Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 Конструкция зданий 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216.06 Кб
Скачать

3.0 Сәулет-құрылыс бөлімі

3.1 Жалпы бөлім

Курстык жобаның тақырыбы: Орал қаласына арналған, жоспарда төртбұрышты техникалық жертөлесі және салқын шатыры бар « ірі панельді 4 секциялы 9 қабатты 143 пәтерлі тұрғын үй». Құрылыс алаңы - Орал қаласында. Жоба ҚНжЕ-ге байланысты орындалған. Ғимараттың жобасы әр қабатта 2, 3 бөлмелі пәтерлердің орналасу есебімен жасалған.

Қабаттың биіктігі еденнен еденге дейін – 2, 8 метр. Техникалық жертөледе инженерлік коммуникациялар орналасқан.

Ғимараттың конструктивтік схемасы көлденең салмақ түсетін қабырғалармен шешілген. Ғимараттың кеңістіктегі қаттылығы аражабын плиталарының сыртқы бойлық және көлденең қабырғалардың бірлескен жұмысы арқылы қамтамасыз етіледі.

Ғимараттың қабырғасы жіктері өңделген панельден қаланған. Төбесі – шатырдан, ағаш итарқалар жүйесінен, шатыры – зауыт жағдайында боялған профтөсеммен жабылған. Суағар – сыртқы, ұйымдастырылмаған.

Жылу көзі - орталықтандырылған.

Желдету – табиғи желдеткіштер арқылы және жасанды вентиляциялық шахталар арқылы.

Электр көзі – сыртқы байланыс арқылы қамтамассыз етіледі.

Ғимараттың класы – ІІ

Отқа төзімділік класы – ІІ

Ұзақтылық класы – ІІ

Сыртқы ауаның есептік температурасы - 300

Қар жүктемесі -50 кг/см2

Ылғалдылық аймағы – нормалық

Барлық бөлмелер жеткілікті табиғи жарықтандырумен қамтамасыз етілген.

3.2 Бас жоспар

Бас жоспар ҚНжЕ 3.01-01-2002 «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді-мекендердің құрылысы мен жоспарлануы» талаптарына сай құрастырылған.

Жоспарланған схемаларды жасақтау кезінде ҚНжЕ ҚР 3.02.02-2001 «Азаматтық ғимараттар мен үймәреттер» талаптары ескерілген. Ғимарат өлшемі 105,6м х 11,4 м учаскеде, қызыл сызықтан 6 м арақашықтықта орналасқан. Ғимараттан басқа алаңда дүкен, жатақхана, басты жол, балалар алаңы, қоқыс алаңшасы, автотұрақ орналасқан. Алаңда ені 3.5 метр болатын, қатты асфальтпен төселген жолдар қарастырылған, тротуарлар 1.5 м.

Аймақты көгалдандыру мен жайлылық жұмыстары ҚНжЕ ІІ бөлімінің «Қалалық және ауылдық елді-мекендердің құрылысы мен жоспарлануы» талаптарына сәйкес жүргізіледі. Аймақта қылқын жапырақты, топтап отырғызылған ағаштар және еркін өсетін талдар мен гүлзарлар отырғызылып, жасыл алаң төселген.

Бас жоспардың Т.Э.К-і

п\п

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1.

Алаңның ауданы

м2

23955.2

2.

Құрылыс ауданы

м2

1204.4

3.

Жол төсемінің ауданы

м2

1806,34

4.

Көгалдандыру ауданы

м2

2216

5.

Құрылыс пайызы

%

21

6.

Көгалдандыру пайызы

%

54

Бас жоспар экспликациясы

п\п

Атауы

Өлшем бірлігі

Ауданы

1.

Жобаланатын ғимарат

м2

1204,4

2.

Орналасқан ғимарат

м2

1200,0

3.

Дүкен

м2

240,0

4.

Балалар алаңы

м2

375

5.

Фонтан

м2

6,0

7.

Итпен серуендеу алаңы

м2

450,0

6.

Футбол алаңы

м2

600,0

7.

Демалатын орын

м2

720,0

8.

Автотұрақ

м2

200,0

9.

Қоқыс контейнерлері

м2

7,0

10.

Басты жол

м2

720,0