Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРУ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129.48 Кб
Скачать

Адам қартайған сайын ішкі органдарының салмағы кеми түседі екен. Мәселен, 30 жастағы еркектің миының салмағы орта есеппен 1389 грамм болса, 70 жастағы қарттың миы 1266 грамм тартады екен.

Адам салмағының 7 пайызы қаннан құралады. Егер салмағы 70 кг болса, онда оның организмінде 5 литр қан болады.

Адам денесінде 639 бұлшық ет, 212 сүйек бар екен. Дененің бүкіл буындары 150 түрлі қозғалысқа келеді.

Әрбір дені сау, ересек адамның тыныш отырған жағдайда өкпесі арқылы 11мың метр ауа өтеді. Ал жұмыс істеген кезде бұл ауа 3-4 есе көбейетін көрінеді.

Адам күніне орта есеппен 20 мың адым, жылына 7 млн-дай адым жүреді. Сонда 70 жаста ол 500 млн адым жасайды. Қашықтық өлшеміне айналдырып, әр қадамды 70 см-ден есептесек 384 мың км болады екен. Ал, бұл Жер мен Айдың ара қашықтығына тең деген сөз.

Адам денесіндегі ең еңбекқор орган – жүрек. Егер жүрек минутына орта есеппен 70 рет соқса, тәулігіне 100 мыңнан астам рет, бір жылда 35,6 млн рет соғады. Егер жүректің соғу күшін салмақ көтеруге жұмсаса, ол бір адамды Кавказдың Эльбурс шыңына 20 күнде шығаруға шамасы жетеді екен.

Адам ағзасы

20/11/2009ҚосақПікір қалдыруGo to comments

Адамның он екі мүшесі Бір жылда 12 ай болса, адамда 12 мүше бар. Уақыт көшінің бір жылы 365 күннен тұрса, Қытай емшілерінің айтуынша, адамның да буындары соншама. Мұның бәрі адамның табиғатпен тығыз байланысты ендігін айғақтайды. Қариялардың жадында болар, халық жұмбақтарының бірінде: «Дүниеде бір ағаш бар түбі жуан, он екі ұл, алпыс екі қыз бір күн туған», – деп айтылатыны. Мұндағы 12 ұл адамның он екі мүшесі, 62 қыз – адамның алпыс екі тамыры (алпыс екі мүшеге тараған тамыр), ал ағаш – адамның өзі. Төрт мүше (екі аяқ, екі қол), жеті мүше тәрізді он екі мүше адамның дене бітіміне бай- ланысты айтылған. Біз бала кезімізде талай естігенбіз, алыс сапардан оралған адамдармен ауыл ақсақалдарының «Он екі мүшең аман ба? Төрт мүшең түгел оралдың ба?», – деп амандасып, жөн сұрасқандарын. Осы қариялардың кезінде он екі мүшенің не екенін санамалап айтып кеткен бір нұсқасы бойынша адамның он екі мүшесі мыналар: Бас (біреу), омыртқа (біреу), жамбас (екеу), жауырын (екеу), тоқпан жілік (екеу), асық жілік (екеу), қары жілік (екеу). Әрине, он екі мүшені басқаша талдап, түсіндіретіндердің болуы мүмкін. Қазақ – дана халық қой. Жеті қазынаның өзін әртүрлі құлпыртып айтатындай, он екі мүшені де солай түрлендіріп, бейнелей алатынына таласымыз жоқ. Көнекөз, шежіре кеуделердің барлық болжам, талдауы қисынды. Он екі мүшенің жоғарғы, төменгі деңгейі Көне заманғы халық емшілері адамның он екі мүшесінің әр бөлігі тәуліктің ішінде өзінің жоғарғы, төменгі денгейіне ауытқып, ылғи алмасып отыратынын дәлелдеп берген. Оны қазіргі заманауи медицина ілімінің өкілдері де мойындайды. Осынау ғылы-ми тұжырымдама бойынша адамның он екі мүшесінің, яғни қызмет жүйесінің әр бөлігінің тәуліктегі күш – қуаты мынандай:

