- •Инвестициялық қорлар түсінігі және оның теориялық негізі
- •Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлары және
- •Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлардың
- •1.Инвестициялық қорлар түсінігі және оның теориялық негізі.
- •1.1 Инвестиция және инвестициялық қорлардың түсінігі.
- •Инвестициялық қорлардың қызметі және олардың жүргізетін
- •Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуындағы инвестициялық қорлардың рөлі
- •2.1. «Самұрық –Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының құрылымы және
- •2.2 Инвестициялық қорлардың мүмкіндіктері, активтерінің
- •3.Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлардың дамуы және жетілдіру жолдары
Жоспар
Кіріспе
Инвестициялық қорлар түсінігі және оның теориялық негізі
Инвестиция және инвестициялық қорлардың түсінігі
Инвестициялық қорлардың қызметі және олардың жүргізетін операциялары
Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуындағы инвестициялық қорлардың рөлі
Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлары және
олардың қызметі
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының құрылымы және
қаржылық қызметі
2.2. Инвестициялық қорлардың мүмкіндіктері, активтерінің құрамы
мен басқарылуы
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлардың
дамуы және жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бұл тақырыпты алғандағы мақсат елімізде инвестициялық қорлардың экономиканы дамытудағы рөлін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету .
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады.
Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды.
Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді.
«Қазақстан – 2030» стратегиясында Н. Ә. Назарбаев халықаралық қатынастардың мынадай маңызды бағыттары мен факторларын атады: - қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауға сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірде өмір сүріп отырмыз; - шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; - Ұлттық қауіпсіздікке Ресей, ҚХР, Орта Азия, Таяу және Орта шығыс елдерінің, АҚШ, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Азия, Еуропа, Ислам даму банктерінің, халықаралық институттардың қолдауларын барынша пайдалану. Кәсіпорын – түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді және демеп отырады.
