Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Білім алушы кешені. Денгей.тап.ар.окыту-2012 Рауандина.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
434.18 Кб
Скачать

Деңгейлік тапсырмалардың психологиялық ерекшеліктері:

Деңгейлік тапсырмалардың түрлері психологиялық тұрғыдан әр түрлі болады.

Оқушылық деңгейдегі тапсырма, жаттығулар оқушыға бірден әсер етеді, оперативтік есіндегі білім мазмұнын қорытуын, талдауы, жинақтауын мүмкін етеді және қажет теді.

Алгоритмдік деңгейдің психологиялық ерекшелігі мұндағы тапсырмалар алғашқыдағыдан гөрі кеңейтілген, «оперативтік ес» пен «ұзақ уақыттық жадының» ара байланысы түзіледі. Оқушы жадынанесіне түсіретін білім мазмұнын іріктейді, өзіндік шешім іздейді. Түрлі альтернативтер санада салыстырылады. Өзіндік шешімге келуге немес басқа шешіммен келісуге қажетті ой операциялары жүргізіледі.

Ізденімдік деңгей – психологиялық жағынан ерекше. Себебі оқушының алдында оқу міндетін шешу белсенді түрде алға қойылады. Проблемалық тапсырма, жаттығуларды орындау барысында оқушының ең алғашқы деңгейге қарам-қарсы талаптарды жүзеге асыру механизмдері іске қосылады. Онда жағдайды шешу тапсырмалары басым болып, ойлау ерекшеліктері соған бейімделеді.

Шығармашылық деңгей - оқушының интеллектуалдық ойлау дәрежесінің бйіктегенін дәлелдейтін деңгей. Онда оқушының шығармашылық ойлауы, шығармашылық қабілеті оның тілден алған біліміне сүйене отырып дамытылады. Бұл деңгейдің тағы бір ерекшелігі – тапсырмалар мен жаттығулар алдыңғы деңгейлерден гөрі кең әрі таратылып беріледі. Мұғалім оқушыға мынаны ұғындыруы тиіс: оқушы бұл деңгейде өз-өзінің ойлау тұнығына бойлап, өзінің ойындағы бар мүмкіншілігін қабілетін жан-жақты сыртқа шығаруға міндетті. Шығармашылық деңгейді өнерге ғана байланысты түсінбеу керек. «Оқушының сыртқы тілі мен ішкі тілінің дамуындағы шығармашылық тапсырмалар, жаттығулар үлкен орын алады. ішкі тіл дегеніміз – дыбыссыз тіл, сөзсіз формада өтетін «жасырын тұрған» ойлау, өз-өзімен және өзі үшін ойлау» (46).

Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында мынадай әрекеттер жүзеге асырылады:

  • Интеллектуалдық іс-әрекеттер;

  • Ойлау операциялары (талдау, жинақтау, жіктеу, т.б.);

  • Тіл таңбаларын қолдану.

Әр деңгейдің алдына қоятын мақсат, міндеті болады. А.Н.Ленотьев

«міндет дегеніміз – белгілі бір жағдайға сәйкес нақтыланып отырған мақсат. Оқу міндетіне қарай оқушының психологиялық күйі өзгеріп отырады. Оқу әрекеті – оқу міндетінің жинақталған жүйесі, деңгейлік тапсырмалар жүйесі – бірте-бірте өсіп отыратын оқу міндеттерінің көрінісі болып келеді.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының ой-санасын дамытуда П.Я.Гальпериннің ақыл-ой қызметін сатылап ұйымдастыру теориясы негізге алынады.

Ғалымдардың пайымдауынша оқушының дүниетануында бірінші орында сезіну тұрады. Сезіну сыртқы және ішкі (ішкі организм ерекшелігі, жүйке жүйесі, т.б.) тітіркендіргіштерден де туындайды.

Сезіну барысында адам танушы обьекті туралы мәлімет алатын болса, қабылдау сол обьектінің тұтас бейнесін жасайды. Қабылдау дегеніміз – адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер ету барысында обьектінің түрлі жеке-жекеқасиеттерінің бір жинақталғанын танытатынпсихикалық процесс (33). Қабылдаудың өзіндік қасиеттері:

-тұтастық;

-константтық (салымтырламыл түрдегі тұрақтылық);

-құрылымдылығы; -түйсіктілігі; -талғампаздылығы.

В.В.Петухов адам баласының ойлауы бірдей емес, біртіндеп дамитындығына назар аудартады. Алғашқы кезеңде сәбиде ұғым жасауға дейінгі ойлау дами бастайды. Баланың ойлауына нақты бір нәрсе туралы пайымдау жасау үлкен орын алады. Біртіндеп ұғымдық ойлау қалыптаса бастайды. Бұл ойлау 5 кезеңнен тұрады. Оны Л.С.Выготский былай бөледі:

1 кезең – бала ойлауының синкреттік кезеңі (2-3 жас).

2 кезең – қосарлы ұқсату тізбегі кезеңі (4-5 жас).

3 кезең – топтау кезеңі ( 6-8 жас).

4 кезең – жетілмеген ұғымдық ойлау кезеңі (9-12 жас).

5 кезең –теориялық мәліметтерді меңгеру арқылы жетілген ұғым жасай алатын кезең (14-18 жас). Ойлаудың дамуы нақты бейнелерден жетілген ұғымға (яғни сөзбен бейнеленген) қарай жүреді. Баланың интеллектуалдық жетілуі барысында әрбір кезең өзінен кейінгі кезеңге алғышарттар даярлайды. Ойлаудың жаңа формасы жасалған кезде бұрынғы формалар жоғалмайды, олар сақталады, дамиды. Барлық ойлау процесі ұғымдар арқылы өтеді, ұғымдармен қоса ойлауда бейнелер де болады. Көркем ойлау, салымтыру, метафора – адам ойлауының бейнелі болып келетінін танытады.

