Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
демография.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34.98 Кб
Скачать

ЖОСПАР:

І.КІРІСПЕ.....................................................................................................................2

ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.Маржанбұлақ ауылына халықтың қоныстану тарихы, топономикалық атаулары. Маржанбұлақ ауыл халқының саны. Демографиялық көрсеткіштері.................................................................................................................4

2.Маржанбұлақ ауыл халқының жастық-жыныстық құрамы және денсаулығы. Еңбек ресурстары..........................................................................................................7

3.Маржанбұлақ ауыл халқының ұлттық, діни құрамы...........................................................................................................................9

4.Маржанбұлақ ауыл халқының көші-қоны .......................................................................................................................................11

5:Елді мекендері..........................................................................................................13

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 15

КІРІСПЕ

Өлкетану: Өлкені танытып, білу, Өзгені де мол сырға қанықтыру. Өскен жердің өзен, көл, табиғатын, Өркениет жолына алып шығу. Өлкетану: Өрелі ой ойлай білу, Өз еліңнің тарихын толғай білу. Өскен жердің өсімдік, табиғатын, Өгейсітпей, өбектеп қорғай жүру.

Өндіріс пен әрекеттің басқа түрлерінің орналасуының өзгерістері, қоныстанудың аумақтық ерекшеліктері Қазақстан және оның аймақтар бойынша қала әрі ауыл халқы санының өзгеруіне, сондай-ақ елді мекендердің дамуына тікелей әсер етеді.

Елді мекен –адамдардың отырықшы өмірін, еңбек әрекетін, олардың әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ететін орын. Ал менің туған жерім- Маржанбұлақ, қоныстанудың ауылдық типіне жатады. Ауылдық қоныстану-халықтың ауылдық жерлерде қоныстануы. Ауылдық жерлерде тұратындар басым түрде ауыл шаруашылығында істейтін елді мекендер жатады. Бүгінгі таңда ауыл халқының азайуы халықтың қалаға жұмыс іздеп көшуімен байланысты болса, менің ауылымның демографиялық көрсеткіштері өте жоғары көрсеткішті көрсете отырып, оң сальдоны құрайды. [1]

«Қазақстанның алғашқы заманауи урбанистік орталықтарының ірі қалалары — Астана мен Алматы, одан әрі Шымкент пен Ақтөбе болады», — деп атап көрсетті Президент. Енді біз Елбасы тапсырмасына сәйкес, Ақтөбені білім мен ғылым, инвестиция тарту орталығы, тұрғындарға арналған сапалы білім, медициналық және әлеуметтік-мәдени қызметтер орталықтары шоғырланған алып шаһарға айналдыруымыз керек. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік бар», - деп Архимед

[2 ]

  1. Маржанбұлақ ауылына халықтың қоныстану тарихы, топономикалық атаулары мен Маржанбұлақ ауылы халқының саны туралы мәліметтер жинау және талдау.

Маржанбұлақ ауылы халқының абсолютті және салыстырмалы демографиялық көрсетіштері арқылы табиғи өсу мен механикалық өсуін тауып, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтау. Маржанбұлақ ауылы халқының 2015 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтерге сүйене отырып, жастық-жыныстық құрамы пирамидасын жасау. Ауыл халқының денсаулығы мен жұмыспен қамтамасыз етілуі туралы ақпарат жинау.

Маржанбұлақ ауылы халқының ұлттық, діни құрамымен танысып, халқының ұлттық, діндік диаграммасын құру. Маржанбұлақ ауылы халқының көші-қонының оң сальдосын есептеп табу Елді мекендері.

1.Маржанбұлақ ауылына халықтың қоныстану тарихы, топономикалық атаулары. Маржанбұлақ ауыл халқының саны. Демографиялық көрсеткіштері.

