- •1 Тарау
- •1,1 Кіріспе. Қысқаша даму тарихы.
- •1,2 Сызбаны проекциялау әдістері дегеніміз не?
- •1,3 Орталықтан (центрлік) проекциялау әдісі дегеніміз не?
- •1,9 Тікбұрышты параллель проекциялау әдісі дегеніміз не?
- •1,13 Горизонталь (көлденең) проекция жазықтығы дегеніміз не?
- •Аксонометриялық проекция дегеніміз не?
- •Аксонометриялық проекцияда шеңбердің проекциясы қалай салынады?
- •13. Қиғаш бұрышты фронталь изметрия дегеніміз не?
- •14. Қиғаш бұрышты фронталь диметрия дегеніміз не?
- •15. Қиғаш бұрышты горизонталь изметрия дегеніміз не?
- •3 Тарау
- •10.Проекцияланушы түзу сызықтар дегеніміз не?
- •11.Түзу сызықтың ізі дегеніміз не?
- •15.Дербес жағдайда орналасқан жазықтық проекциясы дегеніміз не?
- •16.Жазықтықтың ізі дегеніміз не?
- •17.Жазықтықтың басты(негізгі) сызығы дегеніміз не?
- •Позициялық есептер дегеніміз не
- •Нүкте мен түзу сызықтар өзара қалай орналасады
- •Түзу сызықтар өзара қалай орналасады
- •4.Жазықтықтар өзара қалай орналасады
- •Жазықтық пен түзу сызық өзара қалай орналасады
- •Метрикалық есептер деген не
- •Түзу сызықтың нақты шамасын қалай анықтайды
- •Жазықтық пен нүктенің арақашықтығын қалай анықтайды
- •7 Тарау
- •Беттердің жазбасы дегеніміз не?
- •Жазылатын жазбалары дегеніміз не?
- •Жазылмайтын жазбалары дегеніміз не?
- •Көпжақты беттерінің жазбалары дегеніміз не?
- •Тікбұрышты пирамиданың жазбалары дегеніміз не?
- •Тікбұрышты призма жазбалары дегеніміз не?
- •Айналу конус бетінің жазбасы дегеніміз не?
- •Айналу цилиндр бетінің жазбасы дегеніміз не?
3 Тарау
1.Нүктелердің фронталь және горизанталь проекциясы дегеніміз не?
2.Монж эпюрі дегеніміз не?
3.Түзу сызықтың эпюрасы дегеніміз не?
Ал, 69-суретте кеңістікте орналасқан түзу сызықтың эпюрасы, яғни түзудің көлбеу П1 проекция жазықтығындағы кескіні мен П2 проекция жазықтығындағы проекциясы көрсетілген.
4.Жалпы жағдайда орналасқан түзу сызық дегеніміз не?
Егер кеңістікте орналасқан түзудің кесінді табанының бас нүктесінің сандық белгісі мен соңғы нүктесінің сандық белгілері әр түрлі болса, онда мұндай түзулерді жалпы жағдайда орналасқан түзулер дейді .
5. Түзу сызықтың нақты шамасы дегеніміз не?
Түзу-дің бастапқы нүктесі мен соңғы нүктесінің кескіндеріне перпен-дикуляр сәулелер түсіріп, сол сәулелер бойына көрсетілген сандық белгілерді өлшеп сала-мыз. Егер табылған нүктелерді өзара қоссақ, онда кеңістікте орналасқан жалпы жағдайдағы түзудің нақты шамасын табамыз .
6.Дербес жағдайда орналасқан түзу сызықтар дегеніміз не?
Егер кеңістікте орналасқан түзудің кесінді табанының бастапқы нүктесінің сандық белгісі мен соңғы нүктесінің сандық белгілері бірдей өзара тең немесе әр түрлі болып, бірақ бір нүктеде беттесе, онда мұндай түзулерді дербес жағдайда орналасқан түзулер дейміз.
7.Параллель түзу сызықтар дегеніміз не?
Егер кеңістіктегі екі түзу сызықтың көлденең П0 проекция жазықтығындағы кескендерінің кескін табандары өзара параллель, енаралықтары тең және сандық белгілері бір бағытта өсетін болса, онда мұндай түзу сызықтар өзара параллель түзулер дейді.
8.Деңгейлік түзу сызықтар дегеніміз не?
Егер дербес жағдайда орналасқан түзу П0 проекция жазықтығына параллель орналасқан болса, яғни түзудің кесінді табанының бастапқы нүктесінің сандық белгісі мен соңғы нүктесінің сандық белгісі бірдей болса, онда мұндай түзулерді деңгейлік түзулер дейді
9.Түзу сызықтың көлбеулігі дегеніміз не?
Кеңістіктегі
А нүктеcі мен П0 көлбеу жазықтығының
арақашықтығын немесе А нүктеcінің
биіктігін, латынның hA əрпімен белгілейміз.
Ал В нүктеcі мен П0 жазықтығының
арақашықтығын латынның hВ əрпі арқылы
белгілейміз. Бұл нүктелердің биіктіктерінің
айырмашылығы (hA, - hB) Δh
болады. АВ түзуінің проекция жазықтығымен
жасайтын бұрышының тангенсін осы түзудің
көлбеулігі (уклоны) деп, латынның і деген
кіші əрпімен белгілейміз. Төменде осы
түзудің көлбеулігін анықтауды формула
арқылы берейік:
мұнда
l - кесінді табанының шамасын көрсететін
түзудің ен аралығы. Бұл формула – түзу
сызықтың көлбеулігі мен ен аралығының
өзара кері шамалар екенін көрсетіп тұр.
10.Проекцияланушы түзу сызықтар дегеніміз не?
Егер дербес жағдайда орналасқан түзу П0 проекция жазықтығына перпендикуляр (тікше) орналасса, яғни түзудің бастапқы нүктесінің сандық белгісі мен соңғы нүктесінің сандық белгісі әр түрлі, бірақ бір нүктеде беттескен болса, онда мұндай түзулерді проек-циялаушы түзулер дейді. Дербес жағдайда орналасқан проекциялаушы түзу сызықтар П0 проекция жазықтығына перпендикуляр орналасқандықтан, түзудің жазықтықтағы кескіні шын ұзындығымен кескінделеді.
11.Түзу сызықтың ізі дегеніміз не?
Түзу сызықтың іздері деп жалпы жағдайда орналасқан түзу сызықтың көлденең П0 проекция жазықтығымен қиылысу нүктелерін айтады. Түзу сызықтың П0 проекция жазықтығындағы ізін латынның үлкен М әрпімен белгілейміз.
12.Жазықтың проекциясы дегеніміз не?
13.Жазықтың көлбеулік масштабы дегеніміз не?
14.Жалпы жағдайда орналасқан жазықтық проекциясы дегеніміз не?
Егер жазықтық төбелерінің сандық белгілері әр түрлі немесе екеуі тең болып, қалған төбелері осы екеуіне тең болмаса, онда мұндай жазықтық жалпы жағдайда орналасқан жазықтық деп аталады, яғни кеңістікте орналасқан жазықтық көлденең П0 проекция жазықтығына параллель немесе перпендикуляр орналаспайды
Бұл төртбұрыштың екі төбелерінің сандық белгілері өзара тең, ал екі төбесі проекция жазықтығының бойында жатыр, яғни бұл жазықтық көлденең П0 проекция жазықтығына көлбеу орналасқан жалпы жағдайдағы жазықтық
