Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ебекті орау.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
628.41 Кб
Скачать

Студенттердің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар

Студенттердің өздік жұмысы әрбір студенттің қажетті ақпаратты талдауына, өзбетінше даярлануға, қажетті тапсырманы өз уақытысында тиімді қолдануға көмектеседі.

Өздік оқудың мақсаты студенттердің өзбетінше оқып білім жүйесін кеңейту болып табылады. Ол олардың білім деңгейіне байланысты орын алады.

  1. Аудиторияда алған білімді кеңейту, тереңірек бекіту.

  2. Жаңа білімді белсене қабылдау.

  3. Проблемалардың шешімін табуға.

  4. Студенттің жеке өзіндік ой-пікірін қалыптастырады.

  5. Ситуациялық жағдайда практикалық тәсілдерді қалыптастыру.

Өздік жұмыс арнайы оқулықтармен жұмыс істеуді, сөздіктерді қолдануды, периодикалық баспаларды, газет-журнал мақалаларымен жұмыс істеуді дамытады. Сонымен қатар интернетпен жұмысты, ұйымдастыруды, белсенділікті мәселенің шешімін табуды қарастырады.

Студенттердің өздік жұмысының кең тараған түрлері мыналар:

  1. Іс-тәжірибелік сабақтарға дайындық.

  2. Коллоквиум, сұраққа жауап беру.

  3. Аудиториялық бақылау жұмысына және тестке дайындық.

  4. Үй тапсырмасын орындау.

  5. Баяндама, реферат, ЭССЕ жазу.

  6. Іскерлік ойынға дайындық .

  7. Кейстермен жұмыс жүргізу

  8. Интернетпен жұмыс істеу

Іс-тәжірибелік сабақтарға дайындық – студенттердің өздік жұмысының дәстүрлі түрі. Ол лекция материалдарын толықтырумен, ұсынылған әдебиеттерден конспект жазумен сипатталады.

Коллоквиум және сұраққа жауап беру – іс-тәжірибелік сабақ шеңберінде нақты тақырыпқа байланысты сұрақтарды оқуды, негізгі терминдер мен формулаларды қарастырады.

Тестке дайындық – тақырыптар мен тақырыпшаларды тереңірек оқуға, терминдердің мазмұнына көңіл бөлуге, негізгі ұғымдарды қарастыруды және жүйелі оқуды талап етеді.

Аудиториялық бақылау жұмысына дайындық - өтілген тақырыптарды, есептік көрсеткіштер мазмұнын, есеп формулаларын қарастырады.

Үй тапсырмасы – Үйге берілетін әртүрлі жұмыстарды күнделікті орындап отыру.

Реферат – арнайы және ғылыми әдебиеттерден берілген тақырып бойынша қысқаша баяндама жазу. Оның мақсаты – Студенттерді әдебиеттермен жұмыс жасауға, статистикалық мәліметтерді пайдалануға, қарастырылған проблеманың теориялық және практикалық тұрғыдан сипаттауға, материалды анық және толық жазбаша түрде орындауға дағдыландырады.

Баяндама – мазмұны жағынан рефератқа ұқсас келеді. Баяндама дайындау студенттің өзі қызығатын сұрағын оқуға, ғылыми зерттеу жұмыстарын қарастыруды талап етеді.

ЭССЕ – нақты бір тақырыпты студенттің қысқаша талдауы. Айрықша ерекшелігі – оқытушы берген проблеманы шығармашылық талдау. ЭССЕ тақырыптары оқытылатын пән бойынша нақты сұрақтар болып табылады. Студентке берілген тақырып бойынша өзінің жеке-дара пікірін тыңдау оқытушыны қызықтырады.

Іскерлік ойынға дайындық – керекті материалдарды жинау, рөлдерді бөліп алумен байланысты. Нәтижесінде талдаумен қорытындылау, ұсыныстармен сипатталады.

СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Тапсырмалардың мазмұны

Сағат саны

Тапсыру мезгілі

Бақылау түрі

1

СӨЖ 1

1. Еңбек қорғау қызметінің атқаратын әрекеттері

2. Еңбек каупсіздігін камтамасыздандыратын шаралар

3.Басқа пәндер мен байланысы

3

4-апта

конспект жасау

реферат

ауызша баяндау

2.

СӨЖ 2

Қазақстан Республиксының Еңбек кодексінде белгіленген еңбек қорғаудың талаптары

1.Жұмыс уақыты.

2.Демалыс уақыты.

3.Әйелдердің еңбегін қорғау

4

7-апта

конспект жасау

реферат

ауызша баяндау

3.

СӨЖ 3

1.Шудың адам организміне әсері.

2.Өндірістік бөлмелерді жарықтандыруға қойылатын талаптар.

3. Өндіріс орындарын жарықтандыру әдістері

4

11апта

конспект жасау

реферат

коллоквиум

4.

СӨЖ 4

1.Жазатайым жағдайларды тексеру және есепке алу.

2.Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған техникалық құрылғылар.

3..Еңбек қорғауды жоспарлау

4

14апта

ауызша анализдеу.

конспект жасау

реферат

БАРЛЫҒЫ:

15

ГЛОССАРИЙ

Арнаулы киім - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап, өзге де нәрселер;

ауыр жұмыстар - қызметкердің ауыр заттарды қолмен көтеруіне немесе жылжытуына байланысты қызмет түрлері не 250 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да қол жұмыстары;

біліктілік санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;

делдал - еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызмет көрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға;

еңбек - адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі;

еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;

еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;

еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;

жеке қорғану заттары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, соның ішінде арнайы киім;

жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;

жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері;

зиянды өндірістік фактор - әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;

кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;

кепілдіктер - қызметкерлерге әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында берілген құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге көмектесетін құралдар, тәсілдер мен жағдайлар;

қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі;

өндірістік жабдық - машиналар, тетіктер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар;

өндірістік жарақат - қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттілігін жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдануы;

өндірістік санитария - зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі;

тәртіптік жаза - тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс берушінің қызметкерге қолданатын тәртіптік әсер ету шарасы;

тынығу уақыты - қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты;

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Дәріс 1. Кіріспе . «Еңбек қорғау» пәнінің негізгі міндеттері. .«Еңбек қорғау» пәнінің құрылымы, негізгі атаулары мен анықтамалары.

«Еңбек қорғау» заңдарының және қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негіздері.

«Еңбек қорғау» пәні арнаулы сабақ ретінде қоғам тану және мамандық алудың негізгі пәндерімен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды.

Еңбекті қорғау пәні – бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір институты болып табылады.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында тоқталып, еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.

Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау 1) құқықтық, 2) медициналық, 3) экономикалық, 4) техникалық құрамдас элементтерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.

Мысалы: еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірісте қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз.

1) Егерде, қызметкердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі бұзылса, яғни қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайларда, олардың еңбекті қорғаудағы құқықтары қорғалмаса еңбекті қорғаудың құқықтық құрамдас элементі бұзылған болып табылады.

2) Егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса, не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе – бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас элементінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылды, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұр деген сөз.

3) Егерде еңбекті қорғау қаржыландырылмаса, және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз, бұл дегеніміз, еңбекті қорғаудың экономикалық құрамдас элементі бұзылды деген сөз.

4) Өндірісте машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігі міндетті. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз, ал, бұл еңбекті қорғаудың техникалық құрамдас элемент бұзылды деген сөз.

Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, еңбек мүшелерінің, тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне де қатысты болып табылады.

Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі.

Бұл шаралар мен құралдар мыналардан тұрады:

  • еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулардан;

  • ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормалардан;

  • әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеті төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормалардан;

  • өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінен;

  • қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелерден тұрады.

