылған механизмдер мен машиналарда жұмыс істеуге жастары 18 – ге толған, денсаулықтары жақсы, мамандығына байланысты білімдері және аттестациядан өткен адамдар жіберіледі. Жүк көтеру механизмдерін пайдаланылғанда күнделікті ілгек, сым арқан, строптарды қарап, тексеріп отыру қажет және жұмыс негізінде қолғап, каска және басқа қорғау құралдарын пайдалану қажет.
Әр кран, лифт, көтергіш мемлекеттік тау – кен техникалық бақылау органдарында тіркелуге міндетті. Мекемеде, әр жылдағы тексеру барысын жазып отыратын журналдар болуы қажет. Көтеру механизмдерін жылына бір рет тексеріп, куәландырады. Куәландыру барысында құрылғылар-Стати-калық сынақ және Динамикалық сынақтан өтеді
б) Жүк тасымалдаушы механизмдер – конвеерлер мен транспортерлер.
Өндірісте конвеерлердің аспалы (монорельс) шнекті, шынжырлы және элеваторлы (жоғары төмен жүретін, тік орналасқан) түрлері пайдаланылады. Олардың жітегінің айналып тұрған қозғалмалы бөліктері, тісті немесе ременді берілістері қақпақтармен жабылуы қажет. Конвейерлердің басы мен аяғында және әр 10 метр ұзындықта тоқтату түймелері болуы қажет. Конвейерді майлау, жөндеу үшін жетекті өшіріп, оны тоқтату қажет.
Конвейердің жылдамдығы 0,1-0,5 м⁄с аспауы керек.
Транспортерлердің үстінен адамдар өтетін жерлерді арнайы көпірлермен жабдықтайды. Көпірдің екі жағы ені 1 метр болуы керек.
Аспалы және көлбеу орналасқан конвейерлерді жұмыс істеушілер бастарына каска киюлері керек.
в) Жүк көтеруші машиналардың (лифтер, көтергіштер, крандар) бәрін қорғау құралдарымен жабдықтайды-олар жүкті жоғары шектен тыс көтергізбейтін, электр двигатель өшкенде жүкті төмен түсірмей ұстап тұратын тежегіштер. Көтергіш механизмдермен жұмысты бастамас бұрын, жүк көтергіш шынжыр, арқан, ілгек, тіреуіш бөлшектерінің мықтылығын тексеріп алу керек. Сондықтан мекеме оларды дұрыс пайдалануға, жөндеуге жауапты бір адам болуы керек. Ол адам жұмысшылардың білімдерін тексеріп, уақытымен жөндеу, байқау жұмыстарын жүргізіп, машиналарды уақытымен сынақтан өткізіп, куәлендіріп отырады.
г) Өздігінен жүретін көтергіш-түсіргіш машиналарда жұмыс істеуге жасы 18-ден асқан, қолында куәлігі бар мамандар жіберулері керек. Іштен жану қозғалтқыштарымен жүретін автокөтергіштерді бөлме ішінде пайдалануға болмайды. Түтіні адам денсаулығына зиян. Сондықтан бөлмелердің ішінде электрмен жүретіндері пайдаланылмайды.
4. Өндіріс жарақатымен күресті жүргізу үшін осы заманғы ескерту қорғау құралдарын пайдаланған тиімді .
Қ а у і п т і а й м а қ дегеніміз машинаның маңайындағы әрдайым немесе уақытша кездесетін зиянды және қауіпті жағдайларды туғызатын аймақ .
Еңбек қауіпсіздігін төмендететін құрал – жабдықтар болады :
Қорғаныш құрылғы – адамның болмаса оның киімінің бөлшектерін машинаның қауіпті аймағына түсіп қалуына кедергі , қоршау ретінде жасалады. Олар үш түрге бөлінеді : тұрақты ,алмалы – салмалы , жылжымалы .
Сақтандырғыш қорғау жабдықтары қауіпті факторларды қас қағым сәтте тоқтатады .
Тосқауылшы құрылғылар адамның қауіпті аймаққа баруын болдырмайды , не болмаса қауіпті факторлардың әсерін жоғалтады . Олар механикалық , электрлі ,фотоэлектрлі , гидравликалық , ауа қысымымен істейтін және құрама болып әр түрге бөлінеді .
Б е л г і беруш і : а ) дыбыс арқылы , ә ) түрлі – түсті жарықтар арқылы ,б ) қауіпсіздік белгілері .
Қашықтықтан басқару ( алыстан басқару ) .
Дәріс 14. Өрт қауіпсіздігінің негіздері. Жану және материалдардың жанғыш қасиеті.
Өрт пен су тілсіз жау деп халқымыз тегін айтпаған. Адамдар от жағуды білмеген кездің өзінде найзағайдан, вулкандардан шыққан өрттерден көп зиян шеккен. Адамдар от шығаруды /алуды/ білгелі олардың өміріне үлкен өзгеріс әкелсе, от алудың әдістері көбейген сайын өрт қаупі де көбееді.
Арнайы жану құрылғыларынан тыс, бақылап реттеуге келмейтін залал-зиян келтіретін жануды өрт дейміз.
Жану дегеніміз күрделі физико-химиялық процесс. Жану көзінде жанатын зат пен тотықтырушылар қосылады да жылу және жарық шығарады. Қандай зат болмасын жану үшін мөлшерлі жылулық және тотықтырғыштар /оттегі/ керек.
Тотықтырғыштар: оттегі, хлор, бром, азот қышқылы, бертолет тұзы т.б.
