- •«Семей қаласының д.Қалматаев атындағы мемлекеттік медицина колледжі»
- •II. Типтік оқу бағдарламасынан көшірме.
- •III. Атқарылатын жұмыс көлемі.
- •Күнделіктің мазмұны.
- •Постыда жұмыс істеу
- •Емшара бөлмесінде жұмыс істеу
- •Орап-тану бөлмесінде жұмыс істеу
- •Жалпы сандық есеп:
- •Мінездеме.
- •Аттестациялық сұрақтары оқу-өндірістік тәжірибе Пәні: “Жалпы хирургия, анестезиология және реанимация” Мамандығы : 0301000 «Емдеу ісі»
III. Атқарылатын жұмыс көлемі.
№ |
Тәжірибе өтетін жер |
Күндердің саны |
1. |
Постыда |
1. |
2. |
Емшара бөлмесінде |
2. |
3. |
Орап-таңу бөлмесінде |
2. |
4. |
Операциялық блокта |
1. |
5 |
Жалпы |
6 |
Күнделіктің мазмұны.
Күні
Өткізген тәжирибе дағдылардың көлемі мен мазмұны
Сандық есеп
Тәжірибе жетекшінің ескертулері мен қолы
Постыда жұмыс істеу
Құжаттар мен танысу, бөлімшеге түскен науқастарды қабылдау, кезектің қабылдауыңда және тапсыруыңда қатысу. Науқастың операцияның алдыңдағы дайыңдығын жүргізу. Операциядан кейіңгі науқасты бақылау және күтімі.Санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіп пен танысу.
Жасай білу керек:
1. Қан тобымен резус-факторды анықтау.
2. Топтық сәйкестігін анықтау.
3. Биологиялық сәйкестікті жүргізу.
4. Гемотрансфузияны өткізген науқастарды бақылау.
5. Науқастарды операцияға дайындау әдістемесі.
6. Операция алдында науқастарға премедикацияны жасау.
7.Операциядан кейінгі кезеңде науқастын күтімін жүргізіп, асқынуларды алдын алу.
8. Науқастарды зерттеуге дайындау және қатысу.
Емшара бөлмесінде жұмыс істеу
Емшара бөлмесінің жұмысы мен құжаттар мен танысу, көк тамырға жасаған инъкциядан кейін наукасты бақылау.
Жасай білу керек:
1. Бұлшық етке инъкцияларды жасау.
2. Тері астына инъкцияларды жасау.
3. Тері ішіне инъкцияларды жасау.
4. Көк тамырдың ішіне инъекцияларды жасау.
5. Көк тамырлы жүйені инфузияға дайындау.
Орап-тану бөлмесінде жұмыс істеу
Орап тану бөлмесінің жұмысы мен танысу.Науқастарды орап тану столға жатқызу, орап тану кезеніңде науқастарды бақылау.
Жасай білу керек:
1. Құралдарды, орап тану материалды, резенке қолғапты зарарсыздандыруға дайындау.
2. Таза және іріңды жараларды орап тану.
3. Тігісті салу және алу.
4. Стерильды столды жабдықтау.
5. Таңғыштарды салу:
- тақия
- би және монокулярды
- Дезо
- окклюзионды
- Гиппократ тақиясы
- таспақа
- саусақтарға
- жақтау салу
6. Гипсті таңғыштарды салу және алу.
7. АХӨ жүргізу үшін құралдарды жинастыру.
8. Жергілікті анестезияны жүргізу үшін құралдарды жинастыру.
Операциялық блокта жұмысты істеу
Операциялық блоктың құрылымы мен және жұмыс принциптер мен танысу.Әр түрлі операцияларда қолданатың кұралдар мен танысу. Санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіп пен танысу.
Жасай білу керек:
1. Жинастырудың барлық түрін жүргізу.
2. С-4 және 0,5 % мұсәтір спирт ертіңділерді дайындау.
3. Операцияның алдыңда қолды зарарсыздандыру.
4. Халаттарды, орап тану материалды бикске салып зарарсыздандыру.
5. Операция жасайтың аланды өндеу.
6. Стерильды халатты өзіне және хирургқа киіндіру.
7. Құралдардың стерилизация алдындағы өңдеуды жүргізу.
8. Жалпы жансыздандыруды жүргізгенде қатысу.
Кішігірім операция жасайтың бөлмесінде жұмысты істеу
Кішігірім операция жасайтың бөлмесінің жұмысы мен және құжаттар мен танысу. Қажетті жағдайда кішігірім операцияларды жасағанда хирургқа ассистент болып көмектесу.
Жасау білу керек:
1. АХӨ жүргізген кезде қатысу.
2. Жергілікті астезияны жүргізгенде қатысу.
Алғашқы көмекті көрсету
1) Сыртқы артериальды және венозды қан ағуда.
2) Ішкі қан ағуда.
3) Гемотрансфузиялық шокта.
4) Сіреспеге қарсы сарысуды Безредько әдісі бойынша енгізу.
Күні |
Өткізген тәжірибе дағдылардың көлемі мен мазмұны |
Ескерту |
|||||||||||||||||||||||||||
13.06.2016ж |
Мен Гайсина Айзада «Жалпы хирургия,анестезиология және реанимация» пәнінен «Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы» хирургия бөлімшесінде сағат 8-00 де тәжірибені өтуге келдім. Бізді әдістемелік жетекшіміз Садыкова Р. Б. алып келді. Жалпы жетекші – Бакаева Г. К- мен таныстырды.Жалпы жетекші аурухана құрылысымен таныстырды. Аурухана 5 қабаттан тұрады:
Мен бүгінгі оқу-өндірістік тәжірибемді хирургия бөлімінен бастадым. Хирургия бөліміне келгенде бізді бөлімнің аға мейірбикесі Садыкова С. Е. қабылдап алды. Аға мейірбике хирургия бөлімімен бізді таныстырды. Хирургия бөлімі:
Аурухана құрлысымен танысып болғаннан кейін, бізді бас мейірбике техника қауіпсіздік ережесімен таныстырды: - бөлмедегі барлық аппараттар оқшаулағыш материалдармен жабылуы тиіс - емшара кезінде жермен жалғастырылған аппараттар науқастың қолы жетпейтін қашықтықта орналастырылуы тиіс; - бөлмеде ылғалды жинау, еденді жуу науқастар емшара алардан 1 сағат бұрын немесе жұмыс соңында жасалады; - науқасты бақылаусыз қалдыруға тиым салынады; - өрт қаупі кезінде техника қауіпсіздік ережелерін сақтау керек;
Мен тәжірибемді бекетте (постта) өткіздім. Қолымды гигиеналық деңгейде өңдедім мына ізділікпен - алақанды алақанмен; - сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше; - алақанды алақанмен,бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында; -оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше; - үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкеледім; - сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, оң алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше. Әрбір іс-қимыл 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталадым. Қолымды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайдым.Қолымды шынтақ деңгейінен жоғары ұстадым. Қолымды қағаз сүлгімен құрғаттым. Қолғапты кидім.
