- •1. Технологиялық бөлім
- •2. Құрылыс бөлімі
- •3. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
- •Шикізат жобасының негіздемесі
- •1.2 Сүттің химиялық құрамы және қасиеттері
- •1.3 Шикізатқа және дайын өнімге қойылатын талаптар
- •Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізат қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
- •Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
- •Дайын сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
- •1.4 Сүт және айран өндеу технологиясы
Жоспары:
Кіріспе
1. Технологиялық бөлім
1.1 Шикізат жобасының негіздемесі
1.2 Шикізаттың биологиялық физикалық және химиялық көрсеткіштері
1.3 Шикізатқа және дайын өнімге қойылатын талаптар
1.4 Сүт және айран өндеу технологиясы
2. Құрылыс бөлімі
2.1 Технологиялық талаптар және техникалық мүмкіндіктері
3. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
4. Қолданылатын құрал жабдықтар
5. Қойылатын санитарлық талаптар
6. Тәуілігіне 7 тонна пастерленген сүт 2,5%, айран 3,2% сүт өңдеу цехын жобалау.
7. Есеп бөлімі
7.1 Тиімді қондырғыларды таңдау
7.2 Эканомикалық тиімділігі
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Қазақстан ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс. Егін шаруашылығында суды көп қажет ететін тиімділігі төмен дақылдар көлемін қысқарту, оларды көкөніспен, майлы және азықтық өнімдермен алмастыру жолына бет бұру керек. Агрохимикаттарды тиімді тұтынудың, қуаң жерлерде топырақты нөлдік өңдеудің заманауи технологиялары мен өзге де инновацияларды қолдануды кеңейтудің кешенді шаралары қажет [1].
Президентіміздің Қазақстан Халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2005 жылдарға арналған стратегиялық бағытында ауыл проблемаларыбасымдық болып айқындалды . 2003-2005 ауыл жылдары болып жарияланғаннан бастап бұл бағытта кеңінен жүргізілген іргелі іс – шаралар қоғамның ауыл проблемаларына бет бұрып , ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған тапсырыстардың қалыптасуына себеп болды . Осы бағыттар аясында ауылдың ең бір елеулі проблемаларын игеруге орай , мына мәселелерге аса көңіл бөлінді .
- жергілікті әкімшілік нарықтық қатынастарға араласудан шеттету .
- жеке меншік пен тиесілі бөлістерді заттай айқын , күмәнді жеке шаруашылықтарға жекелендіру жүргізу .
- банкроттық тетіктері арқылы ауыл экономикасын сауықтыру .
- ең алдымен фермерлер мен нағыз жеке шаруашылықтар үшін кредиттерді арзандату .
- азия мен Еуропа қайта жаңарту және даму банктері заемдарының , басқа ұйымдар мен тілеуқор елдердің көмегінің есебінен ауылдағы орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту .
- 25-30 мың теңге көлемінде кіші кредиттер үлестіру . Үкімет үш жыл ішінде мал мен мүлік сатып алу үшін , заңда тиым салынбаған кез – келген бизнеспен шұғылдануы үшін , өздерінің іскерлік дағдыларын ұштауы үшін өте қиын жағдацда қалған кемінде 150 мың ауыл адамына қажетті осындай қаражатпен қамтамасыз етуге .
- тікелей отандық және шетел инвестицияларын тарту .
- фермерлерге өнімдерін өткізуге жәрдем көрсету .
- сумен жабдықтау және иррегация проблемаларын шешу .
- барлық министрліктер мен қорлар желі бойынша ауыл проблемаларын басымдықпен қаржыландырылуының қадағалау.
Осы уақытқа дейін Республика Үкіметі отандық тауарларды қолдауға бағытталған, шетелдік өнімдерді шектейтін бірқатар қаулылар мен бағдарламалар қабылдады. Өз кезегінде отандық өнімөндірушілерді, соның ішінде шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау күн тәртібінде.
Сүт өнеркәсібі – халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының негізгілерінің бірі. Оның құрылымы айтарлықтай мәлім, себебі азық-түлік нарығына тікелей тәуелді болатын өзара байланысқан екі элементтен тұрады оның бірі – мал шаруашылығын өңдеуші комбинаттардан.
Нарықтық қатынастар жағдайында сүт өндірушілер мен өңдеушілер арасында ең тиімді өзара байланыс болуы қажет. Алдымен, өңдеу өнеркәсібіне сүт жеткізуді арттыруға жағдай жасайтын ұйымдық құрылымдар мен жүйелер жасау қажет.
Ұсынылған жоба «Астана-Өнім» өндіріс жағдайында тәуілігіне 10 тонна пастерленген сүт 2,5%, айран 3,2%, қаймақ 20% сүт өңдеу цехын жобалау.
Жоба бойынша цехта 5т пастерленген сүт 2,5%, 2т айран 3,2%. Халықтың көп қолданатын өнімі бұл пастерленген сүт және айран сол себепті жоба мақсаты осы өнімдердің өнімілігін жоғарылату болып табылады.
Негізгі бөлім