Жанатын заттар: қатты, сұйыө және газ күйінде кездесуі мүмкін, олардың барлығы да жанған кезде жарық пен жылу шығарады.
Жанудың бірнеше түрлері бар, олар:
Жарық етіп жану, Тұтанып жалындау, Өздігінен жалындау ,Өздігінен жану, Атылып жану
Жану сипатына байланысты құрылыс материалдары 3 түрге бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын /СНжЕ П-А 5-70/, жанатын.
1.Жанбайтын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтанбайды бықсымайды, көмірге айналмайды.
2.Қиын жанатын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтанады, бықсиды, көмірге айналады.
3. Жанатын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтынып жанады, бықсиды, және әрі қарай жана береді.
Өрт кезінде өзінің тіреуіш және қорғағыш күйін сақтау қасиетін заттардың отқа шыдамдылығы дейді.Өндірістік ғимараттар мен құрылыс-тардың отқа шыдамдылығы(огнестойкость) сағатпен беріліп –I,II,III,IV,V әріптермен белгіленген дәрежелерге бөлінеді.
Өрт қауіптілігіне байланысты өңдіріс орындағы технологиялық процестердің қауіптілігі 6 категорияға бөлінеді: А,Б,В,Г,Д,Е.
Дәріс 15. Өрт сөндіргіш заттар және олардың сипаттамалары.
Өрт қауіпсіздігін ескерту және оның себептері.
Халық шаруашылығында өртті сөндіруге негізінен мына заттар пайдаланылады: су, құм, топырақ, химиялық көбік егер бар болса инертті газдар мен арнайы ұнтақтар т.б. пайдаланылады.
Суды өрт сөндіруге жиі пайдалану себебі. Ол шаруашылықтың әр жерінде кезігеді, оның өртті сөндіруге суығы әсер етеді (жылу сыйымдылығы 2213,8 КДж/кг, град ) және буымен әсер етеді мысалы: 1кг су 1700 л буға айналады. Су тоқ өткізеді, кейде жануды да қолдайды. Сондықтан оны пайдаланған кезде байқау керек.
Химиялық көбіктер от сөндіргіштерде пайдаланады. Бұл көбіктер тік қабырғада да жабысып тұрып жанып жатқан заттың сөнуін тездетеді, ал су болса ағып кетеді.
Инертті газдар мен арнайы ұнтақтар ол: тоғынан шыққан, жанар-жағар майлардан щыққан да өртті өшіре алады, бірақ олар шаруашылықтарда сирек кездеседі. Өрт жаңа басталған кезде жануды тоқтату үшін әртүрлі от сөндіргіш құралдар пайдаланылады. Оларға қолға алып жүретін немесе дөңгелекпен қозғалатын от сөндіргіштер, гидропульттер, су құйылған ыдыс, құм салынған жәшік, киіз т.б. заттар жатады.
Өрттің алдын алу шаралары:
1. Құрылыс кезінде: генплан жасалған кезде құрылыс объектілерін дұрыс орналастыру ережелерін сақтау; құрылысты жоспарлаған кездегі ережелерді сақтау; құрылысты жүргізген кездегі ережені сақтау.
2. Тәртіпті сақтау: құрылыс пен құрылғыларды пайдалану тәртібі, машиналармен құралдарды пайдалану тәртібі, күнделікті өмірде, далада, орманда жүргенде:
3. Түсіндіру жұмыстары арқылы: өрт қауіпсіздігінің ережелерін шығару, халықты өрт қауіпсіздігі тәртібіне оқыту, үйрету, өрт қауіпсіздігін кино, телевизор, радио арқылы уағыздау.
Әр түрлі шаруашылықтарда мынадай себептерден өрт шығады:
1. құрылыс салған кезде өрт қауіпсіздігі тәртібінің бұзылуы, желдің негізгі бағытын есептемеу және өндіріс технологиясының қаупін есептемеу т.б;
2. жылу орталықтарын пайдаланған кездегі тәртіп бұзу;
3. электр жүйесін жүргізген эл. құрылғыларын пайдалану кезіндегі тәртіп бұзу т.б.
4. пішіндердің, қилардың, торфтардың өздігінен қызып жануы, оларды сақтау тәртібін бұзу;
5. тез тұтанатын заттардың құбырдағы тағы басқа жерлердегі үйкелістері кезіндегі қауіп;
6. керосинді шам, ашық отты пайдаланған кездегі тәртіпті бұзу;
7. жай оттарының әсерінен болған өрт.
Аралық бақылауға арналған тест
Нұсқа 1
1. Қандай құралдар көмегiмен жарықты өлшеуге болады?
А) анемометрмен;
В) милливольтметрмен;
С) люксметрмен;
D) тығыздық өлшеуiшпен;
Е) Температураға тәуелді
2. 16 Гц жəне 20000 Гц-тен жоғары жиiлiк тербелістерінің дыбыстары қалай аталады?
A) ультракүлгін жəне инфрақызылмен сəйкес.
B) төмен жəне жоғары жиiлiк;
C) екеуі де инфрадыбыс;
D) екеуi де ультрадыбыс;
E) инфрадыбыспен жəне ультрадыбыспен сəйкес;
3. Өндiрiстiк шарттардың метеопараметрлерiн санап шығыңыз
A) қозғалыс жылдамдығы, температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауаның барометрикалық қысымы;
B) қозғалғыштық, температура, ауаның абсолюттi дымқылдығы;
C) қозғалыс жылдамдығы, жылулық, салыстырмалы ылғалдылық, ауаның артық қысымы;
D) қозғалғыштық, температура, ауаның максималдi ылғалдылығы;
Е) қозғалыс жылдамдығы, температура, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы.
