Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КУРСОВАЯ ГОТОВАЯ 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.79 Кб
Скачать

2.2 Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті

Резервтік капитал – іс жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін құрылады. Басқаша айтсақ, резервтік капитал – кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздің бар болуы үшінші тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындайтындығына сенім арттырады. Резервтік капиталдың пайда болуы міндетті және ерікті сипатта. Алғашқы жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ал екінші жағдайда кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында, немесе оның есеп саясатында белгіленген тәртіпке сәйкес құрылады. Егер кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында резервтік капитал құру көзделмесе, кәсіпорынның оны құруға құқы жоқ. Заңнама бойынша резервтік капитал құруға міндетті кәсіпорындар оны баланстың «Резервтік капитал» бабы бойынша көрсетеді. Осылайша ашық акционерлік қоғам резервтік капиталды қоғамның шығындарын жабу үшін жарияланған жарғылық капиталдың 15%-нен кем емес мөлшерде жасауы тиіс. Қоғамның резервтік капиталы мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан  бастап екі жыл ішінде құрылуы тиіс. Ол акционерлік қоғамның жалпы жиналысы белгілейтін мөлшерде, таза табыстан (пайдадан) жыл сайын аудару жолымен қалыптасады. Егер қайсыбір төлемдер нәтижесінде қоғамның резервтік капиталы оның жарияланған жарғылық капиталының 15%-нен кем болып қалса, онда қоғам көрсетілген шамаға дейін резервтік капиталды толықтыру үшін аударымды жаңғартуға  міндетті. Резервтік капиталды қалыптастыру мен пайдалану былайша көрсетіледі.

  1. Резервтік капиталға аударымдар – Кт 551 «Құрылтай құжаттарда белгіленген резервтік капитал», 552 «Басқа да резервтік капитал» шоттары және Дт 5410 «Есепті жылдық бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шоты бойынша.

  2. Резервтік капиталды пайдалану Дт 551,552 шотары бойынша жазба негізінде корреспонденцияда шоттармен бақыланады :

 а) «Қатысушылардың дивиденттері бойынша есеп айырысу» 62 бөлімшесі және 4430 «Басқа да» шоты «Басқа да кредиторлық берешектер және есеп айырысу» 68 бөлімшесі бойынша есепті  жылдың    табысы болжаған жағдайда немесе жеткіліксіздігі кезінде серіктестікке қатысушыларға дивиденттер мен кіріс төлеуге;

 ә) «Бөлінбеген табыс ( жабылмаған зиян)»  56 бөлімшесі кәсіпорынның есепті кезең немесе өткен жыл ішіндегі шығындарын жабуға.

 Резервтік капитал есебі 13 журнал-ордерде жүргізіледі. Аудитор резервтік капиталды тексергенде оны құру мен пайдаланудың дұрыстығын, баланста көрсетілген «Резервтік капитал» бабы бойынша жыл басы мен соңындағы қалдықтарды 13-ші журнал-ордердің мәліметтеррі бойынша Бас кітапта келтірілген 501 шот қалдқтарымен сәйкестігін міндетті түрде анықтауға тиіс.

Қосымша төленген капитал – меншікті акцияларды өткізу құнының атаулы құннан артқан сомасы болып саналады. Акциялар бойынша сияқы, меншікті акцияларды өткізу құнының атаулы құнынан артқан сомасы Кт 531 «Қосымша төленген капитал» шотының корреспонденциясында Дт 1050, 1040,1010 шоттарымен бірге немесе 334  «Басқа да дебиторлық берешек» шотында көрсетіледі.  

Аудитор қосымша төленген капиталдың мөлшерін анықтаудың дұрыстығын тексеруі, баланстағы осы бап бойынша қалдықты 531 «Қосымша төленген капитал» шоты және осы шот кредиті бойынша 13 журнал-ордердің мәліметтерімен салыстыру қажет.

Меншікті капиталдың тағы бір элементі – қосымша төленбеген капитал, ол негізгі құралдардың және ұзақ мерзімді инвестициялардың оларды қайта бағалау нәтижесінде бастапқы құнның ұлғайған сомасы болып табылады.     Төленбеген капиталдың пайда болу есебі :

1) мемлекеттің тарапынан кәсіпорынның барлық активтері қайта бағалансын деген қаулысына сәйкес нарықтың сұранысқа сәйкес бағаланады. Бұл процес әр активтің өзіндік коэфицентіне сәйкес жүргізілді.

2) кәсіпорын басқа кәсіпорындарға өзінің үлестік қатынасы бойынша алған дивиденттін көлемінен төленбеген капиталдың үлес салмағы артады.

3) 2006 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның экономикасын 70 % -н құрайтын технопарктердің бағалы қағаздары артуына байланысты.  

Негізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағалау сомасына бар болуымен айналымы туралы ақпаратты жинақтап қорытуға 541 «негізгі құралдарды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал», 5320 «Инвестицияларды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал» және 5320 «Басқа да активтерді бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал» шоттары арналған.

Аудитор жоғарыда аталған шоттардағы ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалау бойынша операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексергені жөн. Бұл шоттардың кредиті бойынша негізгі құралдар мен ұзақ мерзімді инвестициялардың бастапқы құны 12 бөлімшенің «Негізгі құралдар», 14 «Инвестициялар» және 40 «Қаржы инвестициялары» тиісті шоттардың дебетімен бірге корреспонденцияға жасаған қайта бағалау нәтижесінде ұлғаю сомасы көрсетіледі, ал дебеттеледі бойынша :

а) қайта бағаланатын негізгі құралдар бойынша тозуды түзету сомасы («Негізгі құралдардың тозуы» 13 бөлімшесінің тиісті шоттарымен бірге корреспонденцияда) : Дт 12 бөлімше шоттары  Кт 5320 шоты, Дт 5320 шоты, Кт 13 бөлімше шоттары;

ә) істен шыққан негізгі құралдар бойынша қайта бағаланған қызмет ету мерзімі ішінде бөлінбеген табысқа көшірілмеген сома (5410 «Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» шотымен корреспонденцияда; Дт 5320  шоты Кт 5410 шоты – НҚ істен шыққанда);

б) істен (есептен) ығарылған ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары бойынша қайта бағалау сомасы (5410 немесе 6210 «Инвестициялардың, қаржы инвестицияларының шығарылуынан түсетін табыс» 72 бөлімшелерінің шоттары мен бірге корреспонденцияда). 54 «Қосымша төленбеген капитал» шоты бойынша кредиттік айналымдар 13 журнал-ордерде көрсетіледі. Тексеру барысында баланстың қосымша төленбеген капитал» бабы бойынша.