Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DERMA_OTVETY.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
242.69 Кб
Скачать

29) Амбулаторлы жағдайда микоз кезінде балалармен ересектерді динамикалық бақылау және жүргізу әрекеті, ұтымды салыстырмалы диагностиканың алгоритмі №885 бұйрық бойынша

Нозологиялық формасы: B35.0 Микоз бороды и головы

Микоз головы Парша (керион) Микоз бороды Сикоз микотический

B35.1 тырнақ микозы

B35.2 білезік микозы

B35.3 Табан микозы

B35.4 Микоз туловища

B35.6 шап эпидермофитиясы

B35.8 басқа да дерматофития

B35.9 Толық белгісіз дермофитиялар

Зертханалық және диагностикалық зерттеулердің жиілігі және аталуы: Жалпы қан анализы, жылына 4 рет жалпы зәр анализы (2-3 күн аралығында) қанның ферменті: КФК,ЛДГ , Бихимиялық қан анализы – жылына 4 рет (1 апта аралығында) ФГ – жылына 2 рет ( 1 апта аралығында);асқазан және ас қорыту жолының R-графиясы, көрсеткіш бойынша бүйректің УДЗ көрсетілімі.

ОМҚ медициналық қарауы: Зертханалық және басқада диагностикалық зерттеулерден өтуін, жиілігінің сақталуын , тағайымдалымы, және де мамандардың кеңес графигін бағыттау және бақылау .

Емделушінің маршрут бойынша әрекеті, аурудың үдеу белгілері пайда болса және зертханалық көрсеткіштері өзгерген жағдайда ЖТД жолдама беру.

Бақылау жиілігі: Жылына 2 рет

Профилдi мамандардың кеңесі: Дерматовенеролог

Бақылау жиілігі: Жылына 1 рет дерматовенерологқа.

(жоспарлы).

ЖТД көрсеткіші бойынша жиілігі өсуі мүмкін.

30) Микоздардың алдын – алуымен емі. Жда жағдайында науқастарды жүргізу ерекшелігі. Госпитальды этапқа дейін жедел және шұғыл көмек көрсету.

Кебекті теміреткі немесе түрлі-түсті теміреткі.Емі:

Ламизил спрейі 1% - күніне 2 реттен, №7;

Ламизил кремі 1% - күніне 1 реттен, №14;

Батрафен крем не спрей түрінде 7-10 күн;

Ауру белгілері басылғанға дейін – микозолон, экалин, клотримазол препараттары;

Сонымен қатар 20% бензил-бензоат ерітіндісі қолданылады.

Ауру қайталанбас үшін бірнеше апта бойы зақымданған ошақтарды 2% салицил қышқылының спирттегі ерітіндісімен сүрту.

Трихофития Емі:

антибиотик гризеофульвин – күніне 3 рет, 15-25 күн;

жағымсыз әсерлері болса – антигистаминді препараттар, аскорбин қышқылы, кальция лактат беріледі;

Жергілікті ем: таңертең басты сабынмен жуып, 2-5% йодтың спиртті ерітіндісін жағады,кешке саңырауқұлаққа қарсы майларын (Вилькинсон, 1% бифонозол майы, микозолон, ундецин майлары) жағады.

перифериялық микроциркуляцияны жақсарту үшін – никотинат ксантинол, никошпан, трентал сияқты препараттар тағайындалады.

Тырнақ трихофитиясы: ЕМІ

гризеофульвин - 4 рет 3-4 апта;

онихолизин – 15% күкіртті барий мен техникалық тальктің қосындысы, тырнаққа 0,5 см етіп жағу;

уреапласт – бұласырға 20% мочевина қосылған, алдымен тырнақты булап, уреапластты қалың етіп жағып, 4-5 күнге байлап қояды

калий йодатты май – майды қалың қылып тырнаққа жағады, парафинді қағазын және мақта салып байлайды, тырнақ жұмсарғанға дейін әр 4-5 күн сайын ауыстырып отырады.

