Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КУРСОВАЯ ГОТОВАЯ 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.79 Кб
Скачать

1.3 Жарғылық капиталының есебі

Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің  қаражаттарының, материалдық емес активтердің  және басқа да мүліктердің немесе үліктік құқықтарының есебінен құралады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың  (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу  үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.

Шаруашылық  серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдар, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интелектуалдық қызметтің нәтижесіне берілген құқын да қоса алғанда) болуы  мүмкін.

Құрылтайшылардың  (қатысушылардың) жарғылық капиталына натуралды нысанда  салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың  келісімі бойынша  немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі  бойынша  мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.

Шаруашылық  жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық сеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.

Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы  шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторының алдында бірлесіп жауап береді.

Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін  есептелген сомадан анықталады.

Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емс игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серікткстікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды. Қосымша және жауапкершілігі  шектелген серіктестіктердіңжарғылық капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.

Аталған  серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасының 25%-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.

Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан аспауы керек. Егерде серіктестіктердің қатысушылары белгіленген мерзімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар  өзінің есебінен бермеген  үлесінің бір бөлігін  қосуы керек, болмаса олардың жарғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.

Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері біріңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) құнына тең болады. Қоғам өзінің шығады  деп жариялап қойған акцмяларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.

Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі  ашық акцмонерлік  қоғам үшін – бес мың минималды есептік  көсеткішін, ал жабық қоғам үшін – жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.

Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған  әрі жарияланған санының  шегінде акцияны шығарудың  жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің шешімімен белгіленеді.

Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шығарылған акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болад. Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған және жойылған  акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін.бұл жерде шығарылған акцияның номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минмалды деңгейден төмен болмауы  керек.

Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң, жарияланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда  кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.

Қоғам акциялары  жай және айрықша болып келеді.

Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқтарын  қанағаттандырады:

-         дивидендтер алуын;

-         қоғамды басқаруына қатысуын;

-         қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатындығын.

Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға  құқы бар. Иесі жазулы (атаулы)  акцияның қозғалысы, яғни акцияның  өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта – акционерлік қоғамның акционерлерінің тізімінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құқын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.

5000-ші “Жарғылық капитал” бөлімшесінің шоттары бойынша операцияларын қарастырайық.

5020-ші “Жай акциялар”, 5010-ші “Айрықшылығы бар акциялар” шоттарының кредиті бойынша акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын салымдары бойынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 5110-ші “Төленбеген капитал” шотымен кореспонденцияланады.

Шығарылған акциялардың (салымдардың) немесе журналдардың номиналдық құны төленсе,онда ол: 1050, 1060, 1010, 1020, дебеті бойынша және 5020 шоттың кредиті бойынша көрініс табады. Кәсіпорынның жарияланған капиталы - 1 млн. тенге. Ал құрылған капиталы – 900 000 тенге.Бұл жағдайда мынадай проводка жасалады: 1-ші кезең 5020 5010 – 1млн. тенге

2-ші кезең

1050 5020 – 400 000

1020 5020 – 150 000

1010 5020 – 50 000

1060 5020 – 60 000

1310 5020 – 80 000

2413 5020 – 260 000

2730 5020 – 160 000

900 000

Себебі жарияланған капитал кейде жабылмаған капитал 5020 шоты активті және пассивті болып келуі мүмкін. Сондықтан 5020-дан  2180-қа береміз. Демек бұл шотта басқа кәсіпорынның деиторлық  қарызы  емес, осы кәсіпорынды ашқан құрылтайшылардың қарызы болып есептеледі. Демек бұл бухгалтерлік есептің ең бір осал жерін көрсетеді.                                                                                                        Егер де шығарылған акциялардың номиналдық құны негізгі құралдармен, материалдық құндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына шоттар дебеттеліп: 2730, 2411-2417, 1310-1315, 1330 және 5020 шоты кредиттеледі.

