- •«Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту»
- •Білім алушыларға арналған пәннің
- •«Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту»
- •2. Дәріс тезистері
- •Деңгейлік тапсырмалардың психологиялық ерекшеліктері:
- •Семинар, практика, зетханалық және студиялық сабақтардың жоспарлары
- •Әдістемелік нұсқаулық.
- •Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және басқаруға арналған материалдар:
- •Соөж-ге арналған тапсырмалар:
- •6. Емтиханға дайындалуға және өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар, соның ішінде тесттер Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
- •Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту пәні бойынша тестер
- •7. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, соның ішінде электрондық тасуыштардағы әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Нормативті әдебиеттер
- •Интернет көздері
- •8. Глоссарий
Әдістемелік нұсқаулық.
Семинар және практикалық сабақтарға қатысты методикалық нұсқаулық.
Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту пәні – филология факультетінің ″филология″ мамандығы бөлімінде оқылатын арнайы пәндердің бірі. Аталған пән болашақ қазақ тілі мамандарына қажетті кәсіптік теориялық білімді жетілдірумен қатар тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Студенттердің мұғалім мамандығына деген сүйіспеншілігі мен тұрақты қызығушылығын, қазақ тілі салаларын деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тәсілдерін, әр оқушының жеке қасиеттерін ескере отырып білім беруге назар аударады. Болашақ маманды мектептегі оқу үдерісі мен оқу тәрбие жұмысының негізгі міндеттерімен таныстырады.
Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту пәні білім беру философиясының, логиканың, лингвистиканың, психологияның, дидактиканың, физиологияның т.б. ғылым салаларының жетістіктеріне сүйене отырып, әдіскерлер мен мектеп мұғалімдерінің тәжірибелерін талдап тану арқылы тиімді әдістер мен тәсілдер жүйесін зерделеп, оны студенттерге меңгертуді көздейді.
Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту қазақ тілінің мектептерде оқытылу барысының өткенін талдау мен оған баға беруге, әдістеме саласында білім беру технологиялары, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту проблемалары бойынша жарық көрген еңбектерді талдай білуге, қазіргі қолданыстағы оқыту технологяларын зерделеуге, болашақтағы даму жолдарының алғышарттарын анықтай білуге студенттерді үйретеді.
Келешек маман теориялық білімі терең, практикалық іскерлік қасиеті жоғары, шығармашылық белсенділігі дамыған жан бола білуі тиіс. Қазіргі студенттің кез келген жағдайдан шығуға жол табатын тиімді әдіс-тәсілді меңгерген, ойлай білу мәдениеті жоғары адам болып шығуы үшін білім беру жүйесін жаңаша құру (модернизациялау) мәселесі көтеріліп отыр.
“Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту” пәнін оқыту процесінде жақсы нәтижеге жетудің жолы – тілден берілетін теориялық материалды деңгейлік тапсырмаларға жүйелеп ұсыну, сол арқылы білім алушының өз ойын ауызша және жазбаша түрде сауатты, жүйелі, сөз мәдениеті талаптарына сай жеткізуге жетелеу. Әдістеме ғылымы мен оқыту технологиясы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы нені оқыту керек, не үшін оқыту қажет, қалай оқытқан дұрыс деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы қалай нәтижелі болады деген сұрақтың жауабын шешуге тырысады. Студент өз бетімен тырысып, кейбір мәселелердің шешімін өзі табуға талаптануы қажет. Осы міндетті шешу мақсатында қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту пәні бойынша қысқаша теориялық мәліметтер, семинар сабақтары мен лабораториялық сабақтардың тапсырмалары мен сұрақтары берілді. Студент аталған тақырыптар бйынша берілген тапсырмаларға жазбаша түрде жан-жақты жауап беруі керек. Сонымен қатар жоғарыда аталған әрбір лекцияға қатысты сұрақтар мен тапсырмаларды орындау арқылы да аталмыш пәнен өз білімдеріңіздің деңгейін көтере аласыздар. Біріншіден, лекция материалдарын оқу барысында оқытушымен тікелей жұмыс жасағанда оқытушының лекциясын мұхият тыңдай отырып, өзіңізге қажет жерін лекция дәптеріңізге жазып отырыңыз. Лекцияға міндетті түрде дәптер арнаңыздар. Сонымен қатар дәптеріңізге әр лекцияның соңында берілген сұрақтар мен тапсырмаларға дер кезінде жауап жазып, өз бетіңізбен үнемі дайындалып жүргендеріңіз абзал. Екіншіден, практикалық және лабороториялық сабақтарды орындау барысында берілген семинар сұрақтарымен тапсырмаларға толықтай келтірілген әдебиеттерді пайдалана отырып, жауап бересіздер. Семинар және лабораториялық сабақтарға жеке дәптер арналады. Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту пәнінен лекция және семинар сабақтарын толық курсын оқып болғаннан кейін егерде пән сізді өзіне қызықтыратын болса, курстық және диплом жұмыстарын жазуға болады. Егерде курстық және диплом жұмысын жазуға бел бусаңыз курстық және диплом жұмысын жазу туралы мәліметтерді ғылыми жетекшіңізден және кафедрадан алуыңызға болады. Курстық жұмыс пен диплом жұмысын жазу арқылы өзіңіздің жазу мәнеріңізді өзіндік ойлау қабілетіңізді қалыптастыра аласыз.
Курстық жұмыс және диплом жұмысын жазу арқылы өз ойыңызды ақ қағаз бетіне түсіру арқылы өзіндік танымыңызды жетілдіре аласыз.
Семинар сабағындағы сұрақтар мен тапсырмаларды ұсынылған әдебиеттер мен мектеп оқулықтарын өзара бірлестікте пайдалана отырып жауап бергені дұрыс. Мысалы, тапсырмада сабақ жоспарын жасаңыз деген шарт берілсе, календарлық жоспар бойынша атлаған тақырыпқа қанша сағат бөлінгенін, қай сыныпта оқытылатын көрсетіп барып, сабақ жоспарын ұсынуы шарт. Семинар және лабораториялық сабақтардың тақырыптарына жан-жақты, дәйекті түрде конспекті ұсынуы шарт. Конспектіде материалды қайдан алғандығы, авторы, кітап аты, баспасы, беті толық көрсетілуі қажет.