Қазіргі таңда Елбасы Жолдауындағы басты бағыттардың бірі – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласына ерекше көңіл бөлініп, оның орындалуы жөнінде Үкімет тарапынан нақты шаралар жасалынуда. 2007 жылы Қазақстан Республикасында тұңғыш рет Еңбек Кодексі қолданысқа енгізілді. Бұрынғы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңдарына біріктірілген заң жобасы жасалынды. Қазақстандағы еңбекті қорғау жүйесі көптеген онжылдықтар бойы қалыптасты. Егер осы жылдар ішінде ие болған бағалы тәжірибе жөнінде айтар болсақ, онда бұған қызметкерлерді оқытуды, жауапкершіліктің көп сатылы жүйесін, қорғану құралдарын пайдалануды, қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуді жатқызуға болады, сонымен қатар, еңбекті қорғау қызметін ретке салатын жаңа нормативтік актілер қабылданды. Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарлама іске асырылды. Еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты ХЕҰ-ның бірқатар Конвенциялары күшіне енгізілді. Халықаралық еңбек ұйымы 1989 жылдың 28 сәуірінде Канадалық, Американдық жұмысшылардың бастауымен өндіріс орындарына қайғылы жағдайға душар болған, жарақаттанған жұмысшы өкілдерін еске алу, олардың әлеуметтік қорғалуын үкімет тарапынан қолдау жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсынысты бүкіләлемдік ерікті кәсіподақ мақұлдап, қазіргі уақытта барлық елде осы күн айрықша маңызға ие болып келеді.

Қазіргі уақытта республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша нормаларын сақтау үлкен мәнге ие болып отыр, себебі оған қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы, олардың денсаулығы мен өмірлерінің сақталуы тікелей байланысты.

Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуда ең негізгі міндеттердің бірі-қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіптік одақтардың қызметі елеулі рөл атқарады. Басқа да кез келген қоғамдық ұйым тәрізді кәсіподақ та ықпал етудің ең саналуан формаларын пайлаланады. Осы тектес ықпал етулердің неғұрлым қонымды және тиімді формаларының бірі - еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы талаптарын сақтауға қоғамдық бақылауды ұйымдастыру болып табылады.

Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер береді – қызметкерлердің денсаулығы артады, жұмысы қанағаттандырады, еңбек тәртібі артады, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен басқа да еңбекшілердің жоғары сатылы дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды. Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Еңбек қауіпсіздігін қорғау саласында басшылардың, сала мамандарының біліктілігін тексеру, оларды оқыту, арнайы сертификат алу шаралары, оған жұмсалатын қаржы көздері ұжымдық шартпен айқындалып, нақтылы орындалып отыруы тиіс. Бірінші кезекте әр сала бойынша нұсқамалық ержелер жасау, онымен таныстыру мекеменің тікелей басшысының міндеті болып саналады. Адам құқығы, оның қорғалуы жөнінде әрбір мекеме басшысы қатаң тәртіп орнатып, қауіпсіздік шараларының бұзылуына жол бермеуі тиіс.

Еңбек қорғау пәнінің келешек мамандар үшін үлкен мәні бар. Бұл пәннің негізгі мақсаты болашақ мамандарды еңбек заңымен өндіріс санита-риясымен, техника қауіпсіздігімен және өрт қауіпсіздігінің негіздерімен таныстыра отырып, өндіріс жағдайында төніп тұрған қауіп-қатерді көре білуге және оны болдырмаудың шараларын оқып үйретеді.

Бұл пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студенттер мынаны білулері керек: «Еңбек қорғау» туралы нормативті-провалық құжаттарды, қауіпті-қатерлі өндіріс факторларын және оның адам организміне әсері, оларды қалыпты мөлшерге келтіру әдістерін, еңбек қорғау жұмысын ұйымдастыру,өндіріс ортасының әр саласында еңбек етушілердің қауіпсіздігін қорғау әдістерін т.б.

Істей білулері керек:

Өндіріс қауіпсіздігін бағалай отырып, өз бетімен шара қабылдай білу, әр түрлі технологиялық процестерді орындау кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбекке оқыта, үйрете білу, қауіпті-қатерлі жұмыстарды ажырата білу, өндірістегі жазатайым жағдайларды тіркеу және тексеру жолдарын, жарақат алғандарға алғашқы көмекті көрсету жолдарын.

