- •1. Квалиметрияның заманауи күйі. Квалиметрия пәні және құрылымы.
- •2. Квалиметриялық бағалау.Ғылымның квалиметриялық бағыты: қолданбалы квалиметрия (құрылымы).
- •Ғылымның квалиметриялық бағыты: қолданбалы квалиметрия (құрылымы).
- •3.Квалиметрия, ғылым ретінде. Ғылымның квалиметриялық бағыты: теориялық квалиметрия (құрылымы)
- •Ның квалиметриялық бағыты: теориялық квалиметрия (құрылымы).
- •6.Квалиметрия. Сапаны сандық бағалау (немесе интегралды сапа).
- •Жалпы квалиметрия, 2. Арнайы квалиметрия, 3. Пəндік квалиметрия, 4. Диалектикалық көрінісі, 5. Жалпылама, 6. Маңызды, 7. Бірліктік.
- •8. Сапаны бағалау. Сапа көрсеткіштері. Сапа көрсеткіштерінің уақытқа тәуелділігі.
- •Основные понятия, используемые при построении дерева свойств.
- •18. Сапаны бақылау. Сапаны бағалаудың классификациялық әдісінің негіздері. Сапаны кешенді бағалаудың алгоритмі. Бақылау карталары. Бақылау картасының графикалық бейнесі.
- •Бақылау картасы.
- •21. Өнім сапасын бағалаудағы халықаралық стандарттар немесе нарықтық экономикадағы қызмет көрсету.
- •22.Өнім сапасының сандық көрсеткіші ретінде, өнім сапасының көрсеткіштері. Машинажасаудағы өнім қасиетінің он классификациялық көрсеткішіне және сәйкесінше сапа көрсеткіштеріне анықтама беру.
- •23. Өнімнің сапа көрсеткіштер мәнінің өлшем бірлігі. Белгілері, құрамы және көрсеткіштер мәнің анықтаудың кезең-кезеңмен бойынша классификациялары.
- •24.Сапа пирамидасы (tqm — Total Quality manage ment).Жобаның сапасы. Бағаланатын жобаның сипаттамалары.
- •28.Өлшеусапасы. Өлшеу сапасының көрсеткіштері, нақты емес өлшеу нәтижесін бағалау.
- •31. Машина жасауөнімдерініңсапасынқамтамасызету. Сапаныбасқарупринциптері. Аспектілеріжәнесапаныбасқаруфункциялары.
21. Өнім сапасын бағалаудағы халықаралық стандарттар немесе нарықтық экономикадағы қызмет көрсету.
Нарықтық жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің ерекшелігінің жиынтығы сатын алу сату актісінде көрінеді Мұндай ерекшеліктің үйлесті өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы негізінде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын, сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылығы деп атайды.Халықаралық стандарттау ұйымының (International Standard Organization -ISO) берген анықтамасы бойынша стандарттау дегеніміз – «бір салада барлық мүдделі тараптардың пайдасы үшін жəне солардың қатысуымен реттеу мақсатында, атап айтар болсақ, қауіпсіздіктің функционалдық шарттары мен талаптарын сақтай отырып жалпыға ортақ максималды үнемдеуге қол жеткізу үшін ережелерді орнату жəне қолдану процесін» білдіреді. Өнім (қызмет) сапасын басқару халықаралық, мемлекеттік, салалық стандарттар негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте халықаралық стандарттар ерекше рөл атқарады. Себебі, халықаралық сауда-саттықты жəне жалпы алғанда экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге негіз болып табылады, ғылыми-техникалық жəне əлеуметтік процестердің жылдамдатылуына септігін тигізеді. Сапаны басқару жөніндегі əртүрлі ұйымдардың тəжірибесі ISO 9000 халықаралық стандарттар пакетінде жинақталған. Бүгінгі таңда ISO 9000 стандарттар сериясы қандай да бір болмасын ұйымның тұрақты сапасына қол жеткізуінің негізін құрайды. ISO 9004 стандарттары TQM – сапаны жалпылама (бүкіл) басқару тұжырымдамасының негізгі қағидаларына негізделген сапа жүйелерін əзірлеу жəне қолдану жөніндегі мəліметтер мен ережелерден тұрады. TQM анықтамасы жəне түсіндіруі бойынша бірауыздан қабылданған пікір жоқ. Танымал Бове жəне Тилл деген мамандар мынадай анықтама береді:
«Сапаны жалпылама басқару – бұл жалпылама сапаға алып баратын сапаға деген ұмтылыс пен басқару практикасына негізделген ұйым философиясы. Бұдан шығатын сапа – бұл өндіріс процесінің бір кезеңінде қадағалап отыруды немесе қосуды қажет етпейтін нəрсе, бұл - ұйым мəні». Өте кең тараған анықтамалардың бірі ISO 8402–94 халықаралық стандартында келтіріледі: «TQM – сапаға негізделген ұйымды басқаруға деген əдістеме. Бұл əдістеме өзінің барлық мүшелерінің қатысуына негізделген жəне тұтынушынықанағаттандыру арқылы ұзақ мерзімді табысқа қол жеткізуге жəне ұйым мен қоғамның барлық мүшелерінің пайдасына қол жеткізуге бағытталған». ISO 9000:2000 стандартында TQM ұйымды толығымен қамтитын сапа менеджментіретінде анықталады. Осының барлығы бүкіл кəсіпорын жұмысын бағалауда сапаны негізгі критерий деп есептейтін, сапаны оның экономикалық жəне əлеуметтік, тіпті психологиялық кең тұрғысынан түсіндіретін, өндіруші мен тұтынушы арасындағы қарама-қайшылықтың міндетті түрде болуы туралы тезисті теріске шығаратын TQM философиясының идеялық мазмұнын анықтайды. Фирма(кəсіпорын, ұйым) деңгейіндегі TQM мына мақсаттарды көздейді: кəсіпкерлікті тұтынушылардың ағымдағы жəне потенциалды сұраныстарын қанағаттандыруға бағыттау; сапаны кəсіпкерліктің мақсаты, фирма философиясы жəне корпоративтік мəдениет деңгейіне көтеру; ұйымның барлық ресурстарын оңтайлы пайдалану. ISO 9000 жанұясы стандарттарының тұжырымдамасы мен TQMконцепциясы ережелерінің арасында айырмашылық бар. Ол мынадай көрініс табады: стандарттар ең бірінші кезекте бір нəрсені қате орындау ықтималдығын төмендетуге бағытталған болса, TQM сапаны басқару жөніндегі заманауи əдістердің ұшқыр биігі болып табылады жəне белгілі бір сапа дəрежесіне қол жеткізілген кезде, өнім сапасын ары қарай арттыруға бағытталған. Өкілеттікті беру, яғни, басқаруға қатысу жеке жəне ұжымдық (топтарда) түрде болуы мүмкін. Жұмысшыларға өкілеттікті беру, оқыту, алғыс білдіру жəне марапаттау арқылы іске асады.
