Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КУРСОВАЯ ГОТОВАЯ 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.79 Кб
Скачать

1.4 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі

Капиталдың қозғалысы бойынша  операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша  тиісті операциялар көрсетілген.

Төленбеген капитал есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5020-ші «Төленбеген капитал» шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық  серіктестіктің жарғылық  қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады. 5020 «Төленбеген капитал» шоты шоттардың Бас жоспарында, «Меншік капиталы» ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, өзінің табиғаты бойынша активтік  шот болып табылыды. Сондай-ақ , 5020 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді (акцияларды, облигацияларды, кепілдік парақтарды т.б), демек сол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.

Жарияланған  (белгіленген тәртіппен тіркелген) жарғылық  қор сомасына 5020-ші «Төленбеген капитал» шоты дебеттеледі де, 50-ші «Жарғылық  капитал» бөлімшесінің шоттары – 501-ші «Жай акциялар» , 502-ші «Артықшылықты акциялар» (акционерлік қоғамдарда) және 5010-ші «Қосқан үлестер мен жарналар» (серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде) шоттары кредиттеледі.

Жарғылық  қорға салымдардың салынуының жүзеге асыруылына қарай 5020-ші «Төленбеген капитал» шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:

-материалдық  емес активтерді жарғылық  қорға жарна ретінде төлеу кезінде-2730 шоттары;

-жерді, негізгі құралды, малды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жарғылық  қорға жарна ретінде төлеу кезінде-2411-2417 шоттары;

-материалдар мен тауарларды жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде 1310-1315,1317 , 1330 шоттары;

-ақшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде аударған кезінде -1010, 1020, 1040, 1050 шоттары дебеттеледі.

Егерде 5020  шотының дебеттік қалдығы болмаса, онда кәсіпорын көзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.

5020-ші шоты бойынша аналитикалық есеп акционерлер (қатысушылар, құрылтайшылар) бойынша  жүргізіледі.

Қайтарылып  алынған  капиталдың  есебі. Акционерлік қоғам акционерлермен  жалпы  жиналысында акциялардың номиналдық құнын (бірақ  ең  төменгі  деңгейден кем болмауы керек),Не жалпы акцияның шығарылуы көлемін қысқарту жөнінде шешім қабылдауында құқылы. Акционерлік қоғам заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша алдын-ала өзінің барлық кредиторларын хабардар етіп отыруға міндетті.

Сонымен қатар Акционерлік қоғамның кредиторлары қоғамның тиесілі міндеттерін орындаудан бас тартуына және олардың шеккен зияндарының орнын толтыруды талап етуге құқылы. Егер бұндай процедура оның жарғысында алдын-ала қарастырылмаған болса, онда олар өз меншік капиталын азайту үшін,  мүдделі адамдардың берген өтінішінің негізінде жасалған сот шешімдері керек.

Бұл жағдайда Акционерлік қоғам өзінің акциясын өз қызметкерлері мен жұмысшыларына олардың мүдделігі  мен ынталығын арттыру үшін қайта сатады. сондықан өз акцияларын нарықтық айналымға шығарылады.

Қайтарылып алынған капиталдың есебін жүргізу үшін 521-ші шоты арналған, 501-502 шоттарға қарағанда контрпассивтік шот болып табылады.

521 шоттың дебеті акционерлердің меншігіндегі акцияларды қайтып сатып алынған құнын көрсетеді. Акцияларды қайтып сатып алған кезде:521 шоты дебеттеледі де және 1050,1040,1010,1020,1070 шоттары кредиттеледі.

Акционерлердің меншігіндегі акцияларды айналыстан шығару үшін,не болмаса оларды қайта тарату үшін акционерлерден қайтып сатып алынады. Қайтып сатып алынған акциялар номиналдық құны бойынша да номиналдық құннан жоғары немесе төмен құны бойынша да сатып алынуы мүмкін :

1.Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық (атаулы) құнға тең болған жағдайда: 521 шоты дебеттеледі де, және 1050,1040,1010,1020 шоттары кредиттеледі .

2.Сатып алынған акцияның құны номиналдық құнынан төмен болған жағдайда:

-сатып алынған құнына 521 шоты дебеттеледі де және 1050,1040,1010,1020 шоттары кредиттеледі ;

-сома айырмасына, яғни акциялардың құны номиналдық құннан аз болған жағдайда:

521 шоты дебеттеледі де және 5410 «Есептік жылдағы таратылмаған табыс» шоты кредиттеледі (яғңи ақша қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайа оларға қосымша қаражаттарды қосады).

3. Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналды құннан жоғары болған жағдайда:

-         сатып алу құнына:

521 шоты дебеттеледі де,1050,1040,1010,1020, шоттары кредиттеледі;

- сома айырмасына, яғни акцияның құны номинаодық құнынан ариық бағаға сатып алынған жағдайда:

5410 «Есептік жылдағы таратылмаған табыс» шоты дебеттеледі де, 521 кредиттеледі.

