Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Афика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121.9 Кб
Скачать

Африка материгін қайталауға арналған өлеңдер мен тапсырма

Үйге берілген көрініс.

Атасы: Балам, сапарың сәтті болсын! Еш нәрсең ұмыт қалған жоқ па?

Бала: (Қоржынын иығына асып) Жоқ, ата, керектің бәрін алдым. Фотоаппарат, видиокамера, қағаз, қалам, қалта телефоны.

Атасы: Балам-ау, темір-терсекпен қаруланған екенсің, дұрыс –ақ. Енді жылы жемпір, шапка, шұлық алдың ба?

Бала: Жоқ, ата, ол жақ Ташкенттен де ыссы Африка ғой. Африкада өмірі қыс болмайды, мәңгі жаз.

Атасы: Қыс болмайтын жер бар ма, балам? Құдайдың жері біреу-ақ емес пе?

Бала: Ия, ата, Жер – ортақ мекен барша адамзатқа Жер біреу-ақ, ал табиғаты алуан түрлі.

Атасы: Сонда ол жақта кімдер тұрады?

Бала: Ол жақта өзіміз сияқты адамдар тұрады, бірақ олардың терісі қара негр нәсілдері тұрады.

Әжесі: А-а, біздің ана, үлкен үйдегі қара тентек қайным сияқты, өзі қара, тісі ақ, ерні қалың, мұрны жалпақ, екі иығына екі жігіт мінгендей тұлғалы адамдар екен ғой. Ия, Тайсон бәксөрдің туыстары ма?

Бала: Ия, әже, ол жақта қар да жаумайды, жылдың төрт мезгілінде де ыссы. Сондықтан олардың терісі қара болғаны – күн сәулесінен қорғайды. Тіпті, шаштарының киіздей қалың бұйра болуы бастарына күн өтпеуі үшін керек.

Әжесі: Онда мұрындары неге жалпақ болған?

Бала: Себебі, жылы жақта тұрғасын оларға біздер сияқты мұрындарымен ауаны жылытудың керегі жоқ болғасын мұрындары жалпақ. Ал, ата, бізге батаңызды беріңіз. Круизге баратын балалар күтіп қалатын болды.

Атасы: Балам, “кіруыз” деген не ол?

Бала: Кіруыз емес, ата, круиз. Кемемен саяхаттап елмен, жермен танысу деген сөз ол. Біз Африка жағалап саяхат жасаймыз.

Әжесі:Қарындарың ашар, тамақ салып қойдым.

Баласы: Ол жақта ыстық. Тамақ ашып кетіп, ысырап болып жүрер.

Әжесі: Ысырап болады деп тамақсыз кетейін деп пе едің? Әжеңнің сақтаған тамақтары 3-4 жыл болса да бұзылмайды. Міне, құрт, ірімшік, жент,тандыр нан, май, тары.

Бала: Жо-жоқ, әже, ашықпаймыз. Тек құрт пен ірімшікті аламын.

Әжесі: Балам-ау қарның ашады ғой.

Бала: Ата, әже, уайымдамаңдар. Ол жақта жыл бойы орманда жеміс-жидек пісіп төгіліп тұрады.Банан да , арахис те, тіпті нан ағашы мен кофенің отаны болғасын аш қалмаймыз. Кемемен жүзіп , балық та аулаймыз. Қане, ата, бізге батаңызды беріңіз.

Атасы: Балаларым, қолдарыңды жайыңдар. Батамды беремін.

Сапарларың сәтті болсын,

Күндерің шуақты болсын.

Кемемен сайрандап жүзіңдер,

Небір қызықты көріңдер.

Негрден дос та тауып,

Тату болып жүріңдер.

Африканы шарлаңдар,

Орындалсын армандар.

Түйе мініп керуендеңдер,

Пілді мініп серуендеңдер.

Елден сәлем айтыңдар,

Демалып, елге қайтыңдар.

Жортқанда жолдарың болсын,

Қыдыр ата жолдасың болсын.

Мұғалім: Құрметті жолаушылар, сіздерге ғаламтор арқылы сонау Африка елінен хат келіп түсті. Хатта сіздермен бірге саяхаттайтын круиз қызықты болу үшін өздеріңмен сайысқа түскісі келетін және өздерін таныстырып, сәлем жолдаған. Сіздер қарсы болмасаңыздар, қабыл алып, мониторға қараңыздар.

Килиманджаро” тобының үй тапсырмасы.

  1. Пигмейлер тайпасы

Ит тұмысығы өтпейтін,

Экваторлық орманда

Тал- жапырақ лашықта,

Мангр талды қорғанда.

Күнде жауын жауса да,

Аласа қауым болса да,

Ер намысын қамшылар,

Ер жүректі аңшылар.

Жеміс, аң, құс қорегі

Пегмей деген тайпа бар.

Ергежейлі болсақ та,

Біздей батыр қайда бар.

  1. Вакамба тайпасы.

Әшекей моншақ тағынып,

Арыстан терісін жамылып.

Жалт – жұлт етеді теріміз,

Қабылан майын жағынып.

Ешкі терілі барабан,

Билейміз биді қалаған.

Жігіттер жүр акробат,

Айналып, сальто жасаған.

Шаршамаймыз қашанда,

Тайпамыз біздің Вакамба.

  1. Масайлар тайпасы

Ұзын бойлы тұлғалы,

13 де –ақ аңшы ұлдары.