Содан кейін бекетке ағымды тазалау жұмысын жүргіздім. 1% хлорамин ерітіндісін қолдануымен күніне 2 рет сүртіп алдым. Бекеттегі құжаттармен таныстым. Бекеттегі құжаттар: 1. Түскен науқастарды қабылдау журналы; 2. Стационардағы науқастарды есепке алу журналы; 3. Түскен және шыққан науқастарды тіркеу журналы; 4. Науқастардың қызуын өлшеу дәптері; 5. Науқастардың анализын тіркеу дәптері; 6. Түнгі емшаралар дәптері; Құжаттармен танысып, бөлімшеге түскен науқастарды қабылдауға, кезектің қабылдауыңда және тапсыруыңда қатыстым. Кейін мейірбике талабымен науқастардың дене қызуын өлшедім. Дене қызуы күніне 2 рет өлшенеді. Таңертен және кешке, ал кейде қажетіне қарай жиі. Дене қызуын өлшеу үшін: медициналық термометр, астауыш, сүлгі, дене қызуын есепке алу журналы, қызу парағы. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, таза термометрлерді сақтау үшін ыдыс, мақта қажет. Ең алдымен: Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріп, келісімін алдым. Қолымды гигиеналық деңгейде тазарттым.Науқасты жатқан қалпында өлшедім.Термометрді алып, оның бүтіндігін тексердім.Резервуардағы сынаптың көрсетуі 35 – °С екенің тексердім. Науқастың қолтық ойысының терісін және салфеткамен құрғатып сүрттім. 7. Термометрдің сынап резервуырын қолтық асты ойысына салды, ол денемен толық жанасқанына көзімді жеткіздім. Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп қойдым. 10 минуттан кейін термометрді алып, оның көрсеткішін сынап бағанасы жоғарлауы бойынша анықтадым. Науқасқа алынған нәтижені хабарладым.Одан кейін қызу нәтижесін дене қызуын тіркейтін журналға жаздым. Пайдаланған термометрді сілкіп, сынаптың резервуарға түскеніне көзімді жеткіздім. Пайдаланған термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салдым. Ағынды суға термометрді жудым, зарарсыздандыратын заттың иісі кеткенше дейін. Оны құрағатып сүрттім, шыны ыдысына салып, орнына қойдым. Қолымды жуып, кептірдім. Ахметова – 37,5 Мецлер– 37,5 Ибраева – 36,5 Кусмуганбетова – 37,7
Дене қызуын өлшеп болғаннан кейін мейірбикенің нұсқауымен бекетте құжаттарды толтырдым. Жаңадан түскен науқастарға палаталарды дайындау үшін шаруашылық мейірбикеге көмектестім. Ол үшін дайындадық: функционалдық кереует, матрасты,матрас тысы, ақжайманы, жастық тыстарын, 2 жастықты, көрпені және қаптама сейсебісімен. Бекеттегі мейірбике мені Александр Мецлер деген науқасты УЗИ-ға апаруымды айтты.УЗИ ды дәрігер жасайды,ал мейірбике науқасты дайындайды. Дайындадым:ауру тарихын,сүлгіні.Зерттеу ашқарында жүргізілетінін науқасқа түсіндірдім. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын тамақтану рационынан жел жинауды болдырмайтын тамақтарды қабылдамайтынын науқасқа түсіндірдім.Науқас дәрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын дәрілерді қабылдайды.Зерттеу қарсаңында кеште тазарту клизмасы қойылады.Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды. Науқасты УЗИ-ға апарғанда өзімен бірге сүлгісін алдым. УЗИ кабинетіне науқасты ауру тарихымен бірге апардым. Зерттеуден кейін науқасты палатаға әкелдім. Мейірбикенің нұсқаумен науқасқа операцияның алдыңдағы дайыңдығын жүргіздім.
Тазалау клизмасын жасауға көмектестім. Мақсатым: Тоқ ішектің төмеңгі бөлігін газбен нәжістен босату. Көрсеткіштері: операция алдында. Қарсы көрсеткіштері: болмады, қалыпты, қызарулар, қабыну процесі және де қан кетулер жоқ. Әзірледім: Эсмарх кружкасын, оны ілетін штативті, вазелин майын, кленканы, дәрет ыдысын, 35-36 С-дағы 1,5-2 литр жылы суды, дәке және жоюға және жинауға арналған арналған контейнерді.
Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын түсіндіріп, оның келісімін алдым. Қолымды өңдедім. Эсмарх кружкасына 1,5-2литр әзірлеген суды құйдып алдым. Вентильді ашып судың ағынымен ішіндегі ауаны шығардым. Кружканы штативке ілдім және ұштықтың басына вазелин майын жақтым. Клеенка төселген кушеткаға науқасты сол жақ қырымен тізесін кіндігіне жақындата бүгіп жатқыздып,құйрықты сол қолмен ашып, оң қолмен ұштықты ақырын айналдырып тік ішектен алдымен кіндікке қарай содан соң омыртқаға қатарластырып 8-10см еңгіздім.
Ішекке су ақырын баратындай етіп, тиегін ашып, терең дем алуын сұрадым.Ішекке ауа кетпес үшін кружканың түбіне аздап су қалдырдым, тиегін жауып, ұштықты шығарып алдым.Науқасты шалқасынан жатқызып, демін тереңірек алып 10 минуттай суды ішекте ұстауын сұрадым.
Ұштықты, қолғапты қолданып болғаннан кейін, қолданылған заттарды арнайы дез. ерітіндіге салыдым.Қолды жуып, кептірдім. Операциядан кейінгі науқастарды бақылап және арнайы күтім жасадым. Санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіппен таныстым.
Дәрігердің қан тобымен резус-факторды анықтағанын көрдім. Топтық сәйкестігін анықтады. Биологиялық сәйкестікті жүргізді. Мейірбикенің нұсқауымен операция алдында науқастарға премедикацияны жасауға көмектестім.Науқастарды зерттеуге дайындадым және қатыстым.Қан тобын ж/е резус факторды анықтау.Шұңғыл табақшаға (планшетке) екі - алты тамшы әр түрлі топталымда (серия) үлгі ретіндегі сарысуларды тамызады – О (І), А (ІІ), В (ІІІ) топтары. Зерттелетін қанды әрбір сарысу тамшысына қосады. Қан мен сарысу арақатынасы 1:5 – 1:10. Құрғақ шыны таяқшамен қанды сарысумен қоса араластырады. Егерде тамшыда қызыл түйіршіктер пайда болып, сарысуға физиологиялық ертінділер тамшысын қосқанда эритроциттердің желімденуі жойылмаса – агглютинация нәтижесі оң, - деп есептелінеді. Егер сынақтағы тамшы біркелкі түске боялып қалса және дәндер мен түйіршіктер болмаса нәтиже – теріс, - деп есептелінеді. Қан топтарын анықтау кезінде 3 пар үлгі ретіндегі сарысуда 4 түрлі нәтиже болады. Әрбір қан тобын анықтау үшін цоликлон кері – А және кері – В-ны бір топталымнан (серия) қолданған жеткілікті. Планшетке немесе фарфор табақшаға цоликлон кері – А мен кері В-ны бір үлкен тамшыдан (0,1) құяды. Кері дене тамшыларының жанына тексерілетін қанды бір кішкене тамшыдан тамызады, яғни ол кері дене тамшысынан 10 есе кіші болуы керек (0,01 мл.) Сандық есеп:
|
|
|||||||||||||||||||||||||||
Күні |
Өткізген тәжірибе дағдылардың көлемі мен мазмұны |
Ескерту |
|||||||||||||||||||||||||||
14.06.2016ж |
Мен бүгінгі тәжірибемді хирургия бөлімінен емшара бөлмесінен бастадым. Емшара бөлмесінің құрылысы мен құжаттар мен таныстым. Емшара бөлмесінің құжаттары:
Емшара бөлмесінің құрылысы:
Емшара бөлмесін ағымды тазарту жұмысын жүргіздім. 1% хлорамин ерітіндісін қолдануымен күніне 2 рет өткіздім. Ультракүлгін сәулелендірі және желдету күніне 4 рет 15-20 минуттан өткіздім және оны тіркеу журналына еңгізіп отырдым. Мейірбикенің нұсқауымен Бұлшық етке инъкция орындадым. Мақсатым: Бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні еңгізу. Қолдану көрсетілімі: Дәрігердің тағайындауы бойынша. Қарсы көрсетілімі: бұлшық еті қалыпты, қабыну процесі байқалмады. Дайындадым: Залалсыздандырылған: мақта шариктерін, көлемі 5-10мл бір рет қолданылатын шприцті, иньекцияға арналған иненің ұзындығы 40-60мм , қолғаптарды, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, лотокті, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, келісімін алып, оған еңгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәлімет бердім. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектестім. Бөксеге еңгіземін - сол үшін ішімен жатқыздым. Иньекция жасайтын жерді киімінен босаттып,иньекция жасайтын жерді анықтап алдым(бөксенің жөғарғы-сыртқы бөлігі) Иньекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеріп алдым, түйін және тығыздану жоқтығына көзімді жеткіздім. Гигиеналық деңгейде қолымды жуып, спирттелген мақта шаригімен тазартып, қолғапты кидім. Шприцті құрастырдым.Тағайындалған дәрілк ерітіндіні шприцке сорып алып: шприцті бір рет қолданылатын ораудың ішіне салдым. Спирттелген 2 мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазарттым: ең үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Сприттелген 3ші мақта шаригін сол қолдың 4-5саусақ арасына салдым. Оң қолға шприцті алдым. Сол қолды 1,2 саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіп,бекіттіп,енгіздім.Спирттелген мақта шаригін инъекция жасалған жерге қойдым. Оң қолмен инені жылдап қимыл-қозғалыспен шығарып алдым.Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасалған жерге жеңіл уқалауды жасадым. Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым. Қолды жуып кептірдім.