4. Өндiрiстiк жарақаттануды саралау əдiстерiн атаңыз:
А) топтық, техникалық, монографиялық, ықтималдық;
В) статистикалық, техникалық, монографиялық, жүйелiк;
С) топографиялық, жүйелiк, корреляциялы-ықтималдық;
D) статистикалық, динамикалық, корреляциялы-ықтималдық;
Е) статистикалық, динамикалық, жүйелiк.
5. Қайғылы оқиғалардың ауырлығы қалай анықталады?
А) еңбек ету қабiлетiн жоғалту жанында адамның мүшесiнің жаралану;
В) жұмысты тікелей өндірушілер;
С) кəсіпорын кеңесі;
D) медициналық мекемелер;
Е) 1 айдан аса еңбек ету қабiлетiн жоғалту.
6. Қауіпті жəне зиянды өндiрiстiк факторлар зардаптар алып келедi?
А) қайғылы оқиғалардың қауіпті факторлары, зиянды кəсiби сырқаттар;
В) кəсiби сырқаттардың қауіпті факторлары, зиянды қайғылы оқиғалар;
С) жарақаттану ауруларының қауіпті факторлары, зиянды қайғылы оқиғалар;
D) жарақаттардың қауіпті факторлары, зиянды кəсiби сырқаттар;
|
E) қауіпті жəне сияқты зиянды факторлар жарақаттар жəне аурулар алып келедi.
7. Физикалық зиянды өндiрiстiк факторларды атаңыз:
A) шаңдану, шу жəне діріл, қолайсыз метеофакторлар, зиянды сəулеленулер;
B) шаңдану, газдану, шу жəне діріл, қолайсыз метеофакторлар, зиянды сəулеленулер;
C) газдану, шу жəне дiрiл, қолайсыз метеофакторлар, зиянды сəулеленулер;
D) шу жəне дiрiл, қолайсыз метеофакторлар, зиянды сəулеленулер;
E) шу жəне дiрiл, зиянды сəулеленулер.
8. Қауіпті жəне зиянды өндiрiстiк факторларды қандай шоғырларға классификациялайды?
A) техникалық, санитарлық-гигиеналық, психофизикалық;
B) физикалық, химия, бактериологиялық, психофизикалық;
C) механикалық, электр, химия, биологиялық;
D) физикалық, химия, биологиялық, психофизикалық;
E) механикалық, электрлік, химиялық, санитарлы-гигиеналық.
9. Өндiрiстерде техника қауiпсiздiгiн қандай мемлекеттiк орган жүзеге асырады?
А) салалық министрлiктер;
В) еңбектi қорғау департаменті жəне əлеуметтік қорғау;
С) мемлекеттік, қалалық, техникалық бақылау ТЖМ;
D) мемлекеттік, қалалық, техникалық бақылау ТЖМ жəне еңбектi қорғау департаменті;
E) мемлекеттік, қалалық, техникалық бақылау жəне салалық министрлiктер.
10. Еңбек қорғау əрекетінің сферасы бойынша қандай нормалар мен ережелерге бөлінеді?
А) бiртұтас, салалық, дербес;
В) жалпылық, сала аралық, жергiлiктi;
C) тура жүретiн, салалық, мекемелiк;
D) сала аралық, мекемелiк, жергiлiктi;
Е) бiртұтас, сала аралық, салалығы.
11. "Еңбекті қорғау" курсы қандай бөлімдерден тұрады?
А) құқықтық жəне ұйымдастыру, өндiрiстiк санитариялар жəне еңбек гигиенасы, техника қауiпсiздiгi жəне өрт қауiпсiздiгі;
В) ұйымдастыру-құқықтық, еңбек қауiпсiздiгi жəне гигиенасы, өрт қауiпсiздiгi;
С) заң шығарушы, өндiрiстiк санитариялар, техника қауiпсiздiгi, өрттiң алдын алу;
D) ұйымдастыру, өндiрiстiк санитариялар, техника қауiпсiздiгi, өрт қауiпсiздiгі;
Е) құқықтық жəне ұйымдастыру, еңбек қауiпсiздiгi жəне гигиенасы, өрт қауiпсiздiгi.
12. Қандай құқықтық жəне нормативті актілерде еңбекті қорғау сұрақтары белгіленген?
A) ҚР Конституциясы, Азаматтық кодекс, ҚР Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау туралы Заң, Еңбек туралы Заң;
B) ҚР Конституциясы, СНИП, СанПИН, ҚР Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау туралы Заң, Еңбек туралы Заң;
C) ҚР Конституциясы, МЕСТ-те, ҚР Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау туралы Заң, Еңбек туралы Заң;
D) Барлық жауап дұрыс;
E) СНИП, СанПИН.
13. Еңбекті қорғау -бұл?
A) Жұмысшыларға қауіпті өндірістік факторлардың əсерін жоятын, яғни еңбешілерінің жарақаттануынан сақтайтын ұйымдық шаралар мен техникалық құрамының жүйесі;
B) Еңбек үрдісінде адамның еңбекке қабілеттілігін жəне денсаулықты сақтауды, қауіпсіздіктіі қамтамасыз ететін емдік-профилактикалық шаралардың, гигиеналық, техникалық, ұйымдық, əлеуметтік-экономикалық жəне заңдық күші бар актілер жүйесі;
C) Жұмыс беруші мен жұмысшы қатынасының экономикалық реттеуіне негізделген еңбеккерлердің əлеуметтік қорғаныс жүйесі;
D) Еңбектің қауіпсіз жағдайын қамтамассыз ету;
Е) Барлық жауап дұрыс.