1. Таңғы сағат 3 – 5-тердің шамасында өкпе жүйесінің қуаты (энергиясы) артады. 2. Таңғы сағат 5-тен 7-ге дейін тоқ ішектің қуаты күшейеді. 3. Таңғы сағат 7-ден 9-ға дейін асқазанның қуаты үсті-үстіне жақсарады. 4. Сағат 9-дан 11-ге дейін ұйқы безінің және талақтың қуаты еселеп артады. 5. Сағат 11-ден 13-ке дейін жүректің қызметі айрықша күшейеді. 6. Түскі сағат 13-тен 15-ке дейін ащы ішектің қуаты барынша артады. 7. Түстен кейін сағат 15-тен 17-ге дейін қуықтың қуаты өте жоғары болады. 8. Сағат 17-ден 19-ға дейін бүйректің қуат көзі ерекше күшейеді. 9. Түні сағат 21-ден 23-ке дейін иық сүйегінің қуаты барынша артады. 10. Түнгі сағат 23-тен түнгі сағат 1-ге дейін өттің күш – қуаты өте молаяды. 11. Түнгі сағат 1-ден 3-ке дейін бауырдың қуаты шарықтау шегіне жетеді. 12. Тек 12 сағаттан кейін әр мүшенің қабынуы өз қалпына түседі, төменгі шегіне жетіп, тынышталады. Он екі мүшенің күш – қуаты (энергиясы) шарықтау шегіне жеткенінде сол мүшенің ауруы да асқынады, адам қатты қиналады. Көрдіңіз бе, он екі мүшенің қабынуы, қалпына келуі 12 сағаттық мерзімге байланысты. Он екі мүше, он екі сағат, бұл да бір табиғаттың жұмбақ сыры. Ал енді адамның өз ағзасын аялап, түрлі әсерлерден, сырқаттардан қорғап, денесін күте білуі оған мықты денсаулық, бақытты өмір сыйлайды, ажарын арайландырып, түр – тұлғасын сымбатты етіп, өзгелерді жақсы әсер, сезімдерге бөлейді, жақындарын шаттандырып, қуантады. Осыған орай біз халық емшілерінің, дәрігер – мамандардың, данагөй ата – әжелеріміздің ақыл кеңесі, тәжірибесі бойынша адамды түрлі сырқаттардан сақтандыратын жағдайларға, дене күтімінің қарапайым да шипалы тәсілдеріне тоқталсақ. Адамына қарай ауруы Ғалымдар көп адамның ауруды өздерінің мінезінен, жат қылықтарынан, рухани жан дүниесінің таяздығынан, адамгершілік қасиеттерден жұрдайлығынан да табатынын айтады. Яғни, мынандай адамдарға мынандай сырқаттар үйір. (Бұл – медициналық, ғылыми басылымдар бойынша дайындалған болжамдар): 1. Біреуден айласын асыруды ойлайтын пысықай, қу адамдарға тән аурулар: асқазан жарасы мен асқазанның қабынуы, ас қорыту жүйесінің бұзылуы, оның өзге де дерттері. 2. Қызғаншақ, өзіне – өзі сенімсіз адамдар бүйрек ауруларына ұшырайды. Қыз- ғаншақтығына көреалмаушылық қосылса, бауыры зақымданады. 3. Бүгінін, болашағын ойламайтындар, өткенді еске алып тамсанатындар, туған – туыс, ата –анаға көмектесуді ауырсынатындарға тән сырқаттар: құяң, тағы да басқа омыртқа кеселдері. 4. Үнемі қайғырып, аһлеп – уһлеп жүретіндердің өкпесі дертке шалдығады. 5. Ызақор, ашуланшақ адамдардың бауыры ауырады. 6. Жылауықтарға тән аурулар: жүрек қабының қабынуы. 7. Үнемі не болса содан шошынып, үрейленіп жүретіндердің өт жолы қабынады, ағзасы қант диабетіне шалдығады. 