Микроспория ЕМІ

Мамық микроспорумның қоздырғышынан дамыған микроспорияда гризеофульвинді ұзақ уақыт қолдану қажет және фунгицидтік майларды жергілікті ем үшін бірге пайдалану керек. Емнің әсерін, тиімділігін люминесценттік тәсілмен және микроскопиялық зерттеулермен бақылап отыру қажет.

31) Этиология и патогенез чесотки

Қышыма — қышыма кенесімен туындайтын тері ауруы. Аурудың таралуының бір жолы жыныстық қатынас болғандықтан, көптеген мамандар аталған инфекцияны ЖЖБА қатарына қосады.Ерте Шығыс елдерінде бұл ауру 4 мың жыл бұрын тері паразиттерінің бір түрімен – чесотка кенесімен немесе қышымамен (Sarcoptes scabiei) туындайтын ауру ретінде белгілі болған.Қышыма кенесі— өте кішкентай кене, адам терісіне кіре алады, онда көбейіп, тері тканьдарымен қоректенеді. Қышыма кенесі оңай жарақаттанатын барынша жұқа және нәзік жерлердегі теріге енеді. Инфекцияның кіретін жерлері әдетте саусақтың арасы, балаларда шнтақтың бүгілетін жері, бет, қолтық, әйел адамдарда – сүт бездері. Қышыма кезінде көрінетін қатты қышу – ағзада кененің болуына қарсы аллергиялық реакция болып табылады. Қышыма тері астындағы кененің белсченділігіне қарай күшеюі және тынышталуы мүмкін.  Қышыманың таралуының ошақтық және ошақтан тыс түрлері  Қышыма кенесі науқас адамнан қарым-қатынастың кез келген түрінде жұғуы мүмкін, яғни тікелей жолмен (отбасылық немесе жыныстық) немесе тікелей емес жолмен, яғни ортақ пайдалану заттары арқылы (киім, төсек жабдықтары, душ құралдары). Дәрігерлер қышыманың шамадан тыс жұғуға бейім ауру екенін және басқа тері паразиттік ауруларға қарағанда жиірек кездесетінін ескертеді. Жылына қышыманың 300 млн.-ға жуық жғдайы кездесіп жатады, әсіресе гигиеналық деңгейі төмен елдерде ауыру жиілігі жоғары Соғыс, әлеуметтік және табихи апаттарда, экономикалық дағдарыс жағдайларында аурудың жоғарылауы байқалады. Сонымен бірге жеке әлеуметтік топтардың тұрмыстық жағдайларының нашарлауы кезінде салыстырмалы түрде әл-ауқаты жоғары елдерде де аурудың көріністері байқалып жатады.  Қышыманың таралуына қылмыстың өсуі, алкоголь мен есірткіні қолданушы, салақ жыныстық байланыстарды тәжірибелеп жүрген адамдар санының артуы да ықпал ететіндігін атап өткен жөн. Қышыма ошағы деп арасында қышымамен ауырған бір адамы бар адамдар тобын атауға болады. Бір ғана ауруға шалдыққан адамы бар ошақты әлеуетті, ал екі немесе одан да көп ауырған адамы бар ошақты әрекеттегі ошақ деп атайды. Қышыманы жұқтыру әдетте отбасы ішінде болады, онда ол отбасы мүшелерінің біреуімен әкелінуі мүмкін. Бұл ауру жұқтырудың ең таралған жолы және ол тіркелген жағдайлардың 90%-да осылай белгленген.  