Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КУРСОВАЯ ГОТОВАЯ 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.79 Кб
Скачать

1.6 Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаған зиян) есебі

Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян) есебі бухгалтерлік есептің Бас есеп-жоспарындағы 56 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі. 5410-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)». 5430-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)». Енді  осы келтірілген шоттар бойынша жасалатын операцияларын қарастырып көрейік. Есепті жылдың бөлінбеген табысының (жабылмаған зияны) есебі есеп берілетін жылда пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянының сомасының қолда бары және қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтауға арналған 5410 шоты пайдаланады.

Есеп берілетін жылдың соңында 5410-шотқа жыл ішінде есептелген табыстың немесе зиянның сомасы жазылады: жыл ішінде алынған табыс сомасына 571-ші «Жиынтық табыс (зиян)» шоты дебеттеліп,5410-ші «Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» шоты кредиттеледі. Жыл ішінде алынған зиян соиасына жоғарыдағы жазу керісінше жазылады. Сонымен  қоса, 5410 шоттың кредит және 551 шотының дебеті – есепті жылдағы алынған зиянды өтеуге бағытталған резерв капиталының сомасын көрсетеді: 561 шоттың кредиті және 5320 шоттарының дебеті – есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша қайта бағалаудың сомасы, қызмет барысында бұрындары таратылмаған табыстың сомасын және ұзақ мерзімді инвестицияның сомасын көрсетеді; 5410 шоттың кредиті және 521 шоттың дебеті - өз акцияларын  қайтып сатып алған кезде, номиналдық құнынан төмен болған соманың айырмасы көрсетіледі. 5410-шоттың дебеті бойынша мынандай шаруашылық операциялары көрініс табады: 551-ші «Заңмен белгіленген резервтік капитал», 552-ші «Басқа да резервтік капитал» шотының кредиті қолданылып жүрегн заңдарға сәйкес құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерінде резервтік  капиталға аударылған сомасы; 621-ші «Жай акциялар бойынша есеп айырысулар», 4430-ші «Басқа да кредиторлық қарыз және есептесулер» шоттарының кредиті – жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтерге, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктердің қатысушыларына табыс төлеуге, есепті жылда жұмсалатын бөлінбеген  табыстың сомасы; 521-ші «Қайтарылып алынған капитал» шотының кредиті – акционерлерден  өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) құнынан жоғары бағаға сатып алғаннан түскен айырма сомас. Есепті жылдың бөлінбей қалған табысы  (зияны) есептен былайша шығарылады: бөлінбеген табыс сомасына: 5410-шот дебеттеледі, 5430-шот кредиттеледі; бөлінбеген зиян сомасы: 5430-шот дебеттеледі, 5410-шот кредиттеледі. Жоғарыда келтірілген жазбалардан кейін 5410-ші шот бойынша қалдық қылмауы керек,сондықтан ол міндетті түрде 571 шотымен жабылады. Өткен жылдардың   бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) есеп берілетін жылдан бұрынғы жылдары пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиян сомаларының қолда бао және қозғалысы туралы ақпаратты жинақтауға арналған, ол 5430-шота жүргізіледі. 5430 шоттың  кредиті бойынша келесідей шаруашылық  операциялары:  өткен жылдардың белгіленген тәртібінде таратылмаған табыстың сомасы  5410 шоттың дебетінде; өткен жылдардағы өтелмеген зиянды өтеу үшін бағытталған резервтік капиталдың сомасы 551,52 шоттарының дебетінде көрініс табады.

5430 шоттың дебеті бойынша төмендегідей шаруашылық операциялары:

- өтенк жылдардың белгіленген тәртібінде  жабылмаған (өтелмеген) зиянның сомасы 5410 шоттың кредитінде; шаруашылық  серіктестіктерінің қатысушыларының табыстар мен жай және айрықша акциялар бойынша төленетін дивидендтердің есепті жылдағы алынған  табыстың есебінен  өтеуі 621,622,4430 шоттрының кредитінде; жарғылық капиталды толықтыру үшін өткен жылдарда алынған табыстан аталған мақсатқа бағытталған сомасы 501,502,5010  шоттарының кредитінде көрініс табады.

