- •Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
- •Ғылыми жұмыс
- •Әдеби шолу
- •Ауыр металдарға жалпы сипаттама
- •Ауыр металдардың қоршаған ортаға әсері
- •1.3. Ауыр металдардың адам денсаулығына әсері
- •1.4. Ауыр металдардың өсімдіктерге әсері
- •Зерттеу бөлімі
- •Топырақтағы ауыр металдарды анықтау әдісі
- •Өсімдіктердегі ауыр металдардың мөлшерін анықтау әдісі
- •3.1 Зерттеу нәтижелері
3.1 Зерттеу нәтижелері
“Южполиметалл” ӨК АҚ- ның ауданы, яғни өндірістік аймақ, менің тұратын үйім Нурпеисова 1а-58 жанынан топырақ және өсімдік алынып кептірілді.
Ол үшін 1шаршы метр жерден 10-15 см тереңдіктен топырақ алынды. Топырақ беткі, ортаңғы және төменгі қабаттардан алынып, толық арластырылады. Көлеңкеде кептіріліп, содан соң химиялық әдіспен өңделді.
Шымкент қаласының топырағы қара-сұр топырақ. Ауа мен сумен салыстырғанда топырақтың өздігінен тазалануы өте нашар жүреді. Сонымен қатар, топырақ ауыр металдар үшін берік акцептор болып табылады. Олар топырақ қабатында химиялық заттармен әрекеттесіп, қиын еритін заттар түзеді. Топырақтағы ауыр металдардың мөлшері 3-кестеде көрсетілген.
3- кесте Топырақтағы ауыр металдардың мөлшері, (мг/кг)
Зерттеу орындары |
Топырақ ортасының реакциясы |
Қорғасын |
Мыс |
Мырыш |
Кадмий |
32 мг/кг |
33 мг/кг |
55 мг/кг |
1,0 мг/кг |
||
Өндірісауданы |
рН-8,2 |
445,72 |
136,45 4,64 |
169,26 4,85
|
10,71 1,42 |
Зерттеусынамаларынанкөріпотырғанымыздайауырметалдардыңмөлшеріболуқажеттідентымкөп.
Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты өсімдіктерде жиналған қорғасынның, мыс, мырыш және кадмийдің мөлшерін анықтау.
Ауыр металдар өздерінің химиялық және биологиялық ерекшеліктеріне қарай гео – және биоаккумуляцияға өте бейім элементтер. Өсімдіктер- қоршаған орта жағдайының сезімтал индикаторлары. Ауыр металдар өсімдік ағзасына екі жолмен – топырақтан тамыры арқылы және атмосферадан жапырақтары арқылы түседі.
4-кестеӨсімдіктегі ауыр металдардың мөлшері (мг/кг)
Зерттеу орындары |
Қорғасын |
мыс |
мырыш |
кадмий |
Өндіріс ауданы |
42,34 2,12 |
26,85 1,85 |
28,57
|
1,12 0,87 |
Шектеулі рұқсат етілген концентрация (ШРК)
Қорғасын – 5 мг/кг; мырыш – 30 мг/кг; 100 мг/кг; кадмий – 0,3 мг/кг.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ауыр металдар қоршаған ортаға түскенде экожүйелердің өздігінен тазалану процесімен ыдырамайды. Олар топырақта жинақталып, өсімдіктерге өтіп, әрі қарай биологиялық айналымға түсіп отырады. Биологиялық тізбек: топырақ - өсімдік – адам, топырақ - өсімдік – адам, топырақ – су – адам және топырақ – атмосфералық ауа – адам арқылы адам организміне өтіп, олар әр түрлі ауруға шалдықтыратыны белгілі.
Өсiмдiктердiң ауыр металдармен ластануы, өндірістiң және автокөлiктердің қарқынды дамуынан және де топырақ - өсiмдiктердің ластануының жалғыз көзі емес. Ауыр металдармен өсiмдiктер атмосфера арқылы да ластануы мүмкін.Қорғасын негiзiнен өсiмдiктерге тамыры арқылы немесе жапырағы арқылы да түседі.
Қорыта келгенде, ауыр металдар өсімдіктер дәнінің өнуіне әрқилы әсер ететіндігі белгілі болды. Яғни, ауыр металдар өсімдіктер тіршілігінің алғашқы кезеңі-өну процесінен бастап-ақ өз әсерін тигізетіні осы зерттеулер нәтижесінен анықталды. Шымкент қаласының территориясына ауыр металдардың оның ішінде улылығы жоғары. Қорғасын, мыс, мырыш, кадмий элементтерінің қоршаған орта обьектілеріне таралуына «Южполиметалл» ӨК АК тікелей әсер етеді.
Өсімдіктердің генетикалық құрылымына ауыр металдардың жиынтығының кері әсер етеді. Ол өсімдіктердің генетикалық тұрғыдан қалыпты дамуына, өсіп жетілуіне, яғни өсімдіктердің табиғи генофондының сақталуына қауіп тудырады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Орлов Д.С. Химия почв. – М.: МГУ, 1992
2. Садовникова Л.К. и др. Экология и охрана биосферы при химическом загрязнении. – М.: Высшая школа, 2002
3. Орлов Д.С., Малинина М.С., Мотузова Г.В. Химические загрязнение почв и их охрана. М.:Агропромиздат. 1995
4. Кульсумакова А.И., Ауыр металдардың Арал өңірінің Қызылорда бөлігі аймағында таралуы // -Космос и человек, М-Н. н-п-к 50лет К.Эры. Киев-Кызылорда 2011
5.Өтесінов Ж.Ө., Кульсумакова А.И. Ақшабұлақ кен орыны маңайындағы топырақ және өсімдіктер ағзасындағы ауыр металдардың мөлшері. //– Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің хабаршысы, Қызылорда, 2012

2,73