- •1 Меншік капиталының экономикалық мәні мен мазмұны
- •1.1 Меншік капиталының экономикалық мәні
- •1.2 Меншікті капиталын қалыптастырудың жолдары
- •1.3 Жарғылық капиталының есебі
- •1.4 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
- •1.5 Резервтік капиталдың есебі
- •1.6 Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаған зиян) есебі
- •2 Меншік капиталының аудиті
- •2.1 Меншік капиталын аудиттеу көздері мен жарғылық капитал аудиті
- •2.2 Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті
- •2.3 Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) аудиті
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2 Меншік капиталының аудиті
2.1 Меншік капиталын аудиттеу көздері мен жарғылық капитал аудиті
Меншікті капиталды қалыптастыру мен пайдалануды оқып-білу шаруашылық жүргізуші субъектінің іс-қызметін ұйымдастыру аудитінің маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Меншікті капиталдың көлемі бухгалтерлік баланста көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнын бағалауға байланысты. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңында бұл терминге мынадай анықтама берілген: «Меншікті капитал – субъектінің міндеттемелері шегерілгеннен кейінгі активтері». Меншікті капиталдың ерекшелігі – ол шаруашылық жүргізуші субъектінің актив көзі ретінде үнемі алға шығуы, соған орай оның бар-жоғы білінбейді (оны қолмен ұстауға болмайды). 30 «Қаржылық есеп беруді ұсыну» БЕС-де меншікті капиталға мыналар жатады деп көрсетілген : жарғылық резервтік қосымша төленген және қосымша төленбеген капитал, бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян).
Меншік капиталы отандық бухгалтерлік есептің жаңа объектісі болып табылады, яғни ол аудит үшін де жаңа. Жаңа бухгалтерлік есеп – 2-де «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі ашулар», меншік капиталына : жарғылық капитал, қосымша төленген және төленбеген капитал, таратылмаған табыс (жабылмаған зиян) кіретіндігі көрсетілген. Бұл меншік капиталының элементтерінің әр қайсысы маңыздыболғандықтан,бұлардың әр қайсысының аудитіне жеке тоқталамыз.
Жарғылық капитал меншік капиталының негізгі элементі болып табылады,өзімен қатысушылардың (иелік етушілердің) субъект құруда оның қызметін қамтамасыз ету үшін салымдарын білдіреді. Жарғылық капиталдың орындалатын функциялары мен құрылуы өндірістің ұйымдастырушы-құқықтық формаларына байланысты. Шаруашылық субъектілердің үш негізгі функцияларын белгілеуге болады. Біріншіден, ол субъектінің қызметінде меншіктің негізі болып табылады, яғни бастапқы капиталы. Екіншіден,жарғылық капиталының құрылуы құрушылардың (акционерлердің) субъекттідегі қатысу бөлігін (процентін) анықтайды, оған жалпы жиналыстағы қатысушылардың дауыс көлемі және оның табыс көлемі (дивиденді) сай. Үшіншіден жарғылық капитал үшінші жаққа міндеттердің орындалуына кепіл береді, сондықтан заң бойынша оның минималды мөлшері белгіленген. Толық көлемде жарғылық капитал бұл функцияларды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде және акционерлік қоғамдарда орындайды, яғни жарғылық капитал қатысушылардың салымдары мен акцияға жазылуларына байланысты құрылады. Жарғылық капитал толық және командитті серіктестіктектерде бір ғана функцияны орындайды – меншік негізі болып табылады. Меншік салымы өндіріс кооперативінің бастапқы капиталы және қызметті ұйымдастыру және оны құруда кететін шығыстарды жабу үшін арналған. Мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталы – бұл мүлік сомасы, меншік иесімен бекітілген (республикалық немесе жергілікті басқару органымен) өндірістік қызметтердің орындалуы үшін. Бұл меншік бөлінбейді,салымдар бойынша үйлестірілмейді, сәйкесінше бұған жұмыс коллективі де,бөлек еңбек өндірістерінің де құқы жоқ.
Мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталы, өндіріс кооперативі сияқты, екі функцияны орындайды – мүліктік және кепілдік.