Жиынтық табыстың (зиянның) есебі. Есепті кезеңнің жиынтық табысын немесе зиянын есепке алу үшін 571 «Жиынтық табыс (зиян)» шотын пайдаланады. Егер де кәсіпорын табысы болса, онда шот активті болуы мүмкін. Жыл ішіндегі әртүрлі қызмет түрлерінен түскен табыстар 70-ші «Негізгі қызметтен түскен табыстар» бөлімшесінің 6010-709 шоттарында, 72-ші «Негізгі емес қызметтен түскен табыс» бөлімшесінің  6210-6280 шоттарында, 80-ші «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны» бөлімшесінің шоттарында, оған 7010-808 шоттар кіреді, сондай-ақ 7110,7210,7410,7470,7700,861,871 шоттарында жыл бойы жалпы алынған     табыстан алынатын шығыстар жинақталады. Жыл аяғында алынған табыстар сомасына шоттардың мынандай корреспонденциясы жасалады: 70-ші «Негізгі қызметтен түскен табыстар» бөлімшесінің (6010-709 шоттар) және 72-ші «Негізгі емес қызметтен түскен табыс» бөлімшесінің шоттары  (721-727 шоттар) дебеттеледі, 571-ші «Жиынтық табыс (зиян)» шоты кредиттеледі. Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан алынған табыстар сомасына шоттардың  мынандай корреспонденциясы анықталады:   86-шы «Төтенше жағдайлардан түскен табыстар (зиндар)» бөлімшесінің 861-864-шоттары және 87-ші «Басқа ұйымдарға үлестік қатынастан түскен табыстар (зиян)»шоттары дебеттеліп, 571 «Жиынтық табыс (зиян)» шоты кредиттеледі.

Жыл аяғында 80-бөлімшенің 7010-808-ші,7110,7320,7410-7470-ші шоттарының кредитінен есептелінген шығыстар 571-ші «жиынтық табыс (зиян)» шотының дебетіне көшіріледі. 71-ші «Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сату кезінде берілетін жеңілдік, осындай-ақ бағаны кеміту бөлімшесінің шоттары бойынша табыстар мен зияндар болулары мүмкін. Табыс сомаларын 71-бөлімшенің 711-6030 шоттарының дебеті бойынша және 571 шотының кредиті бойынша көрсетіледі; зиянды 71-бөлімшенің 711-6030 шоттарының кредитінен 571-шоттың дебетіне көшіріледі. 571-ші «Жиынтық табыс (зиян)» шоты салыстырушы операциялық шоты болып табылады: онда табыстар (571-шотың кредиті) және зияндар (571 -шоттың  дебеті) салыстырылады. Табыс 571-шоттың дебеті бойынша және 5410-ші «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шотының кредиті бойынша көрініс табады. Шығын  571-шоттың кредиті және 5410-ші «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шотының дебеті бойынша көрініс табады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) шоты бойынша жүргізілетін операциялар

 

Операциялардың мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

1

2

3

4

1

Кәсіпорынның бөлінбеген табысы есебінен акцияонерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капиталға бөлінген сома

5410

551

2

Кәсіпорынның бөлінбеген табысы есебінен акцияонерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерден артық  резервтік капиталға бөлінген сома

5410

552

3

Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі немесе алдыңғы жылдардағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы

551,552

5410,5430

4

Есепті кезеңнің соңында кәсіпорынның бөлінбеген табысына жатқызылатын таза табысы сомасы

571

5410

5

Есепті кезеңнің соңында анықталған кәсіпорынның шеккен зиян сомасы

5410

571

6

Ағымдағы жылғы шеккен зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы

551,552

5410

7

Негізгі құралдардың белгіленген әдісіне сәйкес есептелген амортизация  сомасының қайта бағалауға байланысты бөлінбеген табысқа жатқызылады

5320

5410

8

өткен жылғы акционерлерге дивиденд төлегеннен қалған бөлінбеген табыс сомасы ағымдағы жылдың бөлінбеген табысына аударылды

5410

5430

9

Кәсіпорынның өткен (алдыңғы) жылдағы жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы

551,552

5430

10

Кәсіпорынның есепті жылы шеккен зиянының сомасы алдағы кезеңде өтелуге қалдырылды

5430

5410

11

Кәсіпорынның ағымдағы жылда өнімдерді (тауарларды) сатудан, қызметтерді көрсетуден, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, құнды қағаздарды сатудан және дивидендт түрінде алған табыстарының сомасына

6010,

6210-6280

862-864

871

571

12

Кәсіпорынның ағымдағы жылда көрсеткен қызметтерінің, сондай-ақ сатқан тауарларының, негізгі құралдарының, материалдық емес активтерінің, құнды қағаздарының өзіндік құнына

571

6030

7110

7210,7320

7410-7470

7700,871