Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekzamen.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
200 Кб
Скачать

22 Билет

1)

2)Ысқақ Қалихан (1935 - 2014) – жазушы, сыншы,аудармашы,драматург. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000).

"Қоңыр күз еді" алғашқы повесі 1963 ж. жарық көрді. 1967 – 72 ж. “Қазақфильм” киностудиясындағы аға редактор. 1972 жылдан Қазақстан Жазушылар одағында драматургия секциясын басқарды. “Қоңыр күз еді” атты алғашқы повесі 1963 ж. жарық көрген. Кейін “Дос хикаясы” (1963), “Менің ағаларым” (1965) повестер мен әңгімелер жинақтары, “Тұйық” (1975), “Қара орман” (1980), “Ақсу – жер жаннаты” (1989) романдары басылды. Пьесалары республика театрының сахнасында қойылды. "Сарша тамыз" (1968), "Ұшы қиырсыз жол" (1969), "Қараша қаздар қайтқанда" (1985). Көптеген драматургиялық шығармалар мен киносценариййдің авторы. Л.Толстой, А.Чехов , И.Бунин , И.Куприн , И.Тургенев әңімелерін аударған

3)Баллада ({{lang-la|ballo, прованс. balada — билеймін; нем. allade, фр. ballade, итал. ballata — би әні) — өнер жанры;

әдебиетте: поэзияның шағын сюжетті лирикалық жанры;

музыкада: аталған шағын лирикалық өлеңге негізделіп жазылған би әні. Баллада жанр ретінде орта ғасырда Батыс Еуропа өнерінде қалыптасты.

Алғашында, роман шоғырына жататын тілде сөйлейтін халықтардың би әнін, кейінірек Батыс Еуропа халықтарының сюжетті әндерін баллада деп атаған. Әдебиеттегі баллада 12 — 13 ғасырлардағы трубадурлар мен труверлердің дәстүрлі халық өлеңдері мен әндеріне негізделген шығармалардан бастау алады. Ал, 13 — 15 ғасырларда Францияда полифониялық рефренді әндер (Гильом де Машо), Англияда эпикалық тынысты, лирикалық нәзік үнді халықтық балладалар (Робин Гуд туралы) бұл жанрдың қалыптасуына негіз болды

23 Билет

1)

2)Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза Әлі (5 қаңтар 1935 жыл, Жымпиты, Орал облысы - 24 қаңтар 2011 жыл, Алматы) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі.[1]

3)Символ (грекше symbolon — танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу)

лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді;

өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.

Символ көркем бейне мен ұғымның аралығында екеуінің де қызметін атқара алады. Алайда символ ұғымнан гөрі астарлы мағынаға бай, ал көркем бейнеден гөрі нақтылы мәнге ие. Символдың символикалық формасы сақтала отырып, ишаралайтын нәрсесімен салыстыра тану барысында көпқырлылығы ашылады, бұл оның ерекшелігі болып табылады.

24 Билет

1)

2)«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің авторы – Оралхан Бөкей. Оралхан Бөкей - 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында дүниеге келген

Қысқаша мазмұны

Әңгімеде Тортайдың бастан кешкендері, соғыстан кейінгі қайғы-қасіреттері баяндалған. Мысалы: Тортайдың әжесімен ауылға қоныс аударуы, балалардың Тортайға сіңісуі, әкесінің қаза табуы, өзінің балалық армандары кімнің де болмасын құлағының құрышын қандырары анық.

Шығарма кейіпкерлері

Тортай – әке-шешеден тым ерте айырылып, алыстан қосылар аталастарының есегінде жүретін 14 жастағы бозбала. Қой аузынан шөп алмас жуас, құлағының сәл мүкісі бар болғанымен балалардың арасында білгіш, және басқалардан ерекшелігі, бас алмай кітап оқи беретін. Тортай ойынан ертегілер шығарып, балаларға айтып береді. Соны балалар ұмытпай кейін өз балаларына айтып береді.

"Фермердің баласы"- бақуатпын деп, мұрнын көкке шүйірмейтін, басқа балалармен өзін тең көретін қамқор, адал дос.

Балалар – Тортайдың сол ауылға сіңісіп кетуіне көмек берген кеңпейіл достар.

3)Өлең құрылысы

Өлең құрылысы – өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар. Өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. Дүниежүзілік әдебиетте орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінеді:

1) Метрикалық өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның кезектесіп келуіне негізделеді. Мысалы, ежелгі грек және рим поэзиясында кең орын алған ямб, хорей, т.б.

2) Силлабо-тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар кезектесіп келеді. Ол орыс, неміс, ағылшын халықтары поэзиясында кездеседі.

3) Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған. Оны жазба әдебиетте орнықтырған A.Маяковский болды. Мұнда ырғақ екпінді буындарға негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды. Кейбір қосарланып келетін сөздер болмаса, тармақтағы әр сөз бір екпінмен айтылып, дербес ырғақтық бөлшек құрайды. Мұның өзі өлеңді мәнерлеп, тақпақтап оқуға мүмкіндік береді.

4) Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға негізделген. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян және барлық түркі тілдес халықтардың поэзиясында қолданылады. Бұл өлең құрылысының басты сипат-белгілерін қазақ өлеңдерінің құрылымынан анық аңғаруға болады. Өлең құрылысының ұлттық сипат белгілері ұлт тілімен тамырлас. Қазақ өлеңі, алдымен буынға негізделіп, ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады; қысқышы Қазақ өлеңдерінің құрылысы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]