Егер акциялар айналыстан шығарып алу үшін акционерлерден қайиып сатып алынса, онда олар мыныдай шоттар корреспонденциясымен беріледі: 501,502 шоттары дебиттеліп 521 шоты кредиттеледі.

Егер де акциялар одан әрі сату мақсатында қайтып алынса, онда олардың номиналдық құны 521 шоттың кредитінен 7410 «Бағалы қағаздаоды сатудан алған шығыстары бойынша шотының дебетіне жатқызылады.

Акциялардың сатылатын құнына, оларды номиналдық құнының мөлшеріне 6210 «Бағалы қағаздарды сатудан алған табыстары бойынша» шоты кредиттеледі де, 2940 «Басқа да» шоты дебеттеледі. Егер де акцияның құны номиналдық құнынан жоғары болса, алынған айырма сомасына 2940  шоты дебеттеледі де, 531 «Қосымша төленген капитал» шоты кредиттеледі.

Акционерлерден сатып алған акцияларды сатқан кезде қоғамның жарлық капиталы өзгермейді.

Қоғам келесі жағдайларда акцияны қайтып сатып алуға құқығы жоқ:

-         қоғамның эмитенттелген акциялары толық төленгенге дейін;

-         қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық  капиталы қайтып сатып алынған нәтижесінде, тиесілі қоғам типтері үшін шығарылғаны (төленген)жарғылық  капиталының   минималды деңгейінен кем болса;

-         қоғам акцияны қайтып сатып алған шақта төлем қабілеттілігі жоқ болса, немесе акцияны сатып алған соң сондай жағдайға тап болатын болса;

-         акцияны сатып алатын кезінде қоғамның меншік капиталының   көлемі  қоғамның жарғылық капиталына  шығарылған (төленген)капиталдан  кем болса.

Қайтып сатып алынатын акцияның саны  бүкіл қоғамның шығарған  акциясының   25%-нен  немесе қоғамның меншік капиталының  10%-нен аспауы керек. Қоғам акциясын  саиып алу мәселесі сол қоғамның жалпы жиналысында шешіліді, осындай шешім шыққан  соң отыз күннің ішінде аталған шешімді жүзеге асыруына болады. Сатып алынған акцияны қоғамның ұстаушы реестіріне енгізіді. Қосымша  төленген капитал дегеніміз- акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы  (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық табысы). Мұндай капиталдың (табыстың) есебі 531-ші «Қосымша төленген капитал» шотында жүргізіледі. Өз меншігіндегі акцияларды сатқанда 531 кредиттеліп, мына шоттар дебеттеледі: 1050,1040,1010,1020. Сатылған акциялар бойынша шоттарды төлеуге ұсынған кезде сатылған акциялардың тұрақты құны 2940-шоттың дебеті мен 6210-шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

Қосымша төленген капиталдың  есебі.    Капиталдың бұл түрінің есебі үшін 54-ші «Қосымша төленбеген капитал» бөлімшесінің шоттары арналған. Бұл бөлімшенің қатарына мынандай синтетикалық шоттар кіреді: 5320-шот «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал» ; 1020-шот «Инвестицмяларды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал»;  5320-шот «Басқа да қосымша төленбеген капитал». 54-ші «Қосымша төленбеген капитал» бөлімшесінің шоттарында құнсыздануға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және босқа активтерді қайта бағалаудан алынған капиталдың қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпарат жинақталады.

Негізгі  құралдарды қайта бағалау операциялары. Негізгі құралдарды, ұзақ  мерзімге жалға алатын негізгі құралдарды, бітпеген (аяқталмаған) күрделі қаржы жұмсалымдары мен жабдықтарды қоса алғанда қайта бағалау заңға сәйкес негізгі қорларға индексация жасау тәртібі мен ережесін шаруашылық субъектісі өзі шешуге құқылы. Қайта бағаланған негізгі құралға төмендей корреспонденция жасалады. Негізгі құралдарды (жерден басқа) қайта бағалау кезінде 2412-2417, 2930 шоттары дебеттеліп, 5320  шоты кредиттеледі, негізгі құралдардың қайта бағалануына байланысты олардың тозу сомасы ұлғайғанда 5320 шоты дебеттеліп, 2421-2429 шоттары кредиттеледі.

Негізгі құралдардың құнының өзгеруіне байланысты тозу сомасына да түзетулер жүргізеді.

Қайта бағаланған (дооценка) сомасы бөлінбеген табыстар шотына ай сайын көшірілуі қажет және осы есептің дұрыстығын тексеру үшін мынадай есептеулер жасалынады:

Жазбалар мазмұны

Сомасы теңге

1

Кәсіпорын 1994 жылы жол тегістегіш сатып алды делік. Пайдалану мерзімі 8 жыл.