8. Біреудің қамын жеп, үнемі шыр – пыр болып жүретіндер-ге тән ауру: көк бауырының зақымдануы. 9. Тұрмыс – тіршілігіне, маңайындағыларға қорқып – үркіп қарайтындарға бауыр дерті үйір. 10. Шамшыл, өр көкірек адамдар көбінесе бүйрек үсті безінің сырқатынан зардап шегеді. 11. Өзінің көркіне, тартымдылығына сенімсіз әйелдерге, өзінің бел қуатына күмәнді еркектерге тән аурулар: суса- мыр мен ұйқы безінің сырқаттануы. 12. Сезімтал, күйрек адамдардың өкпесі, қалқанша безі ауырады. 13. Өт қабына тас байлану, холециститке ұшырау – сараң, дүниеқоңыз адамдарға тән. 14. Шексіз қатты қуану инфарктке әкеліп соқтырады. 15. Өкпешіл адамдарда болатын ауру: лимфа түйіндерінің қабынуы. 16. Шындықтың бетіне «қара көзілдірік» киіп қарайтындарды, ақиқаттан үркетіндерді көз ауруы мазалайды. 17. Өмірім, тұрмыс – тіршілігім қалай болады, нанымды тауып жей аламын ба, деп үнемі үрей құшағында жүретіндерге ауыздың уылуы, тамағы мен кеңсірігінің зақымдануы жиі – жиі болып тұратын жағымсыз жағдай. 18. Сараң адамдардың ішінде жиналған улар, залалды қосылымдар сыртқа шықпай, ағзасын улайды. 19. Мақсатсыз адамның басы жиі ауырады. 20. Біреулердің (ата –анасының, туған – туыстары-ның, жолдас – достарының, таныстарының, кез – келген адамның) арқасында күнкөретіндердің ішінде дәл өзіндей масыл құрттар пайда болып, ішкен – жегенін сорады, оңалтпайды. 21. Қатыгез адамдардың ағзасында (бауыр еті жолында, бүйрегінде, басқа да жерлерінде) тас пайда болады. 22. Бас көтертпес қиыншылықтарда жүргендердің шашы ағарып кетеді. 23. Жетім – жесірлердің, сүйеніші жоқ жалғызілік байғұстардың өкпесі ауырып, жұтқыншағы қабынады. 24. Іші тар, сараң, дүние-қоңыздардың іші де қатады, зат алмасуы да бұзылады. 25. Өзіне – өзінің көңілі толмайтындар жүрек – қан тамыры ауруынан зардап тартады. 26. Аллергияға ұшырай-тындар: ызақор, ашуланшақ адамдар. 27. Өкпелегіш, кешірімсіз адамдардың асқазан астының безі ауырады. 28. Ешкімге де, тіпті Құдайға да сенбейтіндердің буын – буындары ауырады. 29. Өз – өзіне сенбейтіндер-дің сүйегі ауырады, тістері тез түседі. 30. Жезөкше, нәпсіқұмар адамдардың иісі сасық болады, олар жыныс ауруларына шалдығады. 31. Көзі тоймайтын пай-дакүнем, қанағатсыз адамдардың ағзасында лимфа- қан қысымын жоғарылатып, жағдайсыздыққа душар етеді. 32. Аяғы мен буынына тұз жиналып ауыратындар еңбектеніп, бірақта еш нәтиже шығара алмаған адамдар. 33. Асқазан – ішек, үрпі безі (простата), жатыр ауруларына шалдығатын адамдар – үсті – басын күтінбейтін, өз қажетіне ақша да, уақыт та қимайтындар. 34. Біреудің айтқанын тыңдауға да, орындауға да құлқы жоқтардың шағымы – құлағының ауыратындығы. 35. Басы ауыратындардың көбісі– менмен, өзін өзгелерден артық санайтын, басқаның айтқанын сөз деп тыңдамайтын кісілер.