Бұлшық етке инъекция жасап болғаннан кейін науқастың қал жағдайын бақыладым. Мейірбикенің нұсқауымен келесі инъекцияларды жасадым: тері астына инъкцияларды жасау. Мақсатым: емдік-тері-асты майлы тіндерге дәрәлік ерітіндіні еңгізу, жергілікті жансыздандыру. Қолдану көрсетілімі: дәрігердің тағайындауы бойынша. Қарсы көрсетілімі: аллрегиялық реакциясы жоқ, зақымданулар байқалмады. Еңгізілетін жері: иықтың сыртқы бетінің жоғарғы бөлігі. Дайындадым: залалсыздарндырылған: сыйымдылығы 1-2мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 20мм инені, мақта шаритерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, тері антисептигін, қауіпсіз жоюға және жинауға арнлған контейнерді. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп,гигиеналық деңгейде қолды тазартып, тері антисептигімен өңдедім, қолғапты кидім. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырдым.Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алдым.Науқасты отырғыздым.Қолғапты тері антисептігімен өңдедім.Спирттелген 2 мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазарттым: ең үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Сприттелген 3-ші мақта шаригін сол қолдың 4-5 саусақ арасына салдым.Оң қолға шприцті алдым: Сол қолды 1,2 саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін үшкілдің төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинадым.Тері қыртысының негізіне инені 45 С бұрышпен ұстап, иеннің ұзындығын 2/3 тереңдікке еңгізіп, дәрілік ерітіндіні еңгіздім.Спирттелген мақта шаригін инъекция жасалған жерге қойдым. Оң қолмен жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алдым.Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасалған жерге жеңіл уқалауды жасадым. Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым.Қолды жуып кептірдім. Инъекция жасап болғаннан кейін науқастын хал-жағдайын сұрап, бақыладым. Емшара бөліміне толық тазарту жұмысын жүргіздім. Емшара бөлмесіндегі мейірбикенің нұсқауы бойынша бір рет қолданылатын жүйені дайындадым.Оны палаталарға апарып штативке орналастырдым.Болғаннан кейін Ибраева Аметая деген науқасты УЗИ-ға апардым. Сандық есеп:
|
|
|||||||||||||||||||||||||||
Күні |
Өткізген тәжірибе дағдылардың көлемі мен мазмұны |
Ескерту |
|||||||||||||||||||||||||||
15.06.2016ж |
Бүгінгі күнімді мен сағат 8-00де емшара бөлмесінен бастадым. Алдымен емшара бөлмесінде ағымды тазалық жүргіздім. 1% хлорамин ерітіндісін қолдануымен күніне 2 рет өткіздім. Ультракүлгін сәулелендіру және желдету күніне 4 рет 15-20 минуттан өткіздім және оны тіркеу журналына еңгізіп отырдым. Мейірбикенің нұсқауымен тері ішіне инъекцияларды жасадым. Мақсатым: диагностикалық. Қолдану көрсетілімі: антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін. Қарсы көрсетілімі: зақымданулар байқалмады. Еңгіздім: білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі. Дайындадым: залалсыздарндырылған: сыйымдылығы 1-мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 15мм инені, мақта шаритерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, тері антисептигін, қауіпсіз жоюға және жинауға арнлған контейнерді. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәлімен бердім.Гигиеналық деңгейде қолды тазартып, тері антисептигімен өңдедім, қолғапты кидім де,бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырдып,шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алдым. Науқасты отырғыздым, қолының ішкі бетін жоғары қаратып қойдым. Қолғапты тері антисептігімен өңдедім..Спирттелген 2 мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазарттым: ең үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Сприттелген 3-ші мақта шаригін сол қолдың 4-5 саусақ арасына салдым.Оң қолға шприцті алып,сол қолды саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін жиырып ұстап, инъекцияға қарама-қарсы жағына тарттымИненің қиығын жөғары қаратып, тері бетіне 5градус бұрышпен қатарластыра ине қиығы тереңдігіне еңгіздім.Дәрілік ерітіндіні дұрыс еңгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4мл-дей лимон қабығындай ақшыл, шамалы биіктік пайда болды.Содан оң қолмен иненің канюлясынан ұстап жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алдым.Иненің қалпағын кигізбей шприцпен бірге қауіпсіз жинауға және жинауға арналған контейнерге салдым. Қолды жуып кептірдім.Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенін науқасқа түсіндірдім. Инъекция жасап болғаннан кейін науқастын хал-жағдайын сұрап, бақыладым. Мейірбикенің нұсқауымен көк тамырдың ішіне инъекцияларды жасадым. Мейірбикенің нұсқауымен тері ішіне инъекцияларды жасадым. Мақсатым: емдік-дәрілік ерітіндіні қанға ағым екпінмен еңгізу. Қарсы көрсетілімі: зақымданулар байқалмады, аллергияға тексердім, аллергиясы жоқ. Еңгіздім: шынтақ бүгілгісіне. Дайындадым: залалсыздарндырылған: сыйымдылығы 10-20-мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 4мм инені, мақта шаритерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, тері антисептигін, қауіпсіз жоюға және жинауға арнлған контейнерді. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәлімен бердім де,гигиеналық деңгейде қолды тазартып, тері антисептигімен өңдедім, қолғапты кидіп,бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырдым. Ампуланы ашар алдында, ондағы дәрілік ерітіндінің атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқып, сыртқы түрін қарап тексеріп алдым. Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алдым.Дәрілік ерітіндіні сорып алуға арналған инені алып,контейнерге салдым.Көк тамырға инъекция жасауға арналған инені кигізіп, инеден қалпақты алмай тұрып ауасын шығардым. Шприцті бір рет қолданылатын шприцтің орауының ішкі бетіне салдым.Науқасты отырғыздып,науқастың шынтақ астына клеенкалы валикті орналастырдым. Резеңке бұрауды иықтың ортаңғы бөлігіне салфетканың үстіне байладым.Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұрадым.Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай бағыттап уқаладым.Көктамырды пальпацияладым.Спирттелген 2 мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазарттым: ең үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді.Сприттелген 3-ші мақта шаригін сол қолдың 4-5 саусақ арасына салдым.Шприцте ауаның жоқтығын тексердім. Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген жер аймағын біраз қозғалтып, шетіне қарай тарттым, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып, көк тымырға қатарластыра ұстап, көк тамырды тестім, сосын абайлап иненің үштен бір ұзындығын көк тамырға еңгіздім, қуысқа түскенін сезгенше. Поршенді өзіне қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзімді жеткіздім.Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шештім, науқасқа жұдырығын ашуын сұрадым.Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, жаймен дәрілік ерітіндіні көк тамырға еңгіздім.