- •Тепе-теңдік нүктесі
- •Үкіметтің сөйлемі:
- •Қақтығыс нүктесі
- •Үкімет сөйлемі
- •Қақтығыс нүктесі #1
- •Оппозиция жағы
- •Қақтығыс нүктесі #2
- •Оппозиция жағы
- •Қақтығыс нүктесі #3
- •Оппозиция жағы
- •Темекі шегу халықтың денсаулығына әсер етеді ма?
- •Оппозиция
- •Бұл тыйым салудың экономикалық нәтижелері қандай?
- •Оппозиция
- •Темекі шегушілердің қоғамдық орындарда темекі шегуге құқықтары бар ма?
- •Оппозиция
- •Тепе-теңдік нүктелерін басқару
- •Қақтығыс нүктесі #1
- •Оппозиция
- •Қақтығыс нүктесі #2
- •Оппозиция
- •Қақтығыс нүктесі #3
- •Оппозиция
- •Қақтығыс нүктесі #1
- •Қақтығыс нүктесі #2
- •Қақтығыс нүктесі #3
- •Қоғамның денсаулығы?
- •Оппозиция
- •Оппозиция
- •Экономикалық нәтижелер?
- •Оппозиция
- •Темекі шегушілердің құқығы?
Тепе-теңдік нүктесі
Тепе-теңдік нүктесі алғаш рет ежелгі грек және рим шешендерінің жазбаларынан кездеседі және екі бір-біріне қарама-қарсы аргументтердің кездесетін жері ретінде сипатталады. Егер біз сіздермен қай жерге барып түскі ас ішеміз деген сұраққа пікірталастыратын болсақ (мен суши, ал сіздің көже ішкіңіз келсе), біздің пікірталастың тепе-теңдік нүктесі біздің қай орында барып тамақ ішуіміз болады. Пікірсайыста тепе-теңдік нүктесі дегеніміз біздің аргументтеріміз бен қарсыластарымыздың аргументтері қақтығысатын жер болып табылады. Яғни екі аргумент бір-бірімен қақтығыспай тұрып ол нүкте тепе-теңдік нүктесі ретінде болады және сіздің міндетіңіз осы тепе-теңдің нүктесін өзіңіздің жағыңызға қарай аудару. Егер де мен Үндістан БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінде тұрақты мүшесі болу керек деп тұжырымдасам, ал сіз осыған қарсы шықсаңыз, біздің пікірталастағы тепе-теңдік нүктесі – Үндістанның БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінде тұрақты мүше болуы керек па, әлде жоқ па деген сөзталас болады. Пікірсайыста тепе-теңдік нүктесінің екі түрі кездеседі: 1) Үкіметтің сөйлемі және 2) қақтығыс нүктесі.
Үкіметтің сөйлемі:
Пікірсайыста үкімет сөйлемі – командалардың сөзталастыратын ең үлкен ортақ тепе-теңдік нүктесі. Ол екі қызметті атқарады: біріншіден, алаңды құрастырса, екіншісі, осы алаңды жарысатын екі тарапқа бөледі.
Бірінші қызмет пікірталастыратын зат пен аргументацияларды анықтап алу мақсатында қолданылады. Сонымен қатар маңыздысы, бұл қызмет, қажет емес сұрақтарды шегеріп тастау мақсатында қолданылады. «Жазылмайтын аурумен ауыратын пациентерге эвтаназияны қолдануға рұқсат беру керек» деген тақырыпта эвтаназия деген не, ол дәрігерлерге қалай әсер етеді немесе эвтаназия керек па деген аргументациялар талқылануы мүмкін. Алайда, бұл дебат марихуананы көңіл-көтеру мақсатында қолдану туралы аргументтерді қоспайды, бұндай аргументтер үкімет сөйлемімен шегеріліп тасталған болатын.
Үкімет сөйлеміне
қатысты емес аумақ
Үкімет сөйлеміне
қатысты аумақ
Үкімет сөйлемі
Оппозиция аумағы
Үкімет аумағы
Қарар
Көбінесе, пікірсайыстағы қарарлар үкімет сөйлемі ретінде ұсынылады. Мысалы, «БП қызды алып қашушыларды қылмыстық жауапкершілікке тартады» деген тақырыпта үкімет сөйлемі анық: үкімет тобы қыз алып қашушылық қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек деген тұжырым айтатын болса, оппозиция оның қылмыстық жауапкершілікке тартылатын іс-әрекет түрі емес екенін дәлелдейтін болады. Раундтағы қатысушылар мен көрермендер үкімет тарапынан қыз алып қашушыларды жазалау керек деген аргументтерді, ал оппозиция тарапынан жауапкершілікке тарту бұл қылмыс түрін азайтатын тәсіл емес екендігі туралы аргументтер күтетіндігі анық.
Басқа ситуацияларда, үкімет сөйлемі қарардың тақырыбен сәйкес келмеуі мүмкін. Бұндай жағдай екі себептен болуы мүмкін: ол жайлы кейінірек.
