- •1. Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1. Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1. Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1. Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1.Клиникалық синдром қалай аталады.
- •1)Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1)Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1)Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1)Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1)Клиникалық синдром қалай аталады?
- •Клиникалық синдром қалай аталады?
- •Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1.Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1.Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1. Клиникалық синдром қалай аталады?
- •1. Клиникалық синдром қалай аталады?
1 бөлім
№1 билет
Науқаста қол - аяқ бұлшықетінің атрофиясы, сіңірлік рефлекстерінің бұлшықет күшінің төмендеуі және қол бұлшықетінің фибриллярлы тартылуы анықталады. Жүрген кезінде аяғын сүйретеді, жүрісі өзгерген. Аяқ бұлшықет тонусы және сіңір рефлекстерінің айқын жоғарылауы, Бабински және Оппенгейм патологиялық рефлекстерінің екі жақта да оң болуы.
1. Клиникалық синдром қалай аталады?
2. Зақымдану ошағы қайда орналасқан?
Жауабы:
Біріккен тетраплегия спастикалық сыртқы параплегия және әлсіз төменгі параплегия
Патологиялық ошақ жұлындағы мойын буылтығы деңгейінде С5-Тh2 сегменттерінде орналасқан: бүйірлік бағандардағы латеральді пирамидалық жол және алдыңғы мүйіздері зақымданған.
№2 билет
Науқаста оң жақ қол - аяқ қолдарында белсенді қимылдарының шектелуімен әлсіздігі, білекті бүгу кезінде және сирақты жазған кезде бұлшықет тонусының жоғарылауы, аяқ пен қолда сіңір рефлекстерінің жоғарылауы, сонымен қатар бет және тіласты нервтерінің орталық салдануымен бірге Бабинский және Оппенгейм рефлекстерінің оң болуы анықталды.
1. Клиникалық синдром қалай аталады?
2. Зақымдану ошағы қайда орналасқан?
Жауабы:
VII-XII және оң жақтық бас ми нервтері оң жақтық орталық гемиплегия орталық парезбен
Сол жақтық ішкі капсула зақымдалған
№3 билет
Науқаста аяқ қолында әлсіздік, жүруі және өзіне - өзі қызмет етуі нашарлаған. Қарап тексеру кезінде аяқ - қолдарының жоғарғы және төменгі бөліктерінің белсенді қимылының шектелген, бұлшықет тонусының және сіңір рефлекстерінің жоғарылауы анықталды. Білезікте Россолима, табанда Бабинский және Оппенгейм патологиялық рефлекстері байқалады, бас сүйек ми нервтерінің қызметінің бұзылуы тексерісте анықталмады.
1. Клиникалық синдром қалай аталады?
2. Зақымдану ошағы қайда орналасқан?
Жауабы:
Спастикалық тетрапарез
Жұлындағы патологиялық ошақ жоғарғы мойын сегменттерінің С1-С4 деңгейінде: латеральді пирамидалық жолдың шеткі бағаналары екі жағынан зақымданған.
№4 билет
Науқас аяғының дистальді бөлігінде әлсіздік мазалайды. Жүру кезінде еденде шұлығына шалынуы байқаған, сол себепті аяғын жоғары көтеріп жүруге мәжбүр болған, жүрісі “тауық” тәрізді. Бұлшықет атрофиясы, периосталды және сіңірлік рефлекстердің арефлексиясы, бұлшықет тонусы төмендеуі, аяқтарда ауру сезімі, аяқ-қолдарының дистальді бөліктерде полиневриттік тип бойынша гипестезия байқалған “қолғап” және “шұлық”.
1. Клиникалық синдром қалай аталады?
2. Зақымдану ошағы қайда орналасқан?
Жауабы:
Табан мен қолдың перифериялық тетрапарезі полиневритикалық типтегі сезуінің бұзылысы.
Аяқ пен қолдың көптеген перифериялық нервтерінің зақымдалуы: қыимыл және сезімталдық талшықтармен бірге
№5 билет
Науқаста оң жақта сіңірлік рефлекстер, бұлшықет тонусының жоғарылауы және патологиялық Бабинский рефлексімен гемипарез, сол жақта жоғарғы қабақ птозы, мидриаз және әкететін қылилық анықталады.
1. Клиникалық синдром қалай аталады?
2. Зақымдану ошағы қайда орналасқан?
Жауабы:
Вебердің альтернирлеуші параличі
Мидың сол жақ табанының зақымдалуы.
№ 6 билет
Науқас сол жақ табанының тартуымен басталатын,оның балтырға, жамбасқа,сонан соң иыққа, білекке және алақанға жайылатын тырысу ұстамаға шағымданады ,есін жоғалтпайды.
1.Клиникалық симптом қалай аталады.
2.Паталогиялық ошақ қайда орналасады.
Жауабы :
1. Джексондық эпилепсия
2. Бас миының қыртысты қабатының жоғарғы бөлігінің оң жақ алдыңгы орталық иірімнің зақымданган
№ 7билет
Науқастың сүйекаралық бұлшықеттерінің және сол жақ алақанының гипотенорының атрофиясы бар III-V жиырылуы қиындаған ,осы саусақтардың дистальды фалангілері бүгілген,проксимальділері жайылған(«тырнақты алақан»). Алақанның сәйкес қырында және V саусақтың терісінде сезімталдық төмендеген.