2. «Еңбек қорғау» сабағы негізгі пән ретінде мынандай сұрақтарды қамтиды:

а/ еңбек қорғау, нормативті-праволық және ұйымдастыру жұмыстарының негізгі, олар мына құжаттармен шектеледі-Қазақстан Республикасының конститутциясы, «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» және басқа мемлекеттік құжаттар.

б/Өндіріс санитариясы мен еңбек гигенасы, еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі /ССБТ/, санитарлық нормамен /СН/, санитарлық норма және құрылыс ережелерімен /СНиП/ т.б. құжаттармен.

в/ Қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау стандарттарының жүйесімен.

г/ Өрт қауіпсіздігі- СНиП, ССБТ т.б. құжаттармен.

Қауіпсіз еңбек дегеніміз- еңбекшіге қауіпті-зиянды өндіріс факторлары әсер етпейтін еңбек шарты.

Еңбек жағдайы- еңбек ортасының, өндіріс факторларының жұмысшының еңбек ету қабілетіне және денсаулығына әсері.

Қауіпті өндіріс факторы дегеніміз- жұмыс кесінде ойламаған жағдайда еңбекшінің жарақаттануына және денсаулығының нашарлауына апарып соқтыратын фактор.

Зиянды өндіріс факторы дегеніміз- жұмыс кезінде еңбекшінің ауруына және еңбек қабілетінің төмендеуіне соқтыратын фактор. т.б. терминдер мен анықтамалар тақырыптарға байланысты беріліп отырады. Студенттер-болашақ мамандар жоғарыдағы анықтамалардың мағынасына ойлы, саналы сезіммен қабылдайды деп ойлаймын.

3.Еңбек қорғау жұмыстары Қазақстан Республикасының 15 қаңтар 2007ж. қабылдаған «ҚР Еңбек кодексі»-не байланысты жүргізіледі. Бұл заң 7 тарау-дан және 341 баптан тұрады. Заңды іске асырушы Қазақстан Республи-касының Минстрлер кабинеті, ол «Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасы Заңын практикалық іске асыру механизмін қамтамасыз ететін тиісті бағдар-ламалар мен шаралар кешенін әзірлеуді қамтамасыз етуі керек.

Еңбек қорғау жұмысының заңдылық негіздері төмендегідей:

1. Қазақстан Республикасының КОНСТИТУЦИЯСЫ Алматы «Қазақ-стан»1995

2. Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», Астана, 2007”, 15 қаңтар

3. Еңбек қауіпсіздігіне байланысты мемлекеттік стандарттар-МЕСТ және ЕҚСЖ .

  1. Еңбек қауіпсіздігіне байланысты салалық стандарттар.

  2. Мекеме басшысының бұйрығы, мекеме мамандарының жолнұсқа-лары,т.б.технологиялық құжаттары.

Осы заңда «Еңбекті қорғау» саласындағы ұлттық саясаттың негізгі принциптері берілген , солардың кейбіреулері мыналар:

  • меншік иесінің қаржысы есебінен қызметкерлерді арнаулы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғау құралдарымен, емдеу-алдын алу, әлеу-меттік шаралармен қамтамасыз етуге;

  • өндірістегі жазатайым жағдайда немесе кәсіби аурудан зардап шеккен қызметкерлердің мүдделерін әлеуметтік қорғауға;

  • жоғары және арнаулы орта оқу орындарында еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жөнінде мамандар даярлауға...

Қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негізгі принциптері:

1. Бағдарлау- дегеніміз негізгі идеялар жиынтығы бола тұра қауіпсіз еңбектің басты бағыттарын айқындайды және методологиялық, хабарлау негізгі болады.Техникалық-физикалық ережелер мен заң-дарға сүйене отырып қауіпті факторларды жоюға негізделген.