Деңгейлік тапсырмаларды орындату барысында оқушылардың өз бетімен ойланып, алдына қойған мақсатқа жету дағдылары жетіледі. Мақсатқа жетуде қолданылатын әдіс-амалдар оқушының ақыл-ойын дамытады.

Оқушының есі мен ойлауынан кейін дүниетануда маңызды қасиет –қиял. Қиял дегеніміз – жаңаны белгілі бір бейне, елес не идея формасында жасаудағы психикалық процесс. Қиял тек адамға ғана тән құбылыс. Оқушыға берілетін тапсырмалардың олардың қиялын дамытуға ықпалы болуы ескеріледі. Мысалы, Егер мен президент болсам, ... тақырыбына әңгіме, шығарма, ой толғау жаздыруға болады.

Қиялдың түрлері:

Қ иял

Белсенді қиял Пассив қиял

Ерікті қиял Еріксіз қиял

Армандау, қиялдау Гипноздық күй,

түс көру фантазиялары

Белсенді қиялға артистизм, шығармашылық, сыншылдық, жаңартулық қасиеттер тән болса, пассив қиял ішкі, субьективтік факторларға тәуелді болып келеді. Оқушы қиялының осындау ерекше қасиеттерін біле отырып, мұғалім оны дамыту мен шексіз кетіп қалмауын реттеп, қадағалап отыруы тиіс.

Танымдық психикалық процестердің ішінде адам үшін ең құндысы сөйлеу тілі. Сөйлеу тілі – тілдің қозғалыстағы, динамикалық болмысқа түскендегі күйі. Сөйлеу тілінің маңызды үш функциясы бар: сигнификаттық (таңбалаушы), топтастыру (ұғым жасау), коммуникациялық (білім, қарым-қатынас, ой алмасу).

Сөйлеудің осы маңызы қазақ тілін оқытуда белсенді дамытылуы керек. Өйткені сөз – атауыштық қызмет (номинантив) атқарады, сөз ұғыммен байланысты болады, сөз – коммуникативтік құрал болып табылады. Тіл дамыту жұмыстарының мақсаты – оқушылардың сөйлеу тілін жан-жақты дамыту.

5-дәріс

Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың педагогикалық негіздері

Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту технологиясында айрықша ерекшеленетін ұстанымдар жүйесі бар.

1. Қарапайымнан күрделіге қарай оқыту ұстанымы. Бұл ұстанымның мақсатына жету үшін оқулықтардағы жеңіл-желпі тапсырмалардан бастап, баланың тапқырлығын, зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырмаларды орындау үлкен нәтиже береді. Сол секілді қиындығы бар тапсырмаларды орындау, баланың ақыл-ойын арттырып, шығармашылығын шыңдайды. Осы ұстанымды басшылыққа алып орындатылатын тапсырмаға мысал келтірсек, карточкаға не тақтаға синоним сөздерді жазғызып қойып, оқушылардың өздеріне тапқызып, синоним сөздердің тізбегін жастауға болады. Мысалы:

1.Беріген мағыналас сөздерді тауып, жеке бағанмен жазыңдар.

-сыйлау, әдемі, жау, сұлу, көрікті, құрметтеу, қадірлеу;

- сыпайы, аспан, төңірек, әдепті, айнала, маңай, биязы, көк.

2.Келесі сөздердің синонимдік қатарын жасаңдар.

-қысқа, келте, ...

-мықты...

Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушының ойлау қабілеті артады, танымдық қызығушылығы дамиды.

2. Теориялық білімнің жетекші рөлі ұстанымы. Бұл ұстанымды оқушылардың теорияны жаттауы, терминдерді есте сақтауы деп түсінбеген жөн. Керісінше, оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы, өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру болып табылады. Оқушыларды өздігінен ой қорытуға, берілген жаттығулар арқылы қоршаған ортадағы заңдылықтарды ұғынуға, өз көзқарастарын қалыптастыруға болады. Теориялық білімнің жетекші рөлі ұстанымын бағытқа алу оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады.

3. Мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас ұстанымы. Бұл ұстаным арқылы оқушыларда өзара ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік қасиеттері қалыптасады. Оқушының өз ойын еркін жеткізуі басты назарда болады. Ол үшін оқушының әрбір жауабы мұқият тындалып, дұрысы мақсталып, қатесі еппен түзеліп отырады. Оқушының пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу +бұл ұстанымның негізіг өзегі.

4. Мұғалім жұмысының нәтижелілігі ұстанымы. Дәстүрлі оқытуда ұстаз еңбегінің жемісі мұғалімнің қойған сұрақтарына балалардың бұлжытпай берген дұрыс жауабымен, тыныш отырып тәртіп сақтауымен өлшенетін. Ал бұл ұстанымда сабақтың нәтижелілігінің басты көрсеткіші оқушының ойлай, пайымдай, нақтылай, жүйелей, дәлелдей білуі болып табылады. Оқушылар осы әрекеттерді орындай алса, мұғалім нәтижелі еңбектенген болып табылары сөздсіз.

