- •Тепе-теңдік нүктесі
- •Үкіметтің сөйлемі:
- •Қақтығыс нүктесі
- •Үкімет сөйлемі
- •Қақтығыс нүктесі #1
- •Оппозиция жағы
- •Қақтығыс нүктесі #2
- •Оппозиция жағы
- •Қақтығыс нүктесі #3
- •Оппозиция жағы
- •Темекі шегу халықтың денсаулығына әсер етеді ма?
- •Оппозиция
- •Бұл тыйым салудың экономикалық нәтижелері қандай?
- •Оппозиция
- •Темекі шегушілердің қоғамдық орындарда темекі шегуге құқықтары бар ма?
- •Оппозиция
- •Тепе-теңдік нүктелерін басқару
- •Қақтығыс нүктесі #1
- •Оппозиция
- •Қақтығыс нүктесі #2
- •Оппозиция
- •Қақтығыс нүктесі #3
- •Оппозиция
- •Қақтығыс нүктесі #1
- •Қақтығыс нүктесі #2
- •Қақтығыс нүктесі #3
- •Қоғамның денсаулығы?
- •Оппозиция
- •Оппозиция
- •Экономикалық нәтижелер?
- •Оппозиция
- •Темекі шегушілердің құқығы?
Қақтығыс нүктесі
Тепе-теңдік нүктесінің алаңды анықтау мен оны бөлу қызметін атқаратын үкімет сөйлемі деген түрінен басқа екінші нақты тепе-теңдік нүктелеріне жауап беретін қақтығыс нүктелері деген түрлері бар. Бұл қақтығыс нүктелері (орыс тілінде «предмет спора» немесе «предмет дебата») ең үлкен, ауқымды сұрақ үкімет сөйлеміне жауап беру мақсатында қолданылатын аргументтердің қақтығысатын орны болып табылады. Қақтығыс нүктелері де үкімет сөйлемі секілді үкімет пен оппозиция тараптарының қақтығысатын жерлерді қарастырады. Алайда үкімет сөйлемінен ауқымы мен бағыты бойынша ерекшеленеді. Қақтығыс нүктелері – өте тар тепе-теңдік нүктелері және олар үкімет сөйлеміне байланысты құрылған аргументтердің қақтығысы болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда: Үкімет сөйлемімен анықталған алаңдағы белгілі-бір аргументтердің қақтығысынан тұратын спецификалық аумақтар.
Үкімет сөйлемі
Қақтығыс нүктесі #1
Үкімет жағы
Оппозиция жағы
Қақтығыс нүктесі #2
Үкімет жағыОппозиция жағы
Үкімет жағыҚақтығыс нүктесі #3
ыОппозиция жағы
Егер, мысалы, пікірсайыс раундының қарары «БП қоғамдық жерлерде темекі шегуге тыйым салады» деген болса, онда үкімен және оппозиция топтары ойынның шешімін табу үшін нақты спецификалық аумақтар жайлы сөз қозғайтын болады. Осы нақты спецификалық аумақтар қақтығыс нүктесі деп аталады.
Екі тарап ойын кезіңде халықтың денсаулығы жайлы пікірталастыруы мүмкін. Үкімет тарапы қоғамдық жерлерде темекі шегуге тыйым салу темекі шеккісі келмейтін адамдарды пассивті темекі шегуден қорғайтынын дәлелдесе, оппозиция тарапы қоғамдық жерлерде пассивті темекі шегу сирек кездесетін дүние екенін тұжырымдайтын болады. Сонымен қатар командалар экономикалық мәселелер жайлы сөз қозғауы мүмкін. Оппозиция тарапы қоғамдық жерлерде темекі шегуге тыйым салу темекі шығаратын компаниялардың шығынға ұшырауына алып келетінін, себебі олар аз темекі өнімдерін сататын болғандығын, сонымен қатар темекі шығару бизнесі құлдырайтынын, себебі олардың өнімдерін алып жүретін тұтынушылардан келетін пайданың азаятындығын тұжырымдайтын болады. Осылармен қоса, командалар адамдардың құқықтары жайлы сөзталастыратын болады. Оппозиция тарапы темекі шегушілердің кез-келген жерде, тіпті қоғамдық орындарда да темекі шегуге құқықтары бар деген ой айтатын болса, үкімет тарапы олардан бұндай құқықты алып қоюға болатындығы жайлы, себебі олардың бұл іс-әрекеттері темекі шекпейтіндердің денсаулығына әсер етететіндігі жайлы және бұндай жағдайда (егер қандай да бір іс-әрекет басқа бір адамға негативті әсер ететін болса) олардың құқықтарын мемлекет ретінде алып қоюға болатындығы жайлы сөз қозғайтын болады.
БП
қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым
салады
Темекі шегу халықтың денсаулығына әсер етеді ма?
Үкімет
Оппозиция
Бұл тыйым салудың экономикалық нәтижелері қандай?
ҮкіметОппозиция
Темекі шегушілердің қоғамдық орындарда темекі шегуге құқықтары бар ма?
ҮкіметОппозиция
Қақтығыс нүктелері пікірсайысшылардың өзінің позициясын қорғау мақсатында айтылған аргументтердің нәтижесінде анықталады. Егер пікірсайысшы қандай да бір қарар белгілі бір экономикалық нәтижелерге алып келеді деп тұжырымдайтын болса, онда раундта экономикалық мәселе болады. Егер басқа қатысушылар қарар адамдардың жеке құқығына әсер етеді деп айтатын болса, онда раундта құқық мәселесі қозғалатын болады.
Бұл мәселелер қарсылас командалардың аргументтері арқасында пікірсайыс раундына енгізілетін болғанымен, оларға екінші қарсылас топ жауап бермегенше қақтығыс нүктесіне айналмайды. Егер темекі шегуге байланысты қарарда үкімет тарапы темекі шегу халықтың денсаулығына әсер етеді деп айтып, ал оппозиция тобы бұл ойға ешқандай қарсылық білдірмейтін болса, онда бұл мәселемен ештенке болмайды. Мәселенің қақтығыс нүктесіне айналмауы оның маңызды емес екендігін мүлдем білдірмейді. Егер ол қарсылыққа ұшырамаса, ол үкімет тарапына керемет мүмкіндік болуы мүмкін. Алайда, оппозиция тарапы бұл аргументтің маңызды емес екенін көрсете отыра ол аргументті елеңсіз қалдыруы мүмкін. Бұл жайлы кейінірек.