2.Басқару-жұмыстың жекелеген сатысында немесе кезеңінде еңбек қауіптілігін азайтуға негізделген.

3.Ұйымдастыру-еңбекті ұйымдастыруды ғылыми жолмен басқаруға негізделген.

Осы принциптерді басшылыққа алып еңбек ұйымдастырылса оның қауіптілігі азаяды.

Дәріс 2. Еңбекті қорғаудың теориялық негіздері

1. «Адам – техника – материал - өндіріс ортасы» жүйесіне түсініктеме. «А» «Т» «М» «Өо»

Жүйе деген түсінік ертеден белгілі. Жалпы алғанда ж ү й е (система) дегеніміз – жеке бөліктердің қосындысы және олардың өзара байланысы. Ж ү й е деп тірі организмдер мен машиналарды да айтуға болады. Жүйе деп кезкелген өндіріс объектісін де айтады. Осындай жүйелердің бірі – «А»- «Т»- «М»-«Өо».

Еңбек қорғаудың негізгі мақсаты осы жүйені еңбекшіге қолайлы жағдайға келтіру (оптимизация). Халық шаруашылығындағы кез келген жұмысты, технологияны биоэкотехникалық жүйе дей отырып, төрт элементке бөлеміз, олар: Адам – техника –материал -өндіріс орны.

Error: Reference source not found

Әр элементтің бір-біріне әсері – көрсетілген.

Бұл элементтер бір-біріне әсер етеді және бәрі адамға (жұмысшыға) әсер етеді. Жеке элементтердің жұмысы көп факторлардан (себептерден) тұрады.

Жүйе теориясына сүйене отырып осы элементтердің белгісіз байланысы – Н (күйі) мына формуламен шешіледі Н = 2И мұндағы, И = п(п – і) ең көп байланыс саны – И, п – факторлар саны. Мысалы жоғарғыдағы жүйеде адамға үш фактор әсер етеді, олар: Т, М,Өо демек п=3 болса, Н = 2 п (п-і) = 23*2 = 26=64. Яғни,жалпы жүйе өз міндетін ойдағыдай атқарып, жақсы жұмыс істеп, сонымен қатар адамға зиянды әсері болмас үшін 64 сұрақты шешу қажет деген сөз.

Жеке факторлардың саны көбейген сайын жүйенің күйі (Н) көбейеді.

Егер жүйедегі байланыстың біреуі бұзылса қауіпті жағдай пайда болады да, кейін жазатайым жағдайға ұшыратуы мүмкін.

Еңбекті қорғаудың негізгі міндеті жүйенің адам үшін дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Егер осы жүйені бөлшектеп, оларға жеке-жеке қарасақ қауіп-қатерді азайтуға болады.

Егер жүйенің қауіпсіздік деңгейін уақыт мөлшерімен қарасақ жоғарыдағы жүйені мынадай түрге бөлуге болады:

Б і р і н ш і іске қосу уақыты – жүйені жөнге келтіру кезеңі.

Е к і н ш і – негізгі пайдалану кезеңі, пайдалы өнім алу уақыты.

Ү ш і н ш іқайта құру кезеңі (реконструкция) қауіпті жағдайлардың көбеюімен байланысты, себебі жүйенің бөліктері әртүрлі жағдайда жұмыс істейді. Сондықтан жүйенің қауіптілігін азайту үшін, оны уақытында жөндеу, реттеу керек.

Жүйелік көзқараспен алғанда Еңбек қорғау ғылымы төмендегідей тармақтарға бөлінеді:

1. Е ң б е к г и г и е н а с ы – медицина ғылымының бір бөлігі бола тұра , жеке еңбекші мен ұжымның өз ара байланысын сыртқы ортамен бірыңғай қарап , өндіріс жағдайын сауықтырудың мөлшері мен шараларын жетілдіреді

2. Еңбек физиологиясы мен психологиясы

Кез- келген адамға еңбек психологиясы мен физиологиясы аймағында білім қоры, орындайтын қызметі мен мамандығынан тәуелсіз, өзін қоршаған адамдармен, өзінің физиологиялық мүмкіндігін, өз мінезінің нашар және жақсы жақтарын, минимальды рухани және физикалық жоғалымдарымен өндірістік стресстік жағдайлары мен өмірдің қиын кезінде, құрылымдық қобалжуы мүмкіндігінің нәтижелі бір бірімен әрекетін білдіреді.