14. Қауіпсіздік техникасы –бұл:
A) Жұмысшыға қауіпті өндірістік фактордың əсерін болдырмау мақсатында құрылған техникалық құралдар мен іс-шаралардың ұйымдасқан жүйесі;
В) қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, еңбек процесінде жұмысшының денсаулығы мен еңбекке деген қабілетін сақтайтын əлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық жəне емдеу-профилактикалық іс-шаралары мен заңдық актілер жүйесі;
С) Жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы əлеуметтік қорғау жүйесі;
D) Еңбектің қауіпсіз жағдайын қамтамассыз ету;
Е) Температураға тәуелді
15. Қауіпті өндірістік фактор бұл:
A) Адамның ауыруына немесе еңбек қабілетінің нашарлауына əсер ететін өндірістік ортаның факторы;
B) Анықталған (белгіленген) шарттарда адамның жарақаттануына немесе денсаулығының лезде басқадай нашарлауына əкеліп соғатын өндірістік ортаның факторы;
C) Анықталған шарттарда адамның жарақаттануына немесе кəсіптік ауруына əсер ететін өндірістік ортаның факторы;
D) Кәсіптік науқастануға алып келетін фактор;
Е) Температураға тәуелді
16. Зиянды өндірістік фактор-бұл:
A) Адамның ауруына немесе еңбек қабілетінің нашарлауына əсер ететін өндірістік ортаның факторы;
B) Анықталған шарттарда адамның жарақаттануына немесе денсаулығының кезде басқадай нашарлауына əкеліп соғатын өндірістік ортаның факторы;
C) Анықталған шарттарда адамның жарақаттануына немесе кəсіптік ауруына əсер ететін өндірістік ортаның факторы;
D) А және В жауабы дұрыс;
Е) Температураға тәуелді
17. Сəтсіз оқиғалардың (кəсіптік) себебі мен нəтижелері комиссия келесі уақытта зерттеуге тиісті:
A) 12 сағат;
B) 48 сағат;
C) 24 сағат;
D) 10 сағат;
Е) 16 сағат.
18. Жарақаттану анализінің əдістері:
A) Техникалық, топографиялық, монографиялық жəне статистикалық;
B) Техникалық, топографиялық, монографиялық, статистикалық жəне геологиялық;
C) Техникалық, топографиялық, монографиялық, статистикалық жəне биологиялық;
D) Техникалық, топографиялық, монографиялық, статистикалық жəне топтық;
Е) Температураға тәуелді
19. Өндірістік бөлмелердің микроклиматы-бұл:
A) Адамның организміне температураның, ауаның қозғалыс жылдамдығы мен ылғалдылығының, сонымен қатар қоршаған беттерінің температураның əсер етуімен аңықталатын бөлмелерінің ішкі ортасының климаты;
B) Адамның организміне температураның, ауаның қозғалыс жылдамдығы мен ылғалдылығының, сонымен қатар қоршаған беттерінің температураның əсер етуімен анықталатын бөлменің сыртқы ортасының климаты;
C) Адамның организміне температураның, ауаның қозғалыс жылдамдығы мен ылғалдылығының, сонымен қатар шумен дірілдің əсер етуімен анықталатын бөлменің ішкі ортасының қлиматы;
D) А және В жауабы дұрыс;
Е) Температураға тәуелді
20. Бөлме температурасының оптималды нормасы:
A) 20-30 0 С;
B) 15-20 0 С;
C) 20-27 0 С;
D) 18-25 0 С;
Е) 16-21 0 С.
21. Бір жұмысшыға:
A) Көлем 15 м 3 кем, аудан- 4,5 м 2 кем жəне биіктігі 3,2 м-ден кем болмау керек. Өтпелдерінің биіктігі 1,8 м кем болмау қажет;
B) Көлем 18 м 3 кем, аудан 4 м 2 кем жəне биіктігі 3 м кем болмау керек. Өтпелдің биіктігі 1,6 м кем болмауы қажет;
C) Көлем 20 м 3 кем, аудан 3,5 м 2 кем жəне биіктігі 2,8 м кем болмау керек. Өтпелдің биіктігі 1,7 м кем болмауы қажет;
D) А және С жауабы дұрыс;
Е) Температураға тәуелді
22. Зиянды заттардың организмге əсер ету деңгейін бөліну:
A) Қауіпті 4 классқа;
B) Қауіпті 3 классқа;
C) Қауіпті 2 классқа;
D) Қауіпті 5 классқа;
Е) Қауіпті 6 классқа.
23. Адамның есту мүшесі келесі жиіліктегі дыбыстарды қабылдайды:
A) 20-дан 3000 Гц-ке дейін;
B) 15-тен 1600 Гц-ке дейін;
C) 16-дан 2000 Гц-ке дейін;
D) 20-дан 2000 Гц-ке дейін;
Е) 20-дан 3500 Гц-ке дейін.
24. Ультрадыбыс ортаның механакалық тербелісінің жиілігі:
A) 25 кГц;
B) 16 кГц.
C) 30 кГц.
D) 20 кГц.
Е) 35 кГц.
25. Инфрадыбыс ортаның механакалық тербелісінің жиілігі:
A) 16 Гц.
