- •1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы.
- •2. Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері
- •3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары
- •4. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар
- •Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар. Биліктің қызметтері мен жіктелуі.
- •Саяси билік пен мемлекеттік билік.
- •9)Биліктің легитимділігі.
- •10) Саяси тәртіп (авторитарлық, тоталитарлық және демократиялық режимдер).
- •11) Саяси жүйе туралы ұғым, құрылымы, жіктелуі
- •29. Саяси жанжалдар
- •30 Саяси жанжалдар мен дағдарыстарды реттеудің әдістері мен түрлері
- •31 Этносаяси жанжалдар
- •33. Саяси процестің жіктелуі.
- •34. Саяси процеске қатысу түрлері
- •35. Саяси процесс, саяси әрекет, саяси шешім.
- •36. Саяси даму мен бейімделудің мәні
- •41.Егеменді қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде
- •42.Дүниежүзілік саясат.Мәні мен түсінігі.Геосаясат түсінігі.
- •44. Хх Ғасырдың 2-ші жартысындығы халықаралық тәртіп,қарсы күресу жүйелері
- •47. Қазақстанның 2050 даму стратегиясының басты мақсаты. Жеті ұзақмерзімді приориттер.
- •49. Қр Сыртқы саясаты мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту.
- •50. «Мәңгілік ел» - ұлттық идеясының мазмұны.
3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары
Саясаттану парадигмалары- саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісі. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгібір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік,әлеуметтік және тиімді сыни деп жүйелеуге болады.
Теологиялық парадигма саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінген.
Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда,географиялық ортамен,биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді. Географиялық ортаның саясатқа ықпал етуін теориялық түрде негіздеген француз ойшылы Ж.Боден болды. Оның идеясын одан әрі дамытқан Ш.Монтескье. Оның ойынша географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын, мемлекеттің құрылыс түрін, қоғамдық құрылыстың сыр-сипатын айқындап, саясатында шешуші рөл атқарады. Саясатты биологиялық себептермен түсіндірушілер ( П.Майер, К.Лоренц) саяси процесті адамның туа біткен физиологиялық қасиеттерімен байланыстырады. Ал психологиялық бағыттың негізін қалаушылар саяси даму процесін адамның психологиялық қасиеттерімен түсіндіреді. Бұл бағыттың негізін қалағандар Г.Тард, Г.Лебон, Э.Дюркгейм.
Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді.
Тиімді сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Оны жанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады. Жанжалдық парадигма XIX г. пайда болды. Оның негізін қалағандар -К.Маркс, А.Бентли, Земмель және т.б. Олар саяси өмірде дау-жанжал, шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Мәмілеге келу (консенсус) парадигмасының өкілдеріне М.Вебер, Т.Парсонс жатады. Олар саяси әмірдегі дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды. Халықтың арман-аңсарының, негізгі әлеуметтік және мәдени құндылықтарының, бағдарларының бірлігі адамдар арасында туатын қайшылықтарды саналы түрде реттеп, шешуге, қоғамда тұрақтылық пен ынтымақтастықты орнатуға көмектеседі.
4. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артықка созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды. Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Соңдықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин еді. Оның саяси көзқарастары «Құдай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және кұкықтық мекемелер мен зандарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіңдігін береді, яғни ол өз бетімен немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский болды. Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның жиынтығы» деген еңбектерінде каралды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Фоманың ойынша билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс. Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс. Басында солай болды да. Бірақ 945 жылдан бастап имамдар негізінен діни беделмен шектеліп, нағыз билік аксүйек-сұлтаңдарға ауысты. XX ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар католик шіркеуінің озбырлығына, оның діни қатқан кағидаларына қарсы шығып, адам құқығын, ар-намысын қорғауға шақырды. Бұл дүниедегі кызыктан бас тартуды уағыздайтын католик көзқарастарына ақыл мен тәжірибенің құдіретіне сенуді карсы койды. Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл бағыт «гуманизм» деп аталады. Жаңа буржуазиялық идеологияны жасау үшін антикалық дәуірдің үлгілерін, идеалын пайдаланғандықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу деп те атайды. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялык саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли болды. Оның атақты шығармалары «Патша», «Флоренцияның тарихы». Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың карым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады.
БИЛЕТ 6
Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі — Жүсіп Хас-хаджиб Баласағұни (1021-1075). Ол - ақын, философ, қоғам қайраткері болған. "Құтадғу білік" (Құтты білік) деген дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған. Мұнда адамның тағдыры, қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы, т.с.с берілген. Өмірден әділ заңды, еркіндікті аңсаған. Қазақ халқының, тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Олар Қасым, Есім, Тәукехандар, "Қасымханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған. Ол "халық кеңесі" мен "Билер кеңесін" тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырады.