Жоғарыда атап өткеніміздей, жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарлық капиталын қалыптастыру процесі бір жылдан аспауы керек, егер де бұл мерзім сақталмаса, онда ол бойынша есептелген пайыз сомасының бөлігі немесе оның бір бөлімі, яғни жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомасы 1270 “Есептелген пайыз” шотының дебеті бойынша және 6110 “Акция бойынша дивидендтер мен пайыз түріндегі табыс” шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Егер де аталған жағдай орындалмаса, онда жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомаға тиісті түзетулер жасалынады, ол кезде 5020 шоты дебеттелген және 5010 шоты кредиттелген-қызыл жазылады.

Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып  кетсе, онда оның үлесін үшінщі тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық  капиталдың  сомасы өзгермейді, тек қатысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.

Егер де қатысушылар  шығып  кетсе, онда соған байланысты жарғылық капитал да  азаяды, демек: 5010 шоты дебеттеледі де, 1040,1010, 2730, 2411-2417, 1310-1315, 1330 шоттары кредиттеледі.

Егер де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 501,502 шоттары дебеттеледі де, 521 – «Қайтып алынған капитал» шоты кредиттеледі.

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы жарғылық капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар

 

Операциялардың мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

1

Серіктестіктердің (акционерлік қоғамнан басқа) жарғылық қорының қосқан пайлар және басқадай үлестер есебінен құрылуы (қалыптасуы)

2730

2411-2930

1310-1317

1320

1070

1050

1030,1010,1020

5020

2

Серіктестіктеодің (акционерлік қоғамдардан басқа) жарғылық қорының акционерлердің шығып кетуі себебінен азаюы

5020

2730

2411-2930

1310-1317

1050

1030,1010,1020

3

Кәсіпорынның өзінің акцияларының айналымнан шығарылғандарының құнына

5010

5210

4

Серіктестіктердің (акционерлерден басқа) қоғамның жарғылық қорына қосқан пайлары және басқадай үлестері қайтарылды

5020

1050

1030

1010,1020

5

Жарғылық қорға шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың оң курстық (бағамдық) айырмашылыққа байланысты өсуі

5020

6250

6

Жарғылық қорға шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың теріс курстық (бағамдық) айырмашылыққа байланысты кемуі

7430

5020

7

Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және салымшылардың ақшалай түрде қосқан үлес салаларының келіп түсуі

1050

1030

1010,1020

5020

8

Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және салымшылардың акционерлік қоғамға материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, тауарлар түрінде қосқан үлестерінің кіріске алынуы

2730

2411-2930

1310-1317

1330

5020

9

Акционерлік қоғамның акционерлерден сатып алған өзінің акцияларының құнына

5210

1050

1030,1010

1020

10

Сатылып алынған акциялардың сатып алу және аталы құнының арасындағы айырмашылығының сатып алынған уақытында көрсетілуі:

  • егер акциялар өзінің атаулы төмен бағаға сатылып алынса;

  • егер акциялар өзінің атаулы құнынан жоғары бағаға сатылып алынса

5210

5410

5210

11

Өзінің атаулы құнынан жоғары бағаға сатылған акциялардың айырма сомасы

2940,1030

1010,1020

5340

12

Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы құнының өсуі

2412-2930

5320

13

Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты оларға бұрын есептеліп жинақталған тозу құнының өсуі

5320

2421-2429

14

Негізгі құралдардың пайдалануына қарай қайта бағалау сомасының анықталған көлемде бөлінбеген пайдаға апарылмағаны

5320

5410

15

Инвесторлардың, серіктестіктердің активтері қайта бағалаудың салдарынан еншілес немесе тәуелді серіктестердіңтаза активтеріндегі үлесінің өзгеруіне байланысты бастапқы инвестиция құнының азаюына

5320

2310

16

Қайта бағадаудың нәтижесінде алынған ұзақ мерзімді қаржы инвестицмяларының бастапқы құны сомасының өсуі

1150

5320

17

Бұрын жүргізілген қайта бағалаудың нәтижесінде ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың бастапқы құнының өскен сомасына бағасының кемуі

5320

1150

18

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды есептеп шығарған уақыттағы, олардың бұрын қайта бағаланған сомасы

5320

5410,6210