- •1. Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1. Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1. Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1. Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1.Клиникалық синдром қалай аталады.
- •1)Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1)Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1)Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1)Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1)Клиникалық синдром қалай аталады?
- •Клиникалық синдром қалай аталады?
- •Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1.Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1.Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1. Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1. Клиникалық синдром қалай аталады?
1.Клиникалық синдром қалай аталады?
2.Патологиялық ошақтың локализациясы қандай?
Жауаб
1.Бастың және көздің оң жаққа қарай кетуімен сипатталатын түріндегі фокальді компонентімен жүретін жайылған тырысу ұстамасы.
2.Сол жақ маңдай бөлігі зақымдалған, бастың және көздің қосарланған әкетуімен жүретін ортаңғы маңдай қыртысының артқы бөлігі зақымдалған.
№2
Науқас көңіл күйі жоғары, өз жағдайын бағалай алмайды, ақыл есі төмендеген, әзілдескенді ұнатады, өзін өзі бақылаудан айрылған, ауыздық ұстау, ауыздық автоматизм (оральный автоматизм) рефлекстері байқалады.
1.Клиникалық синдром қалай аталады?
2.Патологиялық ошақ қай жерде орналасқан?
Жауабы
1.«Мандайлық мінез-құлық және маңдайлық психика» синдромы.
2.Бас мидың маңдай бөлігі зақымдалған.
№3
Науқас өз денесінің бөлігін білмейді, оң жағын сол жағымен шатастырады, үшінші қолы бар екенін сезінеді, өз ауруының гемиплегия түріндегі көрінісін салдану белгілері бар аяқтарына қарап білмейді, мойындамайды.
1.Клиникалық синдром қалай аталады?
2.Патологиялық ошақтың локализациясы қай жерде?
1.Дене түзілісінің бұзылысы: аутотопагнозия, псевдомелия, анозогнозия.
2.Бас мидың оң жақ жарты шарының самай бөлігінің оң жағы.
№4
Науқаста клоникалық тырысу ұстамалары сол аяғынан басталып кейіннен сол қолына және жартылай бетіне берілетін кезеңді тырысу ұстамаларымен жүреді, бұл кезде есі сақталады.
1.Клиникалық синдром қалай аталады?
2.Патологиялық ошақтың локализациясы қай жерде?
Жауабы
1.Джексон эпилепсиясы.
2.Бас миының алдыңғы оң жақ орталық қыртысының жоғарғы бөлігі зақымдалған.
№5
Науқаста жайылмалы тырысу ұстамаларына бірнеше секунд қалғанда көзінің алдыңғы нұрлы қабығымен қарағанда заттар өз түрін және түсін жоғалтуын байқайды.
1.Клиникалық синдром қалай аталады?
2.Патологиялық ошақтың локализациясы қай жерде?
Жауабы
1.Фокальді компоненті фотопсия түрінде жүретін жайылмалы тырысу ұстамасы.
2.Бас миының шүйде бөлігінің медиалді беткейі зақымдалған.
Есеп №6
Науқаста сөйлеу қабілеті толығымен жойылған, барлық сұрақтарға «иә, иә, иә» деп жауап береді, бірақ нұсқауларды түсінеді және дұрыс орындайды.
1. Клиникалық синдром қалай аталады?
2. Патологиялық ошақ қайда орналасқан?
Жауап
1. Тотальді моторлық афазия синдромы.
2. Артқы төменгі маңдай иірімінің сол жақ маңдай бөлігі, Брок орталығы зақымдалған.
Есеп №7
Науқаста шүйде бөлігіндегі ісікке жасалған операциядан кейін, ұзақ уақыт бойы заттарды тану мүмкіндігі жоғалған: мысалы, көзілдірік суреті велосипед ретінде, шеңбер, тағы бір шеңбер болып көрінеді.
1. Клиникалық синдром қалай аталады?
2. Патологиялық ошақ қайда орналасқан?
Жауап
1. Оптикалық агнозия синдромы
2. Шүйде бөлігі зақымдалған
Есеп №8
Науқас соңғы айда «күйіктің, бір нарсенің күйдірілген иісіне» шағымданады. Алғаш пайда болған ұстамада есін жоғалтып, тілін тістеп, тоникалық және клоникалық тырысулардан кейін дәрігерге жүгінген.
1. Клиникалық синдром қалай аталады?
2. Патологиялық ошақ қайда орналасқан?
Жауап
1. Иіс сезу галлюцинация синдромы-эпилептикалық талма аурасы.
2. Самай бөлігінің медио-базальды беткейі зақымдалған.
Есеп №9
Науқаста сөйлеу қабілеті бұзылған, айтылған сөзді түсінбейді, нұсқауларды да орындай алмайды. Сонымен қатар әдеттегі сөз тіркестерін (мысалы өз тегі, аты және әкесінің аты) оңай және дұрыс айтады. Әлемде жоқ сөздерді айтады.