Найзаменнен түйресе

Арыстан болар құрбаны.

Әйелдер шашын қырғызып,

Еркектер қояр өргізіп.

Арыстан аулап масайрар

Біз боламыз Масайлар.

4. Эфиоптар тайпасы

Бидай, тары, кофе отаны-

Эфиопияның Каффа ауданы.

Эфиоптар деген тайпамыз,

Эфиопия деген таудағы.

Дәнді дақыл егеміз,

Кофе өсіріп, тереміз.

Кофемен жаулаған жер бетін

Бізді осал демеңіз.

  1. Кения

Жамбо. Салем...

Нілдің қара маржаны ,

Әр қазақтың арманы!

Кенияның шайы емес пе

Ақшасы да арзаны

Кения деген халық бар,

Жайқала өскен бау-бағы.

Экваторда тұрса да

Қар жамылған таулары.

  1. Банту

Оңтүстік Африка көшбасшы ел,

Тұрған жері тұнған байлықты жер

Қымбат метал – алмаз, платина, алтын,

Уран, хром, темір, марганецтер.

Байлығы елдің тасып жатыр,

Өседі цитрус, жеміс, дақыл.

1994 жылдан бастап,

Билейді елді негр нәсіл.

Оңтүстік Африка болған мекен,

Тайпаларға Банту деген.

7. Берберлер, бәдуилер- арабтар.

Болғанменен судың азы,

Байлығы мол, мұнайы – газы.

Бірнеше мың тарихы бар

Пирамидалы Эл-Гизасы.

Сұлтан шыққан қыпшақ ұлдан

Мұсылманға болған қорған.

Мысыр елінде билік құрған,

Бейбарыстай сұлтан болған.

Ахаггар, Тибесті қыратта

Алжир менен Мысырда

Сахараны жарып аққан

Ніл бойындағы шұратта.

Тоқимыз небір себеттер,

Алтын құятын зергерлер.

Сахараны мекендеген

Біз боламыз Берберлер.

Солтүстік Африка тұрғындары

Ақ нәсілміз қарақтар.

Ежелгі тұрғын Бәдуилер-

Біз боламыз арабтар.

Еуразияның табиғат зонасына арналған топтық таныстыру

Бөлінген топтардың аттарымен таныстыру.

«Қызғалдақ»

Біреу білсе, біреу білмес отанын,

Ақтөбе екендігін қызғалдақтың.

Қысқа ғана ғұмыры болсадағы

Көктемін құлпыртады біздер жақтың.

Голландияға ауып барған тағдыр айдап,

Бір қазақ корольге сатқан сайлап.

Айырбастап үш түйір жуашығын қамал,жерге

Ал Нидерланд гүлді сатып байыд демде.

«Қасқыр»

«Көкбөрінің ұрпағымыз айбарлы,

Кіші жүзбіз ел қорғаған найзалы.

Қасқыр жыртқыш, өте ұйымшыл үйірі.

Батыл жүрек, қолға түспес айлалы.

Көршілері: Орыс-«Аю» тотемі,

Қытай-«Айдаһар» жалмап жұтқан бөтенді.

Ұйымшыл бол, қазағым, қорға барыңды

Тайраңдатпай өз жеріңде бөтенді.

«Жусан»

Жалғасымын қыпшақ, сақтар тегінің,

Жусан исі аңқыған қазақ жерінің.

Құдіретің сенің сондай күшті ғой

Малға азық, жанға дауа шөбіңнің.

Мысырды билеп сұлтан болған Бейбарыс,

Қыпшақ жері болсадағы қанша алыс.

Ұлтан болып өз еліне оралған

Қымыз дәмі, жусан исі боп таныс.

Солтүстік Америка Таныстыру.

Үндіс тайпасы.

Тыңда, адамзат, тарихымды айтамын,

Мен көсемі үндіс деген тайпаның.

Қарғыс атқыр алтын үшін ақ нәсіл,

Халқымды кеп қырып жойып, жайпадың.

Аямадың кәрі мен әйел – баланы,

Қанға бояп оқ көрмеген даланы.

Жұқпалы ауруды әкеп тараттың,

Тып – типыл боп қалдық содан шамалы.

Колумб келіп бұзды біздің тыныштықты,

Еуропалықтар бәрін тонап, бәрін «жұтты».

Қарғыс алған Христофор ең соңында

Көк тиынсыз, қаңғып қалып нені ұтты?..

Үндістердің асыл тас, тау – тау алтындары

Қоймасына испан королінің құйылғаны.

Ұрпақтары байлығымызға қарық болып,

Ал, үндістер резерваттарға қуылғаны.

Жауынгер халқымыздың даңқы өшпес,

Біз, үндістер нәсіліміз монғол тектес

Келгенбіз «Жаңа жерге» ауып Азиядан

Болған кезде Аляскаменен шектес

Ацтектер

Мексика жерін мекен еткен ацтектер

Тайпамыз біз жеңілмейтін жауынгер.

Елді билеуші басқарып, ал билік

Ауысатын баласына мұрагер.

Астанамыз – Мехико аралында үлкен көлдің,

Дамыған барлық түрі қолөнердің.

Тас қашап, металл менен ағаш өңдеп,

Сауда жасап айырбастап өнімдерін.

Көрші елдерді күшпенен басып алып,

Құл алатын және де салық салып.

Құлды жұмсап батпақтарды құрғатып,

Бау – бақшаға баратын канал салып.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]