- •1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы.
- •2. Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері
- •3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары
- •4. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар
- •Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар. Биліктің қызметтері мен жіктелуі.
- •Саяси билік пен мемлекеттік билік.
- •9)Биліктің легитимділігі.
- •10) Саяси тәртіп (авторитарлық, тоталитарлық және демократиялық режимдер).
- •11) Саяси жүйе туралы ұғым, құрылымы, жіктелуі
- •29. Саяси жанжалдар
- •30 Саяси жанжалдар мен дағдарыстарды реттеудің әдістері мен түрлері
- •31 Этносаяси жанжалдар
- •33. Саяси процестің жіктелуі.
- •34. Саяси процеске қатысу түрлері
- •35. Саяси процесс, саяси әрекет, саяси шешім.
- •36. Саяси даму мен бейімделудің мәні
- •41.Егеменді қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде
- •42.Дүниежүзілік саясат.Мәні мен түсінігі.Геосаясат түсінігі.
- •44. Хх Ғасырдың 2-ші жартысындығы халықаралық тәртіп,қарсы күресу жүйелері
- •47. Қазақстанның 2050 даму стратегиясының басты мақсаты. Жеті ұзақмерзімді приориттер.
- •49. Қр Сыртқы саясаты мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту.
- •50. «Мәңгілік ел» - ұлттық идеясының мазмұны.
Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар. Биліктің қызметтері мен жіктелуі.
Билік саясаттың саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге көмектеседі. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген екен. Ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген. Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс {1902 - 1979) экономпкалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деп тұжырымдаған. Билік туралы мынандай тұжырымдамалар бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік,конфликтілік. Сонымен билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады. Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сонымен билік дегеніміз не? Қазіргі ғылыми әдебиетте биліктің бес анықтамасы бар:
Бихевиористік анықтама. Бұл анықтама бойынша билік адамдардың мінез-құлқына әсер ету мүмкіндігіне негізделген айрықша мінез-құлық түрі болып табылады.
Телеогиялық анықтама. Ол бойынша, билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жету.
Инструменталистік билік анықтамасы бойынша билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады, мәселен зорлық, күштеу т.б.
Структуралистік билік анықтамасы бойынша билік:билік жүргізушілер мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.
Конфликтілік билік анықтамасы бойынша иеліктерді даулы жағыдайларда бөлісуді үйлестіру құралы ретінде түсіндіріледі.
Биліктің белгілері: 1) Қоғамдық өмірді реттеушілік монополиялығы; 2) Қоғамға және жеке адамға мәжбүрлеу етудің мүмкіндігі; 3) Үстемдік ықпалының басымдылығы; 4) Билік басқарушылық аппаратының болуы.
Билік мынандай қайнар көздерге негізделеді - күш, байлық, статус, ұйым, білім мен ақпарат.
Биліктің қызметтері, жіктелуі: Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару мақсатында, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп үш тармакқа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк(1632 - 1704)пен француз ғалымы Ш.Л. Монтескье (1689 - 1753) болды. Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскермен қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау жасайды.
Саяси билік пен мемлекеттік билік.
Саяси биліктің қоғамда жүзеге асуында әр түрлі құралдарды қамтамасыз етіп, пайдаланады. Ғылыми әдебиеттерде олар биліктің ресурстары деп аталады. Биліктің ресурстарын жалпы мынандай түрлерге бөлуге болады:
- экономикалық (материалдық қажеттіліктер)
- әлеуметтік (статусты өзгертуге арналған құралдар)
- күш ресурстары (әскер, қару жарақ, полиция)
- ақпараттық (білім және ақпараттық құралдар)
- демографиалық (адам- ең негізгі әләуметтік құрал).
Саяси биліктің өз ерекшеліктері бар. Біріншіден - ол адамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың қоғам экономикасындағы рөлі басым болады да, қоғам сол топ мүддесі тұрғысынан басқарылады. Екіншіден - қоғамдағы басшылық көбінесе сол топ өкілдерінің қатысуымен мемлекет арқылы, қоғамдық-саяси ұйымдар мен саяси көсемдер арқылы жүргізіледі. Үшіншіден - саяси биліктің арнайы басқару ісімен шұғылданатын ерекше кәсіби топтардың болуы. Саяси биліктің қасиеттерінің бірі - оның ең жоғарғы, басты айқындаушы, шешуші күш ретіндегі ықпалы. Екінші қасиет- биліктің иерархиялық сипат алуы. Келесі қасиет- үстемдікті шоғырландыруға және монополизациялауға ұмтылу.
Мемлекеттік билік саяси биліктің бір түрі. Оның ерекшеліктері: 1) Ол белгілі бір территориясында ерекше аппарат арқылы жүргізілетін билік. 2) Мемлекеттік билік өзінің күштеу аппаратына сүйенеді. 3) Мемлекеттік билік монополиялық сипат алады.Қазіргі демократиялық дамыған елдерде саяси биликтің тұрақтылығы оның легитимділігіне байланысты. Биликтің легитимділігі деп оның заңдылығын айтады. Бірақ оның тек қана заңға сәйкестілігі емес, сонымен қатар билікті қоғамдағы мүшелердің оны өз еркімен қабылдауы заңы. Ондай кезде қоғамдағы халық берілген билікке өз сенімін білдіреді және өз еркімен оны қабылдайды. Легитимді биліктің идеалды түрлерін М.Вебер талдаған. Ол легитимді биліктің мынадай 3 түрін ажыратқан: дәстүрлі, харизматикалық, легальды – рационалдық.
