Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DERMA_OTVETY.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
242.69 Кб
Скачать

34. Амбулаторлы жағдайда педикулез, қышыма кезінде балалармен ересектерді динамикалық бақылау және жүргізу әрекеті, ұтымды салыстырмалы диагностиканың алгоритмі:

Егер де науқастан педикулез, қышыма ауруы анықталатын болса келесі этаптар орындалады:

 Қышыма таралуының негізгі алдын алу шарасы медициналық тексерістің барлық түрлерінде, сондай-ақ мекеменің медициналық бөлімдерінде амбулаториялық қабылдауда ауруларды ерте айқындау қажет.       Қышыма ауруы табылғанда медициналық қызметкер оны тез арада оны оқшаулау және оны емдеуді бастау тиіс. Сонымен бірге аурудың киімін, іш-киімін және төсек орнын камералық дезинфекциялау қажет. Камера болмағанда сыртқы киім мұқият желдетіліп, ал іш киім ыстық үтікпен үтіктелуі тиіс. Қышымамен ауыратын айқындалған күні байланысты адамдардың мұқият медициналық қарауы өткізіледі.

Педикулезге қарсы іс-шараларына ұжымдарда тиісті санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді сақтауға бағытталған жалпы іс-шараларының кешені және педикулез табылған адамдарды санациялау жөніндегі спецификалық шаралар кіреді.       Ұйымдастырылған ұжымдарда санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді сақтауға қажетті жағдайларын қамтамасыз ету (санитариялық өткізу пункттермен, моншалармен, кір жуу бөлмелерімен, душ, ыстық сумен, ауыспалы іш-киіммен қамтамасыз ету).       Медициналық бөлімінің бастығы арнайы контингенттің жоспарланған тексерістерін педикулезді адамдарды айқындау мен санациялау мақсатында өткізеді. Педикулезге қарсы іс-шараларды өткізуге мекеме әкімшілігі жауапты.       Өмірге қабілетті, сондай-ақ өмірге қабілетті емес биттер дамудың кез келген тексеріс өткізу кезінде айқындалған адамдар есепке жатады (сірке-жұмыртқасы, ұясы, ересек жәндік).        Медициналық қызметкер педикулездің әр айқындалған жағдай туралы МСЭҚБ-не хабарлауға тиіс.       Педикулез ошағын бақылау мерзімі - 1 ай 10 күнде 1 рет ошақта педикулезге тексерісті жүргізумен.       Педикулез ошағы аралығында 10 күн интервалы бар үш мәрте тексерілгеннің теріс нәтижелері болғанда санацияланды деп есептеледі. Ошақтардың санациясына бақылауын медициналық бөлімдерінің қызметкерлері жүргізеді. МСЭҚБ қызметкерлері іріктеп бақылау жүргізеді.       Медициналық бөлімдерінде педикулезге қарсы өңдеулерді өткізуге арналған арнайы қондырғылары болуы тиіс.       Арнайы контингент кемінде жылына 4 рет, сондай-ақ мекемеге түсу және одан шығу кезінде тексеріске жатады. Тексерісті медициналық персонал жүргізеді. Медициналық бөлімдері мен ауруханалардың тиісті қызметкерлері тексеріс медициналық көмекке жүгінгенде, диспансеризациялануға және станционарлық емделуге түсу кезінде жүргізіледі. Стационарға түсетін адамдарды қабылдау бөлімінің медбикесі, ал ұзақ емделуде - емдеу бөлімінің медициналық бикесі кемінде 10 күн ішінде 1 рет тексереді. Айқындалған педикулез себебінен негізгі ауруы бойынша госпиталдандыруға жол бермеуге тыйым салынады.

35.Педикулез, қышыманың алдын алуымен емі. Жда жағдайында науқастарды жүргізу ерекшеліктері. Госпитальды этапқа дейін жедел және шұғыл көмек көрсету.

  Қышыманы жұқтырмау үшiн  мынадай қарапайым жалпы гигиеналық ережелердi орындау қажет:

 - әрбiр 5-6 күн аралығында  моншаға түсiп, жуынып отыру керек.

 - iш киiмдердi   және  төсек жаймаларын  жиi-жиi ауыстырып, жуып, үтiктеп отырған дұрыс.

 - әр адамның жеке сүлгiсi   және  жөкесi болғаны жөн.

 - үйге келген соң мiндеттi түрде қолды сабындап жуу керек.

 - жаңадан сатып алған  киiм-кешектi, iш киiмдi және  төсек жаймаларын мiндеттi түрде үтiктеген  дұрыс.

 - қышыма ауруына сәл күдiктенгенде дереу терi ауруларын емдейтiн дәрiгерге көрiну қажет.

 - Дәрiгерге ерте қаралу - айналасындағы адамдарға қышыманың  тарал-мауын және   одан тез сауығуын қамтамасыз етедi.

     Педикулездің  алдын  алудағы басты ережелер:

    - 7-10 күн сайын суға шомылып,

    - киім – кешек пен төсек орынды ауыстырып отыру,

    - шашты қиып тарау, жеке тарақтарды пайдалану;

    - балалар ұжымдарына баратын балалардың шашы мен киімдерін үнемі тексеріп тұру;

    - ұзақ жолсапардан келген отбасы мүшелеріне де тексеру жүргізу.