Шприцтің поршенін апармай. Зарарсыздандырылған, спирттелген мақта шаригін тесілген жерге бастым, инені шығардым.Тесілген жерді спирттелген мақта шаригімен 3-5 минуттай басып, науқастың шынтақ бүгілгісінен қолын бүгуін сұрадым. Мақта шаригін контейнерге салдым. Шприцті инесімен, қолғапты арнайы контейнерге салдым. Қолымды гигиеналық деңгейде жуып, құрғаттым. Көк тамырға жасаған инъкциядан кейін наукасты бақыладым. Мейірбикенің нұсқауымен сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып еңгізуді орындадым. Мақстаым: көк тамырға тапшылатын құю. Қолданылуы: дәрігердің тағайындауы бойынша. Дайындап алдым: зарарсыздандырылған: бір рет қолданылатынжүйені, мақта шариктерін, салфеткаларды, екі кішкене ұзындығы 4-5см лейкопластырьды, клеенкалы жастықшаны, резеңке бұрауды, штативті, дәрілік ерітіндісі бар флаконды, латокты, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған конетейнерді. Науқасқа жайлы жағдай алуға көмектестім(емшара науқастың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі), қуықтын және ішекті босатуын ұсындым. Гигиеналық деңгейде қолды тазартып, тері антисептигімен өңдедім, қолғапты кидім.Тағайндалған дәрілік ерітіндіні, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексердім, флаконның атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқып, сыртқы түрін қарап тексеріп алдым.Науқасты отырғыздым.Науқастың шынтақ астына клеенкалы валикті орналастырдым. Резеңке бұрауды иықтың ортаңғы бөлігіне салфетканың үстіне байладым.Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұрадым. Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай бағыттап уқаладым.Көк тамырды пальпацияладым.Спирттелген 2 мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазарттым: ең үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Сприттелген 3-ші мақта шаригін сол қолдың 4-5 саусақ арасына салдым.Жүйедегі инъекциялық иненің қалпағын алып, ерітіндіні тамшылатып, жібердім, көк тамырды сол қолдың улкен саусағымен бастым,иненің қиығын жоғары қаратып, көк тымырға қатарластыра инені 30 градус бұрышпен ұстап, көк тамырды тестім, сосын абайлап иненің үштен бір ұзындығын көк тамырға еңгіздім, қуысқа түскенін сезгенше. Инені көк тамыр бойымен итеріп, оның 1/3 ұзындығын көк тамырға еңгіздім. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен инъекцияға арналған түйіндегі резеңке түтікті қыстым. Ине көк тамырда екеніне көз жеткіздім; ине канюлясы және жүйенің резеңке түтігі аралығындағы инъекциялық түйінде қан көрінеді.Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шештім, науқасқа жұдырығын ашуын сұрадым.Жүйенің қысқышын аштым. Тамшылап таму жылдамдығын қасқышпен реттеп(минутына 50-60 тамшы) Бірнеше минуттай дәрілік ерітіндінің енуін бақыладым, қарап шықтым, тері астына ерітінді түсіп кетпеуін. Науқастың жағдайын бақылап жүрдім.Түтіктің бір бөлігін және ине лейкопластырьды жапсырдым, көк тамырдың тесілген жерін салфеткамен жаптым. Емшара біткен сон жүйедегі қысқышты жуып, көк тамырдан инені шығарып, спирттелген 3-ші мақта шаригін 2-3 минутке бастым. Науқастың шынтақ бүгілгісінен қолын бүгуін сұрадым. Жүйе мен инені, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым.Қолымды гигиеналық деңгейде жуып, құрғаттым. Көк тамырға тамшылап еңгізгеннен кейін наукасты бақыладым. Егу процедуралары біткеннен кейін Мейірбикенің нұсқауымен мына іс – әрекетпен қорытынды тазалық жұмысын орындадым: Емшара бөлмесіне жалпы тазалау жүргіздім.(7кунде 1рет), журналға тіркелінеді. Автоклавтан қортынды зарарсыздандыруға арналған халат, перчаткалар, аяқ киім, клеенкалық алжапқыты кидім. Қорытынды зарарсыздандыруды өткізу үшін керекті таңбаланған құралдар,ыдыстар, және шүберектер(төбеге, қабырғаға, еденге)әзірледім. Қорытынды тазалық жүргізу үшін келесі ретпен тазалықты жүргіздім: біріншіден төбені, қабырғаны терезелерлі, терезе алды, жиһаздарды, құрал-жабдықтарды, еденді. Барлық жиһаз заттарды бөлменің ортасына қойдым, артық заттарды шағардым. Тазалық жүргізу үшін ең алдымен алдым 0,5% жуғыш ерітінді(50гр ұнтақ+9,950мл су 18 С) есептеу бойынша 1мл 500мл және 0,015% Люмакс хлор ерітіндісі(2,5 таб+10литр су 18С) бөлменің квадратына сәйкес дез. Ерітіндімен өңдедім. 0,5% жуғышерітіндіге малынған стерильді шүберекпен, бөлімшенің,құралдарын жуып шықтым, одан кейін жуғыш ерітіндінің қолданылатын басқа стерильденген шүберекпен және таза сумен жудым. Стерильденген шүберекті 0,015% Люмакс хлор ерітіндісімен жудым. 15 минут желдеттім. Дез. Ерітіндінің қалдықтарын стерильденген шүберекпен сүртіп алдым. Жиһарзармен құрал-жабдықтарды 0,015% Люмакс хлор ерітіндісімен сүртіп, орын-орындарына қойдым. Қолды өңдегеннен кейін таза халат, аяқ-киім кидім. Бөлімшедегі ауаны залалсыздандыру үшін ультракүлгін сәулелермен 2 сағатқа қосып оны әрі қарай журналға тіркедім.15минут бөлмені қайтадан желдеттім. Қолданылған құрал- жабдықтарды(шелектер, легендер және шүберектер) 0,3%Люмакс хлор ерітіндісіне 2 сағатқа салып қойдым. Одан кейін таза сумен шайып, кептіріп, және арнайы жерге апарын қойдым. Шүберектерді келесі тазалыққа дейін арнайы ОЗБ-ға тапсырдым, арнайы қапта, арнайы қапшыққа салдым.
Болғаннан кейін Ахметова деген науқасты ФГДС-ға апардым. ФГДС-ті дәрігер жасайды,мейірбике көмекші қызметін атқарады.Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндірдім.Зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін айттым.Тамақ,су ішуіне,дәрілік препараттарды қабылдауына тыйым салынады.Темекі шегуге,тісті тазалауға болмайды. Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын айтамыз.Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге,түкірігін жұтуға болмайтынын науқасқа ескертеміз.Науқасты сүлгісімен,ауру тарихымен,жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық кабинетіне ертіп апардым.Зерттеуден кейін науқасты палатаға ертіп апардым. Болғаннан кейін сағат 13:00 де қайттым.
Сандық есеп:
|
|
|||||||||||||||||||||||||||
Күні |
Аталған істің мазмұны |
Ескерту |
|||||||||||||||||||||||||||
16.06.2016ж |
