- •2 Билет
- •4 Билет
- •2)Қозы Көрпеш - Баян Сұлу
- •5 Билет
- •6 Билет
- •7 Билет
- •8 Билет
- •9 Билет
- •10 Билет
- •1) Ілияс Жансүгіров (Ағыңды менің Ақсуым)
- •2)Мағжан Жұмабаев (Сүйемін)
- •11 Билет
- •1)Мағжан Жұмабаев (Сүйемін)
- •2)Сұлтанмахмұт Торайғыров Шәкірт ойы
- •3)Диалог – Диалог -екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.
- •12 Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16 Билет
- •17 Билет
- •18 Билет
- •19 Билет
- •20 Билет
- •21 Билет
- •22 Билет
- •23 Билет
- •24 Билет
- •25 Билет
10 Билет
1) Ілияс Жансүгіров (Ағыңды менің Ақсуым)
Қарамай қайың, қалайша
Қаужиған құшсын бұтаны?
Қайың мен сәуле сүйіссін,
Сүймегенді нысабы:
Итмұрыны меңіреп,
Қудырлап қоңыз ұшады.
Бауырлаған ағынның,
Сумаңдап суы сылдырайд;
Қудиған қоңыр құрақтың
Саусағы суда судырайд;
Суға төнген бір шыбық
Дірілдейд, суда сырылдайд;
Оған қонған бір шымшық
Шиқ-шиқ етед, шырылдайд...
2)Мағжан Жұмабаев (Сүйемін)
Күлдей күңгірт шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің – сұп-сұр көр.
Тасбиқ санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
Көрше ауыр күрсінер,
Менің бір қарт анам бар,
Неге екенін білмеймін
– Сол анамды сүйемін!
Көзінде көк нұры жоқ,
Аузында жұмақ жыры жоқ,
Жалынсыз, усыз құшағы,
Иірілмейді жыландай,
Сөзі де жоқ құрандай,
Білгені – қазан-ошағы.
Жабайы ғана жарым бар,
Неге екенін білмеймін
– Сол жарымды сүйемін!
Ұйқы басқан қабағын,
Бастыра киген тымағын,
Жалқаулықты жар көрген.
Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен,
Бірге жусап, бірге өрген,
Алаш деген елім бар,
Неге екенін білмеймін
– Сол елімді сүйемін!
3)Суреттеу - әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл. Қазақ халқының бірқатар эпостық жырларында атқа тіл бітіп, адамша ойлап, сезетіндей етіп бейнеленеді. Ертегілер мен сықақ-мысалдарда қасқыр, түлкі, қоян,тағы басқа жануарлар адам кейпінде суреттеледі. Жазба әдебиетте кейіптеудің жаңа үлгілері мол ұшырасады.Суреттеу бір зат, адам, жер туралы айту. Соған сипаттама беру
11 Билет
1)Мағжан Жұмабаев (Сүйемін)
Күлдей күңгірт шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің – сұп-сұр көр.
Тасбиқ санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
Көрше ауыр күрсінер,
Менің бір қарт анам бар,
Неге екенін білмеймін
– Сол анамды сүйемін!
Көзінде көк нұры жоқ,
Аузында жұмақ жыры жоқ,
Жалынсыз, усыз құшағы,
Иірілмейді жыландай,
Сөзі де жоқ құрандай,
Білгені – қазан-ошағы.
Жабайы ғана жарым бар,
Неге екенін білмеймін
– Сол жарымды сүйемін!
Ұйқы басқан қабағын,
Бастыра киген тымағын,
Жалқаулықты жар көрген.
Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен,
Бірге жусап, бірге өрген,
Алаш деген елім бар,
Неге екенін білмеймін
– Сол елімді сүйемін!
2)Сұлтанмахмұт Торайғыров Шәкірт ойы
Караңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам! Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар.
Орны отайып көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер.
3)Диалог – Диалог -екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.
Құрылымы: Диалогта сұрақ / жауап / қарсы сұрақ / сөйлеушілердің көңіл-күйі, реакциясы (сөзбен берілмейтін) болады. Диалогтар қысқа (2-3 сөйлем) және «мазмұнды» яғни ұзын болуы мүмкін.
Диалогта келесі айтылғандар орын алады:
Фразаларды, сөйлемдерді аяқтамау;
Сөздің орнына қимыл, жест, мимика қолдану;
Тек қана ауызекі сөйлеу барысында қолданылатын сөздерді қолдану.