36Күлдіреуік немесе шынайы көпіршіктің - ауыр буллезді дерматоз, шырышты және эпидермис қабатының мальпигииө жасушаларының акантолизімен, теріге қабынусыз күлдіреуіктің және шырышты қабатына жараның түзілуімен сипатталады. Күлдіреуікпен көбіне 35 жастан жоғары адамдар, ал балалар сирек ауырады.

Күлдіреуіктің төрт клиникалық формасын ажыратады: вульгарлы, вегетирлеуші, жапырақшалы және себореялық (эритематоздық). Тіс дәрігерлері үшін ауыз қуысын жиі зақымдаушы вульгарлы күлдіреуік болып табылады.Көптеген процесстер ауыз қуысынан басталып, кейін теріге, шырышты қабатына таралып, немесе процесс теріден басталады, соңы науқастардың ауыз қуысының зақымдалуымен бітеді.

Күлдіреуіктің этиологиясы белгісіз. Қазіргі кездегі ең танымал ол вирустық және аутоиммундық себептер.

Гистология. Ісік және акантомоз белгілері тән, Осының әсерінен жасуша ішілік көпіршік түзіледі, ал эпителий жасушалары, оның ішінде маңыздысы тікенекті қабаты белгілі. Құрылым түзіп, бір-бірімен көрші ұлпалардан жеңіл ажыратылады. Қабыну процесі аз көрінеді.

Клиникалық көрінісі.

Вульгарлы күлдіреуікте көптеген науқастарда ауыз қуысының зақымдалуы кездеседі, бұл өзгеріс ұзаққа созылып ( бірнеше ай немесе жыл) аурудың жалғыз симптомы болуы мүмкін.Ауыз қуысында әр түрлі аймақтары оның ішінде ұрттық ( көбіне ретромолярлы аймақ), таңдай, ауыз қуысының түбі, ерін және жұтқыншақ.

Эпителийдің анатомиялық өзгерістеріне байланысты теріге қарағанда ауыз қуысында процесс өзгеше. Типтік көпіршікті ауыз қуысында көре алмайсыз. Ереже бойынша ауыз қуысындағы вульгарлы күлдіреуік көпіршіксіз өтеді. Бастапқыда зақымдалған жердің эпителийі бұлыңғырланып, ошақтың ортасында жара пайда болып шетке қарай тез таралады. Осы бұлыңғырланған эпителийдің үстінен гипател немесе тампонмен оның жоғарғы қабаты жеңіл алынады, жара бетінің сыдырылуымен. Күлдіреуік кездінде жара әртүрлі көлемде үлкен емес жырылудан.

Бөртпелер өзгермеген және әлсіреген шырышты қабатының қабынған түріне шығады.

Ауырсыну өте қатты әсіресе тамақта қолданған уақытта және сөйлегенде сөл бөлу көбейеді.Жара ауыздағы микрофлораның әсерінен зақымданады, әсіресе процесс тағаланбаған ауыз қуысында ауыр өтеді.

Коккты флораның, кандидоздың, әсіресе фузоспирохетоздың қосылуынан науқастың жағдайы нашарланады. Іріңді иіс пайда болады.

Вегетативті күлдіреуіктің клиникалық ерекшелігінің көрінісі жара түбінде өсудің түзілуі, әсіресе қоршаған аймақтан дамыған.

Ауыз қуысындағы себореялық күлдіреуік вульгарлыға ұқсас.Ол терідегі ошақ себореялық дерматитті немесе себореялық экземаны еске түсіреді. Жапырақ тәрізді күлдіреуік кезінде ауыз қуысының зақымдануы болмайды.Күлдіреуік кезіндегі Никольский симптомы әдетте оң. Оның 3 варианты бар:

  1. Көпіршіктің бетін пинцетпен ұстағанда немесе жара жиегі эпителийінің жоғарғы қабатын тартқанда зақымдалмаған шырышты қабаттың немесе тері эпителий пленкасының түсуі жүреді. Жұқа қабығы мықты емес әрі жеңіл.

  2. Ошақ аралық өзгермеген шырышты қабатты немесе теріні ысқылағанда, тез көпіршіктің және жараның түзілуіне әкеледі.

  3. Егерде зақымдалған ошақтан алшақ жатқан аймақты ысқыласақ, онда эпителийдің жоғарғы қабықтың жылжуы мүмкін.

2-ші және 3-ші вариантта акантолиз дәрежесінің жылдаудауын айтады.

Күлдіреуік кезінде теріде көпіршіктер өзгермеген немесе аздап қызарған жерде, негізінде олар киімнің үлкейген жерінде, қысым кезінде, мацерацияда ( іштің, арқа, қолтық астында, шап аймағында т.б.) шығады. Көпіршіктер пайда болғаннан кейін бірнеше сағат өткеннен соң көмескіленіп, алмұрт тәрізді формада болып, сосын жарылады. Жаралар қабыршақпен жабылып, жиі іріңді инфекцияның қосылуымен жүреді. Терідегі жара ауырсынумен жүреді. Ауыз қуысының шырышты қабатынан және теріден басқа күлдіреуік біріншілік басқада шырышты қабаттарды зақымдауы мүмкін: кеңірдек, өңеш, асқазан, ішектерді. Жиі күлдіреуік кезінде ішкі ағзалардың зақымдалуы, сонымен қатар орталық және шеткері нерв жүйесінің өзгерісімен жүреді. Бұлардың өзгерісі күлдіреуік үшін арнайы емес және дистрофиялық сипатты иемденеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]