Бүгін тәжірибемді орап-таңу бөлмесінен бастадым. Іріңді жараны тану бөлімесімен таныстым. Бұл бөлмеде дәрі- дәрмек қоюға арналған шкаф, кушетка, 2 микроүстел, 1 орындық бар. Мейірбике мені медициналық құжаттармен таныстырды : - дәрі- дәрмектерді тіркеу журналы - кварц шамын жағу және сөндіру журналы - кішігірім операцияларды жазу журналы - медициналық құрал- жабдықтарды тіркеу журналы - орап- тануға келген науқастарды тіркеу журналы Ең алдымен мейірбикенің нұсқауы бойынша ағымды тазалық жұмысын жүргіздім. 1% хлорамин ерітіндісін қолдануымен күніне 2 рет өткіздім. Ультракүлгін сәулелендірі және желдету күніне 4 рет 15-20 минуттан өткіздім және оны тіркеу журналына еңгізіп отырдым.Тазалық жүргізіп болғаннан кейін , суды төгіп қолымды жудым. Мейірбикенің нұсқауы бойынша залалсыздандырылған үстелді жабдықтадым. Үстелді жаю алдында дез ерітіндімен өңдеп,қолымды залалсыздандырдым.Залалсыздандырылған ақжелең мен қолғап кидім. Бикстан залалсыздандырылған жайманы екі қабат күйінде үстелге жайдым. Жайманың төменгі жиегі үстелден 20 см түсіп тұрады. Екінші заларсыздандырылған жайманы төрт қабат күйінде үстелге жайдым, жайма үстелмен бірдей болу керек. Екінші жайманың ортасына кұралдарды және орап тану материалды орналыстырдым. Үшінші жайманы екі қабат күйінде бірінші екі жайманың үстінен жайдым. Үшінші жайманың төменгі жиегі бірінші жаймадан 10-15 см қысқа болу керек. Жалпы 8 қабат, 4 қабат үстінде, 4 қабат астында. Барлық 8 қабат, артынан, екі жағынан қысқыштармен қыстырдым, алдынғы жағынан жоғарғы екі қабат екі қысқышпен қыстырдым және екі қысқыш екінші жайманың жоғарғы екі қабатына қыстырдым.Биркаға үстелді жабдықтаған күнін және уақытын белгіледім. Болғанан кейін орап- тануға келген науқастарды қабылдадық. І. Александр Мецлер Туған жылы: 1988ж Мекен- жайы: Аймауытова 84- 7 Диагнозы: сол жақ аналық бездің абцессі. Шағымы: сол жақ сүт безінің үлкеюі, жергілікті дене температурасының көтерілуі, қол тигізбестей сыздап ауруы Аnamnesis morvi:ауру 1 апта бұрын ақырын ауырып бастаған, ең алдымен сүт безінің жоғарғы бөлігінде кішкентай инфильтрат пайда болған, инфильтрат уақыт өте үлкейген. Anamnesis vitae: Status praesins: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, есі анық, Дене температурасы 37,3 градус, жалпы кейпі нормастеник,Өкпе тынысы визикулярлы, сырылдар жоқ. Жүрек тондары ритмді, ps- 85 рет минутына. Тілі ылғалды құрғақ. Іші пальпациялағанда ауырмайды, жұмсақ. Бауыры ұлғаймаған. Status localis: сол жақ сүт безі ұлғайған, палпациялағанда ауырады, жергілікті жердің терісі қызарған, тері астында флюктуация байқалады. Тағайындалған ем: абцессті тілу, дренаж салу Дәрі- дәрмектік ем: оксациллин Абцессті тілу: Керек құралдарды әзірлеп алдым: 1% йодонат ерітіндіс, 3% асқын тотығы, фурацилин ерітіндісі, 10% натрий хлор ерітіндісі, шприц, 1% новокаин ерітіндісі, скальпель, қайшы, жара кеңейткіштер, пинцеттер, сүңгі, қысқыш, корнцанг, залалсыздандырылған пробирка, дренаж, орап материалы үшін+ мақта шариктері, салфеткалар. Науқасқа манипуляция жайлы түсіндірдім. Қолды гигиеналық тазалықта жуып,науқасты ыңғайлы етіп отырғыздым.Таза резеңке қолғап кидім.Операция жасайтын жерді 1% иодонат ерітіндісіне малынған салфеткамен 2 рет өңдедім, Инфильтрациялық жансыздандыру өткізді; (2% лидокаин ерітіндісі) Тері және тері астындағы шелді скальпельмен тілді:Іріңдік ішіне жабылған қысқышты енгізіп, бранштарын ашып іріңдікті кеңейтті.Жараның ішіне жара кеңейткіштерді енгізіліп,іріңдіктің ішіннен шыққан іріңді пробиркаға жинадым, абцесстің қуысын 3% сутегі асқын тотығымен жуды.Пинцет арқылы зарарсыздандырылған салеткамен қуысты құрғатып, фурациллин ерітіндісімен жуды.Зонд арқылы жараның ішіне гипертониялық ерітіндімен резеңке дренажды енгізді.Жараның үстінен құрғақ зарарсыздандырылған салфеткамен жаптым. Таңғыш фиксациясын жасадым. ІІ. Ахметова Туған жылы: 1970 Мекен- жайы:Предгородная 17 а Диагнозы: сол қол білегінің флегмонасы Шағымы: әлсіздік, бас ауруы, сол қол білегінің ауруы, қолды қозғалтқанда қатты ауруы. Аnamnezis morvi:12 сәуір 2014 жылы сол қолын темір шегемен зақымдап алған. Нәтижесінже кесілген жара көлемі 1,5 см болған. Науқас өзі жарасын жуып,иодпен өндеген.13 сәуір таңертен қабыну процессі басталған. Науқастың жағдайы нашарлай бастаған, ісік пайда болған және қатты солқылдап қолы ауырған. дене темперетурасы 38,2 граудсқа дейін көтерілген. Anamnesis vitae: Status praesins: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, есі анық, Дене температурасы 37,3 градус, жалпы кейпі нормастеник,Өкпе тынысы визикулярлы, сырылдар жоқ. Журек тондары ритмді, ps- 85 рет минутына. Тілі ылғалды құрғақ. Іші пальпациялағанда ауырмайды, жұмсақ. Бауыры ұлғаймаған. Statuslocalis: Сол қолының білегінің жоғарғы бөлігінде ашық жара орналасқан. Жараның жанжағында некрозданған ұлпалар көрініп тұр, жергілікті жер қызарған. Жараның жан- жағын басқанда ауру сезімі пайда болады. Жараның ұзындығы- 6 см, көлемі- 3 см. Жара іріңге толған. Тағайындалған ем: іріңді жараны өңдеу. Керек құралдарды әзірлеп алдым:қысқыш, пинцет, шпатель, астауша, хирургиялық пышақ, сүңгі, москит, қысқыш, дренажды трубка, 3% сутегі асқын тотығы, 5% спиртті иод, бриллиант жасылы, 70% этил спирті, таңғыш материалы, серильді қолғап,маска. Әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа манипуляция жайлы түсіндірдім; 2. Қолымды гигиеналық тазалықта жудым; 3. Науқасты ыңғайлы жатқыздым; 4. Таза қолғап, маска кидім; 5.Қайшы көмегімен науқастың ескі таңғышын шештім; 6. Ескі таңғышты қолданылған пинцетпен лотокқа салдым: 7. Жараның жағдайын дәрігер бағалады; 8. Жараның бетін 70% этил спиртіне малынған мақта шаригімен өңдедім. Қолданылған мақта шариктерін астаушаға салдым; 9. Пинцет және мақта шаригі көмегімен жараның бетін 3% сутегі асқын тотығымен жуып, артынан жараны құрғаттым; 10. Дәрігердің айтуы бойынша "люголь"дәрісі жағылған таңғыш материалды жараның бетіне жаптым; 11.Стерильді таңғыш материалымен жараның бетін жаптым 12. Бинтпен жараны орап таңдым; 13. Дезинфекция ерітіндісі бар ыдысқа қолданылған құрал - жабдықтарды салдым. 14. Кушетка үстін дезерітіндімен өңдедім. 15. Қолғапты шешіп, қолымды жуып кептірдім ІІІ . Ибраева А Туған жылы: 1952ж Мекен- жайы: Чайковск көшесі 20 үй Диагнозы: оң қолдың термиялық күйігі Шағымы: Қолы ашып ауруы, қызаруы, ісіну, циррозды сұйықтыққа толған көпіршіктің пайда болуы. Аnamnezis morvi: Науқастың айтуы бойынша қолынан қайнап тұрған шәйнекті құлатып алған. Туысқандары күйген жеріне тіс пастасы мен картоп жаққан. Anamnesis vitae: Status praesins: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, есі анық, Дене температурасы 37,3 градус, жалпы кейпі нормастеник,Өкпе тынысы визикулярлы, сырылдар жоқ. Журек тондары ритмді, ps- 85 рет минутына. Тілі ылғалды құрғақ. Іші пальпациялағанда ауырмайды, жұмсақ. Бауыры ұлғаймаған. Statuslocalis:Оң қолдың 5 саусағының күйігінен церозды сұйықтыққа толы көпіршіктер көрінеді. Жараның жан- жағында некрозды тканьдер көрініп тұр. Тағайындалған ем:5% синтомацин эмульсиямен бес саусақ таңғышын қою. - Бес саусаққа таңғыш таңу.
Әрекет алгоритмі: 1) білезікке бекітуші 2 орам жасайды 2) қолдың сырт жағынан бинтті саусақтың тырнақ фалангасына қиғаш жібереді (оң қол болса бірінші саусақтан бастайды, сол қол болса бесінші саусақтан бастайды); 3) тырнақ фалангасын жауып бинтті спиральды турлармен саусақтың негізіне жеткізеді; 4) бинтті қиғаш түрде білезік буынына жеткізіп, осында цирулярлы турмен бекітеді; 5) басқа саусақтарды жабу үшін әр саусаққа жоғарыда айтылған түрларді қайталайды.
