Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
квалиметрия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143.33 Кб
Скачать

Бақылау картасы.

Сапаны бақылаудың статистикалық әдістерінің үлкен санының ішіндегі негізгі құралдардың бірі бақылау картасы болып табылады. Бақылау картасын ойлап табу идеясы атақты американдық статист

Уолтер Л. Шухартқа тиесілі деп саналады. Ол 1924 ж. Сөз етіліп, 1931ж. Түрақты түрде сипатталды. Алғашында олар өнімнің қажетті қасиеттерін өлшеулердің нәтижелерін тіркеуге ғана қолданатын. Параметрдің рұқсат етілген өрістен асуы өндірісті тоқтату қажеттігін және өндірісті басқарушының білімдерімен процессті түзету керектігін көрсететін.

Бұл кім, қашан және қандай құрылғыда өткенде ақау жасағанын анықтауға ақпарат беретін.

Алайда, мұндай жағдайда түзету туралы шешім тек ақау пайда болған кезде ғана қабылданатын. Сондықтан, басқа бір ақпаратты жинақтаушы ғана емес, шешімдерді қабылдауға да қолдануға болатын процедура табу керек болды. Бұл ұсынысты американдық статистик И.Пейдж 1954ж. ұсынған.Шешім қабылдау кезінде қолданылатын карталар кумулятивті деп аталатын.

Бақылау картасы картаға процесстің жағдайын бақылау үшін енгізілген орталық сызықтан, бақылау шектерінен (орталық сызықтан жоғары және төмен жататын), және сипаттамалар мәндерінен (сапа көрсеткіштерінен) тұрады.

Бақылау картасы уақыттың белгілі бір периодтарында дайындаған бйымдарды n таңдап (барлығын, таідап алып, үздіксіз ағымнан периодты түрде және т.с.с), бақыланатын параметрді өлшейді.

Өлшеулер нәтижелерін бақылау картасына енгізеді, және оның мәндеріне байланысты процессті түзетуге немесе түзетулерсіз процесске шешім қабылданады. Мүмкін технологиялық ақаулықтарға сигнал ретінде келесілер бола алады:

  • нүктенің бақылау шектерінен асып кетуі ( 6 нүктесі ); (процесс бақылаусыз қалған)

  • кезекті нүктелер тобының бақылау шегінің маңайында орналасуы, бырақ одан аспауы (11, 12, 13, 14), құрылғының бұзылу деңгейіне куәлік етеді

  • бақылау картасындағы нүктелердің орталық сызықтан өте алыс таралуы (15, 16, 17, 18, 19, 20) технологиялық процесстің дәлдігінің төмендегенін көрсетеді.

Өндірістік процесстің бұзылуы жайлы сигналдар болған жағадайда бұзылудың себебі анықталып, жойылуы керек. Осылайша, бақылау карталары белгілі бір себептерді, бырақ кездейсоқ емес себептерді анықтауға қолданылады. Белгілі бір себеп дегенді зерттеулер жіберетін фаторларды түсінген жөн. Әрине, мұндай зерттеуден болатын факторларды болдырмауға тырысу керек. Вариация болса, көлденең себептермен керек кесімді, ол шарасыз көрінген үдерісте кездеседі, тіпті егер технологиялық операция мен игерушілік стандартты әдістің және шикізаттың еңсеріледі. Вариацияның көлденең себебінің шығар- техникалық нанғысыз немесе экономикалық жөнсіз.

Бақылау карталарының негізгі екі түрі болады: сапа белгілеріне (жарамы-жарамсыз) және сандық қасиеттерге арналған.

Сапалық белгілеріне келесі типтегі карталар жатады :

  • V - картасы (бір өнімнің ақаулар саны)

  • С - картасы (выборкадағы ақаулар саны )

  • Р - картасы (таңдамадағы ақаулы бұйымдар үлесі)

  • NP - картасы (таңдамадағы ақаулы бұйымдар саны)

оған қоса бірінші және үшінші таңдама көлемі айнымалы болып, ал екінші және үшінші таңдамада тұрақты болып табылады.

Демек, бақылау карталарын қолдану мақсаттары келесілер болуы мүмкін:

  1. басқарусыз прцесстерді анықтау

  2. басқарылатын процессті бақылау

  3. процесс мүмкіндіктерін бағалау

әдетте зерттеуге келесідей айнымалы шама(процесс параметрі) немесе сипаттама жатады:

  • белгілі маңызды немесе ең маңызды

  • болжалды сенімді

  • процесстің мүмкіндіктері жайлы қажетті мәліметтерді анықтау

  • маркетингте мәні бар эксплуатациондық

сонымен қатар, барлық шамаларды бір уақытта бақылау да қажет емес .

