Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_na_bilety_po_sayasat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.76 Кб
Скачать

34. Саяси процеске қатысу түрлері

Саяси процеске қатысу түрлері Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Біріншісінде, саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы, екіншісінде, азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді. Өкілдік органдар аркылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді. Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісі — институционалданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын білдіреді. Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсенділігін білдіретін түрі — сайлауға қатынасу. Сайлау жүйелі, заң белгілеген уақытта өткізіледі. Президент, жоғары заң шығарушы органдардың мүшелері әдетте 4—6 жылға сайланады. Бұл мерзім үміткерге берген уәделерін орындауға және саяси басқарудың сабақтастығын жалғастыруға, тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті деп саналады. Жергілікті органдар қысқарақ мерзімге сайланады. Себебі, олардың алдында тұрған мәселелер жеңілірек шешіледі және қала немесе округте жағдай жылдамырақ өзгеріп тұрады. Кезекті сайлау күні заң шығарушы орган немесе мемлекет басшысының жарлығымен белгіленеді. Сайлау күні хабарланғаннан бастап, ресми түрде сайлау науқаны басталады. Сайлаушылардың тізімі жасалады, үміткерлерді ұсыну және тіркеу, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Сайлау өткізіледі. Ол біткен соң берілген дауыстар есептеледі, сайлаудың қорытындысы хабарланады. Сайлау процесі сайлау округінде жүргізіледі. Елдің, республиканың, штаттың аумағы округтерге бөлінеді. Олардың халқы бір немесе бірнеше үміткерді ұсынады. Жергілікті органдарды сайлау үшін сайлаушылар саны аз, кішкентай округ құрылады. Оған қалалық ауданнан немесе кварталдан, кішігірім ауылдан бір депутат сайланады. Жоғары заң шығарушы органдарды сайлағанда бірнеше кіші округтар қосылып, облыстан, аймақтан бір депутат сайланады. Бір округтан бір депутат сайланса, бір мандатты, бірнеше депутат сайланса, көп мандатты округ деп аталады. Сайлау науқанының бастапқы сатысында шешуші рөлді саяси партиялар атқарады. Олар үміткерлерді таңдайды, оларға қаржы, ұйымдастыру жағынан көмектеседі, митингілер, жиналыстар өткізеді, үміткерлерді сайлаушылармен кездестіреді, ақпарат құралдары, теледидар арқылы сөйлеуге мүмкіндік жасайды. Сайлаушылар өз таңдауын жан-жақты ойланып, саналы түрде жасауы тиіс. Олар қай партияның, қай үміткердің бағдарламасы өз көзқарасына, мақсат-мүддесіне көбірек сай келетінін жақсы ойластырғаны жөн. Демократиялық саясаттың талабына сай партиялар мен үміткерлер сайлау науқанын бәріне бірдей, тең жағдайда жүргізуі керек. Бірақ іс жүзінде оны орындау қиын. Халықтың ауқатты жігі қолдайтын партиялардың мүмкіншілігі мол болады. Оларға көмек көп көрсетіледі. Теледидарды, радионы, ақпарат құралдарын кеңінен пайдалануға жағдайлары келеді. Ал кішігірім партиялардың ондай мүмкіншілігі аз келеді.

35. Саяси процесс, саяси әрекет, саяси шешім.

Саяси шешім - саясат саласында нақты нәтижеге қол жеткізу мақсатында саяси іс-қимылдарды жүзеге асыруға бағытталған қаулы. Саяси іс-әрекет субъектісімен қабылданады. Саяси шешім ғылыми негізделуі, уақыт талабына сай болуы керек. Саяси шешім үрдіс ретінде бірнеше кезеңдерді басынан кешіреді: дайындық, дайындау, қабылданған шешімді таңдау және жүзеге асыру, қол жеткізген нәтижелерге талдау жасау. Дайындық кезеңінде саяси шешімді қабылдауға қажет уақыт, ресурс анықталады. Саяси шешімді дайындау кезеңінде мәселені талдауға көп көңіл бөлінеді. Мәселенің өзектілігі, шығу себептері, оның салдары, т.б. Саяси шешімді таңдау кезеңі ақпаратты өңдеуге, оны таңдауды негіздеуге пайдаланылады. Жүзеге асыру кезеңі саяси шешімді жүзеге асыру іс-қимылдарынан, оны түсіндіру мен кедергілерден арылудан түрады. Қол жеткізген нәтижелерді талдау, бағалау соңғы кезең болып табылады. Саяси шешімді қабылдаудағы бұл сатылық оның тиімділігін арттырады.

Саяси өзара іс-әрекет - саяси қызмет барысындағы әртүрлі саяси субъектілердің өзара бір-біріне ықпалы, саяси үрдіс қарқыны мен саяси даму сипатын анықтайтын саяси жүйенің қызметтерін жүзеге асыруға қажетті жағдай. Саяси өзара іс-әрекет түрлері: консенсус, үстемдік, бақылау, келісім, одақ, блок, бейтараптық, дау-жанжал, ықпалдастық, ынтымақтастық, күрес, басқару және т.б. Демократиялық қоғамдағы саяси өзара іс-әрекет мақсаты - әртүрлі саяси күштердің мүдделерін келістіруге қол жеткізу.

Саяси процесс 1) қоғамның саяси жүйесінің, құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы, өзгеруі; 2) түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, т.с.с. Саяси процесс - күрделі құбылыс. Ол күнделікті озгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. әлеуметтік субъектілер (топтар, таптар, жеке адамдар, т.б.) қызметінің жиынтығы. Осыған байланысты қоғамда әртұрлі өзгерістер болып отырады. Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін 4 сатыға, кезеңге белуге болады: 1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін; 2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Жеңіске жектен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді; 3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек; 4. Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жүмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]