- •1 Меншік капиталының экономикалық мәні мен мазмұны
- •1.1 Меншік капиталының экономикалық мәні
- •1.2 Меншікті капиталын қалыптастырудың жолдары
- •1.3 Жарғылық капиталының есебі
- •1.4 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
- •1.5 Резервтік капиталдың есебі
- •1.6 Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаған зиян) есебі
- •2 Меншік капиталының аудиті
- •2.1 Меншік капиталын аудиттеу көздері мен жарғылық капитал аудиті
- •2.2 Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті
- •2.3 Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) аудиті
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.5 Резервтік капиталдың есебі
Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.
Резервтік капиталдың есебі 55-ші «Резервтік капитал» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 551-ші «Заңдармен белгіленген резервтік капитал» және 552-ші «Басқа да резервтік капитал».
Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, Акционерлік қоғам және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгілінеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза тбыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.
Резервтік капиталдарды қалыптастырған (құрған) кезде 5410 шотты дебеттеледі де,551 шоты кредиттеледі.
Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 551-ші шоттың дебетінен мына шоттардың кредитінде көрініс табады: 621,622,4430 – артықшылығы бар акцилар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивидендтердің есебінен төлеген кезде; 5410-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)»,5430-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.
Акционерлік қоғамдар немесе басқа да ұйымдар өздерінің тапқан таза пайдасының есебінен әр түрлі бағыттарға байланысты қорлар құруына болады. Бұндай бағытта құрылған қор сомларын керекті уақытында жұмсағаннан кейін қайта қалыптастыру кәсіпорын үшін міндетті болып саналмайды. Ол аталған қорлардың есебі «Басқадай резервтік капитал» деп аталатын шота жүргізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы резервтік капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ |
Операциялардың мазмұны |
Дебиттелетін шот |
Кредиттелетін шот |
1 |
Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капитал сомасының қалыптасуы |
5410 |
551 |
2 |
Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде артық резервтік капитал сомасының қалыптасуы |
5410 |
552 |
3 |
Кәсіпорынның ағымдағы жылда пайда таппауына немесе тапқан пайдасының жетіспеуіне байланысты артықшылығы бар акциялар бойынша дивидент төлеу үшін жұмсалған резервтік капитал сомасы |
551,552 |
4430 |
4 |
Кәсіпорынның есепті кезеңдегі немесе алдыңғы (өткен) жылдардағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы |
551,552 |
5410,5430 |
5 |
Ағымдағы жылғы зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы |
551,552 |
5410 |
6 |
өткен (алдыңғы) жылдың жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы |
551,552 |
5430 |
7 |
Акционерлердің қабылдаған қаулысына сәйкес резервтік капиталдың сомасы есебінен субъектінің жарғылық капиталын арттыруға бағытталған сома |
552 |
501,502, 5010 |
Басқа да резервтік капитал есебі, 552-ші «Басқа да резервтік капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шоттан заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді. 552-шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар корреспонденциясы 551-шоттың корреспонденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.