5.Қатысымдық (коммуникативтік) ұстаным. Бұл ұстаным бойынша ескерілетін оқыту қағидалары сөйлесім компонентінің бес түрі бойынша: оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым, тілдесім негізіндегі білім нәтижелері мен оқушының ақпаратты қабылдау және өз ой-тұжырымдарын қорытып шығару әрекеттеріне сүйене отырып анықталады. Мысалы, оқылым мен тыңдалым барысында оқушының сырттан алынатын ақпаратты қабылдауға қатысты естіген немесе оқыған материалдарын түсіну, ондағы негізгі және қосалқы мәселелердің ара жігін ажырата алу, мәтін құрамындағы сөздердің мағынасын түсіну, бейтаныс сөздердің мағынасын жалпы мәтін мазмұнына сүйеніп болжай алу, оқыған естіген ақпаратты қайта қорыту, оған баға беру, сол материалдар бойынша өзіндік қорытынды жасау секілді біліктіліктер қалыптасады. Ал, айтылым мен жазылым әрекеттерінде оқушының өз бетінше ізденуі, шығармашылық тұрғыдағы қабілеттері, дара ойлауға ұмтылысы негізінде туындайтын біліктіліктер қалыптастыруға мүмкіндік мол. Мұнда түрлі өмір жағдаяттарында оқушының дұрыс жол табу, сын сәттерде тиімді шешім жасау, өзіндік көзқарастарын сөз әдебін сақтап жеткізе алу, ойын түсінікті әрі жүйелі айта алу қабілеттері шыңдалады. Оқушының ауызша және жазбаша тілде ойын еркін және әдеби тіл нормаларының талаптарына сай, стильдік ерекшеліктерді ескере отырып жеткізуі біліктіліктің өлшемі деп саналады. Осы айтылған төрт компоненттің басын біріктіріп, оларды толық тоғыстыратын және білім философиясындағы рефлексия жүйесіне сәйкес тілдің тұлға дамытушылық рөлін тікелей жүзеге асыратын компонент – тілдесім. Сондықтан қазіргі өзгермелі дүние жағдайында адамдармен тіл табыса жұмыс істеуге төселдіретін, бәсекелестікке бейім қоғамдағы бәсекелестікке бейім адамды тәрбиелеудің өзегі саналатын бұл әрекет – оқушының дара тұлға ретіндегі әр түрлі қабілеттерінің жетілуінің де басты факторы. Сондықтан мұнда оқушының қарым-қатынас мәдениетіне, көпшілік ортасында өзін-өзі ұстау әдебіне, пікірталас түріне лайық сөйлеу мәнеріне, этикеттік орамдарды дұрыс қолдана білуге төселдіруге назар аударылады. Аталған практикалық сипаты айқын сөйлеу дағдыларының жоғары талапқа сай болуының бір тетігі – оқушыларға тілдік материалдарды саналы меңгерту, оларды сөз мәдениетін жетілдірудің базасы түрінде қолдануға бейімдеу. Тілдік білімнің оқушы мүддесіне лайық жетілуі де, өзінің табиғатына толық сәйкестенуі де тек осы ұстанымның шынайы түрде жүзеге асырылуымен байланысты.

6. Тілдің білім мазмұнына қатысты ұстаным – теория мен практиканың байлынысы ұстанымы. Бұл бүгінгідей білімнің мәні түбегейлі өзгеріп отырған жаңа кезеңде аса маңызды ұстаным деп саналады. Шын мәнінде бұл қағида ертеден-ақ белгілі болғанмен және осыған дейін де дәстүрлі мектептік білім мазмұнын анықтауда ескеріледі деп айтылғанмен, ол өз дәрежесінде жүзеге асырылмай келгені белгілі. Мектептегі пәндердің қай-қайсысы да оқушының теориялық білімін берік етуге басымдылық бергенмен, оның практикалық жағына назар аударылмады. Бұл тұжырым математика, физика, химия, т.б. пәндермен қатар оқушының өмір тірегі болып саналатын тіл сабақтарының өзінде де елеусіз қалдырылды. Себебі тіл, ең алдымен, ойлаудың құралы. Білімнің өз өмірі үшін қажеттігін тануына, қоғамдық ортада тілдің мәнін түсінуіне жол ашатын түрлі ақпараттар, өз кезегінде, оқушының пәнге деген мотивациясын тудырады. Ал мотивация – пәнге саналы қарым-қатынастың тірегі. Теориялық тақырып аясынан өзіне қажетті нәрсені тани алуы оқушының пәнге қызығушылығын оятады. Білімге оқушы ынтасының артуы – оқытудың тиімділігі мен сапасының маңызды көрсеткіші.

В.П.Беспальконың, В.М.Малаховтың, қазақ ғалымы Ж.Қараевтың зерттеулерін қазақ тілін оқыту үдерісіне ендіру өзекті мәселе. Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытуда алгоритмнің алатын орны ерекше. Алгоритм дегеніміз – қатар-қатар әрекеттердің орындалуының шарттары мен талаптары, берілген тапсырмаларды орындауда алға қарай қадамдап басуы. Мақал-мәтелдерді алгоритмге негіздеп деңгейлік тапсырамалар арқылы оқытудың үлгісі:

І деңгей.

1. Мәтіндегі мақал-мәтелдердің астын ирек сызықпен сыз.