Мамандр қышыманың таралуының тағы бір жолын атап көрсетеді – бұл ұйымдасқан ұжымдағы ауру жұқтыру ошақтары. Бірінші топ — бірге тұратын және демалатын орындары бар ұжымдар (балалар үйлеріндегі, лагерьлердегі, интернаттардағы, жатақханалардағы ұйықтайтын бөлмелер,). Жиі пвсевдоирригация байқалады, яғни бір ұжымда әртүрлі ұжымнан ауру жұқтырып келген екі (немесе одан да көп) науқас адам болуы мүмкін Екінші топ — неинвазионноконтактілі ұжымдар. Мүшелері бір ғимаратта жұмыс істейтін және қарым-қатынаста күндіз болатын ұжымды осылай атайды. Бұл балабақшалардағы топтар, мектептердегі сыныптар, орта және жоғарғы оқу орындарындағы топтар, кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі еңбек ұжымдары. Аталған топтар эпидемияның таралуына жағдай тудырмайды, қышыма жеке адамдарда ғана байқалуы мүмкін.  Қышыма кенесінің ошақтық түрімен бірге ошақтан тыс түрі де бар. Қоздырушы аталмыш жағдайларда моншада немесе саунада, ұзақ жолға шығатын пойыздард, қонақүйлерде жұғады. Кененің осындай берілу жолдары жиі кездеседі.  Қышыма көбінесе жастардың арасында жиі кездеседі. Екінші орында жасөспірімдер мен орта мектеп жасындағы балалар, ал үшінші орында отбасы ішінде немесе мектепке дейінгі балалар мекемелерінде ауру жұқтырған кіші мектеп жасындағы балалар. 26 жастан асқан тұлғалар ауыру саны мен ауыру қарқыны бойынша соңғы орында.  Қышыманың түрлері Аурудың бірнеше түрі бар: Қарапайым чесотка — классикалық түрде жүретін ауру, яғни емделуі оңай. Теріге кененің жұмыртқасы түскеннен пайда болады. Ауру екі аптадан артық уақытқа созылмайды – бұл кене жұмыртқасының өсіп, теріні зақымдап, көбеюетін кенеге айналуы үшін ең аз уақыт. Бұл кезде қышыма ауыруына тән белгілер пайда бола бастайды. 1848 жылы адамның норвегиялық қышыманы жұқтырғандығы туралы алғаш белгілі болады. Аталмыш жағдай медициналық дереккөздерінде белгіленген. Норвегиялық қышыма (басқа аттары — корковая, или крустозная) — өте сирек кездесетін ауру. Аур иммунитеті төмен, әлсіз адамдарды зақымдауы мүмкін. Бұл көбнесе өте ауыр жүретін ауыр түрі болып табылады. Норвегиялық қышыманың өзіне тән белгілері: терідегі бөрткендер. Бөрткендер сары түске айналып, қара қабыршықтармен жабылады. Бір шаршы сантиметрде 200 кенеден тұратын калония орналасуы мүмкін. Сондай-ақ норвегиялық қышымаға тән белгілердің бірі тырнақтың, табанның, алақан терісінің зақымдануы болып табылады. Науқас адамнан ашты ауыр иіс шығып тұрады, жиі жағдайларда дене қызуы жоғарылайды. Кененің үй хайуанаттарынан берілу жағдайлары кездеседі, яғни ол ит, шошқа, ат, қоян және ешкі Бұл ауруды псевдочесотка, псевдосаркоптоз немесе кене дерматиті деп атайды. Ауру жұқтыру көзімен қарым-қатынасқа түспеген жағдайда қышыманың бұл түрі өздігінен басылып қалады, себебі жануарларда болатын кене адамның тері тканьдарында көбейе аллмайтындығымен түсіндіріледі.  Аурудың өзіне тән түрінің тағы бір түрі бар, ол — аз симптомды немесе «инкогнито қышыма», «кірпияз адамдардың қышымасы». Ауру душты жиі қабылдайтын адамдарды зақымдайды. Жуынған кезде кенелердің көпшілігі жойылады да, сондықтан ауру белгілері әлсіз білінеді. Нәтижесінде дерматит, пиодермия немесе өте сирек жағдайларда микробтық экзема, крпивница туындауы мүмкін. Солайша, қышымаға тән белгілер көрінбей қалуы мүмкін. .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]