- •Мазмұны
- •Объектіге мінездеме
- •Темірбетон және ағаш бұйымдарының спецификациясы
- •Жұмыс көлемінің көрсеткіші
- •Жұмыс өнімділігінің әдістерін таңдау
- •Еңбек шығынының көрсеткіші
- •Күнтізбелік жоспар
- •Жұмысшылар легінің графигі
- •Машина мен механизмнің жұмысының графигі.
- •Материалды кіргізу және шығару есебі
- •Күнтізбелік жоспарға тэк
- •Құрылыс бас жоспар
- •Құрылыс басжоспар есебі
- •Қоймалар мен алаңдардың есебі
- •Уақытша ғимараттар мен үймәреттердің есебі.
- •Құрылысты уақытша сумен қамтамасыз ету есебі.
- •Уақытша электр құрылғысымен қамтамасыз ету есебі
- •Құрылыс бас жоспарға т. Э. К.
- •Қауіпсіздік техникасы
- •Қоршаған ортаны қорғау
- •Қолданылған әдебиеттер
Мазмұны
Кіріспе
Объектіге мінездеме
Темірбетон және ағаш бұйымдарының спецификациясы
Жұмыс көлемінің көрсеткіші
Жұмыс өнімділігінің әдістерін таңдау
Еңбек шығынының көрсеткіші
Күнтізбелік жоспар
Жұмысшылар легінің графигі
Машина мен механизмнің жұмысының графигі
Материалды кіргізу және шығару есебі
Күнтізбелік жоспарға Т. Э. К.
Құрылыс бас жоспар
Құрылыс бас жоспар есебі
Қоймалар мен алаңдардың есебі
Уақытша ғимараттар мен үймәреттердің есебі
Құрылысты уақытша сумен қамтамасыз ету есебі.
Уақытша электр құрылғысы қамтамасыз ету есебі
Құрылыс бас жоспарға Т. Э. К.
Қауіпсіздік техникасы
10. Қоршаған ортаны қорғау
11. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Құрылыстың қарқынды дамуы жер бетінде көптеген жаңа қалалардың пайда болып, олардың санының артуына алып келді. Сонымен қатар, бұрынғы шағын қалалар барған сайын қанатын кең жайып, агломерациялық үдерістерді дамытты. Агломерация сөзін қазақ тіліне тура мағынасында аударатын болсақ, «қосып аламын», «қоршаймын» деген ұғымды білдіреді екен. Қалалардың қарқынды даму нәтижесінде айналасындағы елді-мекендердің сол қалаларға қосылып кетіп жатқан үдерістері біздің Қазақстанымызда да аз емес. Міне, осындай жағдайларды қазіргі күні Астана қаласының көріністерінен анық байқаймыз. Бұл қалада бұрын біздің өңірімізде болмаған небір ғажайып ғимараттар мен сарайлар тұрғызылуда. Тұрғын үйлердің бойлары да биіктеп барады. Қазіргі күні 100-120 қабаттық үйлер тұрғызу адамзат қауымына көп қиындыққа түспейтін болды. Тек жобасын талапқа сай дайындап, қажетті материалдарды пайдалана білсеңіз болғаны. Жалпы, құрылыс саласының дамуына ықпал ететін факторлар бірнеше себептерден тұрады екен. Соның ішінде бастылардың бірі – елде әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсарып, халықтың үй сатып алатындай жағдайының болуы. Міне, осы бір фактордың нәтижесінде ғана алғашқы кезде елімізде құрылыс қарқындап жүріп берді. Бірақ ендігі кезекте басқа да факторлардың іске қосылуы қажет. Солардың алдыңғы қатарында құрылыс материалдары өндірісінің дамуының маңызы зор екен.
Объектіге мінездеме
Орал қаласына арналған, жоспарда төртбұрышты техникалық жертөлесі және техникалық қабаты бар « ірі панельді 4 секциялы 9 қабатты 143 пәтерлі тұрғын үй». Ғимарат өлшемі 105,6м х 11,4 м учаскеде, қызыл сызықтан 6 м арақашықтықта орналасқан.
Құрылыс алаңы - Орал қаласында. Жоба ҚНжЕ-ге байланысты орындалған. Ғимараттың жобасы әр қабатта 2, 3 бөлмелі пәтерлердің орналасу есебімен жасалған.
Қабаттың биіктігі еденнен еденге дейін – 2, 8 метр. Техникалық жертөледе инженерлік коммуникациялар орналасқан.
Ғимараттың конструктивтік схемасы көлденең салмақ түсетін қабырғалармен шешілген. Ғимараттың кеңістіктегі қаттылығы аражабын плиталарының сыртқы бойлық және көлденең қабырғалардың бірлескен жұмысы арқылы қамтамасыз етіледі.
Ғимараттың қабырғасы ірі панельдерден тұрғызылған. Төбесі – тегіс шатырмен жабылған. Сыртқы суағар – ұйымдастырылмаған.
Жылу көзі - орталықтандырылған.
Желдету – табиғи желдеткіштер арқылы және жасанды вентиляциялық шахталар арқылы.
Электр көзі – сыртқы байланыс арқылы қамтамассыз етілген.
Ғимараттың класы – ІІ
Отқа төзімділік класы – ІІ
Ұзақтылық класы – ІІ
Сыртқы ауаның есептік температурасы - 300
Қар жүктемесі -50 кг/см2
Ылғалдылық аймағы – нормалық.
Барлық бөлмелер жеткілікті табиғи жарықтандырумен қамтамасыз етілген.