Балаға Анадан артық, Анадан қымбат жан жоқ. Сондықтан да халық даналығында ананы ардақтайтын, Ананы дәріптейтін сөздердің небір асыл маржандары кездеседі. «Ананың алдында асқан тау да аласа», «Анасына қарап қызын ал», «Ананың сүйген жаны отқа да күймейді, ананың сүйген жеріне оқ та тимейді», «Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» деген нақыл сөдердің бәрі де өмірден алынған. Әрбір ана «отым өшпесе, бақытым көшпесе, шаңырағым шайқалмаса, сәбиім жыламаса» деп тілейді. Өз баласын «алтыным, жасыл желек жарқыным, аспандағы жұлдызым, маңдайдағы құндызым, аман болсын бастары, ұзақ болсын жастары» деп еркелетіп отырады.

2. Тұрақты тіркестерді бір бөлек, мақал-мәтелдерді бір бөлек топтастыр.

Төбе шашы тік тұрды. Сүттен ақ, судан таза,. Айдағаның екі ешкі, ысқырығың жер жарады. Таз ашуын тынадан алады. төбем көкке екі елі жетпей қалды. Ердің екі сөйлегені – өлгені. Темірді қызғанда соқ. Тонның ішкі бауындай.

Тұрақты тіркестер

Мақал-мәтелдер

ІІ деңгей.

  1. Мақалдардың тура және ауыспалы мағынада қолданылып тұрғанын ажырат.

Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық абыройды кеткізер. .............................

Құрғақ қасық ауыз жыртар. ..........................

Қоян көлеңкесінен де қорқады. ...........................

Рлай тартсаң, өгіз өледі, былай тартсаң, арба сынады. ...............

Ас – адамның арқауы. ..............

Қайғысыз қара суға да семіреді. ..................

Біреуге ор қазба, өзің түсесің. ................

Ер қанаты – ат. ........................

  1. Мақал-мәтел керек-ақ ...

а) Атасы балаларына:

- Үй сыртындағы көмірді қораға кіргізіп алайық. Жаңбыр жауса, су болып қалады, - деді.

-Осыншама көмірді қашан тасып бітірер екенбіз? – деп күбірлесті балалар алғашында. Жабылып келіп кірісіп еді, қалай біткенін өздері де білмей қалды. Осы кезде атасы мақал айтты. Ол қандай мақал?

ә) Анасы қыздарына қазандағы сүттің тасып кетпеуін, оған қарайлап тұруларын тапсырған еді. Бір айналып келсе, сүті тасып кетіпті. Қыздар бір-біріне сеніп оытар берген көрінеді. Анасы бір мақал айтты. Ол қандай мақал?

ІІІ деңгей.

  1. Сұрақтарға мақал-мәтелмен жауап бер.

  • Қайтсең тегін ішесін?

  • Ананың сүті мен баланың тілі бірдей? Сонда қалай?

  • Өтірікші кімді алдайды?

  • Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?

  • Түкіріктен көл құралуы мүмкін бе?

  • Жылағыс келген бала қайтеді?

  • Кім суға кетеді?

  • Бала мен бала ойнайды, бірақ кейбір балалар бір-бірімен ойнамайды. Ол қандай балалар?

2. Мақалды жалғастыр.

  • Жығылып жатып ...

  • Аңдамай сөйлеген ...

  • Ойнап сөйлесең де ..

  • Сөз сүйектен өтеді ..

  • Бірінші байлық – денсаулық, ...

ІV деңгей.

Жоғарыдағы жазылған мақалдардың біреуінің мәнін ашып жаз.

Бұл тапсырмада оқушылар бір деңгейлік тапсыпманы орындай отырып, келесі тапсырмаларға қадамдап алға басады. Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудағы алгоритмнің ерекшелігі – берілген тілдік материалдарды меңгере отырып, сол материал төңірегінде қажетті ақпаратпен өзін-өзі қамтамасыз етуі. Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудағы дидактикалық процесті екі жақты алгоритм арқылы меңгертуге болады:

Функциялық алгоритм дегеніміз – оқушының орындайтын әрекеттері мен операцияларының бірізді тәртібі, ал басқарау алгоритмі дегеніміз – оқушыларға берілуі тиіс білім мазмұны туралы ақпаратты өңдеу, алынған нәтижелерді өңдеу, қажетті тұстарда функциялық алгоритмге өзгерістер енгізуді қадағалау болып табылады. Функциялық алгоритмде оқушылар берліген тапсырманы өздері орындайды; ал басқару алгоритмінде тапрсырманы орындауға мұғалім тікелей жетекшілік жасайды.

Қазақ тілін оқытуда мотивацияны ескерудің маңызы зор. «Мотив» -латын сөзі. Ол қозғаушы, оятушы күш деген мағынаны береді. Мотивтің құрамына қажеттілік, қызығу, ықылас таныту, еліктеу, қабілет таныту, мақсат қойып, соған ұмтылу сияқты қасиеттер жатады. Мотивация оқушының дара тұлға ретіндегі ішкі қозғаушы күші деп танылады. Сол қозғаушы күштің бағытын басқару – мұғалімге жүктелген міндет.

Оқушының мотивациясы оның жеке бас ерекшелігіне және мұғалімнің сабақты ұйымдастыру қарқыны мен сапасына қарай күшті не әлсіз болып келеді. Сол себепті оқушылардың қызығушылығын дамыту арқылы оқу мотивациясын қалыптастыру үшін мұғалім түрлі қызықты жаттығулар қолданады. Бірақ қызықтыратын жаттығулар тек көмекшілік қызмет атқарады. Өйткені мотивацияның терең жатқан механизмдерін дамытуда қызықты, ойын түріндегі жаттығулардың қызметі белсенді бола алмайды.