Жарғылық капиталды тексергенде аудитор бірінші кезекте келесі жағдайларды қарастырады :
1) Бас кітап бойынша баланстық көрсеткіштерді тексеру;
2) синтетикалық және аналитикалық есепті енгізудің дұрыстығын тексеру;
3) жарғылық капитал құрылуының дұрыстығын тексеру;
4) құрушының салымдары толық және уақытылы келуін жазуды тексеру;
5) жарғылық капиталының өзгеруінің дәлелділігін және қатысушылардың құжаттарының және уақытылы енгізілуін тексеру;
6) мүлікті түгелдеу және басқа мүліктік құқық, өндірістің жарғылық капиталына жарна ретінде негізу
7) жарғылық капиталы есебінде табылған қателіктерді,өңделген және дәл ұсыныстар бойынша жұмыс істеп тұрған заң бойынша жою;
8) жарғылық капитал көлемінің құқықтық-нормативтік акті талаптарына сай болуын;
9) жарғылық капитал мөлшерінің өзгеру ықтималдығын;
10) бухгалтерлік есепте жарғы капиталының шамасына ықпал ететін операцияларды көрсетудің және қолданған корреспонденциялардың дұрыстығы, көбінесе олардың ішінде төменгідей өткізбелерге ерекше көңіл бөлінеді :
Дт 5020 «Төленбеген капитал» шотына және Кт 5010 «Салымдар мен пайлар» шотына қатысушылардың салымдары сомасына; жарғы капиталы мөлшері ұлғайғанда Кт 5010 «Салымдар мен пайлар» шотына, 12 «Негізгі құралдар», 20 «Материалдар», 22 «Тауарлар», 42 «Банктердегі аккредитивтегі, чектердегі, карт-шоттардағы және басқа да шотардағы ақша», 44 «Ұлттық валюта ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша» және 45 «Кассадағы қолда бар ақшалар» бөлімшелердің шоттарына жазу түседі.
Жарғылық капиталды тексеру бағдарламасына мынадай аудит процедуралары кіреді.
Аудит процедуралары |
Ақпарат көздері |
1 баланс көрсеткіштерінің Бас кітап мәліметтеріне сәйкестігін тексеру |
Баланс, 501,502,5010,5020,521 шоттары бойынша Бас кітап |
2 Жарғылық капитал қозғалысының синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру |
Бас кітап, 13 журнал-ордер, акционерлердің тізілімі, акционерлердің есеп карточкалары, құрылтайшы құжаттар, НҚ мен МЕА қабылдау-тапсыру актілері, төлем тапсырмалары кірістік кассалық ордерлер және т.б |
3 Жарғылық капиталды қалыптастырудың дұрыстығын тексеру |
Қолданылып жүрген заңнама құрылтайшы құжаттар, бухгалтерлік анықтама |
4 құрылтайшылардың жарнасын (салымдарын) кіріске алудың толықтығы мен мерзімділігін тексеру |
НҚ мен МЕА қабылдау-тапсыру актілері, ТМҚ қабылдау актілері, жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары, кірістік кассалық ордерлер, бухгалтерлік есеп шоттарындағы жазуларжәне т.б |
5 Жарғылық капитал өзгерісінің негізділігін және оны құрылтайшы құжаттарға енгізудің мерзімділігін тексеру |
Құрылтайшылардың (меншік иелерінің) және акционерлерінің жалпы жиналысының шешім хаттамалары,эмиссия жобасы мен құрылтайшылық шарты |
6 кәсіпорынның жарғылық капиталға жарна ретіндесалынған мүлікті құқықтарды түгендеу |
Түгендеу актілері, түгендеу тізімдемесі, салыстыру тізімдемесі (ведомость) және с.с |
7 қолданыстағы заңнамамен салыстырғандағы жарғылық капитал есебінде анықталған ауытқуларды жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мен негіздеу |
Аудитордың тұжырымдары, есептеулері және ұсыныстары |
Бұл аудит процедураны жүргізгенде тексерушінің басты анықтайтыны :субъектінің қашан және қай ауданда тіркелгендігі, құрушылары кім және олардың жарғылық капиталында бөлігі қандай, құрылу тізімі қандай?
Жарғылық капиталының құрылу тізімі заңмен және құрушы құжаттармен реттеледі. Меншік формаларына байланысты әртүрлі құрылады. Мемлекеттік субъектілердің жарғылық капиталы, мемлекеттік бюджеттен субъектіні пайдалану және қызметін жүзеге асыру кезеңінде басталады (барлық құрылыс, монтаждау,жөндеу жұмыстары,құралдардың сомасы, айналым және ақша қаражаттарынан тұрады). Мемлекеттік емес коммерциялық кәсіпорындардың жарғылық капиталы құрушылардың салымдарынан құралады (ақшалай, материалдық т.б ).сондықтан ол бірнеше құрушы акционерлік қоғамдардың, заңды және жеке тұлғалардың, серіктестіктер және басқа құрушы субъектілердің меншігі болып табылады.
Аудитор білу керек, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тіркелуі және қайта тіркелуінде жарғылық капитал тексерілмейді. Тәуелсіз экспертпен орындалатын экспертиза қызығушы тұлғамен төленеді. Тексеру орындалуы мүмкін :
1) қатысушының талабы бойынша, (ол құрушы болады), серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен соң;
2) соттың шешімі бойынша ;
3) әр қаржылық жылдың – қаржылық есеп берудің қорытындысы бойынша.