Гипсті таңғышты салу тәртібі.Мақсаты:Жарақаттанған жағдайда емдік иммобилизация үшін (сынықтар, буынның шығулары)Көрсеткіштері:Аяқ - қолдың механикалық жарақаттары Іс-әрекет алгоритмі: 1. Жұмыс барысында арнайы киім – бет перде, қолғап, ал жапқыш, бас киім кию керек 2. Гипсті бинт беті металмен немесе мрамормен қапталған арнайы столда дайындалады 3. Гипсті таңғышты дайындар алдында гипстің сапасын тексеру қажет 4. Гипс тез қатаю үшін гипстелген бинтті жылы суға салу керек 5. Гипсті жылы судан алар алдында, судағы ауа көпіршіктері бөлінісінің тоқтауын бақылау керек 6. Пациентті бинт орауға ыңғайлы етіп отырғызамыз 7. Аяқ – қолына ыңғайлы қалып береміз. 8. Сау аяқ – қолға гипсті лангетаны өлшеп аламыз 9. Гипс салатын жердің терісіне вазелин немесе балалрға арналған крем жағу керек 10. Сүйектің шығыңқы жерлеріне дәке салфеткаларын саламыз немесе барлық аймақты мақта –дәке орамымен оқшаулаймыз. 11. Таңғышты абайлап саламыз 12. Саусақтарын қан айналымын бақылау үшін ашық қалдырамыз 13. Таңғыштың түріне байланысты оны қосымша бинтпен бекітеміз 14. Гипс толық қатқанша аяқ – қолын қозғалтпау керек 15. Гипсті салғаннан кейін науқасты 2 сағаттай бақылаймыз, стационарлық емдеу жағдайында 2 күнге дейін Жараға түйінді тігіс салу Мақсаты: Жарақат бетіне тігу Көрсеткіштері: Таза жара Қарсы көрсеткіштері: Іріңді, тістелген, ластанған жара Керекті құралдар: Залалсыздандырылған лоток,резеңке қолғап,таңғыш заттар,пинцеттер,ине ұстағыштар, кескіш инелер,Купер қайшысы,тігетін заттар,шприц инесімен,1% йодонат ерітіндісі,70% этил спирті,0,5% новокаин ерітіндісі,- КБУ Іс- әрекет алгоритімі : 1. Резеңке қолғапты кию 2. Йодонат ерітіндісі сіңірілген салфеткамен пинцет арқылы жарақат бетін тазалап алу 3. Салфеткаға сіңірілген 70% этил спиртімен пинцеттің көмегімен жарақаттың бетін сүрту 4. Бір тәсілді қолданып жара аймағын жергілікті і жансыздандыру 5. Ине ұстағышты дайындап, тескіш инені қыстырамыз. 6. Тігіс материалын иненің көзіне енгіземіз 7. Хирургиялық пинцет арқылы жараның бір жағынан етін қысып ұстаймыз 8. Жарақат шетінен 1см қалдырып инені теріге енгізу 9. Инені жараның түбінен өткізу 10. Жарақаттың келесі бетінің шетінен 1см қалдырып инені енгізу 11. Ине ұстағышпен ине ұшын ұстау 12.Инені шығарған кезде хирургиялық пинцетпен теріні ұстау 13.Бұлшық еттен инені шығарып жіптен босату 14. 3 рет хирургиялық түйінмен жіп ұшын түю 15. Жіпті түйіннен 1см жоғары қайшымен кесу 16. Түйінді тігісті алдыңғы іс әрекеттегідей ара-қашықтығын 1см қалдырып орындау 17. Тігістің бетін йодонат сіңірілген салфеткамен пинцет көмегімен сүртіп шығу 18. Жарақат бетіне пинцет көмегімен салфетканы қою 19. Сүлгінің бетін таңғыш заттармен таңып байлау. 20. Қолданған құрал жабдықтарды зарарсыздандырғыш ерітінділерге салу 21. Қолғапты шешіп КБУ тастау Таза және ірінді жараларды орап тану. Мақсаты:таңғышты ауыстыру, жараның микробтармен лдастануын азайту, жараны сыртқы ортадан микробтар түсуден қорғау Көрсеткіштері: жараның болуы Керекті құрал-жабдықтар:3% сутектің асқын тотығы ерітіндісі (немесе фурацилин, немесе 0,5% калий перманганаты ерітіндісі); 2. 0,5% мүсәтір спирті, 1% йодонат ерітіндісі (1% бриллиант жасылы ерітіндісі), спирт 70%, 10% натрий хлориді ерітіндісі; 3. Пинцет, залалсыздандырылған мақта шариктері, , залалсыздандырылған турундалар, салфеткалар, лейкопластырь, бинт, КБУ.
Іс-әрекет алгоритмі: 1. Қолды гигиеналык денгейде жуу 2. Залалсыздандырылған қолғап киіңіз 3. Пинцетпен ескі таңғышты алып тастаңыз, жараның бір шетінен екінші шетіне қарай 4. Егер таңғыш кеуіп, жабысып қалса 3% сутектің асқын тотығы ерітіндісімен (немесе фурацилин, немесе 0,5% калий перманганаты ерітіндісі) 5. Жараны және оның айналасын қараңыз 6. Жараның айналасын алдымен құрғақ салфеткамен. Сонан соң 0,5% мүсәтір спиртіне батырылған салфеткамен шетіне қарай сүртіңіз 7. Жараның айналасын антисептиктердің бірімен өңдеңіз: , 1% йодонат ерітіндісі , 1% бриллиант жасылы ерітіндісімен, сонан соң спиртпен 8. Егер жарада ірің болса жараны 3% сутектің асқын тотығы ерітіндісімен зажимге бекітілген салфетка арқылы жуыңыз 9. Жараны құрғатыңыз, жараға 10% натрий хлориді ерітіндісіне батырылған турунда немесе тампон қалдырыңыз 10. Залалсыз салфеткаларды қолданып, жараға жаңа таңғыш қойыңыз 11. Таңғышты клеолмен немесе лейкопластырьмен, немесе бинтпен бекітіңіз 12. Қолғапты шешіп, КБУ ға тастаңыз «Гиппократ» қалпағын салу ережесі. Мақсаты:Бастағы таңғыш материалды бекіту. Көрсеткіші: Бас жарақатында.
Құрал- жабдықтар: Бинт ені 10 см, қайшы , лейкопластыр. 1. Науқасты өзіне қаратып отырғызуы керек.Тыныштаңдыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру. 2. 2 бинт алыңыз да оларды 15 см ұзындықта тарқатыңыз. 3. Бір бинттің шетін екінші бинттің шетіне қойып, бір-біріне қарама-қарсы бағытта ораңыз, 2 басты бинт жасалады. 4. 2 басты бинтті оң және сол қолыңызға алыңыз 5. Бинтті бастың маңдай бөлігіне қойып, 2 басын шүйде аймағына қарай апарыңыз 6. Шүйде аймағында айқастырыңыз, 1 басын шүйдеден маңдайға қарай төбе бөлігін жауып, екінші басымен басты айналдыра ораңыз 7. №2 бинттің басымен маңдай аймағында айқастыра отырып №1 бинтпен маңдайдан шүйдеге қарай жүріңіз. №2 бинтті төбе арқылы әкеліп №1 бинтті жабыңыз. 8. Төбе аймағы жабылғанша басты айналдыра ораңыз 9. Бинттің турын бас сүйек толық жабылғанша қайталаңыз Балтыр сүйегі сынғанда Крамер жақтау салу. Мақсаты:Сынған жерді қозғалтпау трамматикалык шоктын алдын алу ұлпалардын қосымша зақымдануын алдын алу Көрсеткіші: Балтырдың жарақаттануы. Буынның шығуы немесе сынуы Қарама қарсы көрсеткіші: Жоқ Құрал-жабдықтар:сатылы Крамер жақтауы,залалсыздандырылған таңғыш материялдар( дәке тампоны, макта шариктері ) ,медициналык дәке , мата,жастықшалар,залалсыздандырылған шприц инесімен,жансыздандыруғрарналған дәрілер (баралгин ерітіндісі – 0,5 немесе 1 мл 2 % ,немесе -фентанил 1 мл 0,005% , ерітінді көк тамырға немесе трамал – 100 мл ),зембіл . 1. Науқасқа емшараны түсіндіру. Науқасты сынған жердің табан буыны мен тізе буынын қамтитын жақтауды аламыз . 2. Іс шаранын алдынан сынған жерді жансыздандырып қан ағуды тоқтатамыз асептикалық таңғыш таңамыз 3. Егер жақтау дайын болмаса бинт немесе мақта мен ораймыз 4.Қосымша жарақат болдырмау үшін жақтауды киімнің үстіне саламыз 5. Көмектесуші жақтауды сау аяғына өлшеп жарақаттанған аяққа салады, егер жақтауды дұрыс салмаған жағдайда, оны тез шешіп қайтадан салу керек 6. Құрсауды екі жағынан мақтамен орап, бинтпен бекітіңіз. 7. Табан буынына мақталы – дәкені қоямыз. 8. Жақтаудың біреуін дайындап, табаннан бастап сан сүйегінің 3/1 бөлігіне дейін қамтимыз 9. Екі жақтауды екі жағынан салып бекітеміз немесе U тәріздес, табан буыны тік бұрышты болу керек10.Жақтауларды бинтпен бекітеміз11. Науқасты зембілге ыңғайлы қалыпта орналастырамыз Болғаннан кейін науқастардың системасын қарадым.Мейірбикеге ескертіп уйге қайттым.
