Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аршидинов, Нурова 2014 ТОЭ2 РГР -№1-3(каз) .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.54 Mб
Скачать

Коммерциялық емес

акционерлік қоғам

Полилиния 3

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА

ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

УНИВЕРСИТЕТІ

Электртехниканың

теориялық негіздері кафедрасы

ЭТН-2. ҮШ ФАЗАЛЫ ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІН ЖӘНЕ СЫЗЫҚТЫ ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІНДЕГІ ӨТПЕЛІ ПРОЦЕСТЕРДІ ЕСЕПТЕУ

№ 1-3 есептік - сызбалы жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар

5В071800 - Электр энергетикасы мамандығының студенттері үшін

Алматы 2014

Құрастырушылар: М.М. Аршидинов, А.И. Нурова. ЭТН 2. Үш фазалы электр тізбектерін және сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі процестерді есептеу. № 1-3 есептік - сызбалы жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар (бакалвриат, 5В071800 - Электр энергетикасы мамандығының студенттері үшін). - Алматы: АЭжБУ, 2014. 15 б.

Есептік – сызбалы жұмыстарында ЭТН2 курсындағы мынандай тақырыптар бойынша: «Үш фазалы тізбектер» және «сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі процестер» әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар келтірілген. Есептік – сызбалы жұмыстар екінші курс студенттеріне арналған, 5В071800 – Электр энергетикасы бакалавриат мамандықтары үшін.

Без. 54, кесте. 9, библиогр. - 5 атау.

Пікір жазған: техн. ғыл. д-р, профессоры К.К. Жумагулов

«Алматы энергетика және байланыс университетін» коммерциялық емес акционерлік қоғам 2014 жылғы жоспары бойынша басылады.

©Алматы энергетика және байланыс университеті КЕАҚ, 2014ж.

Мазмұны

Кіріспе 4

1 Тапсырма №1. Статикалық жүктемелі үш фазалық токтың тізбегінің симметриялы және симметриялы емес режимдерін есептеу 5

2 Тапсырма №2. Үш фазалық тізбектің симметриялы емес режимдерін симметриялық құрастырушылар тәсілімен есептеу 8

3 Тапсырма №3. Сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі процестерді

есептеу 11

Әдебиеттер тізімі 14

Кіріспе

«Электротехниканың теориялық негіздері» (ЭТН) курсын оқығанда есептік - сызбалы жұмыстар (ЕСЖ) оның маңызды компоненті. ЕСЖ-ң орындау студентке теориялық жағдайларды практикалық есептеу жасағанда қолдануға, электр тізбегін өз бетінше талдап үйренуге, ал олар ЭТН курсын жақсы меңгеруге көмектеседі.

Есептік - сызбалы жұмыстарын орындағанда мына шарттар орындалуы керек:

- міндетті түрде өз нұсқаңды таңдап алуың керек, нұсқаны таңдап алу үшін студенттің студент кітапшасының соңғы екі санымен тегінің бірінші әріпі қажет, тапсырманың мәтіні ЕГЖ-ның түсініктемесінде қысқартусыз көшіріп жазылуы керек;

- түсініктемеде есептеу формулалары мен соңғы нәтижесін ғана емес, сонымен бірге оларды тексеруге мүмкіндік беретін арасындағы есептеулерді де көрсету керек;

- титулды бетте студенттің аты-жөні, тобы және нұсқасы міндетті түрде көрсетілуі керек;

- есептеліп отырған параметрлер үшін сәйкесінше өлшем бірлігін жазу керек, комплекстің үстіне нүкте қою қажет;

- түйіндердің, параметрлердің, резисторлардың, индуктивтіктердің, сыйымдылықтардың аттарын, токтың және кернеудің оң бағыттарын өзгертпеу керек;

- лездік шамалардың қисығы, векторлық, топографиялық, шеңберлік диаграммалар қосымша жабыстырылған миллиметрлік немесе торлы қағазда орындау керек;

- графикте көрсетілген шамалардың аттарын жазу керек. Масштабты графикпен немесе диаграммамен жұмыс істеу ыңғайлы болатындай етіп таңдау керек. Түсініктемеде сұлбаларды сызғыш, циркулді қолдана отырып, қарындашпен орындау керек;

- қолданылған әдебиеттің тізімін келтіру керек.