Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аршидинов, Бекеева метод.указ. к лаб. раб. 2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.85 Mб
Скачать

Коммерциялық емес

акционерлік

қоғам

АЛМАТЫ

ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ

БАЙЛАНЫС

УНИВЕРСИТЕТІ

Электртехниканың

теориялық негіздері

кафедрасы

Электротехниканың теориялық негіздері 3

Электр тізбектеріндегі өтпелі және орнатылған режимдерді зерттеу

Зертханалық жұмыстарды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар

(Электрэнергетика 5В071800 – мамандығы студенттер үшін)

Алматы 2012

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Аршидинов М. М, А.Н.Бекеева.

ЭЛЕКТРОТЕХНИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 3. Электр тізбектеріндегі өтпелі және орнатылған режимдерді зерттеу. Зертханалық жұмыстарды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар (Электрэнергетика – 5В071800 мамандығына студенттерге арналған). – Алматы:АЭжБУ, 2012- 30 бет.

Әдістік нұсқаулар зертханалық жұмыстарды орындау, безендіру және қорғау жөніндегі негізгі ережелерден тұрады.

Әрбір зертханалық жұмыс келесі бөлімдерден құралады: жұмыстың мақсаты, жұмысқа дайындық, жұмыс тапсырмасы, бейнелеуі және талдау мәліметтердің жұмыстары және әдістемелік нұсқаулар.

Зертханалық жұмыстар 5В071800-Электрэнергетика мамандығына студенттерге арналған.

Сур.18, кестелер 11, әдебиеттер- 7 ат.

Пікір жазған: техн. ғыл. док., проф. Қ.Қ. Жұмағұлов

Алматы энергетика және байланыс университетінің 2012 жылғы жоспары бойынша басылады.

© Алматы энергетика және байланыс университеті, 2012ж.

Мазмұны

1 № 1 Зертханалық жұмыс. Бірінші ретті тізбектерде өтпелі процесстер 4

2 № 2 Зертханалық жұмыс. R-L-C тізбектегі өтпелі процесстер 9

3 № 3 Зертханалық жұмыс. Ұзын желілердегі әртүрлі режимді зерттеу 17

4 № 4 Зертханалық жұмыс. Сызықсыз элементтері бар тұрақты токтың электр тізбегін зерттеу 21

5 № 5 Зертханалық жұмыс. Электр шұралы бар тізбектерді зерттеу 23

6 № 6 Зертханалық жұмыс. Кернеулер феррорезонансын зерттеу 26

7 № 7 Зертханалық жұмыс. Екі сымды желінің жазық

параллельдіэлектростатикалық өрісін зерттеу (ЭЕМ қолданумен) 30

Әдебиеттер тізімі 35

1 № 1 Зертханалық жұмыс

Бірінші ретті тізбектерде өтпелі процесстер

1.1 Жұмыстың мақсаты

Бір реактивтік элементі бар тізбекте өтпелі процестерді тәжірибелі зерттеудің әдеттерін алу.

    1. Жұмысқа дайындық

ЭТН курстың “R-L,R-C тізбектердегі” өтпелі процестер тарауын қайталап қарап шығу керек.

|| Ә1|| 17-27 б.

|| Ә2|| 234-243 б.

Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беру және орындау керек:

1.2.1 Өтпелі процесс дегеніміз не және не себептен олар пайда болады? Қандай тізбектерде олар туады?

1.2.2 Коммутация заңдардың маңызы неде?

1.2.3 Өтпелі, қалыптасу және еркін токтар деген не?

1.2.4 Тізбектін уақыт тұрақтысының физикалық маңызы қандай? R-L және R-C тізбектердің уақыт тұрақтылары неге тең? Тізбектің уақыт тұрақтысын тәжірибелі қалай анықтауға болады?

1.2.5 Тізбектің өшу коэффициенті деп нені атайды?

1.2.6 R-C тізбекте қысқа тұйықталу кезде және өзгерудің теңдеулерін келтіріңіз, және графиктерін сызу керек.

1.2.7 Кілт ажыратқаннан кейін тізбектін (1.2 суретті қара) уақыт тұрақтылығы неге тең болады?