Адам ағзасындағы аурудың асқынуына мынандай үш жаман қасиет ықпал жасайды: 1. Ашкөздік. 2 . Зәрлілік. 3. Надандық.

Күйзеліс денсаулықты күйретеді Күйзелісті күйден («стресс») арылмау, торығу денсаулыққа зиян. Не болса соған күйгелектену – жүйкені тоздырады, жүрекке күш түсіреді, өмірді қысқартады, адамның мінез-құлқын өзгертеді. Күйзелісті жағдайда бүйрек бездері қанға қуатты гормондарды айдайды, оны бүкіл ағзаға жайып жібереді. Ол қан қысымын көтереді, тамырдың соғысы мен тыныс алуды жиілетеді, бұлшық еттері тартылады, бауыр қанға қантты көбірек жібереді. Бұлар адам-ның есте сақтау қабілетін әлсіретеді, тез шаршап – шалдығатын күйге түсіреді, неше түрлі сұмдық ойлар басына келіп, ұйқысы қашады. Бұлшық еттерінің салдырап, бастың ауруы, жыныстық дәрменсіздік пен тері ауруы-ның мазалауы да сары уайымнан арыла алмаудан. Күйзеліс кезінде ағзадағы дәрумендер жедел жойылады, кейін орнын толтыру қиынға соғады. Қырық жылдай стрестің адамға әсерін зерттеп жүрген мәскеулік психотерапевт Инесса Ивановна Папикян былай дейді: «Мен сырқаттарыммен стрестен қалай айығуға болады деген тақырыпта сөз қозғағанымда, олардың бұл үшін немен шұғылданып жүр-геніне айрықша ден қоямын. Бұл тұрғыдан келгенде, кітап оқуыңыз да, бірдеңені тоқу-мен айналысқаныңыз да – бәрі пайдалы, көңіл сергітеді. Демек, маңыздысы адам уақытын текке өткізбегенін қанағаттанушылық көңіл – күймен сезінуінде. Басқаша айтқанда, не істесеңіз де ынта – ықыласыңызбен, ризашылық ықыласыңызбен істеңіз. «Мен мұны өзім үшін жасап отырмын. Осыдан ләззат табамын» деп жұмыс істегеніңіз мақұл. Өзіңізді де нақ солай сезінсеңіз, торығудан да, күйзелісті күйден де арылатыныңыз анық». Интернет басылымдарынан дайындағаным, бірақ, бәрі адамның өз қолында ғой.

Саналы адам — Ислам бойынша Адамды Алла тағала топырақтан жаратқан. Батыс елдерінде әлі қара-қайшылыққа толы эволюциялық теориясын ұстанады, оған сәйкес адам — тірі жүйелер эволюциясының дамуының ең жоғарғы сатысы.

Ағылшын ғылымы Чарльз Дарвин 1871 ж. шыққан «Адамның тегі және жыныстық сұрыпталу» деген еңбегінде: «Адам жануарлар әлемінің эволюциялық дамуы нәтижесінде пайда болды», — деп жазды. Бірақ, бұл анықтамада адамның пайда болуының себептеріне көңіл бөлу қарастырылмады. Дарвиннің анықтамасы адамның пайда болуы мен адам тәрізді маймылдар тегінің біртұтастығын көрсетіп, эволюциялық даму бағытына сілтеме жасады.

Мазмұны

  [жасыру

  • 1 Адам және философия

  • 2 Адам тарихы

    • 2.1 Адамның жаратылуы

  • 3 Адам анатомиясы

  • 4 Дереккөздер:

Адам және философия[өңдеу]