Сондықтан мотивацияның проблемалық ситуация жасау арқылы қалыптастыру мен дамыту әдістері маңызды. Ойлау операциялары арқылы орындалатын түрлі ситуацияларды шеше отырып, оқушы пәнді не тақырыпты оқу ынтасы арта түседі. Оқушының болашақ өміріне қажет болатын материалдарды іріктеу арқылы оқу мотивациясын күшейтуге болады. Ол үшін арнайы мәтіндер мен тапсыормалар жүйесі жасалады.

Дидактикалық процестің мотивациялық кезеңін айқын даярлау дегеніміз – оқушының қазақ тілінің тарауларын оқыту процесіне, сол тіл бірлігін танып білу қызметіне, танымдық қызметке еніп кететіндей механизмдерді анықту. Оқушыға берілетін білім мазмұнын ситуациялық түрде ұйымдастыру үшін дидактикалық материал даярлау қажет. Қазақ тілін оқыту процесінде оқушылардың мотивациялық қабілетін дамыту мен оны сабақтар жүйесі бойындп сақтап тұру үшін арнайы тапсырмалар мен жаттығулар жасалады.

6-7-дәріс

Деңгейлік тапсырмалар туралы түсінік, басты белгілері, ерекшеліктері, ұстанымдары. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар және оларды сұрыптау

Қазақ тілін оқытуда тақырыпты жете түсініп, терең меңгеруі үшін деңгейлік тапсырмалардың маңызы үлкен. Сондықтан әр деңгейде орындалатын тапсырмалар белгілі бір талаптарды қамтиды. Деңгейлік тапсырмаларға қатысты талаптар: біріншіден, әр деңгейде берілетін білім көлемін белгілеу үшін; екіншіден, берілетін білім көлеміне қатысты әр деңгейде орындалатын тапсырмаларды іріктеп, таңдап алу үшін қажет. Талаптар әр деңгейдегі (оқушылық, алгоритмдік, ізденімдік, шығармашылық) тапсырмалардың қандай болуы керек, қандай мақсатта берілуі керектігін анықтайды.

Әр деңгейде орындалатын тапсырмаларға байланысты қойылған талаптардың бір-бірінен айырмашығы бар. Бірінші деңгей мен екінші деңгейде орындалатын тапсырмалар бір-біріне ұқсамайды. Бірінші деңгейдегі тапсырмалар жеңіл, қарапайым түрде ұйымдастырылып отырады. Деңгейден келесі деңгейге көшкен сайын тапсырмаларға қойылатын талаптар да күшейіп отырады.

Оқушылық деңгейде орындалатын тапсырмалар:

  • Мұғалім түсіндірген білімді оқушы қайталап бере алатындай болуы керек.

  • Оқушыны жаңадан меңгерген білімін кез келген жағдайда тани алуға дағдыландыратын болу қажет.

  • Жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көмек бере алуы тиіс.

Алгоритмдік деңгейде орындалатын тапсырмалар:

  • Өткен материалмен өзара салыстыра отырып, жаңа материалдың ерекшелігін ажырата алуға негізделген болуы тиіс.

  • Сөйлемді дұрыс құрай алуға машықтандыратын болуы қажет.

  • Тапсырмада меңгерген тақырыптардың желісі үзілмей, өзара байланысып, бірін-бірі толықтырып отыруы керек.

  • Тапсырма берілген ойды жалғастыратындай болуы қажет.

Ізденімділік деңгейде орындалатын тапсырмалар:

  • Оқушыны іздендіре отырып, нәтижесінде өзіне жаңа білім алуын қамтамасыз ететін болуы тиіс.

  • Оқушыны қосымша әдебиетпен, түрлі сөздіктермен жұмыс жүргізуіне бағыттайтын болуы қажет.

  • Оқушының ойлау қабілетін жетілдіретін тапсырма болуы тиіс (сөзжұмбақ, ребус, жұмбақ, т.б.).

Шығармашылық деңгейде орындалатын тапсырмалар:

  • Белгілі бір шығармашылық жұмысқа бейімдейтін болуы керек (сурет салу, шығарма, фантастикалық әңгіме, ой толғау, өлең, әзіл өлең жазу, т.б.)

  • Ғылыми көзқарасын қалыптастыруға арналған болуы қажет (реферат, рецензия, баяндама, өз ойын, пікірін қосатын тапсырмалар, т.б.).

  • Тапсырманың мазмұны арқылы оқушыға проблемалық ситуация туғызып, баланың шығармашылық ойлауын дамытатын болуы тиіс.

Әр деңгейдің өзіндік талаптарына сай тапсырмалар жүйесі жасалынады. Оқушыға берілетін мұндай тапсырмалар жүйесін сұрыптап, дайындауда негізге алынатын ұстанымдар:

1. Тапсырманың қызықтылығы. Тапсырманың ішкі мазмұны және оны орындау жолдары қызықты болуы керек. Сонда оқушы тап-ны қызығушылықпен орындайды. Оқушының тапсырманы өз еркімен орындауы үшін оның мазмұны тартымды болуы керек. тапсырмаға қатысты берілетін мәнітдерде не диалогтарда, т.б. оқушының түсінігіне жеңіл болатын өмірден алынған мысалдар келтіріледі. Соынмен қатар тапсырманың ішкі мазмұнымен қоса формасы жағынан да қызықты блуы керек. Формасына түрлі фигураларды, суреттерді пайдалануға болады. Бұл оқушының тапсырманы орындауға мотивациясын тудырады. Сурет, таблицалар оқушының көру арқылы есте сақтау қабілетін арттырады.