Амортизация нормасы 12,5%:

-         машинаның бірінші қайта бағалануына дейінгі құны

-         1-ші қайта бағалануына дейінгі есептелінген тозу сомасы

12000

2000

2

Қайта бағалау нәтижесінде (01.10.94 ж.,01.07.97 ж.) машинаның құны мен тозу сомасы төмендегідей болады:

-         жол тегістегіш машинаның құны

-         машинаның тозуына байланысты есептелген сомасы

-         машинаның қайта бағаланған сомасы (236390 – 12000)

-         машинаның қайта бағаланғаннан кейін, қалыптасқан тозу сомасы (103 539 – 2 000 =101 539), енді осыдан машинаны пайдалану кезінде есептелген тозу сомасын шегереміз (64 339 тенге)

-         машинаның индексацияланған сомасы (224 390 – 37 200)

 

 

236 390

103 539

224 390

 

37 200

 

187 190

3

Машинаны одан әрі қарай пайдалану барысында, яғни 1997 жылдың 1 қаңтарынан 2002 жылдың маусымына дейінгі кезенді жыл сайын бөлінбеген табыстарға көшірілетін соманың деңгей мынаған  тең (187 190 теңге /4,5 жыл)

41 597,78

 

Сонымен, кестеде көрсетілген есептеулердің қайта бағаланған негізгі құралдың сомасы мына төмендегі шоттарда көрініс табады, яғни 3 466,48 мың теңгесі  5320  шотының дебетінде және 5410  шотының кредитінде көрсетіледі. Қайта бағалаудың сомасы тек негізгі құралдардың объектісі есептен шыққан кезде ғана себебіне байланыссыз бөлінбеген табыстың сомасына көшіріледі.

Инвестицияны қайта бағалаудың операциялары бойынша. Инвестицияларды қайта бағалау белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Инвестицияларды қосымша есептеу сомалары 542-ші «Инвестицияларды қайта есептеуден алынған қосымша төленбеген капитал» шотының кредиті бойынша көрініс табады:

 

Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын, және басқа да шаруашылық серіктестіктердің жарлық капиталын қайта бағалаудан түскен инвестицияның сомасына 

2310

5320

Қаржылық инвестицияларын қайта бағалаудан түскен сомаларына

1150

5320

Есептен шығарылғн ұзқ мерзімді қаржылық инвестиция бойынша қайта бағаланған сомасы:

5320

5410,6210

 

5320  шотының дебеті ұзақ мерзімді инвестицияның құнының төмендегенін және олардың баланстық құнының азайғанын көрсетеді, ол кезде қайта бағаланған сомасының шегінде мына шоттар корреспонденцияланады:

  - ұзақ мерзімді инвестицияның төмендеген құнына 1150  шоттары кредиттеліп, 5320 шоты дебеттеледі;

  - инвестицияның баланстық құнының азайған сомасына 2310  шоттары кредиттеліп, 5320 шоты дебеттеледі.

Басқа да активтердің қайта бағалануымен байланысты операциялары. Активтердің басқа түрлерін (шикізаттарды, материалдарды, сатып алынатын жартылай фабрикаттарды, отынды, дайын өнімді, тауарларды және басқаларын) қайта бағалау операциялары үшін 5320 - ші «Басқа да қосымша төленбеген капитал» шоты пайдаланылады. Шын мәнінде бұл шот инвестиция – неттосы бойынша бағамның есептен шығарылатын кезеңіне дейінгі айырмасы есепке алу үшін пайдаланылады. Егер де инвестиция – неттосы шет елдегі бөлімшелерге берілсе, бағамдық айырманың жиынтық сомасы табыс ретінде  6250 шоттың кредиті бойынша көрініс табады, ал егер де ол шығыс ретінде танылсы, онда ол 7430  шоттың дебеті бойынша көрініс табады. Мысалы: «Восток» ААҚ-ның нетто – инвестициялары шетел бөлімшелерінде 35% құрайды (шетел бөлімшелеріндегіменшікті капиталы 20 млн. теңгені құрайды, қаржылық инвестициялары «Восток» ААҚ–ның – 7 млн. тенге). 2002 жылдың қаңтарында «Восток» ААҚ-мы шетел бөлімшелеріне 49000 АҚШ  доллар, 5 жыл көлемінде  бір  АҚШ долларына 150 тенге курстық бағамы бойынша қарыз берді. Бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша № 9  «Шетел валютасы бойынша операцияның есебі» (СБУ 9) әр есеп беру кезеңіне  құралдарды есептеу (қарыздық міндеттемелерді қоса), валютамен көрсетілген  соңғы есеп беру кезеңінің бағамы бойынша теңгемен қайта бағаланады.

Сөйтіп біздің мысалымыз бойынша курстық бағам өзгеріп 31 қаңтар  бойынша 152 теңге бір АҚШ долларына, курстық айырмашылық  80 000 тенге сомасын құрайды (40 000 * (152 - 150) «Восток» ААҚ қаржылық  инвестицияларының кеңейгендігін білдіреді, және меншік капиталының көбейгендігін білдіреді., 5320 «Басқа да» шотының кредиті бойынша. Ал егер доллардың бағамы теңгеге шаққанда азайса, онда оның бағамдық айырмасы қаржылық инвестицияның қысқарғандығы ретінде бағаланады және ол  543 «Басқа да» шотының дебеті бойынша  көрініс табады.