Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
квалиметрия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143.33 Кб
Скачать

2. Квалиметриялық бағалау.Ғылымның квалиметриялық бағыты: қолданбалы квалиметрия (құрылымы).

Квалиметрия өнім сапасы сандық тұрғыда бағалау əдістерін зерттейтін жəне жүзеге асыратын ғылым саласы. Квалиметрия - өлшеу жəне бағалау. Егер метрологияда өлшеу бағалаудың жеке жағдайы ретінде қарастырылса, ал квалиметрияда олар бағынышты емес екі түрлі ұғымды сипаттайды. Квалиметриядағы сандық бағалау – қарастырылып отырған сапа көрсеткіштерінің эталон ретінде қабылданған сапа көрсеткіштеріне қатынасы болып табылады. Квалиметрияда, əдетте, кешендік бағалаулар маңызды орынға ие, яғни қасиеттер жиынына кіреді, маңыздылығы мен квалиметрияның шекарасын кеңейтеді. Квалиметрия өзі айтып тұрғандай, əртүрлі əдіспен алынған барлық бағалаулар квалиметрияның аппараты болып табылады.

Квалиметрия сапаны бағалау əдістерін зерттейтін ғылым болғандықтан, ол сапаны бағалаудың критерийлері, оларды табу əдістерін, сапаны өлшеудің сандық əдістерін жəне сапа көрсеткіші бойынша əртүрлі объективті салыстырмалы варианттардың мүмкіндіктерін алуды қамтамасыз етеді.

Сапа белгілі бір материалдық жəне рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін пайдалы қасиеттердің жиынтығы. Беріктік, төзімділік, өнімділік, көркемдік, эстетикалық т.б. көрсеткіштермен сипатталады. Сапа өміршеңдік циклінің сатысына қарай бағаланады:

• Жобалау кезінде құрылғының (құралымның) сапасына сай бағаланады;

• Дайындау кезінде технологияның мүмкіндіктеріне сай келуі;

• Пайдалану кезінде атқарушылық сапасы бағаланады.

Ғылымның квалиметриялық бағыты: қолданбалы квалиметрия (құрылымы).

Квалиметрия теориялық жəне қолданбалы болып бөлінеді. Теориялық квалиметрия – ол нақты объектіні абстрактілеу, принціптердің негізі, өңдеу,жіктеу, жалпы əдістер жəне арнайы мəселелердің сандық сапасын бағалау.Қолданбалы квалиметрияның негізгі тапсырмасы – заттың, өнімнің нақты түріне байланысты, сапаның сандық бағалауының əдістемесін жасау. Квалиметрияның негізгі шарттары:1. Кез келген өнім (өнім, процесс, жүйе, … т.б.) жеке қасиеттерімен сипатталады, ол ГОСТ 15467-79 өнімнің жасалуы немесе қолданылуы кезінде объективтілік ерекшелігімен түсіндіріледі.2. Сапа - өнімнің қолданылуына байланысты тиімділік өлшемін анықтайтын ең күрделі қасиеті болып табылады.

3.Квалиметрия, ғылым ретінде. Ғылымның квалиметриялық бағыты: теориялық квалиметрия (құрылымы)

Ғылым Сапа үлкен ғылым саласы. Ол үш ғылым саласымен байланысты болып

келеді. Сондықтан сапаны зерттеуде олардың алатын орындары ерекше.1. Квалитология - “qualitas” латын сөзі, “сапа” (квалитет) – жалпы сапа туралы ғылым.2. Квалметрия - “qualis” латын сөзі, “сапасы жөнінен қандай” (квали) –сапаны бағалаудың сандық əдістерін қалыптастыратын жəне зерттейтін ғылымсаласы.3. Метрология - “metro” грек сөзі, “өлшем” (метро) – сапаны өлшеудің

əдістерін қалыптастыратын жəне зерттейтін ғылым.Квалиметрияның экономикалық, техника-экономикалық, жалпы ғылыми

жəне жүйелік статустары бар.1. Экономикалық статус – сапаның категориясы мазмұны тұтынушылық баға мен құнның политэкономикалық арақатынасына байланысты болыпкеледі.Квалиметрия обьектілер мен үрдістердің экономикалық қасиеттерін өлшеутеориясы секілді өзіне эконометрика əдістерін кірістіреді.2. Техника–экономикалық статус – обьектілер мен үрдістердің

экономикалық жəне техникалық қасиеттерінің кешенді бағалауына бағытталғанын белгілейді.3. Жалпы ғылыми статус – сапа категориясының философиялық- əдістемелік жəне ғылыми функциясымен анықталады. Сондықтан пəндік

квалиметрия (өнім, техника, еңбек, шешім_______, жоба, үрдіс жəне т.б).4. Жүйелік статус – жүйелік теориясы ретінде анықталады. Бұл сапа категориясының мынадай аспектілеріне байланысты:• Құрылымдық;• Динамикалық;• Анықтылық;• Реттілік.