Сандық есеп:
|
|
|||||||||||||||||||||||||||
Күні |
Аталған істің мазмұны |
Ескерту |
|||||||||||||||||||||||||||
17.06.2016ж |
Мен тәжірибиемден өту үшін 8:00-де хирургия бөліміне іріңді жараны орап-тану бөлімшесіне келдім. Ең алдымен мейірбикенің нұсқауы бойынша ағымды тазалық жұмысын жүргіздім. 1% хлорамин ерітіндісін қолдануымен күніне 2 рет өткіздім. Ультракүлгін сәулелендіру және желдету күніне 4 рет 15-20 минуттан өткіздім және оны тіркеу журналына еңгізіп отырдым. Тазалық жүргізіп болғаннан кейін , суды төгіп қолымды жудым. Мейірбикенің нұсқауы бойынша залалсыздандырылған үстелді жабдықтадым. Болғаннан кейін мейірбикенің нұсқауы бойынша биксті реттеп салдым. Жабдықтау: - дез.ерітінді; - «бикске арналған» 2 ветош; - ветошты дезинфекциялау үшін сиымдылық (емкость); - қолғап, бет перде; - жаялық, бикстін ішіне жаю үшін - бикстің ішіне салынатын заттар (ақжелеңдер, жаймалар, орап тану материал); - индикаторлар (3); - бирка; Қолды жуып кептіріп, бикстің тұтастығын тексердім.Бет перде мен қолғапты кидім. Бет перде мен қолғапты шешіп, қолғапты дезерітіңдісіне салдым.Қолды жуып кептіріп, бикстің тесіктерін аштым. Жаялықты бикстің ішіне жайдым, жаялықтын шеттері бикстің биіктігін 2/3 бөлігіне түсіп тұрады.Бикстің түбіне жаялықтың үстінен индикатор салып, бикстің ішіне керекті заттар салынады мысалы: ақжелендер, жаймалар болса валик ретіңде оралып тік түрде салдым. Бикстің ортасына екінші индикатор салдым да, бикстен түсіп тұрған жаялықтың шеттерімен, бикстің ішіндегі заттарды жаптым.Бикстің қақпасының астына үшінші индикатор салдым. Қақпасын жауып, тұтқасына клеенкадан бирка жасап байлап қойдым.Биркаға бикстің не үшін қолданылатынын және зарарсыздандырылған күнін жаздым. Болғаннан кейін орап- тануға келген науқастарды қабылдадық: І.Кусатаева Р Туған жылы: 1953ж Мекен- жайы: 11 линия 17-1 Диагнозы: абцесс правой стопы Тағайындалған ем: іріңді жараны өңдеу, гипертониялық ерітіндімен дренаж салу ІІ. Кокенова Д Туған жылы: 1961ж Мекен- жайы: Народная 25 Диагнозы: Нагоившаяся атерома заушной области спарава Шағымы: Сол жақ құлағының маңайының ауырсыну. Аnamnesis morvi:ауырғанына 2 апта болған.Ауруын далада бас киімсіз жүруімен байланыстырады. Медициналық қызметке жүгінбеген. Anamnesis vitae:Травмалық жарақаттары болмаған.Дәрі- дәрмекке, тағамдарға аллергиясы жоқ. Status praesins: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, есі анық, қоршаған ортаға реакциясы сақталған. Тынысы қалыпты. Іш аймағын пальпациялағанда іші жұмсақ, ауырсынусыз. Дене бітімі қалыпты. тері жабындысы сұрғылт, эластикалық, терлегіш.Тілі қызғылт ылғалды жабындымен қапталған.Тері асты май қабаты жақсы жетілген.Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияда қолға сезіледі. Statuslocalis: Оң жақ құлақтың артқы бөлігінде көзге көрінетін диаметрі 2,5 см атерома орналасқан. Пальпацияда жұмсақ және эластикалық, ауырсынусыз, флюктуация байқалады. Тағайындалған ем: атероманы алыптастау, таңғыш салу Дәрі- дәрмектік ем: а)50% аналгин 2мл 1% димедрол бұлшық етке ауру сезімінде. б) Цефаксон 1,0 2 рет күніне .
ІІІ. Гайфуллина С Туған жылы: 1936ж Мекен- жайы: Қабанбай батыр көшесі 69 Диагнозы: остеомиелит ІІ оң табанын Шағымы: оң жақ табанының жүрген кезде ауырсынуы, оң жақ аяқтың бірінші саусағының басында іріңді бөліністің пайда болуы. Аnamnesis morvi:Науқас 2013 жылы қазан айында жұмыс уақытында аяғынан жарақат алған. Медициналық қызметке жүгінбеген .Үйде емделген, антибактериальды препарат, ауырсынуды басатын препарат қолданған, жағдайы жақсарған.2014 жылы ақпан айында 1 бармағында сүйел пайда болған. Anamnesis vitae: Травмалық жарақаттары болмаған.Дәрі- дәрмекке, тағамдарға аллергиясы жоқ. Status praesins:Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. есі анық. Дене бітімі қалыпты. Гиперстеникалық тип. Тері жабындысы қызғылт , құрғақ.Лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Мұрын арқылы дем алады. Дем алуы аралас тыныс. Жүрек тондары ритмді, ps- 85 рет минутына. Іші пальпациялағанда ауырмайды, жұмсақ. Бауыры ұлғаймаған. Тағайындалған ем: а)гипсті таңғыш салу. б) Антибиотик Әрекет алгоритмі: 1) гипсты бинтті немесе лангетаны дайындадым (дәрігердің айтуы бойынша лангета 6-8 қабатты болу мүмкін) 2) гипстын сапасын тексердім; 3) жылы суды дайындадым; 4) алжапқыш, бет бердесің, қолғаптар; 5) науқасты ынғайлы жағдайға келтіріп аяқғын физиологиялық жағдайға келтірдім; 6) аяқты жай битпен оруға болады немесе вазелинмен сүрттім; 7) сүйектердін шықынкы жерге мақта салу батпау үшін; 8) гипсты бинтті немесе лангетаны суға салып, көпіршектер біткенше күтеді; 9) көпіршіктердің бөлінуі біткеннен кейін гипсты алып ақырын екі жақтан сықтым; 10) таңғыштын моделировкасын жасадым; 11) саусақтардын ұшын ашық қалдырдым;
VІ. Ныгметжанов С Туған жылы: 1974 Мекен- жайы: Шығыс саяжайы 30-15 Диагнозы: парапрактит. Тағайындалған ем: гипертониялық ерітіндімен дренаж салу дренаж салу.