1.2.8 Теңдеулерді келтіріңіз, кілт ажыратқаннан кейін тізбек (1.2 суретті қара) үшін арқылы өзгеретінді және графиктерін салу керек.

1.3 Жұмысты орындау тәртібі

1.3.1 Тізбекті жинау керек (1.1 суретті қара).

1.3.2 Нұсқа бойынша (1.1 кестені қара) , R және C мәндерін орнату керек,

1.3.3 Осциллографтың кірісіне конденсатордан кернеуді беру керек.

1.3.4 Болып шыққан масштабымен болып шыққан қисықты суретке салу керек.

1.3.5 Осциллографтың кірісіне резистордан кернеуді беріп, масштабта болып шыққан қисықты суретке салу керек.

1.3.6 Нұсқа бойынша тізбектің бір параметрін өзгертіп (1.2 кестені қара), жаңа қисығының суретін масштабпен салу керек.

1.3.7 Тізбекті жинау керек (1.2 суретті қара).

1.3.8 Нұсқа бойынша (1.3 кестені қара) , мәндерін орнату керек. Кедергі

1.3.9 Осциллографтың кірісіне резистордан R1 кернеуді беріп, масштабта болып шыққан қисықтың суретін салу керек, берілген масштаб бойынша тоқтың қисығын көрсетіп тұр.

1.3.10 Осциллографтың кірісіне индуктивтігінен кернеуді беру керек.

1.3.11 Масштабпен болып шыққан қисықтың суретін салу керек (егер орауыштың активті кедергімен Rк пайдаланбай жүрсек, демек есептеуге болады).

1.3.12 Нұсқа бойынша индуктивті (1.3 кестені қара) өзгертіп, жаңа қисығының суретін масштабымен салу керек.

1.4 Жұмыстың нәтижелерін талдау және безендіру

1.4.1 Уақыт тұрақтысын және тізбектің өшу коэффициентін тізбектің параметрлерін өз нұсқалары бойынша (1.1 кестені қара) және , берілген нұсқамен (1.2 кестені қара) есептеу керек.

1.4.2 кернеудің бейнелеу бойынша уақыт тұрақтысын және тізбектің өшу коэффициентін (1.3.4 бөлімін қара) және , (1.3.6 бөлімін қара) табу керек.

1.4.3 кернеуді берілген тізбектің параметрлері өз нұсқалары бойынша (1.1 кестені қара) есептеу керек.

1.4.4 Есептелген және тәжірибелі мәліметтер бойынша бір графикке салу керек.

1.4.5 Уақыт тұрақтысы және өшу коэффициенті RL тізбегі параметрдің тізбектері үшін, берілген өз нұсқа бойынша және нұсқа бойынша(1.3 кестені қара) есептеу керек. Тізбектің кедергісі бұл жерде Rк – активті кедергі орауыштың индуктивтілігін ескеру керек.

1.4.6 Бейнелеу қисығының RL тізбек үшін ұақыт тұрақтысын және өшу коэффициентін (1.3.9 бөлімін қара) және (1.3.12 бөлімін қара) анықтау керек.

1.4.7 RL тізбегінде ток және кернеу тізбектің берілген мәндері бойынша нұсқамен (1.3 кестені қара) есептеу керек.

1.4.8 Есептелген және тәжірибелі қисықтарын бір графикке салу керек.

1.4.9 Жұмыс жөнінде толық қорытынды жасау керек: кедергінің R немесе сыйымдылықтың С тізбектің ұақыт тұрақтысын  және осыған қарап өтпелі процесстің жылдамдық өтуіне шаманың әсер тигізуін талдап шығу; конденсатордың ұақыт разрядталған кезде анықтау; L индуктивтігінің τL уақыт тұрақтысына RL тізбегінің және осыған қарап өтпелі процесстің жылдамдық өтуіне шаманың әсер тигізуін талдап шығу.

1.1 сурет

1.2 сурет

1.1 кесте

Нұсқа №

Uвх,В

R,Ом

С,мкФ

1

10

300

4

2

15

400

2

3

12

200

5

4

10

600

5

5

15

500

3