B) 20 Гц.
C) 30 Гц.
D) 25 кГц;
Е) 35 кГц.
26. Қауіпті өндірістік факторларға қай фактор жатады
А) жарақатқа немесе басқа кенеттен денсаулығының нашарлауына алып келетін,жұмысшыға әсер ететін факторлар;
В) ауруға немесе жұмыс қабілеттілігін төмендетуге алып келетін факторлар;
С) жұмысшыға әсер ететін зиянды өндірістік факторлардың әсерін азайтатын немесе жоятын факторлар;
D) қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жұмысшығы әсер етпейтін,еңбек шартының жағдайы;
Е) еңбек шартының жағдайы.
27 Зиянды өндірістік факторларды көрсетіңіз
А) жарақатқа немесе басқа кенеттен денсаулығының нашарлауына алып келетін,жұмысшыға әсер ететін факторлар;
В)ауруға немесе жұмыс қабілеттілігін төмендетуге алып келетін факторлар;
С) жұмысшыға әсер ететін зиянды өндірістік факторлардың әсерін азайтатын немесе жоятын факторлар;
D) қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жұмысшығы әсер етпейтін,еңбек шартының жағдайы;
Е) Температураға тәуелді
28. Еңбек қауіпсіздігі дегеніміз
А) жарақатқа немесе басқа кенеттен денсаулығының нашарлауына алып келетін, жұмысшыға әсер ететін факторлар;
В) ауруға немесе жұмыс қабілеттілігін төмендетуге алып келетін факторлар С) жұмысшыға әсер ететін зиянды өндірістік факторлардың әсерін азайтатын немесе жоятын факторлар;
D) қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жұмысшығы әсер етпейтін,еңбек шартының жағдайы;
Е) жұмысшыға әсер ететін факторлар.
29. Еңбекті қорғау бойынша ұсыныстармен зерттеу нәтижесін ұсынған ғалым
А) Менделееев Д.И.
В)Ломоносов М.В.
С) Рамццини С.
D) Хлопин Г.В.
Е) Преес А.А.
30. Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік туралы заң қай жылы қабылданды
А) 19.05.2009ж.
В) 25.03.2004ж.
С) 28.02.2004ж.
D) 19.05.2006ж.
Е) 20.05.2002ж.
31.ҚР еңбек қорғау туралы заң қай жылы қабылданды
А) 19.05.2009ж.
В)10.12.2009ж.
С) 28.02.2004ж.
D) 19.05.2006ж.
Е) 20.05.2002ж.
32. Өндіріспен байланысты әрбір нақты жағдайды тексеріп кім анықтайды
А) Өкімет;
В) Заңгерлер;
С) Арнайы комиссия мүшелері;
D) Министрлер;
Е) Әкімдер.
33. Ұйым жарақат алған немесе қаза болған жұмыскерге
А) шығынын төлейді;
В) ұйым жауап бермейді;
С) комиссия мүшелері шешеді;
D) дұрыс жауап жоқ;
Е) Басқа жұмысқа ауыстырады.
34. Министрлік пен ведомоствалар,мекемедегі алынған еңбек туралы заң шығарушылықты қандай бақылаумен жүзеге асырылады
А) Ұйымдық;
В) Мемлекеттік;
С) Ведомствалық;
D) Административті;
Е) Температураға тәуелді
35. Еңбек қорғау мен қауіпсіздік бойынша заң шығарушылықты сақтау бақылау мен қадағалау түрлері калай бөлінеді
А) мемлекеттік, ведомоствалық,ұйымдық;
В) мемлекеттік, ведомоствалық;
С) ведомоствалық,ұйымдық;
D) ведомоствалық,ұйымдық,адменстративті;
Е) ведомоствалық,ұйымдық,адменстративті және мемлекеттік.
36. Еңбек қорғау мен қауіпсіздік бойынша тәртіпті бұзғандарға қандай жаза қарастырылған:
А) дициплинарлы,административті,материалды,қылмыстық;
В) ведомоствалық,ұйымдық,адменстративті,қылмыстық;
С) мемлекеттік, ведомоствалық,ұйымдық, административті;
D) административті,материалды;
Е) Температураға тәуелді
Нұсқа 2
1. Нормалді шарттар кезінде дыбыс жылдамдығы (температура +20 °С жəне қысым 0,1013 МПа) тең:
A) ауада 343 м/с, , суйықта - 1400 м/с, металдарда - 4000 м/с.
B) ауада 345 м/с, , суйықта - 1600 м/с, металдарда - 6000 м/с.
C) ауада 344 м/с, суйықта - 1500 м/с, металдарда - 5000 м/с.
D) ауада 342 м/с, , суйықта - 1400 м/с, металдарда - 4000 м/с;
Е) ауада 341 м/с, , суйықта - 1400 м/с, металдарда - 6000 м/с.
2. Дірілден қорғайтың аяқ киім жалпы дірілді төмендетеді:
A) 60-70%ға;
B) 70-80%ға;
C) 80-90%ға;
D) 65-75%ға;
Е) 75-85%ға.
3. ЖҚҚ (жеке қорғаныс құралдарына) не жатпайды
A) Респиратор;
B) Арнайы киім;
C) Резиналы қолғаптар;
D) Экрандар;
Е) Көзілдіріктер.