3.Өндіріс санитариясы ғылымының негізгі зерттеу бағыттары: технологиялық процестердегі қауіпті - зиянды факторларды азайтудың жолдарын іздестіру, еңбек қорғаудың санитарлық техникалық шараларын реттеу, жұмысшылардың жұмыс кестесі мен жеке бас гигиенасын т.б. қамтиды.

4. Э р г о н о м и к а дегеніміз – ғылыми пән бола тұра, техникалық, психологиялық, физиологиялық, гигиеналық ғылымдардың жиынтығынан туған. Эргономика – жұмысшының машинамен және өндіріс қатынасын байланыстыра отырып еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

5. И н ж и н е р л і к п с и х о л о г и я эргономикамен тығыз байланысты бола отырып, өндіріс эстетикасының, машиналардың көркемдеудің (дизайн) негізін түсіндіреді, оқытады, үйретеді.

Инженерлік психология – жұмысшы мен технологиялық процесс және сыртқы қоршаған орта жайлы мағлұмат береді.

Дәріс 3. Кәсіпорында еңбек қорғауды ұйымдастыру және бақылау. Қауіпті және зиянды факторлардың топтастырылуы.

Мамандар мен басшылардың еңбек қорғауды ұйымдастырудағы міндеттері мен жауапкершілігі .

Еңбек қорғауды басқару және бақылау .

Қауіпті және зиянды факторлардың топтастырылуы.

Кәсіпорындағы Еңбек қорғау жұмысын Қ Р «Еңбек Кодексі» баптарына сүйене отырып жұмыс орнының басшылары мен мамандары ұйымдастырады Еңбек қорғауды ұйымдастырудың қысқаша жүйесі .

  1. Қауіпсіз еңбек ету әдістеріне оқыту-үйрету ( нұсқаулар жүргізу ).

Мазмұн-түрiне және өткiзiлу мерзiмiне қарай нұсқаулар төмендегiдей бо-лып бөлiнедi: 1-шi –кiрiспе нұсқау. 2-шi- жұмыс орнындағы алғашқы нұс-қау. 3шi- қайталама нұсқау; 4шi- жоспардан тыс нұсқау (внеплановый); 5ші- мақсатты нұсқау (целевой).

2 ) жұмысшыларды жұмыс киімімен және жеке басты қорғайтын құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету ;

3 ) шаруашылықта қолданылатын машиналар мен қондырғылардың ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету ;

4 ) кешендегі ,цехтағы, әр жұмыс орнындағы санитарлық-гигиеналық жағдайларын қадағалау ;

5 ) Еңбек қорғау жұмысын жоспарлы түрде жүргізу .

Қ Р «Еңбек Кодексі» баптарында айтылғандай - " Еңбекті қорғау жөніндегі заң және өзге де нормативтік актілерді бұзуға кінәлі , не қадағалау мен бақылауға кедергі келтіруші лауазымды адамдар белгіленген тәртіппен әкімшілік , тәртіптік , материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады " .

Мамандар үшін жауапкершілік :

  1. Әкімшілік – иман – шарт жазалауы ( моральдік ) , ескерту жасау , көпшілік алдында ұйалту , жұмысын төмендету , жұмыстан босату т.б.

  2. Тәртіптік – қызметкерлердің бастықтың алдында шаруашылықтың ішкі тәртібін бұзғаны үшін беретін жауапкершілігі .

  3. Материалдық – шығынның құныны төлеу ( егер айыпты болса ) :

а ) толық төлеу , б ) жартылай төлеу - бұны көпшілік жиналысы

шешеді .