2. Тапсырма мазмұнының жүйелілігі. Тапсырманың мәні мен мазмұны, ішкі құрылымы мағыналық жағынан жүйелі байланыста болуы тиімді. Сонда оқушының ойы, сана-сезімі бірыңғай мәселе төңірегінде жинақталады. Бұл – оқушының тапсырманы орындауына дұрыс бағыт-бағдар беруге көмектеседі. Тапсырма мазмұнының жүйелілігі оқушының ойлау жүйесін қалыптастыруға ыңғайланады. Тапсырма шашыраңқы, әр нәрсенің басын шалмауы қадағалануы керек.

3. Тапсырманың жетекшілігі. Тапсырма өтілетін тақырыппен тікелей байланыста болуы керек. Осыған сай ең басты мәселе әр деңгейлік тапсырмада орын алады және тақырыпқа қатысты ең өзекті мәселе доминант (басшы, негізгі, жетекші) болып шығады. Тапсырма түрліше формада ұйымдастырылып, тереңдетілген мазмұнда берілуінің өзі, ең басты бағдарламада берілген тақырыпты меңгеруге бағытталады. Қандай тапсырмада болсын (1,2,3,4 деңгейлердегі) тақырып жетекші рөл атқарады. Ол оқушыны жетектей отырып, өтілетін материалды жан-жақты қарастырып, терең меңгертуге бағыттайды.

4. Тапсырманың танымдылығы. Тапсырмалар мазмұнының танымдылық сипаты басым болу керек. Оқушыны дара тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал ететіндей терең мазмұнда болуы көзделуі тиіс. Сол арқылы оқушының ой-санасының өсуіне әсер етеді.тапсырма мазмұны оқушының қоршаған ортасын, өмір сүрген қоғамын танып білуге үйретеді. Тапсырманы орындау барысында оқушының рухани дүниесі байып, өмірге көзқарасы қалыптасады, дүниетанымы кеңейеді.

Осы ұстанымдарды негізне ала отырып, қазақ тілін оқытуға байланысты тапсырмалар жүйесі дайындалады.

Деңгейлік тапсырмаларға қойылатын талаптар мен ұстанымдарды басшылыққа ала отырып дайындалатын деңгейлік тапсырмалардың сипаты:

І деңгейде (оқушылық деңгейде) оқушы жаңа материалдың тақырыбын түсінуге арналған тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалар жаңа материалды оқушы есінде ұзақ сақтау мақсатында жасалады. Мұнда мұғалім түсіндірген тақырыпты оқушының қабылдап және оны сол күйінде өзгеріссіз қайтарып беруі талап етіледі. Мұғалім түсіндереді, оқушы оны қайталайды. Оқушыға жаңа метриал туралы жалпы түсінік беріледі.

ІІ деңгейде (алгоритмдік деңгей) оқушы жаңа материалды пысықтау, бекіту үшін берілген тапсырманы орындайды. Бұл деңгейде алғашқы деңгейдегі білім мазмұны тереңірек берілуі көзделіп, тапсырмалар құрылысы мен мазмұны күрделене түседі. Оны орындаудың әрбір қадамы алгоритмдік түрде беріледі. Тапсырмалар бір-бірімен тығыз байланыста болып, жүйелі түрде, алғашқысынан кейінгісі дамытылған түрде, тереңдетілген түрде ұсынылады. Бірінші қадамды орындаған соң екіншісін, одан үшіншісін орындау көрсетіліп, бірнеше алгоритм бір деңгейді құрап тұрады. алгоритмдердің бірін дұрыс орындамаса, екіншісін орындау қиын соғады. Оқушы білмегенін есіне түсіруіне не қайталауға мәжбүр болады. 1 деңгейде тақырыпты тану, оны кез-келген жағдайда таба алу көзделсе, 2 деңгейдегі тапсырмалар жаңа материалдың мағыналық ерекшеліктеріне, негізгі белгілеріне назар аударуын қажет етеді. Өткен материалмен салыстыра отырып, жаңа материалдың өзіндік ерекшелігін тануға жетелейді.

ІІІ деңгейде (ізденімдік деңгей) оқушы өзіндік ізденісі арқылы жаңа материалдың қыр-сырын тануға арналған тапсырмаларды орындайды. Мұнда ол жаңа материал бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдете отырып, өзіндік ізденісінің нәтижесінде жаңа білім алады. оқушының алдына проблемалық мәселе қойып, оны өздігінен шешуіне жетелейтін жұмыстар мен жаттығулар беріледі. Бұл деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушы өзін шағын зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын ізденуші-шәкірт ретінде сезінеді. Оқулықтан оқыған және мұғалім берген білім мазмұнын ізденуші-оқушы өз бетімен толықтырады. Жаңа материалға байланысты оқулықтан тыс мәліметтермен танысады. Бұл – оқушының өз еңбегінің өз ізденісінің нәтижесі. Бұл деңгейдегі тап.орындау үшін қосымша әдебиеттермен жұмыс жүргізеді.

ІVдеңгей (шығармашылық) – оқушылардың жаңа материал бойынша білімін қалыптастырудың ең жоғарғы сатысы болып табылады. Мұнда оқушы шығармашылық жұмыспен айналысады. Оқушы жаңа материал туралы түсінікті қалыптастырып, оның негізгі белгілерін, мағыналық топтарын, қолданылу аясын, т.б. ажыратып және өздігінен ізденуі нәтижесінде алған білімін өз шығармашылық жұмыстарында көрсетуі тиіс. Сондықтан оқушы ІV деңгейдегі тап-ды орындау барысында жаңа тақырыпты еркін меңгеріп, І деңгейдегі – қабылдаушы, ІІ деңгейдегі – орындаушы, ІІІ деңгейдегі – ізденуші тарапынан өтіп, өз пікірі, өз айтар ойы бар дара тұлға дәрежесіне көтеріледі.

