Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_na_bilety_po_sayasat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.76 Кб
Скачать

49. Қр Сыртқы саясаты мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту.

Халықаралық қауіпсіздікті нығайту Қазақстан сыртқы саясатының аса маңызды басымдық­тарының бірі болып табылады. Аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша дәйекті жұмыс жасай отырып, әділетті және демократиялық әлемдік тәртіпті орнатуға сүбелі үлес қоса отырып, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бітімгершілік бастамаларын ілгерілете отырып, Сыртқы істер министрлігі өзінің ең маңызды міндеттерінің бірі – Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтастығын, ұлттық қауіпсіздігін және қорғаныс қабілетін нығайтуды жүзеге асырып келеді.Осы бағыттағы маңызды жаңа қадам үстіміздегі жылғы 6 мамырда БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде ядролық «бестік» өкілдері – АҚШ, Қытай, Ресей, Франция және Ұлыбританияның Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шарттың (ОАЯҚТШ) Хаттамасына қол қоюы болып табылды. Осы арқылы аталған аймақтың заң жүзінде құрылуына жаңа маңызды қадам жасалды, ал мойындалған бес ядролық держава Шарттың қатысушылары болып табылатын бес елге қарсы ядролық қаруды қолданбауға кепілдік берді.Бұл жәйт көпжақты дипломатияның ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы ай­тарлықтай жетістігі болып табылады, сондай-ақ, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуда шын мәнінде аса зор маңызға ие.Ядролық қарусыздану және таратпау саласында халықаралық деңгейде мойындалған көшбасшы ретінде Қазақстан Хаттамаға қол қоюда маңызды рөл атқарды. Үстіміздегі жылғы наурыз айында Гаагада өткен Ядролық қауіпсіздік туралы саммитте сөз сөйлеген Президент Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздіктің жалғыз ғана кепілі болып табылатын жалпыға ортақ ядролық қарусыздануға шақырып, «Біз «ядролық бестік» мемлекеттерінің Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шарттың қатысушы елдеріне қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ететін хаттамаға тез арада қол қоятындығына үміт артамыз», деп мәлімдеген еді.

Біздің ведомство ядролық елдерден қауіпсіздіктің теріс кепілін (яғни, ядролық қаруды қолданбау және ядролық қаруды қолдану қаупін болдырмау туралы кепілдік) алу міндетін барлық Орталық Азия елдері атынан «ядролық державалармен» келіссөздер өткізу арқылы дәйектілікпен жүзеге асырып отырды.Әлемдегі көлемі жағынан төртінші зымырандық-ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарту, Семей ядролық сынақ полигонын жабу және оның инфрақұрылымын жою, Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру, Мемлекет басшысының БҰҰ шеңберінде ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу бойынша Жалпыға ортақ декларация қабылдау туралы бастамалары, АТОМ жобасын жүзеге асыру, Қазақстанда МАГАТЭ-нің халықаралық төмен байытылған уран банкін орналастыру, сонымен қатар, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер өткізуде өз алаңымызды ұсыну – ядролық қаруды таратпау және ядролық қарусыздану мәселесіне еліміздің іс жүзінде қосқан үлесінің толық емес тізімі, міне, осындай.

50. «Мәңгілік ел» - ұлттық идеясының мазмұны.

Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.  «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Бұл дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Әрбір Жолдауында Ұлт Көшбасшысы халықтың жағдайын бір сәтке де ұмытқан емес. Күні бүгінге дейін айтылған міндеттердің бәрі жыл өткен сайын бірте-бірте орындалу үстінде. Өз тәуелсіздігінің жиырма екі жылын артта қалдырған егеменді еліміз бүгінде жаңа экономикалық өрлеу жолында. 

Ал ендігі кезекте 2050 жылға дейінгі мақсат пен міндеттерімізді айқындап алуымыз — заңды құбылыс. Елбасының «Қазақстан жолы — 2050» Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Жолдауы жастарға да үлкен аманат жүктеп, салмақты жүк арқалатып отыр. Елбасы өз сөзінде: «Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген болатын. Мемлекет болса, өз тарапынан жастардың сапалы білім мен саналы тәртіп алуына, қажетті мамандықты игеруіне, өз арман-мақсаттарын жүзеге асырулары үшін бар мүмкіндіктер жасап келеді. Осыларға әлемдік деңгейдегі Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері, «Болашақ» бағдарламалары дәлел. Біздің ата-аналарымыз жете алмаған мұрат-мақсаттар, мүмкіндіктер, біздің алдымызда айқара есігін ашып тұр, біз өз кезегімізде осы мүмкіндіктерді іске асыру барысында бар күш-жігерімізді аямай, табысты жұмыс жасауымыз қажет. Осы Жолдау қазақстандық жастарды біріктіріп, биік белестерден көрінуге апаратын жарқын жол іспеттес. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы — 2050» Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауын әрбір қадамын сенімді басқан мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтар қатарынан қалмай, болашақты оптимисттік көзқараспен болжамдап, өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдей алатын, өркениетті даму жолындағы жаңа бағыттарын айқындаудың жолы деп білеміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]