VІІ. Жарқынбекова Туған жылы: 1997 Мекен- жайы: Косанова 15 Диагнозы: фурункул Тағайындалған ем: жараны өңдеу, таңғыш салу VІІІ. Озбекова Т Туған жылы: 1940 Мекен- жайы: 3 линия 34-3 Диагнозы:копчико эпит киста Тағайындалған ем: жараны өңдеу, таңғыш сал
ІХ.Сакенов Т Туған жылы: 1952ж Мекен- жайы: Чайковск көшесі 20 үй Диагнозы: оң қолдың термиялық күйігі Тағайындалған ем: жараны өңдеу, бессаусақ таңғышы
Сандық есеп:
|
|
Күні |
Аталған істің мазмұны |
Ескерту |
||||||||||||
18.06.2016ж |
Бүгін мен тәжірибемді орап-таңу бөлімінен бастадым. Мейірбикенің нұсқауы бойынша тану материалдарын дайындадым. Дәкелі шариктер. Кішкентай шариктер үшін дәкені 6х6 см, орташа 8х9 см, үлкеніне 11х12 см немесе 17х17 см көлемінде кестім. Сыртқы шеттерін ішіне қайырып, үшбұрыштап бүктеп, бір бұрышын ішіне салдым. 50-100 данадан қапшықшаға салдым. Салфеткалар- дәкеден 4-8 рет қабатталған кесінділерінен 10х15 см, 40х30 см, 70х50 см көлемінде дайындадым. Дәкенің шеттерін ішіне қарай қайырдым,ұзынынан екі қабат ішіне бүктеп, 10 данадан байладым. Тампондар- қан мен іріңді сорғызу үшін, қан ағуды тоқтату үшін қолданылады. Тампонды ұзындығы 5 м дәкеден дайындадым. Оны ортасынан ұзыннан шетін шетіне келтіріп, тағы ортасынан бүктедім. Содан кейін 4 рет қабатталған дәкені көлденеңұзындығы 20, 30, 50 см бөліктерге қидым. Тампондардың шетін жайып тегістедім. Турундаларды ені 3-4 см , ұзындығы 1,5-2 м дәкеден дайындадым. Жанама шетін қайырдым. Дәкені ұзыннан екіге бүктеп, тегістедім, будақтап орап, қажетті ұзындықта кесіп алдым. Болғанан кейін орап тануға келген науқастарды қабылдадық. 1. Атышев Н. Т Туған жылы: 1981 Мекен- жайы: Аймауытова 84- 7 Диагнозы: бел липомасы Шағымы: бел тұсының ауырсынуы , сол жақ белге ісік шығу. Ісік мөлшерінің уақыт өткен сайын үлкеюі. Аnamnesis morvi:бел тұсында ісікті байқағандықтан науқас левомиколь мазьн жаққан. Anamnesis vitae: Status praesins: Жалпы жағдайы орташа. Есі анық. Жалпы кейпі нормастеник. Тынысы визикулярлы.Жүрек тондары анық. Іші пальпациялағанда ауырмайды, жұмсақ. Бауыры ұлғаймаған Statuslocalis:жергілікті жерді қарағанда томпайып тұруы, пальпацияда ауырсынусыз, жұмсақ , қозғалмалы. Тағайындалған ем:липоманы алып тастау. 2. Ермаченко Д.С Туған жылы: 1991 Мекен- жайы: Аймауытова 84- 7 Диагнозы: оң қол білегінің кесілген жарасы. Шағымы: қолдың ашып ауруы, жергілікті дерден қан ағу, басының ауруы Аnamnesis morvi: Науқас білегін ағаш жарып жатқанда зақымдап алған. Жергілікті жерден қан аққан, ауырсынған.Науқас үйінде иодпен өндеп , бинтпен таңғыш салған. Anamnesis vitae: Status praesins: Жалпы жағдайы орташа. Есі анық. Жалпы кейпі нормастеник. Тынысы визикулярлы.Жүрек тондары анық. Іші пальпациялағанда ауырмайды, жұмсақ. Бауыры ұлғаймаған Statuslocalis: оң қол білегінің қарағанда жараның аузы ырсиып тұр. Танғышы қанмен ластанған. Тағайындалған ем: алғашқы хирургиялық өңдеу, тігіс жібін салу. Керекті құралдар мен дәрі-дәрмектер: 1) залалсыздандырылған қолғап; 2) антисептиктер: 70% этил спирті, йодонат, 3% сутегі асқын тотығы; 3) 0,5-0,25% новокаин, шприцтермен инелер; 4) орап таңу материал; 5) тігіс материалы; 6) қаңдауыр, қайшы; 7) қысқыштар Кохер, «москит»; 8) пинцеттер: анатомиялық, хирургиялық; 9) жара кеңейткіштер; 10) Дешан инесі; 11) ине ұстағыш пен инелер; 12) сүңгі. Науқасқа манипуляция жайлы түсіндірдім.Керек құрал- жабдықтарды дайындап алдым.Науқасты операция жасайтын үстелге отырғызып,таза стерильді қолғап кидім. Жара аймағын 3% сутегі асқын тотығына малынған салфеткамен пинцет арқылы жара аймағын өңдедім. Жара аймағын құрғаттып,ластанған пинцетті кір латокқа салдым.Иодонатқа малынған салфеткамен жара аймағын 2 рет өңдедім. Шприц және ине арқылы анестетик затты енгізіп жансыздандыру жүргізді.Пинцет арқылы жара ішіндегі бөгде заттарды алып тастады . Қандауырмен жараның шетеріндегі және түбіндегі некрозданған тканьдерді сылып алып тастады. қан ағуды тоқтатты. Жара ішін 3 % сутегі асқын тотығымен жуып, стерильді салфеткамен құрғаттым. Жара ішін фурациллин ерітіндісімен жуып, салфеткамен құрғаттым. Иодонат ерітіндісіне малынған салфеткамен пинцет арқылы жара аймағын өңдедім. Жараның түбінен бастап тігіс салдым. Тігіс салынған жараны йоданат ерітіндісімен өңдедім.Пинцет арқылы жараның бетін стерильді салфеткамен жаптым.Орап тану материалымен бекіттім. Қолданылған құрал- жабдықтарды арнайы ерітіндіге салдым. 3. Молдагалив Ж Туған жылы: 1984 Мекен- жайы: Диагнозы: бастың соғылған жарасы. Шағымы: басының қатты ауры,соғылған жерден қан ағуы, тамаққа тәбетінің болмауы, есін бірер минутқа жоғалтуы. Аnamnesis morvi: Науқас төбелес кезінде басын жерге қатты соғып алған. Үйіне келгенде басының ісіп тұрғаның көрген. Ісік бар жерге суық басқан. Біраздан кейін есінен таңған. Есін жиса төсекте жатыр. Жедел жәрдем шақырмаған. Басы қатты ауырған соң емханаға келген. Anamnesis vitae: Status praesins: Жалпы жағдайы орташа. Есі анық. Жалпы кейпі астеник. Тынысы визикулярлы.Жүрек тондары анық. Іші пальпациялағанда ауырмайды, жұмсақ. Бауыры ұлғаймаған Statuslocalis: бастың ісіп тұруы, қанталау басылған, көгеріп қалған. Тағайындалған ем: жараны өңдеп , бадияга майымен тану. Мейірбикенің нұсқауы бойынша кимешек таңғышын тандым. Ені орташа бинті және ұзындылығы 80-90 см бинтті кесіндісін қолданады.Науқасты ынғайлы жағдайға келтіріп,ұзындылығы 80-90 см бинтті кесіндісін бастын төбесінде орналастырдым, бинттің екі ұшын құлақтың алдыңғы жағынан төмен түсіріп тұратындай етіп керіп ұстадым (науқасқа немесе көмекшіге ұстаын сұрайды); ені орташа бинтті алып бірінші басты 2 рет орап бекіту жасадым да,үшінші турда бинтті мандайынаң іліп алатын байламға дейін жеткіздім де бинтті айқастырдым .Бинтті желкеге қарай қисайта тарттым,бастың төбесі толық жабылғанша бинтті желкеден мандайға қарай алма кезек жүргіздім.Бас толық жабылғанда 2 рет бекіту жасап бинтті іліп алатын байламға байлап,ұшын иектің астында ілмектеп байладым. Болғанан кейін кейін мына науқастарға танулар жүргіздік. 4. Кадыржанова Диагнозы: төменгі жақ көкеттің варикозды кеңеюі 5.Скоморовскиий Диагнозы: операциядан кейінгі сафинэктомия 6.Сапарова Диагнозы: созылмалы аппенцидит Бұларға таңғышты былай салыдық: науқастардың ескі таңғыштарын шешіп латоққа салдық.Дәрігер науқастардың жағдайын бағалады. Дәрігердің айтуы бойынша спиртті немесе бриллиант жасылымен өңдедік. Одан кейін жараға салфетканы гипертон ерітіндісіне малып үстінен лейкопластырь жапсырып бинтпен орап тастадық. Барлығын болған соң қолданылған құралдарды арнайы ерітіндіге салып, санифорт ерітіндісімен сүртіп шықтым.
Жұмсақ таңғышты таңу:.Жұмсақ таңғыштың науқасқа қажетті түрін анықтау.Науқасты таңғышпен танатын жері қозғалмайтындай және орауға ыңғайлы болатындай етіп жатқызады немесе отырғызады.Науқасқа қарама-қарсы тұрады.Таңғышты шетінен бастап ортасына қарай таңады,арнайы таңғыштарды қоспастан. Таңғышпен таңуды таңғыштың шетінен бастайды.Таңғыштың әрбір қабаты алдыңғы оралған жердің жартысын немесе 2/3 бөліігін жабатындай етіп таңу керек.Таңғышты қос қолдан таңу керек:бір қолмен таңғышты тарқатып отырып,екінші қолмен оны түзетіп,біртегіс етіп тарта отырып таңады. Дененің конус тәрізді бөлігіне таңғышты таңу кезінде таңғыштың дұрыс таңылуы үшін таңғыштың әрбір 1-2 орамынан кейін оны айналдырып отырады.
Болғаннан кейін мейірбикеге ескертіп үйге қайттым. Сандық есеп:
|
|