4. Жалпы биологиялық тітіркендіргіш не болып табылады
A) Шу;
B) Ультрадыбыс;
C) Діріл;
D) Инфрадыбыс;
Е) Температураға тәуелді
5. Адам организмне əсер ету бойынша зиянды заттар тобы бөлінеді:
A) 5 топшаларға;
B) 6 топшаларға;
C) 7 топшаларға.
D) 8 топшаларға;
Е) 4 топшаларға.
6. Ауа ортасың газдалануы анализінің əйгілі əдістері:
A) эксперименталды, жедел жəне автоматты;
B) лабораториялық, жедел жəне автоматты;
C) лабораториялық, жедел жəне оперативті;
D) лабораториялық жəне жедел;
Е) эксперименталды жəне автоматты.
7. Жарық ағынының өлшем бірлігі:
A) канделла (КD);
B) люкс (Лк);
C) люмен (Лм);
D) Герц (Гц);
Е) Температураға тәуелді
8. Жарық ағының кеңістігі тығыздығының немес жарық күшін өлшем бірлігі:
A) канделла (КD);
B) люмен (Лм);
C) люкс (Лк);
D) Герц (Гц);
Е) Температураға тәуелді
9. Жарық ағынының кеңістік тығыздығының, жарықталынудың өлшем бірлігі:
A) канделла (КD).
B) люмен (Лм);
C) люкс (Лк);
D) Герц (Гц);
Е) Температураға тәуелді
10. Көздің көру алаңының нормалінің өлшемі:
A) оңға жəне солға 80 0 С, жоғарғы 60 0 С жəне төменгі 90 0 С;
B) оңға жəне солға 75 0 С, жоғарғы 65 0 С жəне төменгі 85 0 С;
C) оңға жəне солға 85 0 С, жоғарғы 70 0 С жəне төменгі 95 0 С;
D) оңға жəне солға 85 0 С, жоғарғы 60 0 С жəне төменгі 85 0 С;
Е) оңға жəне солға 75 0 С, жоғарғы 70 0 С жəне төменгі 95 0 С.
11. Электромагнитті өрісінің биологиялық объектілермен əсері көз қарасынан бөлігі қарастырады:
A) 7-диапазонды;
B) 6-диапазонды;
C) 5-диапазонды;
D) 4-диапазонды;
Е) 3-диапазонды.
12. Қандай қысымда газды баллондарды сынайды
A) жұмыс қысымынан 2 есе артатын қысыммен
B) солай, 1,5 есе;
C) солай, 1,8 есе;
D) солай, 2,5 есе;
E) солай, 3 есе.
13. Вентиляциялық құралдардың тексеру жəне сынақ жүйелерін тексеру жүйелігі
A) 5 жылда бір реттен кем емес;
B) бір жылда кем емес;
C) 3 жылда бір реттен кем емес;
D) 3 жылда бір реттен кем емес;
E) жарты жылда бір реттен кем емес.
14. Жылу көзінен қандай қашықтықта ашық отты газ баллонын орналастыруға болады
A) 2 м кем емес;
B) 1,5 м кем емес;
C) 4 м кем емес;
D) 5 м кем емес;
E) 7,5 м кем емес.
15. Техника қауіпсіздігі бойынша плакаттарды қандай биікте орналастыру қажет (жұмыс орындарында, машиналар жанында, механизмдер, құрылғылар жəне т.б.)
A) 1,1-1,5 м;
B) 1,2-1,6 м;
C) 1,7-2,0 м;
D) 2-2,5 м;
E) 1,35-1,7 м.
16. Қандай толқу шегінде дыбыс жиілігі адаммен қабыл алынады
A) 9 –10000 Гц;
B) 10- 12000 Гц;
C) 12-15000 Гц;
D) 18-17000Гц;
E) 16-20000 Гц.
17. Қандай биіктікте электроөткізгіштері жұмыс орындарынан сыртқы ұстағыштарда орналасу қажет (жердің деңгейінен, еден тапқыштан кем емес)
A) 1,5 м;
B) 1,8 м;
C) 2,5 м;
D) 2,1 м;
E) 2,2 м.
18. Ауаның ылғалдылығы қандай аспаппен өлшенеді
A) психрометрмен;
B) анемометрмен;
C) барометрмен;
D) ареометрмен;
E) актинометрмен.
19. Санитарлы нормалармен бір жұмыскерге қандай өндірістік бөлме көлемі көзделеді
A) 15 м3 кем емес;
B) 12 м3 кем емес;
C) 10 м3 кем емес;
D) 9 м3 кем емес;
E) 20 м3 кем емес.
20. Адамдар таситын жүк машинасының максимал қозғалу жылдамдығы қандай
A) 70 км/сағ.;
B) 50 км/сағ.;
C) 60 км/сағ.;
D) 80 км/сағ.;
E) 30 км/сағ.
21. Қандай мерзімде толық техникалық жүккөтергіш механизмдердің куəландыру орындалады
A) жылына бір рет;
B) екі жылда бір рет;
C) бес жылда бір рет;
D) үш жылда бір рет;
E) алты айда бір реет.
22. Қандай құралдың көмегімен жарықты өлшейміз
A) люксметрмен;
B) вольтметрмен;
C) анемометрмен;
D) ареометрмен;
E) амперметрмен.
23. Өндірістік шудың қай түрі адам ағзасына өте қауіпті
A) төменгі жиілік;
B) орта жиілік;
C) жоғарғы жиілік;
D) төменгі жəне орта жиілік;
E) төменгі жəне жоғарғы жиілік.
