Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ing grap.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.37 Mб
Скачать

13. Қиғаш бұрышты фронталь изметрия дегеніміз не?

14. Қиғаш бұрышты фронталь диметрия дегеніміз не?

Егер сызбада фронталь проекция жазық тығында қисық сызық тар мен шеңберлер көбейіп кеткен болса, онда нəрсенің аксонометриясын салу үшін қиғашбұрышты фронтальды изометрия мен диметрия пайда ла нылады (50 жəне 51-суреттер). Бұл жағ дайда аксо нометриялық проекциялар кеңістікте орналасқан Ох жəне Оz координаталар жазықтығына параллель орналасады. Оx жəне Оz аксонометриялық осьтердегі бұрмалану көрсеткіштері 1-ге тең болып, араларындағы бұрыштары 900 градус болады, яғни нəрсенің фронталь проекция жазықтығындағы проекциясы бұрмаланбай, сол күйінде кескінделеді. Ал, Оz/ пен Оy/ аксонометриялық осьтерінің арасындағы бұрыштық шама қиғашбұрышты фронталь изометрия мен диметрия үшін 450 градус болады. Фронталь изометрия үшін бұрмалану көрсеткіші 1-ге тең (50-сурет), ал фронталь диметрия үшін – 0.5-ке тең болады (51-сурет). Қиғашбұрышты фронталь изометрия мен диметрия проекцияларында шеңбердің проекциясы фронталь жазықтығында шеңбер болып, ал горизонталь жəне профиль жазықтықтарында ол эллипс болып кескінделеді. Қиғаш бұрышты фронталь изометрияда эллипстің үлкен жəне кіші осьтері ромбтардың диагональдарына беттесіп келеді. Эллипстің үлкен осінің бұрмалану көрсеткіші изометрия үшін 1.22ге тең болса, диметрия үшін 1.06ға тең. Ал, кіші осінің бұрмалану көрсеткіші изометрия үшін 0.54ке, ал диметрия үшін 0.33-ке тең болады. 50 жəне 51-суреттерде қоңыр жазықтықтағы эллипс шеңбердің үстінен қарағандағы горизонталь проекция жазықтығындағы көрінісі берілді. Жасыл жазықтықтағы эллипс - шеңбердің оң жағынан қарағандағы көрінісі. Ал сары жазықтықтағы көрініс - шеңбердің алдынан қарағандағы фронталь проекция жазықтығындағы көрінісі.

15. Қиғаш бұрышты горизонталь изметрия дегеніміз не?

Егер сызбада горизонталь проекция жа з ықтығында қисық сызықтар мен шең берлер шама дан тыс көбейіп кетсе, онда нəрсенің аксонометриясын салу үшін қиғашбұрышты горизонталь изо метрия проекциясын пай даланады (52-сурет). Сондықтан бұл жағ дайда аксоно метрия лық проек циялар кеңістікте орналасқан Ох жəне Оy координаталар жазық

тығына параллель орналасады. Бұл дегеніміз Ох/ жəне Оz/ аксонометриялық осьтердегі бұрмалану көрсеткіштері 1-ге тең, ал араларындағы бұрыштары 900 градус болады, яғни нəрсенің горизонталь проекция жазықтығындағы проекциясы бұрмаланбай сол күйінде кескінделеді. Ал Оz/ пен Оy/ аксонометриялық осьтерінің арасындағы бұрыштық шама 1200 градус болады. Кей жағдайда бұл бұрыш 1350 немесе 1500 градус шамасында беріледі. Қиғашбұрышты горизонталь изометрия проекцияларында шеңбердің проекциясы горизонталь жазықтығында шеңбер болып, ал фронталь жəне профиль жазықтықтарында ол эллипс болып кескінделеді. Қиғашбұрышты горизонталь изометрияда эллипстің үлкен жəне кіші осьтері ромбтардың диагональдарына беттесіп келеді. Эллипстің үлкен осінің бұрмалану көрсеткіші 1.37-ге жəне 1.22-ге тең болса, ал кіші осінің бұрмалану көрсеткіші 0.37-ге жəне 0.71-ге тең болады. 52-суреттегі сары жазықтықтағы эллипс шеңбердің алдынан қарағандағы, ал жасыл жазықтықтағы эллипс - шеңбердің оң жағынан қарағандағы көрінісі. Ал, қоңыр жазықтықтағы көрінісі - шеңбердің горизонталь проекция жазықтығындағы көрінісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]