Адам — Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам – философияәлеуметтанупсихология,физиология, педагогика, медицина, т.б. ғылымдардың нысаны болып табылады. Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары – әпсаналардағы (мифологиядағы), діндегі, философиядағы, ғылымдағы ең негізгі мәселе. Бұл жөніндегі әңгімелер ертедегі Стоя қаласының ойшылдары (Сенека, т.б.) мен Сократтан басталады. (Протагор: «адам – заттардың өлшемі», Сократ: «өзіңді өзің танып біл»). Ежелгі Үнді, Қытай, Грек философиясында адам әлемнің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Демокрит түсіндірмесінде адам микрокосм, «кіші әлем», ол сондай-ақ түпнегіздерден құралады; адам денесі мен рухы ақиқаттың екі аспектісі (аристотелизм) немесе екі ерекше түпкізаты (платонизм). Антикалық философия үшін (Аристотель) адамды қоғамдық өмірге икемді тіршілік, рух, парасат иесі ретінде тану анықтаушы фактор болды. Ортағасырлық шығыс өкілдері де (Әбу Наср әл-Фараби, т.б.) діннің ықпалы күшейіп тұрғандығына қарамастан, Аристотельдің осы түсінігін ары қарай жалғастырды. Қайта өркендеу дәуірінде адам құдайдан дарыған еріктілік күші арқасында өз өмірі мен тағдырының негізін қалаушы және табиғаттың шектеусіз билеушісі ретінде танылды, сондықтан шебер жаратушының бейнесі Ренессанс символына айналды. 17 ғасыр (ғылыми-революция ғасырында) мен 18 ғасыр (ағартушылық дәуірінде) рационалистерінің ұғынуында нақ сол парасат, ақыл-ой адамның түпкізаты, өзіне тән ерекшелігі ретінде қарастырылады. Неміс классикалық философиясы үшін адам мәдениеттің жаратушысы, рухани іс-әрекет субъектісі және жалпы идеалдық бастау, яғни рух, парасат иесі. 19 – 20 ғасырлардағы постклассикалық философия (Фридрих Ницше, Артур Шопенгауэр, Серен Кьеркегор және т.б.) сезім, мықтылық және т.б. адамдық ақылдан шет қабілеттерге бет бұрады. Қазіргі философия адам тіршілігінің мәнін оның саналы қызметімен байланыстырады. Бұл қызметтің барысында адам тарихтың әрі алғышарты әрі жемісі болып шығады. Адамның әлеуметтік мәніне назар аудара отырып, қазіргі философия сонымен бірге әлеуметтік және биологиялық факторлардың өзара күрделі әсерін, әлеуметтік факторлардың басымдылығын ескереді. Әйтсе де «табиғи түрде» әрекет ететін биологиялық факторлардың зор маңызы бар екендігін де ұмытпау қажет. Болашақтағы адам парасатты, иманды, елгезек те қарекетшіл, сонымен бірге сұлулықтан ләззат ала білетін, рухани кемел, жан-жақты дамыған тұлға. Ол қоғамдық тірлікте қайталанбас бітім, бірегей тұлға ретіндегі өзіндік «менімен» танылатын болады.[1]

Адам тарихы[өңдеу]

Адам жерде шамамен осыдан 2 – 3 млн. жыл бұрын пайда болды. Ол бірнеше эволюциялық кезеңдерден (питекантроп, гейдельберг адамы, неандертальдар) өтіп, осыдан 30 – 40 мың жыл бұрын, Homo sapіens (латынша - саналы адам) кейпіне енді де, бірте-бірте қазіргі адамдарға тән биологиялық қасиеттерге (кроманьондар) ие болды. Абай, Шәкәрім және ислам теологы әл-Ғазали тәрізді даналардың айтуынша, адам болмысы үш бөліктен құралады: тән, нәзік болмыс және жан. Тән – табиғаттың негізгі бес элементінен: топырақтан, судан, ауадан, оттан және эфирден тұрады. Тәннің құрылысын, оның жұмысын, өзгеру заңдылықтарын медицинаға байланысты ғылым салалары зерттейді. Адамның нәзік болмысына – сезім, ой-өріс, ақыл-ес, түйсік және «мен» деген түсінік жатады. Бұлардың табиғатын ұғыну өте қиын.

Гуманизм.

