Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тепе-теңдік нүктесі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182.39 Кб
Скачать

Тепе-теңдік нүктелерін басқару

Жоғарыда айтылғандай, тепе-теңдік нүктелері пікірсайысшылардың таңдаулары арқылы анықталады. Пікрсайыстағы үкімет сөйлемі - командалардың арасындағы келісудің (яки айқын, яки тұспалданған/болжанған) нәтижесінен шығатын туынды.

Қақтығыс нүктелерін басқару – пікірсайыстағы жеңіске жетелейтін ең негізгі құрал болып табылады. Қақтығыс нүктелерін басқарудың маңыздылығын көрсету мақсатында, қақтығыс нүктелерінің анықталған аумақта қалай әсер ететінін қарастырып көрейік. Қақтығыс нүктелерінің қалай әсер ететінін, бір-бірімен қалай байланысты болатынын және үкімет сөйлеміне қалай қатынасы болатынын түсіну сіздің раундтың мазмұны мен ең басты өзекті мәселерін түсінуге жол ашады.

Жоғарыда айтылғандай, қақтығыс нүктелері үкіметтің және оппозицияның қандай да бір аргументтерді дәлелдеу немесе қандай да бір аргументтерге қарсы шығу мақсатында анықталатын дүниелер болып табылады. Әрбір айтылған ой, оның қандай мәселеге байланысты айтылғанына қарамастан, әрбір тараптың анықталған аймақтың барынша көп бөлігін жаулап алу мақсатында айтылады. Раунд барысында әрбір команда қақтығыс нүктелерін бөліп тұрған кішкентай шекараларды ары қарай жылжытуға тырысатын болады. Сол арқылы олар әрбір қақтығыс нүктесінде жеңіске жетуге тырысады.

Қақтығыс нүктесі #1

Оппозиция

Үкімет

Қақтығыс нүктесі #2

Оппозиция

Үкімет

Қақтығыс нүктесі #3

Оппозиция

Үкімет

Бұл схемадан көріп тұрғанымыздай, үкімет тарапы 3 мүмкін қақтығыс нүктесінің 2-еуін жеңді.

Алайда пікірсайыс раундында жеңіске жетуіңіз үшін сізге қақтығыс нүктелерін тек қана горизонталь бағытта жеңу жеткіліксіз. Сонымен қатар, вертикаль бағытға да күш салуыңыз қажет. Ол вертикаль бағыт дегеніміз әрбір қақтығыс нүктесінің маңыздылығы бойынша жұмыс жасау.

Қақтығыс нүктесі #1

Қақтығыс нүктесі #2

Қақтығыс нүктесі #3

Осы сызбадан байқап отырғандарыңыздай екінші қақтығыс нүктесі ойындағы ең маңызды мәселе болып табылады. Ең маңызды осы қақтығыс нүктесін ұту болып есептеледі.

Қай қақтығыс нүктесінің маңызды екенін көрсету – пікірсайысшылардың өздері атқаруға тиіс маңызды туынды болып табылады. Пікірсайыс – бұл сандар жарысы емес, яғни кім қаншалықты көп аргумент ұтады сол жеңіске жетеді деген ұғым пікірсайыс алаңында өмір сүрмейді; немесе кімде-кімнің көп мәселені өз жағына тартуы оған нақты жеңіс алып келмейді. Сіз дебаттағы өзекті мәселелерді ұтуыңыз қажет. Осы маңызды және өзекті мәселелерді анықтай білу, оларды өз жағына тарту және сол мәселененің маңыздылығын төрешілерге көрсете білу – пікірсайыс раундында жеңіске жетудің ең басты алғышарттары. Бұндай стратегия сіз көп аргумент бойынша ұтылсаңыз да, раундта жеңіске жетуге мүмкіндік қалдырады. Қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу туралы мысалды қарастырып көрейік:

Қоғамның денсаулығы?

Оппозиция

Үкімет

Оппозиция

Үкімет

Экономикалық нәтижелер?