Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
квалиметрия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143.33 Кб
Скачать

Ның квалиметриялық бағыты: теориялық квалиметрия (құрылымы).

Квалиметрия теориялық жəне қолданбалы болып бөлінеді. Теориялық квалиметрия – ол нақты объектіні абстрактілеу, принціптердің негізі, өңдеу,жіктеу, жалпы əдістер жəне арнайы мəселелердің сандық сапасын бағалау.Қолданбалы квалиметрияның негізгі тапсырмасы – заттың, өнімнің нақты түріне байланысты, сапаның сандық бағалауының əдістемесін жасау. Квалиметрияның негізгі шарттары:1. Кез келген өнім (өнім, процесс, жүйе, … т.б.) жеке қасиеттерімен сипатталады, ол ГОСТ 15467-79 өнімнің жасалуы немесе қолданылуы кезінде объективтілік ерекшелігімен түсіндіріледі.2. Сапа - өнімнің қолданылуына байланысты тиімділік өлшемін анықтайтын ең күрделі қасиеті болып табылады.

Квалиметрия өнім сапасы сандық тұрғыда бағалау əдістерін зерттейтін жəне жүзеге асыратын ғылым саласы. Сапаны басқаруда жəне стандарттауда қабылданатын шешімдерді негіздеу үшін қолданылады. Квалиметрия кешенді жəне интегралдық сапа көрсеткіштерінің əдістерін талдап жасайды, өнімнің жекелеген сипаттарын бағаға сəйкестендіру мүмкіндігін береді. Квалиметрия теория жүйесімен өзара байланысты, соның ішінде кез келген объектінің сапасын бағалау теориясының (құрылатын, қолданылатын, субъектіге əсер ететін жəне т.б.) ғылым саласы. Сонымен қатар, ол сапаны бағалаудың сандық жəне сандық емес əдістерін қарастырады. Квалиметрия сапаны бағалау əдістерін зерттейтін ғылым

4. Квалиметрия өндіріске стандарттау әдісімен енгізіледі (ұлттық стандарттар және халықаралық стандарттар).

5.Негізгі квалиметриялық терминология. Нысаны. Қасиеті. Күрделі қасиеті. Сапасы. Тиімділік. Интегралды сапасы.

Квалиметрия – өнім сапасы сандық тұрғыда бағалау əдістерін зерттейтін жəне жүзеге асыратын ғылым саласы.

Квалиметрия латынша (“qualitas” – сапа, қасиет, сипат, ал “quails” – қандай, сапасы қандай деген мағына) жəне ежелгі грек “метрео” сөзі - өлшеу, өлшеу жүргізу дегенді білдіреді.

Өнім сапасы – оның қасиеттерінің жиынтығының талаптарға сай болуы дəрежесімен анықталады.

Қасиеттер - өнімді дайындау, бағалау, қолдану немесе тұтыну кезінде көрінетін объективті ерекшеліктер.

Өнімнің қасиеттері қарапайым жəне күрделі болып екіге бөлінеді.

Қарапайым қасиет - өнімнің бір объективті ерекшелігін сипаттайды (түсі, қаттылығы, автомобильдің орташа ресурсы)

Kүрделі қасиет - өнімнің бірнеше объективті ерекшеліктері, демек қарапайым қасиеттердің жиынтығы (мысалы: сыртқы түр түсі, көлемі, пішіні) жатады.

Қасиеттерді шартты түрде негізгі жəне қосалқы деп бөледі.

Негізгі қасиеттер - өнімнің өзінің қолдану мақсатына сəйкестігін сипаттайды (жиhаз үшін оның ыңғайлылығы, сыртқы түрінің əдемі болуы).

Қосалқы қасиеттер – негізгі қасиеттерді күшейтеді немесе азайтады (мысалы, жиhаз үшін оның массасы).

Қасиеттердің өлшем бірліктері ретінде өнімнің сипаттамаларында өрінетін сапа көрсеткіштері алынады.

Өнім сапасының көрсеткіштері – жасау, қолдану немесе тұтыну шарттарының белгілі біреуінде қаралатын өнімнің бір немесе бірнеше қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы.

Экономикалық көрсеткіштер – экономикалық қызметтің барлық саласын талдауда, есептеуде, жоспарлауда қолданылатын сандық сипаттамалар жүйесі, яки экономикалық үдерістер мен құбылыстардың, олардың даму заңдылықтары мен үрдістерінің сандық сипаттамасы үшін пайдаланылатын абсолютті және салыстырмалы шама.

Бұл салалардың әрқайсысында ЭК-дің өз жүйесі қалыптасқан, сондықтан мақсатына қарай жоспарлық көрсеткіштер, қаржылықкөрсеткіштер, бухгалтерлік көрсеткіштер, статистикалық көрсеткіштер делінеді. Көрсеткіш экономикалық субъектінің қайсыбір қасиетінің, үдерістің немесе шешімнің санмен көрсетілген сипаттамасы ретінде айқындалады. ЭК-тер директивалық (басқарушылық, жоспарлық) және есептемелік (негізінен статистикалық) болуы мүмкін. Экономикалық үдерісті басқару тұрғысынан бірінші тектегі көрсеткіштер әрбір шаруашылық жүргізуші субъекті (немесе субъекті топтары) үшін жеке-жеке жасалған директивалық-атаулы, баршаға қатысты директивалық-иесіз көрсеткіштер болуы мүмкін. Есептік, математикалық тұрғыдан көлемдік, орташа, шектік, өсімдік (сараланбалы), индекстік көрсеткіштерге ажыратылады. Экономикалық мазмұнына қарай ЭК-тер заттық, құндық (ақшалай), еңбектік көрсеткіштер болып келеді.

Экономикалық көрсеткіштер абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерге бөлінеді. Бірінші жағдайда олар өнімнің көлемі сияқты шаманы (құндық немесе заттық тұлғада) немесе пайдаланылатын ресурстың, мыс., жердің көлемін сипаттайды, екіншісінде еңбек өнімділігі (бір жұмыскерге шаққандағы өнім көлемі), пайдалылық (тиімділік) қордың бір өлшеміне шаққандағы пайда, өнім өлшемінің өзіндік құны сияқты шаманы сипаттайды. Ақпаратты автоматтандырылған өңдеу теориясы мен тәжірибесінде көрсеткіште (оны қарапайым көрсеткіш деп те атайды) мынадай құрылым: сандық мән (негіздеме) және оның көрсеткіштің бірегейлендіргіші деп аталатын мазмұндық белгілерінің жиыны анықталады. Деректерді бірегейлендіргіштермен өңдеу кезінде қисындық операциялар, негіздемелермен өңдеу кезінде арифметикалық операциялар жүргізіледі.

Жобаның сапасын бағалау рәсімі тікелей жалпы деректерді (қосымша материалдар, яғни Q, Рбр, Рэт мәндері, с/қ эталондық сенімділік көрсеткіштерінің Тел, этсуэт Тми, Т мәндері), барлық жобаларүшін бірдей мен нақты деректерді пайдалануға негізделген. Жалпы деректер жобаны бағалайтын топпен тікелей анықталуы мүмкін н/е осы мәліметтер толық н/е ішінара алынған басқа бір ұйымнан дайын күйіндегісі пайдалануы мүмкін. Нақты деректерді бағалау тобы жобаны бағалау кезінде тікелей анықталады. Жобаның сапасын бағалау процессінің жеңілдетілген әдісі екі бөліктен тұрады: Р абсолюттік көрсеткінтер мен Тми, Тпр мәнің анықтау және К қасиеті, сенімділік КН және интегралды сапа КЕ қатыстық мәндерін есептеу.