24. Жерге қосу өткізгіштері қандай кесіктер болу керек
A) 4 мм2;
B) 0 6 мм2;
C) 2,5 мм2;
D) 1.5 мм2;
E) 100 мм2.
25. Ультрадыбыс ортаның механакалық тербелісінің жиілігі:
A) 20 кГц.
B) 16 кГц.
C) 30 кГц.
D) 25 кГц.
Е) 35 кГц.
26. Еңбек қорғау мен қауіпсіздік бойынша заң шығарушылықты сақтау бақылау мен қадағалау түрлері нешеге бөлінеді
А) 5-ке;
В) 7-ге;
С) 2-ге;
D) 3-ке;
Е) 4-ке.
27.Еңбек қорғау алғаш рет ғылыми пән ретінде кайда пайда болды
А) Америкада;
В) Германияда;
С) Қазақстанда;
D) СССР-да;
Е) Францияда.
28.Сала аралық ережелер, СНмЕ-лер және СанЕмН неше жылда өзгеріп түрады
А) 4-6 ж;
В) 5ж;
С) 6 ж;
D) өзгермейді;
Е) 10ж.
29. Кәсіби аурулар қай кезде болады
А) зиянды аймақта
В) зиянды жұмыс жағдайында жұмысшыға әсер етуінен;
С) зиянды жұмыс жағдайында жұмысшы салақтығынан;
D) мұндай ауру түрі жоқ;
Е) жұмысшының еңбек тәртібін сақтамағаннан.
30. Қауіпті аймаққа жатады
А) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың жұмысшыға әсер ету мүмкіндігі бар кеңістік;
В) ауруға немесе жұмыс қабілеттілігін төмендетуге алып келетін аймақ;
С) қазіргі таңда қауіпті аймақтарды жойған;
D) дұрыс жауап жоқ;
Е) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың жұмысшыға әсер ету мүмкіндігі жоқ кеңістік.
31. Үш томдық “Техника қауіпсіздігі бойынша ,энциклопедиясы” авторы
А) Преес А.А.
В) Мельников Н.В.
С) Мендеелев Д.И.
D) Ломоносов М.В.
Е) Хлопин Г.В.
32.Еңбек гигенасы нені зертейтін ғылым
А) Адам ағзасына,зиянды ортаның әсер етуін зертейтін ғылым;
В) Адам ағзасын зертейтін ғылым;
С) Жұмыскерлердің еңбек жағдайын зертейді;
D) Кәсіпорын жағдайын зертейді;
Е) Техника қауіпсіздігін зерттейтін.
33.Сәтсіз оқиғалар неше топқа бөлінеді
А) бір топқа бөлінеді,жеке;
В) екі топқа бөлінеді жеке және топтық;
С) үш топқа жеке,топтық және қасақана;
D) екі топқа қасақана және байқаусызда;
Е) сәтсіз оқиғалар бөлінбейді.
34.Өндірісті ортада ауаның санитарлы-гигеналық қатнастары қалай сипатталады
А) микроклиматпен,зиянды заттарға ингридиенттерді қосумен, ионды құралдармен;
В)микроклиматпен,шаңдануымен,газдануымен;
С) еңбек гигенасымен;
D) ионды құралдармен;
Е) Жарықпен, шаңдануымен.
35. Микроклиматтың көрсеткіштері қалай аталады
А) Температура,қысым;
В) Қысым,көлем;
С) Салыстырмалы ылғалдық, уақыт;
D) Температура, салыстырмалы ылғалдық;
Е) Температураға тәуелді
36. Желдету нешеге бөлінеді
А) 3-ке;
В) 4-ке;
С) 6-ға;
D) бөлінбейді;
Е) 5-ке.
Дифферинциалдық сынақ сұрақтары
1.Еңбекті қорғау пәнінің объектісі.
2.Еңбекті қорғау пәнінің субъектісі.
3.Еңбекті қорғау саласының қағидалары.
4.Статикалық электртоғы.Оның өндіріске және адамға әсері. Жайтартқыштардың түрлері және оларды есептеу
5.Шу мен дірілдің, улбтрадыбыстың адам организіміне әсері
6.Еңбекті қорғауды ұйымдастырудың мазмұны.
7.Өндірістегі тергеп-тексерудің түсінігі
8.Жеке еңбек шартының түсінігі.
9.Өндірістік желдету түрлері,желдетуді есептеу әдістері.
10.Еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға қызметкерлер құқықтарыныңкепілдіктері.
11.Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері. Кәсіби аурулар себебтері
12.Өндірістік жарақаттар түсінігі
13.Өндірісте жазатайым оқиғаның түсінігі.
14.Автоматты өрт сөндіру құрылғыларының құрылысы мен жұмысымен танысу.
15.Эвакуация уақыты мен өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеуді меңгеру
16.Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру түсінігі.
17.Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері.
18.Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау тәртібі.
19.Оқиғаларды тергеп-тексеруді жүзеге асыратын комиссияның құрылу тәртібі.
20.Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарынресімдеу және оларды есепке алу тәртібі.
21.Жазатайым оқиға куәгерлерінен жауап алу және хаттама толтыру тәртібі.
22.Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру тәртібі.
23.Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты.
24.Жұмысқа қабылдау кезiндегі еңбек қауiпсіздiгіне және еңбекті қорғауғақұқықтарының кепілдіктерi.
25.Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру .
26.Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғаудағы құқықтары.
27.Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғаудағы міндеттері.
28. Өндірістегі еңбек қорғауды бақылау жолдары.
29.Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік.
30.Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттерi
31.Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы құқықтары.
