Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бадат 51-55.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
281.06 Кб
Скачать

Бағдат

  1. Бос абразивпен өлшемді ультрадыбыстық өңдеу кезіндегі материал қирауының механизмі қандай?

  2. Жарық сәулесі электрлі-эрозиялық өңдеу үрдісіне қалай әсер етеі?

  3. Электрлі-химиялық өңдеу үрдісін сипаттау кезінде қандай классикалық заңдылықтар қолданылады?

  4. Электронды-сәулелік пісірудің негізгі ерекшеліктері неде?

  5. Магнитті-абразивті жылтырату кезіндегі абразивті кесудің ерекшеліктері неде?

1.Бос абразивпен өлшемді ультрадыбыстық өңдеу кезіндегі материал қирауының механизмі қандай?

Абразивті өңдеу. Бүгінгі машинажасау мен аспапжасау

технологияларында абразивті өңдеу əдістері маңызды орын алады. Абразивті өңдеуавиация мен автомобиль өндірістерінде, мойынтіректерді дайындауда, құралдарды жасауда, радиоэлектроникада жəне т.б. Абразивті өңдеу металлургия заводтарында құймакесектер мен соғылмаларды сыдыру үшін кеңінен қолданылады. Қазіргі материалдардың үлкен тобын кесіп өңдеу үшін, сонымен қатар баяу балқитын металдар мен басқада қиын өңделетін материалдарды таза өңдеу үшін, тек абразивті жəне алмас құралдарды қолдануға болады.

Абразивті өңдеудің таза өңдеу тəсілдері өте жоғары дəлдік ( 5-ші

квалитетке дейін) жəне беткі қабаттың жоғары сапасын (Ra 0,02 мкм)

қамтамасыз етеді.

50 сурет. Дайындама мен абразивті түйіршіктердің өзара байланысы

Абразивті материалдар, құралдар жəне олардың сипаттамалары.

Абразивті материалдар деп, түйіршектерінің жоғары қаттылығы мен кесу

қабілеті бар, пайда болуы табиғи немесе жасанды материалдарды айтамыз. Абразивті құралдар түйіршіктері өзар байланыстағы (ажарлау шарықтастары, бастиектер, сегменттер, қайрақшалар, қажауқағаздар). Абразивті құралдар түйіршек материалы мен олардың размерлерімен, біріктірме түрімен, қаттылығымен, құрылымымен, пішімімен жəне размерлерімен сипатталады. Алмас шарықтастары мен бастиектер қосымша алмас маркасы мен топталумен сипатталады.

51 Сурет. Қажақты құралдардың құрылымы

Абразивті құралдар. Абразивті құралдардың қаттылығы. Бұл

біріктірменің сыртқы күштердің əсерінен құралдың абразивті түйіршіктерін ұстау қабылеті. Сондықтан құрал қаттылығы құралға қосқан біріктірменің саны мен қасиетімен анықталады. Біріктірменің 1,5% көтерілуі құралдың қаттылығын бір табан көтереді. Біріктірме көлемі сəйкес саңылау көлемінің кішірейуіне қарай өседі. Түйіршіктер арақашықтығы бірқалыпты болып қалады.Қаттылық құралдың кесу қасиеті мен құрал жиегінің төзімділігіне, кесу процесіндегі оның тозу сипатына əсер етеді. Егер құрал түйіршіктерінің орналасу беріктігі абразив түйіршігінің беріктігінен кем болса, тозу түйіршік қиқымдалуы есебінен болады, ал құрал өзін-өзі қайрау режимінде жұмыс жасайды.

52 сурет. Жалпақ беттерді ажарлау

Ал егерде түйіршек беріктігі оның құралда орналасу беріктігінен кем

болса, онда тозу бір жағынан морттық қирау есебінен, түйіршектердің сынуы жəне екінші жағынан түйіршектегі тозу алаңшықтарының пайда болуымен болатын қажалау есебінен болады. Абразивті құралдар қаттылығы жағынан мынандай болып бөлінеді: жұмсақ (М)-М1, М2, М3; орташа жұмсақ (СМ)-СМ1, СМ2; орташа (С)-С1, С2; орташа қатты (СТ)-СТ1, СТ2, СТ3; қатты (Т)-Т1, Т2; толық қатты (ВТ)-ВТ1, ВТ2; төтенше қатты (ЧТ)-ЧТ1, ЧТ2. Абразивті құралдың құрылымы (САИ). САИ абразив түйіршігі, біріктірме жəне саңылау көлемдерінің қатынасымен сипатталады. Құрылымды реттеу жүйесі v3:vс:vn=100% теңдігінің сақталуына негізделген. Құрылымның анықтаушысы көлемі - v3. Құрылымның бір нөмірге өсуі v3 түйіршік арасының жəне кейбір саңылаудың размерінің 2%өсуіне əкеледі, бірақта құралдың бірқалыпты қаттылығын сақтау үшін біріктірме көлеміде vс 2% өседі, сонымен қатар саңылау көлемі vn бірқалыпты болып қалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]