1903 жылы Украинадан көшіп келген украиндар осы жерде Всесвятское елді мекенінің іргетасын қалаған. Социалистік революциядан кейін осы елді мекенде Пригородный сельсоветі құрылды. 1929 жылдың қазан айында жеке шаруашылықтан Буденный атындағы ұжымшары болып ұйымдастырылды. Алғашқы болып ұжымшарға 17 жанұя кірді. Олар: Усов Ф.М, Могильный М.В, Пахоно М.С., Пашко, Собакарь Ф.Я, Бондарь В.Д, Каниболоцкий А.Т, Михайлюк И, Новицкий В.В, Собакарь А.Д, Деркач М, Савченко П, Деркач Е, Усов А, Усов В, Гузь В.В. Тұңғыш төраға болып Могильный М.В. сайланды. 1934 жылғы мал шаруашылығында жеткен жетістіктері үшін ұжымшарға Ленин атағы берілді. 1934 жылдың қаңтарынан бастап Прогресс деген атаққа ие болды. 1957 жылы Прогресс Ворошилов ұжымшарына қосылып, Ворошилов атына ие болды. 1959 жылы қосылған ұжымшарларға Ленин атағы берілді. 2008 жылдың сәуірінде облыстық әкімшіліктің жарлығымен Прогресс ауылы Маржанбұлақ болып өзгертілді.

Маржанбұлақ – Маржан (қыз есімі немесе асыл тас) бұлақ (қайнар). Маржанбұлақ аталуының себебі туралы халықта мынадай аңыз бар.Маржан атты қыз ғашығынан қол үзіп қалған соң қайғысына шыдамай көз жұмған. Кейін оның қабірінің басынан бұлақ бастау алған. Уақыт өте келе сол жердің тіршілігі жанданып адамдар қоныс тепкен. Кейін сол елді мекен Маржанбұлақ атанған екен. [3] Ғаламтор

Аққұдық/Прогресс/-Алға ауд.солт.бат.с. Тәңірберген өзені саласы бойы,ауд. Орт. 87 км. Ақтөбеден-35 км. Халқы 1174/1999ж/.Бұрын Ленинг атында ұжымшар мен а. Кеңесі болды.1990 ж. жер көлемі 48479 га,егістік 15782 га.ауд. аралық тас жол бар. Елді мекендері: Ащысай, Березовка, Қарасай, Маржанбұлақ, Новоалексеевка, Прогресс, Природный. 1990 ж. ұжымшарда 100 трактор, 70 машина, 50 комбайн. Мал ш.: 500 жылқы, 3000 сиыр, 7000 қой болды. Өзендері: Тәңірберген, Жіңішке, Талдысай, Шұбарсай, Талассай, Тазқаралы, Сары, Ащысай, Құрашасай, Қарақобда, Қарабұлақ, Қарамоласай, Наурызалысай. Биіктіктері: Жолөткен, Маржанбұлақ, Қарамен, Аққұдық, Қарағандысай. Ұжымшарда а/ш техн. жөңдеу шеберханасы, орта мектеп, интернат, клуб, кітапхана, аурухана, бала бақша болған. Телехабар қабылдайды. Жаңа экономикалық реформаға байланысты әртүрлі а/ш құрылымдары пайда болды. Аққұдық-с/округінің орталығы. [ 4] Ақтөбе

Маржанбұлақ ауыл халқының саны. Демографиялық көрсеткіштері.

Демография (грек. Demos- халық, grapho-жазамын, сипаттаймын) дегеніміз- кең мағынада алғанда –халық саны, құрылымы жәнединамикасы туралы ғылым, тар мағынада –халықтың осы ерекшеліктерін сан жағынан зерттеу.

Халақтың ұдайы өсуі- ұрпақтың үздіксіз ауысып отыру процесі. Халық санының өзгерісіне әсер ететін факторлар –табиғи өсім.

Туу-1000 адамға шаққандағы 1 жыл ішінде туған бала саны.

Өлім-жітім -демографиялық көрсеткіш:1000 адамға шаққандағы 1 жыл ішіндегі қайтыс болған адамдар саны.

Табиғи өсім – 1000 адамға шаққандағы туған және қайтыс болған адамдар

санының арақатынасы.

Халық саны табиғи өсіммен бірге басқа елден көшіп келушілер есебінен өседі.

Мұндай өзгерісті механикалық қозғалыс дейді.