Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekzamen.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
200 Кб
Скачать

13 Билет

1)Есіл бойында

Сәбит Мұқанов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар (бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі, Таузар болысына қарасты екінші ауыл) деген жерде кедей отбасында 13 сәуір (26 сәуір) 1900 жылы туған. Сәбит жеті жасқа келгенде әкесі – Мұқан, сегізге толғанда шешесі өледі де, Мұстафа деген ағасының қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді.С.Мұқанов — қазақ әдебиеттану ғылымына, фольклористикаға, этнографияға зор үлес қосқан ғалым.

Сәбит Мұқановтың осы әңгіме арқылы қазақ жерінен шыққан ақын, әнші, яғни өнер иесі Мырзатай арқылы өнер тақырыбына басты назар аудартқан. Айтар ойы да осы еді

2)Жамбыл – ақын, айтыскер, дастаншы, ұстаз, жыршы. Ол 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданына қарасты Хантау тауы баурайында дүниеге келген. Бала кезінен өлең - жырға үйір болған.

Әсіресе оның 1936 - 1945 жылдары шығарған жырларының орны бөлек.

3)Табиғат лирикасы - лирика жанрының бір түрі, ақынның ішкі жан-дүниесі оның әр түрлі табиғат құбылыстарын сезінуі, суреттеуі арқылы танылатын өлең-жырлар. Т. л-ның алғашқы белгі, нышандарын фольклорлық поэзиядан байқауға болады. Өйткені қашанда адамзат табиғатпен етене жақын Т. л-н айтқанда, ұлы Абайды еске аламыз. Оның жылдың төрт мезгіліне арнап жазған өлеңдері осы уақытқа дейін оқушысын там- сандырып келеді. Абайдан соңғы қазақ ақындары да (С.Сейфуллин, МЖцмабаев, I.Жансүгіров) Т. л-н көптеп жазды. Ал бүгінде табиғат туралы жазбаған ақындарды кез- дестіру қиын. Демек, Т. л. өзінің мәңгілік жырлана беретін тақырып екенін айғақтайды

14 Билет

1)

2)Ілияс Жансүгіров (Әнші)

Арғынмын, атым Әсет арындаған,

Арындап ән сала ма дарымаған?

Аспанның аясында ән шалқытқан,

Бұлбұлмын, даусы көкте дамылдаған.

Көмекей көк қапысын әнмен ашса,

Төгіліп меруерт, маржан сауылдаған.

Тұлпармын, топтан озған, тосырқаман,

Шаршы топ, шаршы ерім жоқ шабылмаған.

Жорғамын, жұрттан озған, жортарманмын,

Майдамын, майда желіс мамырлаған.

Жұртымның аса топыр жиынында

Бүгінгі ән адыра қалсын салынбаған!..

3)Қайталау, қайталама ұйқас – сөз әсерін, айтар ойды күшейте түсу үшін бір сөзді немесе сөз тіркесін бірнеше мәрте қайталап қолдану тәсілі. Қайталаудың бірнеше түрі бар.[1]

Жай Қайталау – бір сөзге ерекше екпін түсіріп, бірнеше рет қайталау. “Мұнар да мұнар мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн. Буыршын мұзға тайған күн, Бура атанға шөккен күн. Бұлықсып жүрген ерлерден Бұрынғы дәурен өткен күн...” (Махамбет);

еспе Қайталау – алдыңғы тіркестің аяғы, келесі тіркестің басында қайталанып отырады: “Сарқырайды мұз бұлақтар. Мұз бұлақтар у да шу” (С.Сейфуллин);

анафора – өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады: “Ұйқыдан соң – Жапырақпын, Жаңбыр шайып жаңарған. Ұйқыдан соң – Құспын, Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған” (С.Мәуленов);

эпифора – өлеңнің әр жолының немесе ой ағымының соңындағы бір сөз бірнеше рет қайталанады: “Күншілдер өледі көңілін от қарып, Батырлар өледі борышын атқарып” (Қ.Мырзалиев)

15 Билет

1)Ғабит Мүсіреповтің 1933 жылы жазған ана құдіреті тақырыбындағы әңгімелерінің бірі.

Ананың анасы әңгімесінің негізгі мазмұны - ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады. Шығармада ананың жарық дүние сыйлаған баласына деген махаббаты, содан туындайтын ана бойындағы күш-қуат, ізгілік, адамгершілік қасиеттер бейнеленеді. Ананың құдіреті баяндалады.

2)Бөл-бөл бөбек, бөл, бөбек,

Бөлейін бері кел, бөбек.

Бедерлі бесік, төрт есік,

Төгілте салдым төр төсек.

Бөпешім, бесік — отауың,

Отауыңа кір, бөбек.

Бөл-бөл бөбек, бөл, бөбек.

Бүлдіршін шүмек бәйтерек,

Балалы үйрек, бас бармақ,

Кішкене бөбек, бес бөлек.

Саусақайы салбырап,

Бөлене қойсын қос білек.

3)Әдеби шығарма туралы әңгімені тақырыптан бастаған жөн. Өйткені т а -қ ы р ы п — ө н е р т у ы н д ы с ы н ы н ірге т а с ы. Үйдің қабырғасын салып, төбесін жаппас бұрын ірге тасы қаланатыны секілді, көркем шығарманың туу процөсі де тақырыптан басталатыны даусыз. “Бәрінен бұрын тақырып пайда болады,— дейді Валентин Катаев,— пайда болады да, жазушыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын, адам, зат образдары, болайақ пейзаж жұрнақтары туып, тұтаса береді”

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]