Бақылау карталары құнды болғандықтан, оларды абайлап қолданған дұрыс:

  • сипаттамаларды дұрыстап таңдау

  • мақсатқа жеткеннен кейін карталарды қолдануды тоқтату

  • карталармен жұмыс істеуді тек процесстер мен технткалық талаптар бір бірін толықтырып тұрған жағдайда ғана жалғастыруға болады.

18.сурет Бақылау картасы

6 нүктеде технологиялық процесс жүрді, оны реттеу қажет. ВКГ және НКГ жағдайы аналитикалы немесе арнайы кестеде таңдау көлеміне байланысты анықталады. ВКГжәне НКГ мына формула бойынша анықталады:

ВКГ = +3   ,

НКГ = –3   ,

.

Егер бұйым техникалық талапқа сай болса ВКГ және НКГ үрдісті алдын ала ескертуде қызмет атқарады.

20. Өнім сапасы. Өндірістік өнімнің классификациясы. Сапаны бағалаудың алгоритмі.

Өнімнің сапасы ─ бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны ─ бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы ─ бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейінің көрінуі. Өнімнің сапасы ─ өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына, материалдық ресурстардың үнемделуіне ықпалын тигізеді. Қоғамдық қажеттіліктің өсуі, ғылыми техникалық процестің жоғары қарқыны сапа мәселесіне күрделі, комплекстік мінездеме береді.

Отандық тәжірибеде шығындарды жоспарлау, есеп және

калькуляциялау мақсатында оларды келесі түрде классификацияланады:

  • өндіріс түрі бойынша-негізгі және көмекші;

  • өнім түрі бойынша-жеке бұйымдар, біртекті бұйымдар тобы,

тапсырыс, өзгертулер, жұмыстар және қызмет көрсету;

  • шығындар түрлері бойынша-калькуляция баптары (өнімнің өзіндік

құнын калькуляциялау үшін және талдау есебін ұйымдастыру )

және шығын элементтері (шығындардың сметалық жобасын

құрастыру және шығындарының есебі);

  • шығындардың шығу орны бойынша-участок, цех, өндіріс, шаруашылық есептегі бригада.

Басқару жүйесінде шығындардың қалыптасуын тәжірибелік

қолдануда мақсатты түрде шығындар элементтері және калькуляция баптары бойынша шығындар түрлері есепке алып шығындар классификациясын қарастыру керек.

Калькуляция баптарының тізімін және олардың құрамын, бөлу әдістерін өнім түрлері, жұмыс және қызмет көрсету бойынша салалық әдістемелік нұсқамасының есептік жоспарлау сұрақтары және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы өндірістің құрылымы мен есептік сипатына байланысты анықталады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда келесідей өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың негізгі әдістері қолданылады:

  • Тікелей есептік;

  • Нормативтік;

  • Есептік-талдау;

  • Параметрлік.

Ең қарапайым және ең дәл – тікелей есеп әдісі болып табылады. Сонымен қатар бұл әдісте өнімнің бірлігінің өзіндік құнын анықтауда жалпы шығын сомасын дайын өнім көлеміне бөледі. Бұл әдісті қолдану біртекті өнімді өндіретін кәсіпорындарда ғана мүмкін болады, осыған байланысты бұл әдіс шектелген түрде қолданады. Сонымен бірге ол калькуляцияның жеке баптарында шығындар туралы мәлімет көрсете алмайды.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауның нормативтік әдісі кәсіпорындарда қолданылады, белгілі бір өнім бірлігінің өндірісіне нақты ресурс шығындарының өзгеру есебі нақты дәл көрсетілген. Ол материалдық, еңбектік, қаржылық ресурстарды нормалық және нормативтік пайдалануға негізелген. Сонымен қатар осы ресурстарды

нормалық және нормативтік пайдалану прогресивті және ғылыми негізделуі керек. Олардың көлемін жүйелі түрде қарастырылуы қажет.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауның ең дәл және жетілген әдісі есептік-талдау тәсілі. Сонымен бірге әдісте өндіріс адайын жн-жақты талдау және онда мүмкін болатын өзгерістерді талдау және өнімнің өзіндік құнына әсер ететін факторлар қарастырылады. Норма және нормативтер негізінде жобаланатын кезеңдегі техника-экономикалық және ұйымдық шарт қалыптасады.

Бір типті, бірақ сапасы жағынан әртүрлі бұйымдарды калькуляциялау кезінде параметрлік әдісі қолданылады. Ол өнімнің сапалық сипатына байланысты өндіріс шығындарының өзгеру заңдылығын бекітуге негізделген. Осылайша, бұйымның өзіндік құнын матералдар мен құрал-жабдықтардың бір килограммдық, бір тонналық құны негізінде анықталады. Берілген өнімге тән басқада көрсеткіштер қолданылуы мүмкін. Осы әдіс бойынша өнімнің сапасын жақсартатын қосымша шығындарды анықтауға болады.