Нәзік болмыс табиғи және әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасады. Оны психология, парапсихология, спиритуализм, магия, бақсылық, йога тәрізді адам психикасын зерттейтін ғылымдар мен окульттік ағымдар қарастырады. Нәзік болмыстың түрлі атаулары бар: арабша – хауас сәлим, қазақша – рух, санскритте – аура, орысша – дух, латынша – спирит, ғылымда – психоэнергетикалық жүйе, т.б. Жан – адам өмірін басқарушы, қуат көзі, мәңгілік болмысы болып табылады. Тән мен материалдық болмыс оның уақытша киген киімі тәрізді. Олар ауысып отырады. Жан білімге және рухани ләззатқа құштар болғандықтан, ол бұл қасиеттердің қайнар көзін қоршаған ортаның материалдық болмысынан іздейді. Материалдық болмыс болса, әрқашан ақиқатты көмескілеп, бұрмалап көрсетеді және мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, ол жанды толық қанағаттандыра алмайды. Бұл жан мен тән арасындағы қайшылықты және олардың өзіндік сипаттағы үздіксіз күресін туғызады. Шығыс философиясы бойынша адамның жетілуі дегеніміз жанның материалдық құрсаудан босану барысы. Материалдық құрсаудан неғұрлым азат болса, жан солғұрлым жетілген болып есептеледі. Адамның басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы да осында. Адам материалдық болмысқа хайуанат дүниесіне қарағанда әлдеқайда тәуелсіз. Сондықтан оның өмірлік мақсаттарға жету мүмкіндігі мол. Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана іске асады. Оның қасиеттері жетілу барысында білінеді. Рухани жетілген адамның бүкіл болмысы кемелді келеді. Абай тәнді жан билеу керек екенін айтады. Жан тәнді нәзік болмыс арқылы билейді. Сондықтан жан неғұрлым таза болса, адамның іс-әрекеті де соғұрлым кемел. Бұл адам өмірін мазмұнды етіп, бақыт сезіміне бөлейді. Адам «микрокосм» болғандықтан, оның өмірі «макрокосм» болып табылатын бүкіл әлем өмірімен тығыз байланыста. Сондықтан әркімнің өмірі бүкіл әлем заңдылықтарымен толық үйлесімді болғаны абзал. Абай өзін тәнмен балап, табиғи сезімдерінің ықпалында жүргенді «пенде» деп, нәзік болмысын жетілдірген интеллектуалдарды «адам» деп, ал жан тазалығы үшін рухани жолға түскендерді «толық адам» деп атайды. Белгілі бір тарихи дәуірге немесе ортаға тән мәнділік сол дәуірдегі я ортадағы адамдардың жалпы рухани кескінін құрайтын нәрсе. Адамдардағы нақты істер мен мақсаттар, олардың ойлау ерекшелігі (менталитет), жалпы тіршілігі мен ойлауының логикасы сол ішкі мәнділікпен сәулеленіп тұрады, белгілі дәрежеде соның көрінісі деуге болады. Сондықтан да мәнділік көбінесе тікелей көзге көрінетін құбылыс емес. Белгілі бір ортаның рухани мәдениетінің өзгеше болып тұратыны да оның түпкі негізінде ерекше мәннің жататындығынан. Осындай мән белгілі бір мәдениеттің ішкі ұйтқысы. Мысалы, байырғы қауымдасудың дәрежесінде 20 ғасырға дейін сақталған Америка, Австралияның, т.