Қазақтың белгілі ойшысы-ШоқанУалиханов (1835-1865). Ол ғалым. ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, зерттеуші. Халықты патша-шенеуліктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылықтарынан қорғауды, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасауды өзінің мақсат-мүдесі деп білді. Шоқанның ойынша, халықты қанаудан құтқару үшін билікті жою керек, сонда ғана халық бақытты болады. Қазақ еліндегі тәртіпті өзгертудің жолдарын іздеді. Қоғамдық құрылыстың жаңартудың жолы ретінде реформаны таңдады. "Сот реформасы жайындағы хат" деген еңбек жазды. Сол реформаны іске асыру үшін көп зерттеулер жүргізген.
Саясатқа ат салысқан тұңғыш ұстаз - Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) халықты дүниеге "дұрыс көзқараспен" қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойған. Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнаған. 1887ж. Ырғызда 20 адамдық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашқан.
Қазақ даласының ғұлама ойшылы - Абай Құнанбаев (1845-1904). Ол қазақ халқының мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік- керектігіне назар аударды. Ол адамның "ақыл, ғылым, қайрат" арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп, асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Жиырмасыншы жүзжылдықтың қарсаңы мен басталар шағында қазіргі Қазақстанның сол кездегі аумағында тұратын халықтардың өмірі, экономикасы мен әлеуметтік қарым-қатынастары ірі өзгерістерге ұшырағаны мәлім.
Әлихан Бөкейханов пен Бақытжан Қаратаев - ХХ ғасырдың бастапқы онжылдықтарындағы қазақ саяси ойын заман талабына сай туындата отырып дамытқан аса көрнекті тұлғалар еді. Екеуі де отарлық езгідегі туған халқына қызмет етуді мұрат етті, бірақ екеуінің бұл орайдағы көзқарасы, ұстанымы мен таңдаған жолы екі бөлек болды. Патша тақтан түскенге дейін және ақпан революциясынан кейінгі жарты жыл бойына Бөкейханов кадет партиясы қатарында қызмет етті. Ал Қаратаев саясат алаңында қазақ кадеттерінің серкесі ретінде көрінер-көрінбестен, одан тез айнып, мұсылман ұйымына көбірек үйірілді (2-Думада мұсылмандар фракциясына тіркелді), 1917 жылға дейін социал-демократтарға жақын жүрді. 10-жылдары Бөкейханов қазақтың дәстүрлі шаруашылық жүргізу тәртібін сақтауға, ал Қаратаев қазақты отырықшылыққа көшуге үндеді. “Батысшыл” Бөкейханов пен “шариғатшыл” Қаратаевтың оқу-ағарту, дін істеріне көзқарастары да екі түрлі болатын. Тіпті, халықтың мұң-мұқтажын талқылау үшін бас қосып ақылдасу, баскөтерер азаматтармен жиналыс өткізу мәселесінде де олар қарама-қарсы пікірде болды. Қаратаев съезд шақыруға ниеттенгендерді қолдады, ал Бөкейханов оны керексіз деп тапты, пікір алмасуды баспасөзде жүргізген жөн деді. Тиісінше — әрқайсысының өз пікірлестері және ел арасында беделі зор “Қазақ” газеті мен “Айқап” журналы сынды өз саяси мінберлері бар еді. Қазақ жерінде саяси сананың дамуына XIX ғасырдың аяғы XX ғ. басында пайда болған алғашқы зиялылар қауымы да ықпал етті. Оларға: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Б.Қаратаев, Халел және Жаһанша -Досмұхамедовтерді жатқызуға болады.
БИЛЕТ 5
XIX ғ. бірінші жартысында қоғамдық санада марксистік саяси идеялар пайда болды. Оның негізін К. Маркс (1818-1883 жж.) пен Ф. Энгельс (1820-1895 жж.) салған еді. Олар социалистік революция мен пролетариат диктатурасы туралы ілімді жасады. Пролетариаттың саяси партиясы – Компартия, ол жұмысшылардың қозғалысына басшылық жасауға тиіс деген қағиданы негіздеді. Олар мемлекеттік құрылымда жан-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келді. Ол үшін жұмысшы табы таптық күрестің негізінде қоғамдық-саяси жүйеде социализмді орнатуы тиіс деді. Табиғаттағы адамның мәні тек қоғамдық адамға ғана қолданылады, тек қана қоғамда табиғат адам үшін, адамдарды өзге адамдармен байланыстыратын бөлім, басқалар үшін болмыс және ол үшін де болмыс, адамның іс-әрекетінің өмірлік құралы болып табылады, тек қоғамда табиғат адам болмысының негізі ретінде қарастырылады. Тек қоғамда ғана оның табиғи мәні ол үшін адами болмысқа айналады және табиғатта ол үшін адамдар қалыптасады. Осылайша, қоғам адамның табиғатпен өзара аяқталған бірлігі, табиғаттың шынайы қайта жандануы, жүзеге асырылған адами натурализм және табиғатқа адамгершілікпен қарау болып табылады». Сонымен, К. Маркс қоғам - адамның өмірде тіршілік етуінің негізі. Тек қоғамда ғана адам шын мәнісінде жетіліп, оның табиғи, саяси, әлеуметтік, құқықтық, экономикалық және т.б. мұрат-мүдделері мен қажеттіліктері жүзеге асырылады деп ой қорытады..