Шығармашылық деңгейдің алдыңғы деңгейлерден айырмашылығы:

  • Алдыңғы деңгейлерде оқушыға тапсырманы орындау жолдары айқын берілсе, мұнда оқушының шығармашылық қабілетін анықтайтын және оны дамытатын тапсырмалардың мақсаты ғана беріледі. Ал оны орындау жолдары оқушының жеке шығармашылық қабілетіне байланысты.

  • І-ІІІ деңгейдегі тапсырманы орындау барысында барлық оқушының жауаптары нақты әрі бірдей болуы көзделсе, ал ІV деңгейде – оқушының өзіндік көзқарасына, дүниетанымына, жеке қабілетіне және дарындылығына байланысты әр түрлі болады.

  • Мұнда ІІІ деңгейдегі секілді жаңа ақпарат емес, өмірдегі ақиқат оқушы қиялы арқылы танылады.

ІV деңгейде оқушының белгілі бір шығармашылық қабілетін дамытатын түрлі тапсырмалар (әңгіме, ой толғау, өлең, сурет салу, т.б.), ғылыми көзқарасын қалыптастыратын жұмыстар (реферат, рецензия, баяндама, т.б.) және проблемалық ситуация туғыза отырып, оқушының оңтайлы шешім қабылдай білуін қамтамасыз етуді көздейтін сұрақтар беріледі.

8-дәріс

Қазақ тілінің фонетикасын деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту

Фонетика - тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Әрбір тілдің дыбыстық жүйесін, түрлі заңдарын білудің маңызы зор. Тіл дыбыстарының қолданылу, жасалу ерекшелігін білмей, әдеби тілдің айтылу, жазылу заңдылықтарын игеру мүмкін емес. Фонетика тек тіл дыбыстарын ғана тексереді. Мектеп оқушылары 4-5 сыныптарда фонетиканы өту арқылы әдеби тілдің жазылу нормасы мен айтылу нормасын игереді. Адам баласы бір-бірімен сөйлесім әрекеті арқылы қатынас жасайды, пікір алысады.

9-лекция

Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясын деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту

Бір тілде қанша сөз болса,солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымында лексика (гр.lexikos - сөздік ) немесе сөздік құрам деп атайды. Сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін- қолданылу қабілетін күнделікті қарым - қатынастағы көрнісін, сан қилы стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды лексикология (гректі lexikos –сөздік+logos-ілім сөздерінен) дейді. Қазақ тілінің лексикологиясы - қазақ тілінің сөздік құрамын (лексикасын) тексеретін ғылым. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады. Қазақ тілінің сөздік құрамы халқымыздың басынан кешірген бүкіл өмірінің, шаруашылығы мен кәсібінің , материалдық байлығы мен рухани қазынасының айнасы, куәсі іспеттес, замандар бойы біртіндеп қалыптасқан ұзақ дамуының жемісі. Сондықтан лексиканы зерттеу сөздік құрамды тұтас бір бүтін жүйе деп қарауды міндеттейді. Яғни лексикология жекелеген сөздердің тобын емес, тілдің қалыптасқан лексикалық жүйесін қарастырады. Шындық болмыстағы заттар мен құбылыстар жайындағы ұғымдар жеке сөздермен ғана емес, тұрақты сөз тіркестері түрінде қалыптасқан баламаларымен де түсіндіріледі. Осыған орай лексикология ғылымы сөз ұғымымен үйлесіп, сәйкесіп отыратын тұрақты сөз тіркесін зерттейтін фразеологияны да (гр. phrasis - сөйлемше + logos -ілім) төл обьекті ретінде қарастырады. Тілдің қаншалықты дамып жетілгендігі сөздік құрамдағы сөздердің санымен ғана емес, мәнімен (көп мағыналығымен) де өлшенеді. Бұл жағынан лексикология сөздердің мағыналық құрылымын зерттейтін семасиология (гр.semasio-мән.мағына+logos–ілім сөздерінен) ғылымымен тікелей байланысты. Семасиологияның мәні әсіресе түсіндірме сөздіктерді жасағанда айқын байқалады . Қазақ лексикологиясы қазіргі қазақ тілінде сөздердің осы замандағы даму қалпын мағыналық және құрамдық түрлерін тарихи арналары мен қат – қабаттарын баю жолдарын сөздердің экспрессивті - стилистикалық мәнін қолданылу аясын тексереді.

Өзі өмір сүріп отырған қоғам мен ана тілінің, тіл мен мәдениеттің өзара байланысын