32.Мемлекеттiк еңбек инспекторының атқаратын қызметі.
33.Жоспарлы тексеруге себеп болатын жағдайлары.
34.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау
35.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібі.
36.Еңбек нормаларының сақталуын тексеру тәртібі.
37.Зиянды еңбек жағдайлары
38.Қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайлары
39.Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу тәртібі.
40.Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау тәртібі.
41.Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы.
42.Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу тәртібі.
43.Жеке еңбек дауларын қарау тәртібі.
44.Ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі.
45.Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбекті қорғауға қатысты мәселелер қарастырылған.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2. Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі» 15.05.2007 ж.
3. Н.Жаданов,Н. Құдайбергенов «Еңбекті қорғау» Астана 2010ж.
4. Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексі».
5. Қ.Т.С.Ж “Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және тіркеу ережелері.
6. Ж.К. Аманжолов. Охрана труда и ТБ. Астана.2007 г
7. Б.И.Зотов и др.Безопасность жизнедеятельности на производстве. Москва.Высшая школа, 2000г.жизнедеятельности . М.2000г.стр.91
8. Г.И.Беляков. «БЖД на производстве» М. 2001 г.
9. М.М.Большов.и др. Справочник. Охрана труда в с/х-ве. М.1990г.
10. Ю.Д. Жалов и др. «Справочник по гигиене труда и производственной санитарий» М.1989 г.
11. С.В Белов и др. «Безопасность производственных процессов » Справочник. Москва 1995г.
12. М.А. Нуржасарова и другие. «Охрана труда». Астана. 2007г.
13. В.И.Скала. Охрана труда и техника безопасности. Алматы. 2002 г.
14. П.П. Кукин и другие Безопасность жизнедеятельности. Москва. Высшая школа 1999 г.
15. А. Н .Баратов. Справочник. Пожарная безопасность. Взрывобезопасность. Москва 1987г
16. Э.А.Арустамов. «Безопасность жизнедеятельности» М.1999г.
Қосымша әдебиеттер.
17. Н Ә Жүнісбаев және басқалар. «Тіршілік қауіпсіздігі» Алматы. 2007 жыл. ТЖ және АҚ республикалық курсы, ҚР ТЖМ, I және II кітап.
18. Приходько Н.Т. «Безопасность жизнедеятельности» Алматы 2000 ж
19. ГОСТ-12.001-82.ССБТ Опасные и вредные производственные факторы.
Классификация.
20. А. Ф. Иванов и другие. Пожарная техника. М., 1988.
21. Пчелинцев В.А. и другие Охрана труда в строительстве. М. 1990 г.
22. Михно Е.П. Ликвидация последствий аварий и стихийных бедствий. Москва. Атомиздат, 1989 г.
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым |
САПА МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЖҮйЕСІ |
||
Пәннің оқу әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы |
Ф.4.09-33 |
|
28.05.2015 |
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы
Еңбекті қорғау пәні
Әдебиеттер |
№ |
Шифр |
Әдебиеттер атауы |
Бар болуы |
% |
Кітапханада және кафедрада |
|||||
1 |
Ц69ц |
Асқарова Ұ.Б. «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Жоғары оқу орын.студ-не арналған оқу құралы/Ұ.Б. Асқарова.-Алматы: Заң әдебиеті, 2010 |
60 |
|
|
2 |
|
Закон РК «О промышленной безопасности на опасных производственных объектах» |
30 |
|
|
3 |
Ц69ц Е081я73 |
Голубев И.Р., «Окружающая среда и ее охрана»: Кн.для учителя/ М.:Просвещение, 2015 |
60 |
|
|
|
4 |
|
Закон РК «О безопасности и охране труда» |
60 |
|
|
5 |
|
Закон РК «О пожарной безопасности» |
60 |
|
|
6 |
Ц69, 6(2К) |
Захлебный А.Н., «Школы и проблемы охраны природы» М.,2010 |
42 |
|
Қосымша |
1 |
Ц69, 6(2)-5 |
3. Н.Жаданов,Н. Құдайбергенов «Еңбекті қорғау» Астана 2010ж |
30 |
|
2 |
Ц69, 6(2)я73
|
5. Қ.Т.С.Ж “Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және тіркеу ережелері.
|
40 |
|
|
3 |
Ц69, 6(2К)я7
|
Тайжанов, С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: Оқу-әдістемелік құрал /- Алматы: Дәнекер, 2004.- 254бет |
40 |
|
|
4 |
Ц69, 6(2)я73 |
Фролов, А.В. ,Т.Н. Бакаева. Безопасность жизнедеятельности. Охрана труда: Учебное пособие для студентов вузов/Ростов-на-Дону: Феникс, 2005.- 736с. |
54 |
|
|
Электронды |
1 |
http://bestreferat.kz/rkd |
|||
2 |
http://www.zox.kz |
||||
3 |
http://referaty.kz/ |
||||
4 |
http://www.korryt.kz/auto_ref/bzh/taszhorganova.doe |
||||
5 |
http://www.testent.ru/publ/studenty/ehkologija_i_ustojchivoe_razvitie/koncepcija_ustojchivogo_razvitija/34-1-0-2122 |
||||
6 |
http://www.allehg.ru/index.htm |
||||
7 |
http://oopt.kz |
||||
8 |
http://yourlib.net/content/view/12100/143/ |
||||
9 |
http://murhanor.ucoz.kz/publ/ehologija/auma_tu_radioaktivti_lastanuy/16-1-0-668 |
||||