  1. Қылмыстық жауап – а ) бас бостандығынан айыру , ә ) жұмыс орнынан айыру т.б.

2 . Еңбек қорғауды басқарудың негізгі м а қ с а т ы - қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру , денсаулықты және еңбекшінің еңбекке қабілетін сақтау болады .

Еңбек қорғауды " ж ү й е " әдісімен басқарған тиімді деп саналады . Бұндай әдіспен басқарғанда мыналарды бөліп алуымыз керек : объект , субъект , басқару тәсілі .

Басқару объектісіне – еңбек ету жағдайы , еңбекшілер қауымының еңбек тәртібі , оларға әсер ететін өндірістік қауіп – қатерлер және кәсіптік қорғау .

Басқару субъектісі ( цехтық басқару ) дереу қимыл жасауға да ыңғайлы болуы керек .

Басқару тәсілінің негізгі басқаруға келіп түскен хабарлардың дәлдігіне , толықтығына байланысты . Осындай бөлшектеген " ж ү й е " әдісінің кемшіліктері байқалады . Бұнда басқару субъектісінің жетілмегені байқалады .

Сондықтан шаруашылықтардағы е ң б е к т і қ о р ғ а у төмендегідей ү ш ш а р т т а қанағаттандырылуы керек :

  1. " Жүйенің " алдына қойылған айқын мақсат ;

  2. " Жүйеден " бөлініп шығатын кіші жүйелер болуы ;

  3. " Жүйе " өзінен жоғары сатыдағы жүйеге бағынышты болуы керек , осының бәрі басқарудың бақылау , тексеру , тіркеу және талдау , жоспарлау , тәрбиелеу , тәртіпті қатаңдату т.б.

Еңбекті қорғаудағы бақылаудың ең тиімді жолдарының бірі үш сатылы бақылау :

  1. Шаруашылық бөлімінің басшысы – күнделікті .

  2. Бас мамандар – жұмысына немесе он күндікте бір рет .

  3. Шаруашылықтың басшысы - айына немесе тоқсанына бір рет ( тексеру нәтижесін жазба түрде шығарады ) .

Дәріс 4. Өндірістік жарақат-тану (зардап шегу) және кәсіби ауру мәселелері.

Өндірістегі жарақат түрлері. Кәсіби аурулардың себептері.

1) Өндірісте еңбеккерге қауіпті және зиянды факторлардың бірнешеуі қатар әсер етуі мүмкін. Олардың көбі еңбеккердің мамандығына, яғни кәсіби жұмысына байланысты. Сондықтан оларды кәсіби қауіптер және кәсіби зияндылықтардейді. Өнеркәсіпте кездесетін еңбек қауіпін ү ш к е бөлеміз :

Техникалық – тез жүретін , үлкен алқымды машиналарды және жаңа техни-каны пайдаланған кезде жиі кездеседі , себебі олардың құрылысы мен пайда-лану тәртібін толық игермегендіктен .

Технологиялық – технологиялық процестардің өзгеруіне байланысты .

Жергілікті – еңбекті ұйымдастырудан және техникалық жабдықтануына байланысты .

Еңбек процесінде туған қауіпті, зиянды жағдайлардан – адам еңбек ету қабілетінен айрылып қалуы, тіпті өмірімен қоштасуы мүмкін. Мұндай жағдайлар өндірістік жазатайым оқиға деп аталады. Өндірістік жазатайым оқиға- өзінің еңбек(қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмасын орындау кезінде қызметкердің жарақат алуы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіби ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтыратын өндірістік фактордың әсері.

Жарақат алу- адам организмінің жұмысының бұзылуы немесе зақымдануы.

Жарақаттың 4 түрі болады:

1.Механикалық ,2.Ыстық-суықтан болған,3.Химиялық,4.Электр жарақат

Жарақаттың зардабы материалды және моральді деп бөлінеді.

Өндірістік жазатайым оқиғалардың жіктелуі:

        1. Қандай жерде болғанына байланысты

        2. Қанша адам зардап шеккеніне

        3. Ауырлығына байланысты