Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ing grap.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.37 Mб
Скачать

15.Дербес жағдайда орналасқан жазықтық проекциясы дегеніміз не?

Дербес жағдайда орналасқан жазықтық көлденең П0 проекция жазықтығына орналасуына байланысты параллель немесе перпен-дикуляр болып екіге бөлінеді. Егер жазықтық төбелерінің сандық белгілері бірдей тең болса, онда жазықтық көлденең П0 проекция жазықтығына параллель орналасқан дербес жағдайда орналасқан жазықтық болады, яғни кеңістікте орналасқан жазықтық проекция жазықтығына параллель орналасқан.

16.Жазықтықтың ізі дегеніміз не?

Жазықтықтың ізі деп жазықтықтың көлденең П0 проекция жазықтығымен қиылысу сызығын айтады. Көлденең П0 жазықтығын мен жазықтық жалпы жағдайда немесе дербес (ерекше) жағдайда (оның ішінде перпендикуляр) орналаса ғана қиылысады. Жалпы жағдайда орналасқан жазықтың ізін П0 жазықтығына саламыз. Үшбұрыштың АВ және ВС қырларын бөліктеп, оларды П0 жазықтығына дейін созамыз. Үшбұрыштың А5В1 қыры П0 жазықтығын МАВ нүктесінде қияды. Ал үшбұрыштың А5С2 қыры МАС нүктесінде қиып өтеді. Егер осы табылған қиылысу нүктелерін өзара коссақ, онда табылған түзу жазықтықтың ізі болады. Жазықтықтың ізін екі қалың сызықтармен сызып, латынның РМ үлкен әрпімен белгілейміз.

17.Жазықтықтың басты(негізгі) сызығы дегеніміз не?

Жазықтықтың деңгей сызығы деп проекция жазықтығына параллель сызықтарды айтады. Тікбұрышты жазықтықтар жүйесінде үш проекция жазықтығы болғандықтан, кеңістікте орналасқан жалпы жағдайдағы жазықтықтың үш негізгі (деңгей) сызықтары горизонталь, фронталь жəне профиль деңгей сызықтары болады.

4 – тарау:

  1. Позициялық есептер дегеніміз не

Позициялық есептер дегеніміз - геометриялық фигуралардың сызбалары арқылы олардың кеңістіктегі өзара орналасуын анықтайтын есептер. Позициялық есептер түрлеріне нүкте мен түзудің, түзу мен түзудің, нүкте мен жазықтықтың, түзу мен жазықтықтың, жазықтық пен жазықтықтың, жазықтық пен дене бетінің, екі дене бетінің өзара орналасу есептері жатады.

  1. Нүкте мен түзу сызықтар өзара қалай орналасады

Кеңістікте нүкте мен түзу сызық əртүрлі жағдайда кездесуі мүмкін. Кеңістікте орналасқан нүкте түзу сызық бойында орналасуы немесе түзу сызықтан тыс орналасуы мүмкін.

Енді осы тақырыпқа мысал ретінде 87-суреттегі нүктелер мен түзудің өзара орналасуларын қарастырайық. Суретте С жəне D нүктелері мен АВ түзу сызығының горизонталь жəне фронталь проекция жазықтығындағы эпюрасы берілген. Кеңістікте орналасқан D нүктесі АВ түзу сызығының горизонталь жəне фронталь проекция жазықтықтарындағы кескіндерінің бойын да жатқан нүкте, яғни D нүктесі АВ түзу сызығына тиісті немесе түзу бойында орналасқан нүкте. Ал, енді С нүктесін қарастыратын болсақ, онда С нүктесінің фронталь проекциясы С2 нүктесі АВ түзу сызығының фронталь проекция жазықтығындағы кескін бойында емес, тысқары орналасып жатыр. С нүктесінің горизонталь проекциясы С1 нүктесі – АВ түзу сызығының горизонталь проекция жазықтығындағы кескін бойында жатыр, яғни кеңістікте орналасқан С нүктесі АВ түзу сызығының сыртында тыс орна- ласқан түзу бойында жатпайтын нүкте. Егер нүкте кескіні түзу проекциясы- ның бойында жатса, онда нүкте түзуге тиіст і немесе бойында жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]