10-дәріс

Морфологияны деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту

Морфология - сөз және оның грамматикалық көрсеткіштері туралы ілім. Әрбір сөздің контексте нендей өзгеріске түсіп, грамматикалық қандай мағына мен қызметке ие болып тұрғаны ескертіледі. Морфологияны оқытуда мұғалімдерден қазақ сөздерінің қандай топқа бөлінетінін, ол топтардың әрқайсысының өзіне тән қандай грамматикалық сыр – сипатының барлығын және контексте қандай қызмет атқаратынын оқушылырға білдіру талап етіледі. Тілдің заңдылықтарын практикада дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру, баулу жұмыстары әр сабақ үстінде үнемі ескеріліп, іске асырылып отырылатын негізгі өзек болады . Сондықтан тіл фактілерінің сапалы да, тиянақты меңгертілуі мұғалімдердің теориялық біліміне тікелей қатысты. Мұғалім тілдің ішкі заңдылығын жан – жақты терең білсе, оқушыға берілетін білім де, тілдің жүйесі де, тараулары да өзара байланысып дұрыс оқытылады .Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытатын ұстаздарға ортақ грамматикалық бір тұлғаны екінші бір ұқсас категориялармен шатастырып алушылық жиі ұшырасады .Сонымен қатар, кейбір тақы-рыптардың өзіндік сыр - сипатын саралап, нақтылап беруде, кейбір ұстаздар грамматикалық талдауға үстірт қарап, оқулықта берілген ереже, анықтамалар мен мысалдарды қайталап айтып берумен шектелетін жайттар да бар, мұндай кемшілік көп – ақ.Тіл сабақтарында ұшырасатын олқылықтарды жоюда мұғалімдер өз білімдерін жетілдіріп, толықтыруды бүгінгі мектеп реформасы талабындағы шешімдердің ең бастысы деп қараулары керек.

11-дәріс

Сөз тіркесі синтаксисін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту

Мектепте ана тілін оқытудағы басты мақсат – білімді азаматтар тәрбиелеу. Олардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды шығармашылықпен ойлай білуге үйрету, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту.

Міне, осы мақсаттарды жүзеге асыруда сөз тіркесін меңгертудің ролі зор. Сөз тіркесі синтаксисін жақсы меңгерту баланың логикалық ойлау қабілетін, тілін дамытады.

Жалпы қазақ тілін оқыту әдістемесінің кейінірек барып зерттелуі, оның ішінде сөз тіркесі жөнінде арнайы әдістемелік еңбектің болмауы – мұғалімнің жұмысын қиындатады. Оқушыларға сөз тіркесін меңгертуге нұқсан келтіреді. Сонымен бірге сөз тіркесі синтаксисінің теориялық жағында бір ізге түспеген даулы мәселелердің болуы оны практикалық жақтан оқытуға кесірін тигізбей қоймайды. Сондықтан сөз тіркесінің бір ізге түспей жүрген және ашылмай жатқан қырлары мен сырларын зерттеу – бүгінгі күннің талабынан туып отырған мәселе.

12-дәріс

Жай сөйлем синтаксисін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту

Тiл бiлiмiнде сөйлемдердi таптастыру синхронды және диахронды таптастыру бойынша жүргiзiледi. Диахронды классификация бойынша сөйлемнiң қалыптасып, даму жолы тарихи тұрғыдан сараланса, синхронды классификация бойынша сөйлем тiлдегi қазiргi қолданылуы қалпында бiрнеше ұстанымға сйкес iштей сараланады. Предикатив тұлғаларының санына қарай сөйлем жай және құрмалас болып жiктелсе, айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты болып жiктеледi.

13-дәріс

Құрмалас сөйлем синтаксисін деңгейлік тапсырманың негізінде оқыту

Қазақ тілі құрмалас сөйлем синтаксисі- қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан, өрбіп өскен күрделі ойын танытатын қазақ тілі ғылымының негізгі саласы. Қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер озық экономикасы мен техникасы, мәдениеті мен ғылымы әлемге танылған, қазақ ұлтының ойының зор табысы.

Адамның басында қандай ой туса да, ол тек тілдік материал негізінде ғана туып, өмір сүре алатыны, тілдік материалдан аулақ жалаң ойдың болмайтыны еске алынса, қазақ халқының күрделі ойы қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер арқалы білдіріп отыратыны баршаға аян.

Құрмалас сөйлем методикасы қазақ тіл ғылымының құрмалас сөйлем синтаксисі жөніндегі зерттеулері мен педагогика (оның дидактикасы), психология ғылымдарына негізделеді.Қазақ тіл ғылымының құрмалас сөйлем методикасы жөніндегі зеттеулері – құрмалас сөйлемді оқушыларға меңгерту үшін ұсынылатын материалдар.

Құрмалас сөйлем методикасының мазмұны мыналарды қамтиды:

  1. Құрмалас сөйлемнен орта мектеп оқушыларына берілетін білім көлемін белгілеу (айқындау).

  2. Құрмалас сөйлемнен берілетін білімнің танымалдық және тәрбиелік мәнін ашу.

  3. Құрмалас сөйлемді оқытуда мұғалімнің міндетін көрсету.

  4. Құрмалас сөйлемді оқушыларға меңгетуге байланысты мұғалімдердің өзіндік ерекшеліктерін (тәрбиелерін) зерттеу.

  5. Құрмалас сөйлемді оқыту әдістері мен тәсілдерін анықтау

  6. Құрмалас сөйлемді оқытуға байланысты жүргізілетін негізгі жұмыстар-дың түрлерін белгілеу.

  7. Құрмалас сөйлем методикасының ұғымдары мен терминдерін жасау.

Осыған орай, қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем методикасына мынадай анықтама беруге болады.

Құрмалас сөйлемнің методикасы дегеніміз – дидактика мен психологияға сүйене отырып, қазақ тіл білімінің озық табыстарының негізінде, құрмалас сөйлем синтаксисінен мұғалімнің білім, дағдылар беру, оқушылардың білім, дағдылар алу, жас буындардың ой-өрісін өсіріп, көзқарасын қалыптастыру және оларды өмірге дайындау әдістері мен тәсілдерінің жүйесі әрі жиынтығы.