1.Клиникалық симптом қалай аталады.
2.Паталогиялық ошақ қайда орналасады.
Жауабы:
1. V және IV саусақтарының , алақанның ульнарлы қырының бүгетін бұлшықеттерінің перифериялық салдануы, шынтақ нерві иннервациясы аймағында сезімталдылығының невритикалық тип бойынша зақымдалуы.
2. шынтақ нерві зақымдалған.
№ 8 билет
Иықтың алдыңгы бөлігінің жарақатынан соң I,II,III саусақтарының бүгілуі қиындайды,алақан томпағының атрофиясымен алақан бүлшықеттерінің тығыздалуы (“маймыл алақаны”) пайда болды, I,II,III саусақтарының алақандық беті жағынан гиперпатиямен бірге гипестезия және сәйкес сыртқы бетінде де,сонымен қатар күйдіріп ауырады және салқындатқанда әсіресе суға салғанда төмендейді.
1.Клиникалық симптом қалай аталады.
2.Паталогиялық ошақ қайда орналасады.
Жауап
1. І, ІІ және IІІ саусақтарының , алақанның кәріжіліктік қырының бүгетін бұлшықеттерінің перифериялық салдануы, ортаңғы нерві иннервациясы аймағында сезімталдылығының невритикалық тип бойынша зақымдалуы, каузалгиялық ауру сезімі синдромы.
2. ортаңғы нерв зақымдалған.
№ 9 билет
Науқас аяқтарындағы әлсіздікке,жүруінің қиындауына шағымданады . Қарап тексеруде аяқ күшінің төмендеуі,спастикалық тип бойынша бұлшықет тонусының жоғарлауы және паталогиялық рефлексі анықталды. Ортаңғы және төменгі құрсақ рефлекстерінің жойылуы,зәр шығаруының кідіруі байқалады.
1.Клиникалық симптом қалай аталады.
2.Паталогиялық ошақ қайда орналасады.
Жауабы:
1. Төменгі орталық парапарез
2. Жұлын көкірек бөлігінде зақымдалған ,екі жақтан бүйірлік бағаналарында латералді пирамидалық жол зақымдалды
№ 10 билет
Науқасты қолдағы әлсіздік мазалайды,физикалық жүктеме орындау қиындады. қолдағы күштің төмендеуі, сіңірлік рефлекстерінің және бұлшықет тонусының төмендеуі ,сонымен қатар ,иық белдеуінің бұлшыеттерінің фибриллярлы және фасцикулярлы тартылуы ,аяқ қозғалысы бұзылмаған.
1.Клиникалық симптом қалай аталады.
2. Паталогиялық ошақ қайда орналасады.
Жауабы:
1. Жоғарғы перифериялық парапарез
2. С5-Тһ2 сегменттерінде мойын буылтығы деңгейінде жұлынның екі жақтық алдыңғы мүйізшелері зақымдалған.
2 бөлім
Сезімталдық және оның бұзылыстары
Есеп 1
Науқастың башпай саусақтарында, тілерсек-табан, тізе және ұршық буындарында бұлшықет – буындық сезімталдықтың бұзылуы , жүруінің қиындауы , әсіресе, қараңғыда, тактильді сезімталдықтың кіндіктен төмен жоқ болуы анықталды.
1.Клиникалық симптом қалай аталады.
2.Паталогиялық ошақ қайда орналасады.
Отв:1.Сенситивті атаксия.
2.Жұлын миының көкірек бөлігінің артқы бағаныь Тһ9-Тһ10 сегменті деңгейінде зақымдалған.
Есеп 2
Науқаста сол жақ табаны аймағында ұстамалы ұю сезімі және «құмырсқа жыбырлауы» сезімі пайда болады,содан кейін сол жақ балтырға , жамбасқа және бүкіл тұлға жартысына ұласуы көрінеді.Есі өзгеріссіз.
1.Клиникалық симптом қалай аталады.
2.Паталогиялық ошақ қайда орналасады.
Отв:1.Сенситивті (сезімталдық )Джексондық атаксия.
2.Бас миының оң жақ төбе бөлігінің зақымдануы,жоғарғы бөліктегі постцентральді иірім.
Есеп 3
Үш науқаста өткізгіштік гипалгезиямен төменгі спастикалық параплегия көрінеді.
А)бірінші науқаста-емізік сызығынан төмен;
Б)екінщісінде- кіндіктен төмен;
В)үшіншісінде- шат қыртысынан төмен деңгейде.
1. Зақымдану деңгейін анықтаңыз
2.Қай өткізгіш жолдар зақымдалды.
Отв :
1. Зақымдалу ошақтары жұлыннның көкірек бөлігінде,сегменттер деңгейінде:
-1 ші Th 2-Th3
-2 ші Тһ7-Тһ8
-3 ші Тһ9- Тһ10
2.Жұлынның бүйір бағаның пирамидалық ж/е спиноталамикалық жолдары зақымдалған.
Есеп 4
Науқастың сол жақ денесінде беткей және терең сезімталдық жойылған,сол жақ аяқ қолдарында координация бұзылған,жүруі қиындаған,әсіресе қараңғыда көру бұзылысы сол жақ көру алаңын жойылуымен байқалады және сол жақ аяқ колдарының анальгетиктермен басылмайтын интенсивтиі ауру сезімі.
