Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekzamen.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
200 Кб
Скачать

6 Билет

1) Азырақ құлағын сал, ақын інім,

Ойымыз, рухымыз жақын, інім.

«Ағалық правосын қолыма алып,

Келемін айтайын»,— деп ақыл, інім!

«Өзімді ағаңмын»,— деп үлкейтемін,

Онымды көремісің мақұл, інім.

Адасқан ағаңыздың жері болса,

Тілеймін ете гөр деп ғапу, інім.

Жай жатсаң жаңылмайсың, адаспайсың,

Күресте кім кетпейді ғапыл, інім.

Ат қойған аз-көбіне қарамастан,

Ақылға біздер жарлы пақыр, інім.

2)Абай 29 соз

Абай Құнанбаевтың жиырма тоғызыншы (29) қара сөзі Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.

Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол - ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі.

«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?

3)Ирония — риторикалық тәсіл, көп мағыналы металогиканың түрі. Мақсаты - сұхбаттасқан адамның әңгімесін жоққа шығару, теріс айналдыру. Мұндай жағдайда әңгіме мен оның астары сәйкес келмейді. Ирония сөйлемнің логикалық мағынасын өзгертеді және тілден тыс тірлікке де берекесіздік әкеледі, сондықтан ежелден бері ирония өмір сүрудің амалы ретінде пайымдалады.

7 Билет

1)Сұлтанмахмұт Торайғыров (Бір адамға)

Бір үйде жиюлы екен қазына мал,

Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:

«Бұрынғы атамызға сыйға берген,

Біздерде мынадай бар, мынадай бар!..»

Ол рас, аталарың шенге алыпты,

Арзан ғып, қымбат емес, кемге алыпты.

Апыр - ай қалай бұлдаған сатқандарын,

Оқа, түйме, сылдырлақ, теңге алыпты!

Суреттер және көрдім жүзі жарқын,

Ойладым: «Оңдырған - ау, баққан халқын».

Соншама құны толық бұлды түйме,

Артында қалдырмас па жақсы даңқын.

2)Шешендік сөздер – қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен Тұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемдегі дидактикалық жанр. Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді. Даудың әрқайсысы бірнешеге (жер, жесір, құн, мал, ар даулары) жіктеледі. Шешендік арнау бата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту, естірту, т.б. нұсқалардан тұрады. Шешендік толғауға қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар тақпақ, термелер жатады. Ал шешендік дауларда сол қоғамға тән қылмыстық, азаматтық істерді шешуге қатысты шешендік, тапқырлық сөздер, ұйғарымдар бейнеленеді. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтелге, аңыз-әңгімелерге, толғауларға, айтыстарға жақын. Композициялық құрылысына қарай пернелі сөз, термелі сөз болып екі топқа бөлінеді.

3)Сатира- өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі.

Сатираның мысал, эпиграмма, памфлет, фельетон, пародия, шарж, карикатура, анекдот сияқты жанрлары бар. Драматургияда сатира комедия жанрынан көрінсе, көркем прозада сатиралық әңгіме, повесть, романдар жазылады. Сатиралық шығармаларда әсірелеу (гротеск), тұспалдау (аллегория), юмор (достық рәуіштегі күлкі), ирония (жеңіл әжуа), сарказм (ащы мысқыл, кекесін), т.б. бейнелеу тәсілдері кеңінен колданылады. Ежелгі Грекияда жанр ретінде туындағанымен әдебиеттің дербес тегі ретінде Ежелгі Римде кең қанат жайды. Петронийдің "Сатирикон", Апулейдің "Алтын баспақ" романдары осы тұста дүниеге келеді. Орыс әдебиетінде алғашқы сатиралық шығармалар 17 ғасырда дүниеге келді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]