б. жерлердің тайпаларын зерттеген Еуропа ғалымдары сол тайпа адамдарының іс-әрекеттерін, әсіресе олардың ойлау логикасын көп уақыт түсіне алған жоқ. Оларға әуелде (Эмиль Дюркгейм, әсіресе Люсьен Леви-Брюль) қауым адамдарының ойлауында ешқандай логика жоқ сияқты көрінген. Бірақ, кейінгі кезеңдерде олардың ойлауы еуропалықтарға ұқсамайтын басқаша тәртіппен, заңдылықпен іске асатындығы айқындала бастады. Прологикалық (яғни логикалық дәрежеге дейінгі) деп есептеліп келген ойлаудың өзіндік өзгеше логикасының бар екені белгілі болды. Оның себебі ойлаудың барлық мәнін сыртқы объективтік дүниенің себеп-салдарлық байланыстары арқылы ғана көретін, сыртқы дүниені тек пайдалануға бағышталған еуропалық ойлау негізінде басқа мән жатқан ойлауды, рухани мәдениетті түсіне алмады. Байырғы қауым адамдарының мәдениетіне, ойлауына, табиғатқа, болмысқа осы тұрғыдан қарау жат нәрсе. Осы қатесін Леви-Брюль кейін өзі де мойындаған. Адамның дүниеге қатынасы, оның негізгі сипаты мен табиғаты осы мәнмен анықталады. Сыртқы табиғатты өзгерту қызметінің өзі негізгі екі түрлі мәнді іске асыру үшін болуы мүмкін: біріншіден, табиғат пен адамның бірін-бірі толықтыратын, жаңғыртатын үйлесімді байланысы және екіншіден, табиғатты тек пайдалануға ұмтылу. Табиғатқа тек қана пайдагершіліктің көзімен қарап, тек өзінің бір мұқтаждығының тұрғысынан қатынас жасау антикалық дәуірден бастап Еуропада кең өріс алды. Онда табиғатты тек адамның бір кәдесіне жарайтын немесе жарамайтын заттар мен құбылыстардың арсеналы, табиғи қоймасы ретінде ғана қарап, іс-әрекет жасау басым болды. Әрине, еуропалық өмірде басқа көзқарастар да бар, бірақ әңгіме қандай пиғылдың жетекші, басым болғандығында. Осы пайдагерлік қатынас үстем болған, тіпті баз біреулердің жан дүниесінде жалғыз ғана құмарлыққа ие болған жерде табиғаттың, басқа адамдардың, жалпы өзінен тыс құбылыстардың қайсысы болса да өзіндік дербес мағынасынан айрылады, оңдай жандар үшін табиғаттың кез келген заты я пайдалы, я пайдасыз, олардың өзіндік құндылығы ол үшін жоқпен тең. Сондықтан ондай адам, оңдай қоғам табиғатты тәуелсіз мағынасы үшін қастерлемейді, мәпелемейді, тіпті сақтауға да ұмтылмайды, одан тек керегін алып, жоя беруге даяр. Бұл белгілі бір мәнділіктің ешбір қоспасыз «таза» анықтамасы. Бірақ өмірде ол қатынас «кіршіксіз» күйінде кездесе бермейді. Өкінішке қарай өзіміз өмір сүріп отырған дүниемізде осы қатынас басым. Соның арқасында өзімізді қоршап отырған табиғат орасан зор зардап шегуде. Бұл қатынас түбірінен өзгермесе (бүкіл әлемдік шеңберде) адамзат қазіргісінен де зор апаттарға ұшырауы сөзсіз. Бұл тарихтағы жалған мәнділіктің бір көрінісі. Адамдарға өз құлқынан басқаның бәрін тәрік етушілік меңдеп кеткен дәуірлерде ол табиғатқа ғана емес, ең алдымен адамның адамға қатынасында ең үлкен апаттарға душар етеді. Осындай пиғыл 20 ғасырда айрықша зор алапаттар туғызды. Оның кейбір мысалдары: екі рет болған дүниежүзілік соғыс, белгілі кезеңде Еуропада бел алған фашизм, бұрынғы КСРО-дағы тоталитарлық тәртіп, бүкіл әлемді, соның ішінде Қазақстанды да қамтыған экологиялық дағдарыс. Екінші бір мәнділік: табиғатты өзгертуге, меңгеруге, үстемдік етуге, пайдалануға біршама енжарлық, бірақ оның есесіне, табиғатпен үйлесімді тіршілікке бейімділік, көбінесе, Шығыста айқынырақ көрінді. 20 ғасырға дейін осылай болды. Бірақ мұнда да мәнділіктің алғашқы үлгісі белең ала бастады.