- •1.Бос абразивпен өлшемді ультрадыбыстық өңдеу кезіндегі материал қирауының механизмі қандай?
- •51 Сурет. Қажақты құралдардың құрылымы
- •2.Жарық сәулесі электрлі-эрозиялық өңдеу үрдісіне қалай әсер етеі?
- •3.Электрлі-химиялық өңдеу үрдісін сипаттау кезінде қандай классикалық заңдылықтар қолданылады?
- •4.Электронды-сәулелік пісірудің негізгі ерекшеліктері неде?
- •5.Магнитті-абразивті жылтырату кезіндегі абразивті кесудің ерекшеліктері неде?
- •53 Сурет. Жоңқаның жалғыз түйіршікпен пайда болу сұлбасы
5.Магнитті-абразивті жылтырату кезіндегі абразивті кесудің ерекшеліктері неде?
.Ажарлаудағы кесу процесі. Ажарлау процесі абразивтік түйіршіктер
санымен іске асады. Абразив түйіршіктері өздерінің радиусы ρ төбелерімен
өңделетін бетке байланысты қозғалу кезінде, қиынды қалыңдығының а
радиусқа ρ қатынасына байланысты: түйіршіктің өңделетін бетпен сырғуы (aЈρ
болғанда); илемді ығыстыру (a<ρ); кесу – тырнау (aіρ). Жону кезінде
ажарлаудың бойлап жəне қарама қарсы түрлерін ажыратамыз. Кесілетін қабат
геометриясы ажарлау кезінде түйіршіктің пішімі мен өзара орналасуы, ену
тереңдігі мен кесу кезіндегі қозғалыс траекториясына байланысты.
Шарықтастың жұмыс бетінде орналасқан түйіршіктер, пішімі мен размері бір
біріне ұқсамайтын материал қабатын. Түйіршіктермен кесілетін жоңқа
қалыңдығы өте аз (10-2…10-4мм), ал уақыт бірлігінде өте көп жоңқа саны
алынады (бірнеше мың/мин).
53 Сурет. Жоңқаның жалғыз түйіршікпен пайда болу сұлбасы
Ажарлау кезінде жоңқаның пайда болуының жүзді құралдармен өңдеу
процестерінен түбегейлі айырмашылықтары жоқ, бірақта алдыңғы
бұрыштарының үлкен теріс мəндерімен, кішкентай қиынды қалыңдығымен
жəне дайындама мен түйіршік төбесінің түйісулері аз уақыт болғандығынан 69
өздерінің ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер процесске өзінің түзетулерін
қосады, ажарлаудың динамикалық жəне жылулық жақтарын өзгертеді.
53 суретте жоңқаның пайда болу сұлбасы (53, а сур.) жəне жалғыз
түйіршіктің импульстік кесу күшінің Р пішімі (53, б сур.) көрсетілген.
Ажарлау түрлері. Ажарлау абразивті өңдеудің кеңінен тараған түрі,
Ra =0,3…1,6мкм кедір-бұдырлықты жəне 6…8-ші квалитеттер дəлдігін
қамтамасыз етеді.
